Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабақтың тақырыбы: Баршағадос - «До».

Н үйрену | Сабақты қорытындалау | Оқулықпен жұмыс | Сабақтың тақырыбы: Наурыз - қүт-береке қуаныш. | Сабақтың тақырыбы: Сегіздік нота. |


Читайте также:
  1. IV Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны.
  2. VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері.
  3. Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.
  4. Дәріс тақырыбы: Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар аурулар. Аса қауіпті инфекциялар (жұқпалар).
  5. Дәріс тақырыбы: Адамдарды санитарлық тазалау, малды ветеринарлық сақтандыру, техникамен автокөлікті арнайы тазалау
  6. Дәріс тақырыбы: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
  7. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі қоғамдағы халықтық білімді зерттеу әдістері

1. «До» нотасы.

2. Нотамен ән салайық.

3. «Кең дала».

Әнін жазған И. Нүсіпбаев. Сөзін жазған Н. Әлімқұлов.

Сабақтың мақсаты: музыканың дыбысын ажырата білу, ондағы көркем образды көре білуді, мазмұнын түсінуді үйрету.

Сабақтың міндеті: әннің әсерлі, бабына келтіре орындалуын,
дұрыс тыныс алып, үн тазалығын сақтауды қадағалау.

Екпін, ырғақ, есте сақтау, дыбыс ұзақтықтары, т.с.с. музыкалық
ұғымдарды білу.

• Музыкалық дыбыстар

Музыкалық дыбыстар музыка арқылы жүзеге асады.

Музыкалық дыбыстардың ұзақтығы, биіктігі, өзіндік күші және тембрі болады.

Музыкалық дыбыстарды нотамен белгілейміз. Ноталар нота сызығында жазылады.

Нота сызығы бір-біріне параллель көлденең бес сызықтан тұрады.
Олар төменнен жоғары қарай саналады.

Нота латын тілінде белгі деген мағынаны білдіреді.

Ноталар нота сызығының астына, үстіне, арасына, өзіне және қосымша сызықтарға жазылады. Ноталарды жазбас бұрын нота сызығының басына кілт қояды.

• Баршаға дос - «До» нотасы

- «До» - музыканың ең үлкен нотасы. Төменгі қосымша сызықта орналасады. «До» нотасының жазылу мөнеріне қара. Нота сызықтарына «До» нотасын жазып үйрену.

29-САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: «Ре» нотасы тұр ретте.

1. «Ре» нотасын үйрену.

2. Жұмбақ ән. Әні мен сөзін жазған К. Қуатбаев - орындау.

3. Жұмбақ шешу.

4. Төттімбет Қазанғапұлы. «Сылқылдақ» күйі - тыңдау.

5. Музыкалық сұрақтар.

Сабақтың мақсаты: қазақ балаларының эстетикалық талғамын
жан-жақты дамытуға зор үлес қосқан сазгер К.Қуатбаевпен танысу Сабақтың міндеті: екі музыкалық шығарманы салыстыру арқылы
талдауға үйрету. Ойлау қабілетін, ой-өрісін жан-жақты жетілдіру.

Білімділік: екпін, ырғақ, есте сақтау, дыбыс ұзақтықтары, т.с.с.
музыкалық ұғымдарды білу.

«Ре» нотасы төменгі бірінші сызықтың астында орналасады.

• Нотамен ән саламыз

До, ре, ре, до, ре, ре.

«Мен «Ре»-мін, «Ре»-мін.

«Ре» ретінде білемін.

Бірінші сызық астында.

Қатарласып келемін.

Нота дәптеріне «ре» нотасын салып үйрен.

Ноталарды оқу.

«До», «ре» ноталарын жоғары, төмен айтқызу керек.

К. Қуатбаевтың «Жұмбақ ән» әнін тыңдау, үйрену.

