Читайте также: |
|
Зерханалық жұмыс № 1 Микроскопиялық талдау
Жұмыстың мақсаты: Микроталдау сипаттамаларымен, металлографиялық микроскоптардың құрылымымен және жұмысымен, шлифтерді өңдеу мен дайындау техникасымен танысу.
Жасалған жұмыс бойынша есеп беру. 1) микроталдаудың маңызы; 2) микроскоптың оптикалық бөлімдерін схема арқылы беру; 3) шлифті дайындау технологиясы, өңдеудің мақсаты; 4)еселі өсуін белгілей отырып, қаралған микроқұрылым схемасын көрсету; 5) микрошлифтер жасалған қорытпаға мінездеме беру керек.
Ұсынылған әдебиет: Негізгі 4[4-7]
Бақылау сұрақтары
1. Отқа төзімді материалдар деген не?
2. Отқа төзімділігіне байланысты отқа төзімді материалдар қалай бөлінеді?
3. Оксид түрі бойынша отқа төзімді материалдар қалай бөлінеді?
4. Отқа төзімді материалдардың жылу тұрақтылығын қалай анықтайды?
5. Химиялық құрамы бойынша қалай бөлінеді?
Зерханалық жұмыс № 2. Макроскопиялық талдау
Жұмыстың мақсаты: 1. Макроталдаудың сипаттамасымен және оны пайдалану саласымен танысу. 2. Сурьма (қорғасын) кесегінің кристалдық құрылымына құю температурасы мен суу жылдамдығының тигізетін ықпалымен танысу. 3. Лабораториялық үлгі бойынша болаттың кристалдануға әсер тигізу шартын сипаттау.
Жасалған жұмыс бойынша есеп беру. 1. Тәжірибе жүргізілетін шартты бейнелеу. 2. Сурьманың кристалдануын зерттегенде, қолданылған құрылғының схемасын келтіру. 3. Үлгілердің макроқұрылымын суреттеп жазу және жылу беру бағыты мен суыту шартындағы металдың қызу әсерінің сипаттамасын беру. 4. Тәжірибеден алынған қорытындыны салыстыра отырып, жалпы анықтама беру керек.
Ұсынылған әдебиет: Негізгі 4[4-7]
Бақылау сұрақтары
5. Отқа төзімді материалдар деген не?
6. Отқа төзімділігіне байланысты отқа төзімді материалдар қалай бөлінеді?
7. Оксид түрі бойынша отқа төзімді материалдар қалай бөлінеді?
8. Отқа төзімді материалдардың жылу тұрақтылығын қалай анықтайды?
5. Химиялық құрамы бойынша қалай бөлінеді?
Зерханалық жұмыс № 3. Металдарды қызулық талдау.
Жұмыстың мақсаты: Металдарды қызулық талдау тәсілдерімен танысу. Термопарды градустау және қорғасынсурьма системасы күйінің диаграммасын салу.
Жасалған жұмыс бойынша есеп беру. 1. Қызулық талдаудың маңызы туралы қысқаша мәлімет беріледі. 2.Термопарды градустау және қорғасын-сурьма системасының күйі диаграммасын салу жөнінде қысқаша мәліметтер жазылады. 3. Берілген үлгілер бойынша барлық таблица құралады, эксперименттен алынған көрсеткіштерден график түрінде суыту қисық сызықтары салынады. 4. Эксперимент мәліметтері бойынша системаның күй диаграммасы салынады, онда абциссалар осінде процентпен компоненттердің мағьмасы және ординаталар осінде температура көрсетіледі. Осы системада барлық фазалар мен құрылымдық бөліктер көрсетіледі.
Ұсынылған әдебиет: Негізгі 4[4-7]
Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 626 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дәріс №15. Механикалық қасиетті динамикалық сынау | | | Бақылау сұрақтары |