Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Н үйрену

Оқулықпен жұмыс | Сабақтың тақырыбы: Музыка әлемінің кілті. | Сабақтың тақырыбы: Баршағадос - «До». | Сабақтың ұйымдастыру кезеңі | Сабақтың тақырыбы: Наурыз - қүт-береке қуаныш. | Сабақтың тақырыбы: Сегіздік нота. |


Жұмбақтар

Жазу жазуға жалықпаған

Жаза жаза арықтаған

(Бор)

Үйреткен ілімді

Қырық екі білімді.

(42 әріп)

Н орындау

«Салауат» әні сабақта оқушыларды осы пәнге даярлап, бағыттауға арналған шығарма. Ертеде қазақ даласында сауат ашу оргы көбіне мешіт, медреселерде немесе молдалардан алған болатын.

«Салауат» әні қысқа әрі тартымды. Бұл ән екі мндет көздейді.Біріншісі мазмұнда көрсетілгендей, оқушылардыңұстазына даган амандық, саулық, салауат тілеуі болса, екіншісі оқушыларды сабаққа деген психологиялық даярлау.

Сергіту

2- сыныпта өткен «Көңілді музыкант» музыкалық қимылды ойынды еске түсіреміз.

н үйрену

«Мектебім» әні. Авторы А.Меңжанова. әннің әуені сөз мәтініне сәйкес орындалады. Әннәі сөзі мәнерле оқылып, талдау жасалады.

«Сен- бұлақ, мен- қайың бүр ашқан

Өзіңнен нәр алып өсемін»,-

Деген сөздердің мағынасын ашу, мектеп арқылы бала білім алады, ал білім адамның өмірлік нәрі,бұлағы екені түсіндіріліді. Әнні тәрбиелік мөні жоғары.

Сабақты қорытындылау

Үйге: «Мектеп білім ордасы» деген тақырыпқа шағын әңгіме, төрт жол өлең жазып келу.

 

Сабақтың тақырыбы: Әсемдік әлемі 2-САБАҚ

Сабақтың мақсаты: оқушылардың өнерлі болуға, әсемдік пен сұлулықты сезіне білуге, өнер әлемінің үздік үлгілеріне бағыттау.

Сабақтың міндеті: асыл қазынаны келешек ұрпақ

Шығармашылық жұмыс

Өнер туралы мақал-мәтелдер жарысы өткізіледі.

v Өнерлі бала сүйкімді.

v Өнерлі жігіт өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар.

v Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.

v Білімді өлсе, Қағазда аты қалар, Ұста өлсе, Істеген заты қалар.

«Әнге әуес, күйге құмар бала - жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» деген Мұхтар Әуезовтің сөзін оқып, мазмұнын түсіндіре отырып балаларды өнерге талпындырамыз, әсемдікке баулимыз.

Оқулықпен жұмыс

«Әсемдік әлемі» тақырыбы оқылады.

Музыка тыңдау

Н. Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін тыңдай отырып, оқушыларға сабақ барысында саяхат жасау ұсынылады. Қазақ ауылына саяхат- өнер ауылына саяхат деген сөз. Себебі қазақ халқы өмірін өнермен өрнектеген. Қазақтың киіз үйінен бастап, ондағы киіз үй әбзелдері, ою-өрнектер, киіз үй жабдықтарында тұнып тұрған өнер элементтері бар. Енді оқушылардың зейіні қазақтың тұрмыс-тіршілігінің ажырамас бөлігі - музыкалық аспаптарына аударылады.

Оқулықтағы «Қазақтың киіз үйінде болғаның бар ма?» деген мәтін оқылып, дидактикалық құралдар (бүктеме, түрлі-түсті суреттер, т.б.) арқылы сұрақтарға жауап беріледі. 2-сыныпта өтілген «Сиқырлы музыка аспаптары» тақырыбында берілген әрбір музыкалық аспаптың құрылысы, дыбыс бояуы еске түсіріледі. Аспаптар туралы әндердің бір шумағын оқып беруге болады.

«Ер Төстік» ертегісі еске түсіріліп, ондағы кейіпкерлердің өнерлі де батыл, ержүрек адамдар екендігін айтып, өнер иесі қандай да болсын қиындықты жеңе алатыны әңгімеленеді.

Сергіту

«Көңілді музыкант» қимылды әні тақырыпты пысықтай түседі. Ырғақты би қимылдарымен аспапты ойнауын салып көрсетсе, балаға ойын арқылы музыкалық шығарманы бейнелі орындауға көмегі болады.

Дауыс жаттығуына «Салауат» әні орындалады.

Сұрақ пен тапсырма:

Күйді тыңдау барысында қандай музыкалық аспаптардың үнін естідің? Олардың дыбысталу айырмашылығын, ерекшеліктерін түсіндір.

Сабақты қорытындылау

«Алғыр оқушы» ойыны. (Хатқалтаға салынған сњрақтар тараты- лады.)

Өнер деген не?

Өнерлі бала қандай болуы керек?

Сенің өнерлі досың бар ма?

 

3-САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: Бабалар мұрасы.

Сабақтың мақсаты: ұлттық музыка өнеріне және өнер қайраткерлеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, халық композиторларының шығармаларымен таныстыру.

Сабақтың міндеті: музыкалық ырғақты сезінуге баулу, оқушының шығармашылық ой-өрісін дамыту. Халық әндері мен аспаптык музыка арқылы ата-баба дәстүрін қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтық барысы:

Бұл сабақ алдыңғы сыныптар тақырыптарының жүйелі жалғасы болып табылады.

Елімізде өнерлі адамдар аз болмаған. Өнерлі адамдар халық арасында ерекше сыйлы, қадірлі. Қазақтың кез келген үйі өнер иесін ең сыйлы қонақ ретінде қабылдаған.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 142 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Юність як предмет наукового дослідження| Сабақты қорытындалау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)