- Жұмбақ - халық ауыз әдебиетінің ішіндегі ең көне түрінің бірі және барлық халықтардың фольклоріне ортақ. Жұмбақ өткір, ұшқыр сөз есебінде халық арасында бағалы болған, бүгінгі біздің дәуірімізде де керекті қасиетін жойған жоқ. Жалпы жұмбақты сөз образының кілті есебінде тануға болады.

Жұмбақты мектеп балаларының тілін ұстарту мақсатымен жаттатады.

Ата-ананың, мұғалімнің балаға беретін тәрбиесінде балаларды тапқырлыңқа баулу үшін де жұмбақтың көп пайдасы бар.

Жұмбақ айтушы жасырып отырған нәрсені соған ұқсас басқа
заттармен сипаттап айтады. Байқағыш, сезімтал, ойы жүйрік бала
жұмбақ шешуін тез табады.


 

30-САБАҚ

Тәттімбет Қазанғапұлы
(1815-1862)

Тәттімбет Қазанғапұлы - Қазақстанның орталық, шығыс, оңтүстік өңірлерінде кеңінен таралған шертпе күй өнеріндегі ең ірі, көрнекті күйші-композиторлардың бірі. Тәттімбет ұлы күйші әрі өз дәуірінің көкірек көзі ашық азаматы ретінде әлеуметтік өмірге өз көзқарасын білдіріп, музыка тілімен үн қатып отырған композитор.
Ол замандастары: Жанақ, Шоже, Кемпірбай, Біржан сал, Жаяу Мұса,
Жанақ, Орынбай сияқты әнші-ақындармен, Тоқа, Ықылас, Итаяқ,
Шашақ сынды күйшілермен, Құнанбай, Алшынбай, Ерден, Шыңғыс,Шорманның Мұсасы сияқты игі жақсылармен тығыз қарымқатынаста болған.

Тәттімбет күйлері бүгінгі күнге атаңты күйші Әбікен Хасеновтің
орындауында жетіп отыр.

«Сылқылдақ» күйінің шығу тарихы

Бірде Тәттімбет ел аралап келе жатып, бір қызға кездесіп қалады.
Жанындағы бір топ қыз-бозбала Тәттімбетке қалжыңдап: «Жігітім, байқа, ол атса да, шапса да жығады, қыздың ақылы мен өнері біріне-бірі сай», - дейді. Тәттімбет ат басын осы қыздың үйіне тірейді.

Тәттімбет төрге жайғасып отырғаннан кейін қыз төсегінің басында ілулі тұрған домбыраны көреді. Ол қыздың домбырашы екенін
бірден сезеді.

тып қонаң болыңыз», - деп, Тәттімбетті бірнеше күн жібермей, қонақ
қылып, кетерінде жүйрік ат мінгізеді. Сондағы Төттімбеттің қызға
арнап шығарған қырқыншы күйі «Сылқылдақ» екен.

Сұрақтар:

1. Тәттімбеттің қандай күйін бұрын естіп, таныстың?

2. «Сылқылдақ» күйінің көңіл күйі қандай?

3. Күйді тыңдағанда көз алдыңа қандай бейне келеді?

4. Тәттімбет кімге кездеседі?

5. Тәттімбет қыздың домбырашы екенін қалай біледі?

6. Күй тартысы қалай басталды?

7. Төттімбет қызды қалай жеңеді?

8. Төттімбеттің қызға арналған күйі қалай аталады?

Сұраққа дұрыс жауап беріп, өз білімін көрсете білген оқушыларға
төмендегідей атақ беріледі: 1. Зейінді бала. 2. Ойы ұшқыр бала.
3. Тапқыр бала. 4. Ақылды бала. 5. Алғыр бала, т.б.

Үйге тапсырма:

1. Тыңдаған күйлерің туралы әңгіме даярла.

2. Музыкалық бейненің суретін сал.

31-САБАҚ


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 350 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сабақтың тақырыбы: Музыка әлемінің кілті.| Сабақтың ұйымдастыру кезеңі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)