Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зертханалық сабақтардың жоспары

Читайте также:
  1. Дәріс тақырыптарының жоспары
  2. Дәрістік сабақтардың конспектілері
  3. Жасырыну жоспары
  4. Зертханалық сабақтардың жоспары
  5. Зертханалық сабақтардың жоспары
  6. Курстың тақырыптық жоспары

1-зертханалық жұмыс. Borland C++ ортада өрнектерді, айнымалардың әртүрлі типтерді, стандартты функцияларды, қолданып программаларды құру. Басқару құрылымдарды қолдану

1-ші зертханалық жұмысқа арналған тапсырмалар

1. a,b,c,d нақты сандары берілген. Олардың қосындысын, айырмасы мен көбейтіндісін алу.

2. x және y нақты сандары берілген. Есептеу: .

3. Куб жағының ұзындығы берілген. Куб көлемін және жоғарғы жақ бетінің ауданын тап.

4. Екі нақты оң сан берілген. Олардың арифметикалық орташа мәні мен геометриялық орташа мәнін анықтау.

5. Екі нақты сан берілген. Арифметикалық орташа мәні мен олардың модульдерінің геометриялық орташа мәнін анықтау

6.Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері берілген. Оның гипотенузасы мен ауданын анықтау.

7. t1 температуралы V1 литрлі су t2 температуралы V2 литрлі сумен араласқан. Пайда болған заттың көлемі мен температурасын анықтау.

8. r радиусты шеңбер маңайындағы дұрыс n - бұрыштың периметрін анықтау.

9. R1, R2, R3 кедергілері параллель байланысқан. Байланыс кедергісін есептеу.

10. h биіктіктен жер бетіне тастың төмен түсу уақытын анықтау.

11. x, y, z берілген. Есептеу a, b, егер

а) , z + );

ә) , ;

б) , ;

 

в) , ;

 

г) , ;

д) ;

е) ; .

 

12. Тең бүйірлі үшбұрыштың бір бүйірі берілген. Осы үшбұрыштың ауданын табу.

13. L ұзындықты маятниктің тербеліс периодын анықтау.

14. Бір-бірінен r қашықтықта жатқан m1 және m2 массалы денелер арасындағы F тартылыс күшін анықтау.

15. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен бір катеті берілген. Екінші катеті мен ішіне енгізілген шеңбер радиусын анықтау.

16. Шеңбер радиусы белгілі болғандағы осы шеңбермен шектелген шеңбер ауданын табу.

17. Ішкі радиусы - 20, ал сыртқы радиусы берілген r (r > 20) санына тең сақина ауданын табу.

18. үшбұрыш өзінің бұрыштарының мәнімен және шеңбер радиусымен берілген. үшбұрыштың қабырғаларын табу.

19. Бір-біріне бірдей үдеумен жылжып келе жатқан екі дененің кездесу уақытын, егер олардың бастапқы жылдамдықтары, үдеулері мен ара қашықтығы белгілі болғанда анықтау.

20. Арифметикалық прогрессия мүшелерін табу: a, a +d,..., a+(n+1)d.

21. Негіздері a мен b болатын және a үлкен негізінде ( бұрышы бар тең бүйірлі трапецияның ауданын табу.

22. үшбұрыш өзінің жақ ұзындықтарымен берілген. Табу керек:

a) биіктіктер ұзындығын; ә) медианалар ұзындығын;

б) биссектрисалар ұзындығын; в) үшбұрышты іштей және сырттай жанаған шеңбердің радиуысын.

 

23. x 1, y1 және x2, y2 координаталарымен берілген нүктелердің ара-қашықтығын есепте.

24. Төбелер координаталарымен берілген үшбұрыштың:

а) периметрін; ә) ауданын табу.

25. x, y нақты сандары берілген. Алу керек:

а) max (x, y); ә) mіn (x, y);

б) max (x, y), mіn (x,y).

2.6 x, y, z нақты сандары берілген. Аллу керек:

а) max (x, y, z); ә) mіn (x, y, z), max (x, y, z).

27. x, y, z нақты сандары берілген. Есептеу:

а) max (x + y + z, xyz); ә) mіn((x + y+ z/2, xyz).

28. a, b, c нақты сандары берілген. a < b < c теңсіздіктердің орындалу - орындалмауын тексеру

29. a, b, c нақты сандары берілген. Егер a ³ b ³ c болса, олардың көбейтіндісін алу, кері жағдайда олардың абсолюттік мәндерін алу.

