Читайте также: |
|
Город Туркестан является одним из древнейших городов на Великом Челковом пути. Он был духовно- политическим центром тюркоязычных народов и древнейшей столицей казахских ханов. По народному поверью, дорога поломника, посетившего Туркестан, обязательно должна лежать через мавзолей, возведенный над могилой Ходжа Ахмет Яссауи – известного суфия, поэта, философа и духовного наставника тюркских народов.
Туркестан был не только духовным, но политическим центром казахской земли. Ханы восходившие на престол, в стенах мавзолея давали клятву верности своему народу, здесь же их потом и хоронили. Мавзолей стал пантеоном казахской знати: здесь покоится прах Абылай- хана, Бөгенбай батыра и многих других великих ханов, батыров и полководцев.
Мавзолей Яссауи – удивительный комплекс дворцов и храмов из 30 различных комнат и залов. Внешний диаметр главного купола – более 40 метров, окружность – 130 м, высота минаретов –12 м. Высота центрального зала – более 37 метров.
Сөздік
древний – ежелгіполомник – сиыну, тәу етіп келуші
наставник – көсем духовный – рухани
поверие – сенім кесене – мавзолей
духовный – руханихоронили – жерледі
клятва – серт, уәде удивительный – керемет
дворец – сарай различный – әртүрлі
купола – кесене минарет – мұнара
пантеон – қабыр
СОӨЖ.
Мақсаты: Берілген ақпарат бойынша өз ойын айтуға дағдыландыру, пікірін қалыптастыру.
Дін және діни мерекелер туралы сұхбат құрыңыз.
СӨЖ. «Ар-ождан бостандығы» тақырыбына шығарма жазыңыз.
12-сабақ.
Тақырып:Ғылым мен инновациялық технология. Танымал ғалымдар.
. Грамматика: Шарт мәнді сөйлем.
Арнайы лексикамен жұмыс
Сабақтың мақсаты: Лексикалық тақырып арқылы сөздік қорын молайту, жазылым, оқылым тілдесім, тыңдалым әдістерін пайдаланып, мемлекеттік тілде ойын жеткізе білуге дағдыландыру; қатысымдық және лингвомәдени құзыреттілігін дамыту,.сабақтан алған ақпаратты күнделікті тұрмыста қолдана білуге үйрету.
4 Тірек сөздер: ғылым, инновациялық технология, жолдау, қаржыландыру, қамтамасыз ету, кешен, бюджеттік шығындар, индустриялы-инновациялық даму, грант, ғылымды интеграциялау, қосымша табыс темір желілері, органикалық катализт.б.
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, мазмұнын айтыңыз.
Ғылым, инновациялық технологияның қазіргі дамуы туралы өз ойыңызды қосыңыз.
Қайтсе? Не етсе? деген сұрақтар арқылы ғылымның даму жолдары туралы өз пікіріңізді білдіріңіз.
Білім, ғылым, инновация – Қазақстан экономикасы дамуының локомотиві
Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында Қазақстандықтардың экономикалық және әлеуметтік мәселелерінің шешілу жолдарының он негізгі бағыт - бағдарларын айқын көрсетіп берді. Атап айтсақ, оларға еліміздегі жұмыссыздықты жою, Әрбір отбасын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, адамдарға сапалы медициналық қызмет көрсету, саламатты өмір салтын арттыру сияқты әлеуметтік салаларды дамыту жатады. Елбасы индустриялы-инновациялық даму аясында «Жезқазған – Бейнеу және Арқалық Шұбаркөл темір желілері, Атырау мұнай өндіру зауытында мұнайды тереңнен өңдеу кешені, Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеуші зауыт» және т.б жобалар іске асырылатынын айтты. Сонымен қатар, кездегі еліміздегі басты мәселе ғылымның дамуын ңамтамасыз Жолдауда білім мен ғылымның дамуына ерекше көңіл бөлінетіні көрсетілген. Мысалы, ғылыми–зерттеу жұмыстарын инновациялық гранттар арқылы қаржыландыруға арттырылатыны көзделуде. Қазіргі ететін мамандарды даярлау. Оның бірден бір жолы жастарды ғылымға тарту. Оның тартымды жолы білім мен ғылымды интеграциялау. 2007 жылғы Елбасының халыққа Жолдауында академиялық институттар мен ірі университтетерді қосу туралы айтылды. Осы саясаттың аясында А. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты мен Д. В. Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия институты қосылып қазақ Британ Техникалық Университеті құрылды. Мұндай шараның іске асырылуы екі жаққа да тиімді болды, яғни институт ғалымдары университетте сабақ беріп қосымша табыс табуға мүмкіндік алса, университеттің талантты білімгерлері ғылыми институттың зертханаларында ғалымдармен бірлесіп жұмыс істеп өз қабілеттерін шыңдау арқылы жаңалықтар ашу мүмкіндігіне ие болды. «Ғылым туралы» заң аясында бұдан былай зерттеу университеттерін көптеп ашу қарастырылады. Бүгінгі күні осы идеяны іске асыратын бірден бір жоғары оқу орны «Назарбаев университеті», ол білім, зерттеу, инновациялы? процестерді ұштастыруда. Бұл оқу орнында оқитын білімгерлер жоғары курстарда ғылыми зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын болады. Келешекте Назарбаев университетінің тәжірибесін басқа да жоғары оқу орындарына насихаттау, оқу үдерісін индустриялық-инновацияға сай өткізуді қажет етіп отыр. Қазіргі кездің өзінде елімізде он инновациялық бағыттағы университет анықталып, әрқайсысына жылына 200 миллион тг қаржы бөлінбекші.
