Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабақты қорытындалау

Сабақтың тақырыбы: Музыка әлемінің кілті. | Сабақтың тақырыбы: Баршағадос - «До». | Сабақтың ұйымдастыру кезеңі | Сабақтың тақырыбы: Наурыз - қүт-береке қуаныш. | Сабақтың тақырыбы: Сегіздік нота. |


Читайте также:
  1. Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау.
  2. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі
  3. Сабақтың тақырыбы: Қырғыз музыкасы
  4. Сабақтың тақырыбы: Қытай музыкасы
  5. Сабақтың тақырыбы: Әдістемелік тәсілдерді анықтау және оның қолданылуы
  6. Сабақтың тақырыбы: Армысың, әз Наурыз!

Венн диаграммасы

 

5-САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: Ақан сері Қорамсаұлы.

Сабақтың мақсаты: музыка мен өнердің өзара байланыстылығын дәріптеу. Музыкалық танымын дамыту. Қарапайым музыкалық сауатын ашу.

Сабақтың міндеті: музыкалық ырғақты сезінуге баулу. Есту, есте сақтау қабілетін, белсенділігін, шапшаңдығын дамыту.

Сабақтың барысы:

Оқулықпен жұмыс:

Ақан сері Қорамсањлыныћ љмірімен таныстыру. Ақан сері Қорамсаұлы 1843 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Оның шын аты Ақжігіт болатын, бірақ әке-шешесі еркелетіп Ақан деп атап кеткен. Атақты композитор, әнші, ақын, көптеген әндердің авторы. Қиын тағдырын, тіршілік толғауларын бейнелейтін қайталанбас сұлу сазды әндерін қазақ халқы сүйіп тыңдайды. Сондай әндердің қатарына «Қараторғай» жатады.

Ән орындау:

Өткен сабақтарда үйретілген «Киіз үй», «Айгөлек» әндері қайталанады. Бұл әндер құрылымы жағынан күрделі. Сондықтан бұл әндерді қайта еске түсіріп орындау арқылы баланын, есте сақтау қабілеті дамытылады.

Шығармашылық жұмыс:

Шыр, шыр еткен торғайды,

Қорғамасаң болмайды.

Кіп-кішкентай торғайлар,

Ағаштарды қорғайды.

Таспен атып торгайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызға қонбайды.

Б. Ысқақов Торғайдың суретін салу.

 

6-САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: Біржан сал Қожағұлұлы.

Сабақтың мақсаты: музыканы сезініп, түсіну қабілетін дамыту, эстетикалық және музыкалық танымын арттыру.

Сабақтың міндеті: балалардың шығармашылық белсенділігін арттыру. Музыка тыңдау, үйрену арқылы қоршаған ортадағы сұлулықты, табиғат әсемдігін сезінуге тәрбиелеу.

Оқулықпен жұмыс:

Көкше жерінен шыққан тағы бір ірі өнер адамы - Біржан сал Қожағұлұлы. Халыққа белгілі өнер иесінің шығармалары қазақ халқының жүрегінен орын тауып, сүйікті үндеріне айналды. Сұлулықты, көркем бейнелерді паш еткен әндерінің бірі - «Көкек». Мұғалімнің қалауы бойынша салыстырмалы түрде екі үннің ерекшелігі мен ұқсастығын Венн диаграммасына салып көрсетуге болады.

Сергіту

Ұшты-ұшты» ойыны.

Сабақты қорытындылау:

«Бабалар мұрасы» тақырыбын қорытындылауды «Алғыр топ» ойыны түрінде өткізуге болады.

Үш топқа (қатарға) сұрақтар таратылады.

«Домбырашылар ауылы» тобына қойылатын сұрақтар мен тапсырмалар:

v Сал, сері деген кім?

v Киіз үй әбзелдерін ата.

v Сыбызғы аспабын неден жасайды?

v Өнер туралы мақал-мәтел айт.

v «Гәкку» әнін кім жазды?

«Қобызшылар ауылы» тобына қойылатын сұрақтар мен тапсырмалар:

v Қандай сал-серілерді білесің?

v Қандай ұлттық киімдерді білесің?

v Домбыра аспабын сипатта.

v Отан, туған жер туралы мақал-мәтел айт.

v «Қараторғай» әнін кім жазды?

«Сыбызғышылар ауылы» тобына қойылатын сұрақтар мен тапсырмалар:

v Қандай халық әндерін білесің?

v Қандай ұлттық бас киімдерді білесің?

v Жетіген аспабы туралы қандай аңыз бар?

v Тіл туралы мақал-мәтел айт.

v «Айгөлек» әнін кім жазды?

 

7-САБАҚ

Сабақтық тақырыбы: Қайратты ән, қаһарман жырлар

Сабақтың мақсаты: музыканың сипатын ажырата білуге үйрету. Есте сақтау, әнді тану қабілетін дамыту. Музыкаға әсерленуге баулу. Марш сипатын қимылмен орындауға үйрету.

Сабақтыі міндеті: Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту. «Ұлан» әскері жайлы хабардар ету. Өнер арқылы елін, жерін сүюге, қорғауға, адал азамат болып өсуге тәрбиелеу. Ой-өрісін кеңейту.

«Отан» сөзінің мағынасын бала санасына құя отырып, туған жерін қорғау ісіне атсалысуға баулу.

Сабақтың барысы:

Музыка тыңдау

Сұрақтар:

Ән саған таныс па?

Ән қалай орындалды?

Әннің мазмұны не туралы?

Ән әуенінен қандай әсер алдың?

Қайратты әндер, қаһарман жырлар, Отандық әндер дегенді қалай түсінесің?

Оқулықпен жұмыс

«Қайратты ән, қаһарман жырлар» тақырыбы оқылады.

Біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бірлікте өмір сүру - барлық қиыншылықты жеңуге болатын күш. Сондықтан әрбір азаматтың бойында отансүйгіштік, елжандылық сезім мол болуы керек.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 127 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Н үйрену| Оқулықпен жұмыс

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)