30. x, y нақты сандары берілген. z есептеу:

31. Екі нақты сан берілген. Егер біріншісі екіншісінен кіші не тең болса, онда оны нөлмен ауыстыру керек, әйтпесе екеуін де еш өзгертусіз қалдыру.

32. Екі нақты сан берілген. Егер біріншісі екіншісінен үлкен болса, онда оны экранға шығару керек, кері жағдайда екеуін де шығару.

33. үш нақты сан берілген. Олардың (1,3) интервалына жататындарын таңдау.

34. x, y (x ¹ y) нақты сандары берілген. Екі санның кішісін олардың жарты қосындысымен, ал үлкенін екі еселенген көбейтіндісімен ауыстыру.

35. үш нақты сан берілген. Олардың ішіндегі оң мәнділерін квадраттау.

36. x,y нақты сандары берілген. Егер олар теріс болса, олардың әрқайсысын олардың модулімен ауыстыру. Ал егер екеуінің біреуі ғана теріс болса, олардың әрқайсысын 0,5-ке өсіру. Егер екеуінің ешқайсы да теріс болмаса және [0.5, 2.0] аралыққа жатпаса, оларды 10 есеге азайту. Қалған жағдайларда оларды еш өзгеріссіз қалдыру.

37. x,y,z нақты оң сандары берілген. x,y,z жақ ұзындықтарымен берілетін үшбұрыш бар екендігін білу. Егер үшбұрыш болса, онда оның сүйірбұрыш болып келетіндігін анықтау.

38. a, b, c (a ¹ 0) нақты сандары берілген. Мына теңдеудің ax²+ bx²+c = 0нақты шешімдері бар ма. Бар болса, оларды табу керек. Немесе, олардың жоқтығын растайтын мәлімдеме шығаруы қажет.

39. a нақты сан берілген. Есептеу f (a), егер

 

а) ; ә) ;

 

б) ; в)

 

Негізгі әдебиет: 1[55-81], 2[48-176], 3[28-57], 3[83-112], 5[60-64]

Қосымша әдебиет: 1 [3-27]

Бақылау сұрақтары:

1. Borland C++-программада қолданылатын айнымалылардың типтерін атаңыз?

2. Айнымалыларды баяндау бөлімі қандай түінді сөзбен басталады?

3. Borland C++-программаларда қандай математикалық функцияларды пайдалануға болады?

4. Құрамды оператор дегеніміз не?

5. IF шартты операторының құрылымын келтіріңіз?

 

2- зертханалық жұмыс. Borland C++-те цикл операторларды қолдану

2–лабораториялық жұмысқа арналған тапсырмалар

Берілген n - бүтін және x - нақты сандары үшін берілген өрнекті есептеу алгоритмінің блок-схемасын және программасын құру. Өрнектердің мәні циклдік операторлар көмегімен есептеледі. №16 тапсырмадан бастап өрнектерді есептеу берілген дәлдікпен жүргізіледі. Программа құру барысында әртүрлі циклдік операторларды қолдану қажет.

Есептің варианттары (№1ден №15 варианттар үшін берілген n мен x үшін өрнектерді есептеу):

 

1. 2. 3. 4.

5. 6. 7. 8.

9. 10. 11. 12. 13. 14. 15.

№16ден №30 варианттар үшін берілген n мен e (e=10-6, берілген дәлдік) үшін қосындыларды есептеу

16. 17. 18. 19.

20. 21. 22. 23.

24. 25. 26. 27.

28. 29. 30.

 

 

Негізгі әдебиет:1[82-99], 2[99-137], 3[104-126], 4[64-70]

Қосымша әдебиет: 1[28-40]

Бақылау сұрақтары:

1. While және do while цикл операторларының қандай ерекшеліктері бар?

2. Қандай жағдайда While циклдық операторы шексіз болып табылады?

3. For цикл операторы қандай жағдайда бір ретте орындалмайды?

4. Циклдік есептеу процессі дегеніміз не?

5. Сыртқы және ішкі циклдарда индекстер қалай өзгереді?

 

3–лабораториялық жұмыс. Бір өлшемді және екі өлшемді массивтерді қолданып программаларды құру

3–лабораториялық жұмысқа арналған тапсырмалар

Бір өлшемді массивтерді өңдеу есебін шешу алгоритмінің блок-схемасын және программасын құру. Берілген есептерді программалау кезінде әртүрлі циклдік операторларды қолдану ұсынылады.

