Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабақтың ұйымдастыру кезеңі

Н үйрену | Сабақты қорытындалау | Оқулықпен жұмыс | Сабақтың тақырыбы: Музыка әлемінің кілті. | Сабақтың тақырыбы: Сегіздік нота. |


Читайте также:
  1. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің кеңес дәуіріндегі алғашқы кезеңі
  2. Арийлер кезеңі
  3. Бөлім.Балалалрдыңмузыкалық қызметін ұйымдастыру формалары.
  4. Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.
  5. ВВГ, ДВГ және СВГ кезінде дезинфекциялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  6. Сабақтың тақырыбы: Қырғыз музыкасы

Оқушылардан алдыңғы сабақта өткен күйшілер туралы «сиқырлы
сандық» арқылы сұрақ-жауап алып, бағалау.

«Ми» нотасы бірінші сызықтың бойында орналасатыны түсіндіріледі.

«Ми» нотасын жазып үйрену.

• Нотамен ән саламыз

Ми, ми, ре, ре, до, до, до.

1. Ноталарды атату.

2. Дыбысталуына мән беру.

3. Нотамен айтып үйрену.

Бірінші сызық үстіне
Шығып алдым, күш міне
«Ми» нотасы боламын,
Естеріңе түсті ме?

«Ми» дыбысын табу үшін алдыңғы екі дыбысты айтқызады.
Дыбыстың жоғары-төмен айтылуы бір жағынан балаларды музыкалық
әуеннің аяқталғанын ести білуге үйретеді.

Балаларға таныс үш дыбысты нотамен сольфеджио айтқызуға
болады. Бұл әдіс түрлі биіктіктегі ноталарды дұрыс айта білуге
үйретеді.

 

32-САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: Ықылас Дүкенұлы.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды күйдің мазмұнымен таныстыру.

2. Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, ойлау, көру,сезіну, қабылдау қабілеттерін дамыту.

Баланың логикалың ойлау дағдысын дамыту.

2. Оқушыны ізденуге жетелеу. Жауапкершілікті сезінетін өнегелі тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ы.Дүкенұлы суреті, әңгіме желісі бойынша сурет.

Сабақтың әдістері: ой қозғау, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сұрақтар:

1. «Жезкиік» күйінің жылдамдығы қандай?

2. Күйдің көңіл күйін ажырата білесің бе?

3. Күйдің әуені мен суреттегі киіктің бейнесін салыстыр.
Тапсырма:

1. Киіктің суретін сал.

2. Күйдің мазмұнын есіңе түсір.

3. Музыканың көркемдеуші құралдарын ата.
Музыкалық тапсырма:

1. «Ми» нотасының нота сызығында орналасу тәртібін тақтаға
жазу және ауызша айту.

2. «Ми» ноталарын музыкалық аспапта көрсету және оларды тыңдап, ажырату.

Сұрақтар:

1. Кілт дегеніміз не?

2. Біз қолданып жүрген қандай кілт?

3. Ол қай нотаны көрсетеді?
Жазбаша жұмыс:

Бес сызық сызып үйреніңдер.

Оған скрипка кілтін салыңдар.

До, ре, ми ноталарын нота сызығына орналастырып, жазып үйреніңдер.

• «Саяхатта» өнін үйрену. Әнін жазған К.Қуатбаев. Сөзін жазған
Ә.Дүйсенбиев.

Балаларға ән сыйлаған ақындарды, композиторларды естеріне түсіреміз. Олардың әндерінен үзінді орындау.

Сұрақтар:

1. Әннің сипаты, ырғағы қандай?

2. Қандай шығарма үйрендік, оның авторы туралы не білеміз?

 

33-САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: «Фа» нотасы.

1. Фа» нотасы.

2. Нота жазып үйренейік. Нотамен ән саламыз.

3. Музыкалық жазба.

Сабақтың мақсаты: музыкалық қабілетін арттыру, ән айту мен
оны ұйымдастыру жұмысын дұрыс жолға қою.

Сабақтың міндеті: музыкалық тәрбие берудің басты міндеті -
оқушыларды музыканы дұрыс тыңдап, түсінуге және оны әсерлі
орындай білуге баулу.

Музыка сауатын (формасы, жанр түрі, нота сауаты) үйрену.

Сабақтың барысы:

«Фа» нотасы

- «Фа» нотасы бірінші сызық пен екінші сызықтың арасына жазылады.

«Фа» нотасын жазып үйрету.

• Нотамен ән саламыз

Фа, ми, фа, фа, ре, до, до, ми, фа.

1. Ноталарды ажыратып атау.

2. Нотаға қарап дыбыстау.

3. Музыкалық жазба.

Тапсырмалар:

1. Ноталарды атап шығу: фа, до, ре, до, ми, до, фа.

2. Ноталарды сызықтарға өз орнын тауып, жазғызу: до, ми, фа,ре, фа, до.

«Фа» нотасын таныстыруда алдыңғы сабақтағы өдістер қолданылады.

Ноталарды төменнен жоғары, жогарыдан төмен айтқызу тәсілі
барлық ноталарды үйренуде пайдаланылады.

Мен Фа, Фа нота болғасын
Екі сызықтың ортасын
Иеленіп жатырмын
Меншігімді қорғасын.

«Кел, балалар, ойнайық». Әнін жазған Ә. Еспаев. Сөзін жазған
Қ. Ыдырысов.

• «Кел, балалар, ойнайық» өнін транспозиңиялап, фразаларға бөліп жаттаймыз.

Үн тазалығына, дыбыстың біркелкі болуына баса көңіл бөлінеді.

Қысқа жеңіл тыныс алынады. Өнді жаттап болған соң, екі топқа
бөлініп, мұғалім және хор болып, немесе сыныптағы жақсы дауысы
бар баланы жеке өнші етіп, өртүрлі нұсқаларда орындауға болады.

Сұрақтар мен оқушылардың үлгі жауаптары:

М: - Екі көз не үшін керек екен?

Б: - Жақсыларды көру үшін!

М: - Екі қол ше?

Б: - Елге көмек беру үшін!

М: - Құлақ не үшін керек екен?

Б: - Ақыл-кеңес тыңдау үшін!

М: - Жүрек деген не үшін керек?

Б: - Жаулардан қорықпау үшін!

Б: - Адамдарға мейірімді болу үшін!

М: - Тіл мен жағың не үшін керек?

Б: - Ақиқатты айту үшін!

М: - Ал аяғың?

Б: - Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.

 

34-САБАҚ


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 834 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сабақтың тақырыбы: Баршағадос - «До».| Сабақтың тақырыбы: Наурыз - қүт-береке қуаныш.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)