Екі өлшемді массив қолданылатын есептерді шешудің алгоритмінің блок-схемасын және программасын құру. Берілген есептерді программалау кезінде әртүрлі циклдік операторларды қолдану ұсынылады.

Есептің варианттары:

1. А(10) массиві берілген. Бірінші нөл элементіне дейінгі оң элементтердің қосындысы мен санын табу;

2. А(20) массиві берілген. Массивтің ең үлкен және ең кіші элементін және олардың реттік нөмірін табу;

3. А(15) массиві берілген. Массивтің тақ позициясында орналасқан ең кіші элементті тауып, сонымен қатар ең кіші элементтен кейінгі, нөлге тең емес элеметтердің көбейтіндісін және санын табу;

4. А(30) массиві берілген. Массивтің ең үлкен және ең кіші элементі арасында тұрған оң элементтердің қосындысы мен санын табу;

5. Егер А(30) массивінде В-ға тең элемент болса, онда Х айнымалысына бірінші кездескен осы элементке дейінгі барлық жұп оң сандардың қосындысын меншіктеу, әйтпесе Х айнымалысына 0 меншіктеу;

6. Егер А(20) массивінде соңғы элементтің квадратына тең элемент бар болса, онда осы элементтен кейінгі элементтерді квадраттау, кері жағдайда массивті өзгеріссіз шығару;

7. Егер В(40) массивінің элементтері өсу ретімен болса, Х айнымалысына 1 меншіктеу, қарсы жағдайда 0 мәнін меншіктеу;

8. А(10) массиві берілген. Массивтің ең үлкен элементін тауып, одан кейінгі элементтерді кему ретімен реттеу;

9. Берілген екі массив элементтерінен үшінші массив құрылады: басында бірінші массив элементтері, ал соңында екінші массив элменттері;

10. Берілген екі массивтің сәйкес элементтерінің ең үлкенінен тұратын үшінші массив құру;

11. В(20) және С(30) массивтерінің элементтерінен А (50) реттелген массивін құру. В(20) және С(30) массивтері алдын-ала өсу ретімен реттелген;

12. А (40) массиві берілген. Массивтің элементтерін кему ретімен реттеу;

13. А (50) массиві берілген. Жұп позицияда тұрған теріс элементтердің санын және тақ позицияда тұрған оң элементтердің қосындысын табу;

14. А (50) массиві берілген. Әр бесінші элементін бесінші дәрежесімен ауыстыру;

15. А (20) массиві берілген. Массивтің ең үлкен элементін тауып, сол элементке дейін тұрған элементтерді кему ретімен орналастыру;

16. А (30) массиві берілген. Егер массив элементтерінің ішінде белгілі бір М санына тең элемент болса, онда осы санға дейін орналасқан нөл емес элементтердің көбейтіндісін тауып, Х айнымалысына меншіктеу, ал егер ондай сан болмаса Х айнымалысына 0 меншіктеу;

17. Бірінші нөл элементіне дейінгі элементтердің қосындысы мен санын табу;

18. А (50) массиві берілген. Бірінші нөлге тең элементке дейінгі оң және тақ элементтердің қосындысы мен санын табу;

19. А (50) массиві берілген. Ең көп қатар тұрған оң тақ элементтердің санын табу.

20. А (50) массиві берілген. Элементтерінің орташа мәнің табу керек.

21. A [5,5] массиві берілген. Массивтің тақ жолында орналасқан элементтердің арасындағы ең кіші элементті табу;

22. A [6,6] массиві берілген. Егер массив элементтерінің ішінде белгілі бір В санына тең элемент болса, онда осы санның сол жағында орналасқан оң элементтердің қосындысын тауып, Х айнымалысына меншіктеу, ал егер ондай сан болмаса Х айнымалысына 0 меншікте;

23. A [5,5] массиві берілген. Келесі ережемен В(5) массивін тұрғызу: А массивінің J бағанындағы кіші элементті B(J) –ға меншікте;

24. A [7,7] массиві берілген. Бас диагональдің үстінде жатқан жұп оң элементтердің көбейтіндісі мен қосындысын табу;

25. A [6,6] массиві берілген. Жолдың оң элементтерінің қосындысын тауып, қосымша диагональдің сәйкес элементтеріне меншіктеу;

26. A [5,5] массиві берілген. Келесі ережемен В(5) массивін тұрғызу: егер I жолында ең болмағанда бір теріс элемент болса, онда B(I)-ға 1 санын меншіктеу, кері жағдайда B(I)-ға 0 меншіктеу;

27. A [6,6] массиві берілген. Келесі ережемен В(6) массивін тұрғызу: егер А массивінің I жолындағы нөл емес элементтердің саны нөл элементтерінің санынан көп болса, онда B(I)-ға 1 санын меншіктеу, кері жағдайда B(I)-ға 0 меншіктеу;

28. A [8,8] массиві берілген. Қосымша диагонаольдің үстінде жатқан элементтердің ең үлкенін табу. Қиылысында ең үлкен элемент тұрған жол және баған элементтерінің орнын ауыстыру;

29. A [7,7] массиві берілген. Келесі ережемен В(7) массивін тұрғызу: егер А массивінің I жолындағы элементтер өсу ретімен орналасса, онда B(I)-ға 1 санын меншіктеу, кері жағдайда B(I)-ға 0 меншіктеу;

30. A [6,6] массиві берілген. Келесі ережемен В(6) массивін тұрғызу: В(1) –ге бас диагональдің нөл элементтерінің санын меншіктеу, В(2)-ге бас диаганальдің үстіндегі параллель диагональдің нөл элементтерінің санын меншіктеу және сол сияқты;

31. A [5,5] массиві берілген. Қосымша диагональға параллель диагональдардың оң сандарының кіші қосындысын табу;

32. A [6,6] массиві берілген. Әр жолдың ең үлкен элементін және әр бағанның ең кіші элементін табу. Табылған элементтердің сәйкес жолдары мен бағандарының орнын ауыстыру;

33. A [7,7] массиві берілген. Массив элементтерін жол бойынша реттеу;

34. A [6,6] массиві берілген. Бір реттен көп қайталанатын элементтердің ішінен ең үлкен элементін табу;

35. A [8,8] массиві берілген. Массивтің локальді максимумдарының санын табу;

36. A [7,7] массиві берілген. Сәйкес элементтері бар бағандардың санын табу;

37. A [8,8] массиві берілген. Өсу бойынша немесе кему бойынша орналасқан жол элементтерінің ішінен ең үлкен элементті табу;

38. A [7,7] массиві берілген. Массивтің жолындағы үлкен элементтен бастап, кему ретімен орналастырып шығару;

39. A [8,8] массиві берілген. Бас диагональге параллель диагональдің нөл емес элементтерінің көбейтіндісін табу;

40. A [7,7] массиві берілген. Бас және қосымша диагональда орналасқан элементтердің ең үлкенін тауып, оны осы диагональдің қиылысындағы элементпен алмастыру.

Негізгі әдебиет: 1[101-106], 2[259-297], 3[192-195]

Қосымша әдебиет: 1[41-45]

Бақылау сұрақтары:

1. Borland C++ тіліндегі массивтің сипатталуы Turbo Pascal тіліндегі мәліметтердің сипатталуынан айырмашылығы қандай?

2.Екіөлшемді массивтерді жолдар бойынша сұрыптауда қанша циклдық операторларды пайдалануға болады?

3. Екіөлшемді массивтерді бағаналары бойынша сұрыптауда қанша циклдық операторларды пайдалануға болады?

4. Екіөлшемді массивтерді жолдар бойынша монитор экрананына шығару үшін қанша циклдық операторларды пайдалануға болады?

5. Екі матрицаны бір-біріне көбейту үшін бірінің ішіне бірі енген циклдық операторларды ұйымдастырыңыз.

 

4–лабораториялық жұмыс. Borland C++-тегі функциялар

4–лабораториялық жұмысқа арналған тапсырмалар

Функцияларды қолданылатын есептерді шешудің алгоритмі мен программасын құру. Төменде келтірілген есептерді программалау үшін кей жағдайларда есептердің өзін функция ретінде шешіп, программаның жеке фрагменттері ретінде сипаттау керек.

1. s, t нақты сандары берілген. Есептеу керек: f(t, -2s, 1.17)+f(2.2, t, s-t), мұндағы .

2. s, t нақты сандары берілген. Есептеу керек: g(1.2,s)+g(t,s)-g(2s-1,st), мұндағы .

3. a, b, c нақты сандары берілген. Есептеу керек: .

4. n натуралды саны берілген. n, n+1,…, 2n сандары арасында егіз сандар яғни, айырмашылықтары 2 –ге тең жай сандар бар ма, соны анықтау. (Жәй сандарды анықтайтын процедура жазу).

5. n, m натуралды сандары және a1,...,an, b1,…,bm, c1,…,c30 бүтін сандары берілген. Есептеу керек:

6. n натуралды саны берілген. 1, 2,..., n сандары арасында екі натуралды сандардың квадраттарының қосындысы ретінде көрсететін сандарды табу.

7. x1,y1,x2,y2,…,x7,y7 нақты сандары берілген.

Координаттары (x1,y1), (x2,y2),..., (x7,y7) сәйкес келетін жеті бұрыштың периметрін табу.

8. a, b, c, d нақты сандары берілген. Суретте бейнеленген бесбұрыштың ауданын табу. (Берілген үш қабырға бойынша үшбұрыштың ауданын табатын процедурасын анықтау).

 

 

9. Бірінші жолдан екінші жолда қайталанатын символдарды өшіретін процедура жазу.

10. А(10), В(10) екі массиві берілген. А(10), В(10) массивтеріндегі бірінші нөл элементіне дейінгі элементтерді 0,5 санына ауыстыру.

11. А(5,5), В(5,5), С(5,5) үш массиві берілген. Тақ жолдарда орналасқан нөл емес элементтердің ең кіші көбейтіндісін табу.

12. А(5,5), В(5,5), С(5,5), D(5,5), Ғ(5,5) бес массиві берілген. Массивтердің көбейтіндісін табу. Екі массивтің көбейтіндісін процедура ретінде сипаттау.

13. А(5,5), В(5,5), С(5,5), D(5,5), төрт массиві берілген. Осы массивтердің қосымша диаганольнің үстіндегі минималды элементтерінің көбейтіндісін табу.

14. Координаттары (x1,y1), (x2,y2),..., (x7,y7) сәйкес келетін жетібұрыш табу. Максималды ауданы бар үшбұрышты баспаға шығару. Үшбұрыштың ауданын Герон формуласымен анықтайтын функция жазу.

15. Квадратты матрицаның ізі деп, бас диагональ элементтерінің қосындысын айтасыз. m өлшемді квадратты матрицасы және n натуралды саны берілген. А, А2,..., Аn матрицаларының ізін табу.

16. A[7,7], B[7,7], C[7,7] үш массиві берілген. Осы массивтердің оң және 5-ке қалдықсыз бөлінетін элементтерінің жалпы қосындысын табу.

17. A[6,6], B[6,6], C[6,6], D[6,6] төрт массиві берілген. Осы массивтердің жұп бағаналарында орналасқан минимальды элементтерінің қосындысын табу.

18. A[8,8], B[8,8], C[8,8] үш массиві берілген. Осы массивтердегі локальды максимумдардың жалпы санын табу.

19. A[5,5], B[5,5], C[5,5], D[5,5] төрт массиві берілген. Қосымша диагоналінің астында орналасқан тақ элементтерінің қосындысы ең кіші массивті баспаға шығару.

20. A[5,5], B[5,5], C[5,5], D[5,5] төрт массиві берілген. Осы массивтердің тақ жолдарында орналасқан оң жұп элементтерінің қосындысының ең кіші мәнін есептеу.

21. A[4,4], B[4,4], C[4,4], D[4,4] төрт массиві берілген. Осы массивтердің қосындысын табу. Процедура түрінде сипаттау керек.

22. A[7,7], B[7,7], C[7,7] үш массиві берілген. Бас диагоналінің астында орналасқан нөлден өзгеше элементтерінің көбейтіндісін есептеу.

23. A[6,6], B[6,6], C[6,6] үш массиві берілген. Массивтердің бас диагоналында орналасқан ең үлкен элементтерінің қосындысын есептеу.

24. Екі тең бүйірлі трапецияның табандары мен биіктігі берілген. Тең бүйірлі трапецияның табандары мен биіктігі бойынша периметрін есептейтін функцияны анықтап, олардың периметрлерінің қосындысын табу.

25. Натурал санның факториалын есептейтін функцияны анықтап, өрнегінің мәнін есептеу.

26. Екі сөйлем берілген. Сөйлемдегі «н» әріпінің санын есептейтін функцияны анықтап, осы сөйлемдердегі «н» әріпінің жалпы санын табу.

27. Берілген санды әртүрлі қосындыларға жіктеу.

28. Берілген натурал санның цифрларының қосындысын табу.

29. Берілген натурал санның цифрларының санын табу.

30. Экранға натурал санның цифрларын кері ретпен шығаратын рекурсивті процедурасын жазу.

Негізгі әдебиет: 1[147-197], 2[177-258], 3[170-190]

Қосымша әдебиет: 1 [160-172]

Бақылау сұрақтары:

1. С++ тілінде функциялар қалай сипатталады?

2. Формальды параметр-айнымалыларды қолдану мысалдарын келтіріңіз.

3. Функциядағы есептеулердің нәтижесі программаға қалай беріледі?

4. Неліктен функцияны өрнектен шақыруға болады?

5. Функциялар не үшін пайдаланылады?

 

5-ші зертханалық жұмыс. Бір өлшемді және екі өлшемді массивтермен жұмыс атқарған кезіңде көрсеткіштерді пайдалану

 

Жұмыстың мақсаты: Бір өлшемді және екі өлшемді массивтермен жұмыс істеу үшін көрсеткіштерді пайдалануға машықтану.

5-ші зертханалық жұмысқа арналған тапсырмалар

1. n натурал, нақты сандары берілген. 6-суретті пайдаланыңдар. тізбегін құру.

2. n натурал, нақты сандары берілсін. Егер тізбек кему ретімен берілсе сол күйінде қалдыру қажет, керісінше жағдайда тізбегін алу қажет. 7-суретті пайдаланыңдар.

3. n натурал, нақты сандары берілген. 6-суретті пайдаланып, есептеңдер:

а) ; ә) ;

б) .

6-сурет.

4. n натурал, нақты сандары берілсін

а) ; ә) ;

б) ; в) .

5. n натурал, нақты сандары берілсін. сандары ішінде ұқсас сандарды табу керек.

6. n натурал, нақты сандары берілсін. Егер осы тізбекте 3 кіші сан табылса, осы кіші сандарды квадраттаңдар. Кері жағдайда тізбектің барлық мүшесін 0.1 көбейтіңдер.

7. “Есептеуіш”. N, M натурал сандары берілсін. N адам шеңбер жасап тұр делік. Олар сағат тіліне қарсы бағытта 1,2...,n нөмір алады. Сағат тіліне қарсы бағыттан бастап m адам шеңберден шығарылады (n-m адам). Осылайша бір адам қалғанша жалғастырылады. Соңында қалған адам нөмірін анықта. 7-суретті пайдаланыңдар.

7-сурет.

 

8. және өлшемдегі А және В матрицалары берілген. АВ матрицасын алу.

9. n реттік шаршы матрица берілген. матрицасын алу.

10. n реттік шаршы А және В матрицалары берілген. АВ-ВА матрицасын алу.

11. n реттік шаршы А матрицасы мен n элементті вектор берілген. Келесі векторларды алу:

а) ; ә) б) , мұндағы Е - n реттік бірлік матрица.

12. n реттік шаршы А,В және С матрицалары берілген. (А+В)С матрицасын алу.

13. n реттік шаршы А,В матрицалары берілген. А(В-Е)+С матрицасын алу, мұндағы Е - n- реттік бірлік матрица, ал С матрицаның элементтері: формуласымен анықталады.

14. өлшемдегі нақты А матрицасы берілген. одан (оның өлшемі - ) транспонирленген матрицасын алу.

 

Негізгі әдебиет: 1 [123-146], 2[321-349], 3[192-239]

Бақылау сұрақтары:

1. Көрсеткіштермен жұмыс істеуге арналған операцияларды атаңыз?

2. Көрсеткіштен бүтін санды қосу кезінде көрсеткіш мәні қандай мәнге артады?

3. Айнымалы-көрсеткішті инициалдау мысалын келтіріңіз.

4. Айнымалы-көрсеткішті жариялау мысалын келтіріңіз.

5. Сілтеме бойынша шақыруды құру үшін қандай операция қолданылады?

 

6–лабораториялық жұмыс. С++ тілдің графикалық функцияларды қолданып программаларды құру


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 917 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дәріс. Массивтер. Бірөлшемді және екіөлшемді массивтерді өңдеуге арналған программаларды құру | Көрсеткішті сипаттау | Дәріс. Массивтер және көрсеткіштер | Ші дәріс. Символдық жолдар және қолданылатын функциялар | Жолдарға қолданылатын операциялардың функциялары | Дәріс. Құрылымдар және мәліметтердің басқа формалары. | Дәріс. Файлдық енгізу-шығару. | Параметр Режим | Ерекше жағдайдың өңдеуішті анықтау | Ерекше жағдайлар және класстар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс. ОБП: мұрагерлік, визуалды функциялар және полиморфизм| Лабораториялық жұмысқа арналған тапсырмалар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.051 сек.)