Елбасы тапсырмасы бойынша Қазақстанның барлық білім ошақтарын жаңғырту ісінен басталған ірі жоба жоғары оқу орындарындағы білім сапасын арттыру үшін оқу орындарына білікті, ірі білімді шетелдік ұстаздар тарту мәселесін қолға алды. Сонымен қатар әлемнің үздік оқу орындарына жастарды оқуға жіберу мәселесі қарастырылды. Академиялық ұтқырлық бойынша шетел ЖОО-мен білімгерлер алмасу жүйесі қолға алынды.
Жекеше | Көпше | |
І | Мен тыңда+са+м | Біз тыңда+са+қ |
ІІ | Сен тыңда+са+ң Сіз тыңда+са+ңыз | Сендер тыңда+са+ңдар Сіздер тыңда+са+ңыздар |
ІІІ | Ол тыңда+са | Олар тыңда+са |
. Шартты бағыныңқы | а)Етістіктің шартты рай түрінен болады. ә) Етістіктің болымсыз түріне –йынша,-йінше жұрнағы арқылы. | Қар жауса, балалар қуанады. Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін ұғындырма+йынша, |
.
Есіңізде сақтаңыз!
Есте нені сақтап, нені сақтамау керек
Бір адам данышпаннан:
– Есте нені сақтау керек және нені ұмыту керек?– деп сұраған екен.
Данышпан:
– Егер біреу саған жақсылық еткен болса, есіңде сақта, ал егер өзің біреуге жақсылық еткен болсаң, оны ұмыт,– депті.
Үнді ертегісінен
2-тапсырма. Шартты бағыныңқылы сөйлемдерді табыңыздар.
Көптеген келісімдер тауарды жеткізіп тұру мақсатында емес, бағаны ауытқыту барысында пайда табу үшін жүргізіледі. Ерінбей еңбек етсең, еңбегіңнің жемісін көрерсің. Сатушы ретінде қор биржасында брокерлер ғана сөйлей алады, сол үшін айналымнан белгілі пайыз табады.
3-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерімен шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем құраңыздар:
Еңбек биржасы, қор биржасы, тауар биржасы.
Ғылым, инновациялық технология, жолдау, қаржыландыру, қамтамасыз ету, кешен, бюджеттік шығындар, индустриялы-инновациялық даму, грант.
4-тапсырма. Мақалды мәнерлеп оқыңыз, дәптеріңізге жазыңыз. Мағынасын түсініп, есіңізде сақтаңыз.
Мақал
1. Елін сүйген ерлік істейді.
2. Халықтың ортақ үйі – Отаны.
3. Өз ошағыңның түтіні көзіңді ашытпайды.
4. Елін сатқан итаяқтан ас ішер.
5. Үйіңде атаңның намысын ойла,
Шет жерде Отаныңның намысын ойла.
5-тапсырма. Мәтінді орысшаға аударыңыз. Сөйлемдерді шарт мәнді сөйле мге айналдырыңыз.
Қ.И.Сәтбаев
Қ.И.Сәтбаев 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге Ғабдул-Ғани деген есім берілді..Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым семей мұғалімдер семинариясында оқиды және Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған. Мұғалімдер семинариясында Ж. Аймауытов, М.Әуезов сынды көрнекті қайракерлермен бірге оқыған. Ш.Құдайбердіұлымен тығыз айланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған. «Алаш»қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау білдіріп отырған.
1920-1941 жыылдары Баянауылда халық судьясы, Қарсақбай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас геологы қызметтерін атқарған.
1941-1952 жылы ҚСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, ҚСРО Ғылым академиясының төраға орынбасары, Қазақстан Ғылым академиясының президенті болған.
6-тапсырма. Сөйлемдерді өзіңіз ары қарай жалғастырыңыз.
Сәтбаевтің мәдениет саласында және тарихта 1931 жылы басылған А.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына 25 әнді өзі орындап,....
Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталып, ҚСРО Мемлекеттік және Лениндік.
Оның есіміинституттар мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай-ақ Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал Сатбаевит деп аталады...
Ол.
7-тапсырма. Шарт мәнді сөйлем туралы біліміңізді тексеріңіз.
СОӨЖ
Мақсаты: Берілген ақпарат бойынша өз ойын айтуға дағдыландыру, пікірін қалыптастыру ...
Қ.И.Сәтбаев
Қ.И.Сәтбаев 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге Ғабдул-Ғани деген есім берілді..Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым семей мұғалімдер семинариясында оқиды және Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған. Мұғалімдер семинариясында Ж. Аймауытов, М.Әуезов сынды көрнекті қайракерлермен бірге оқыған. Ш.Құдайбердіұлымен тығыз айланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған. «Алаш»қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау білдіріп отырған.
1920-1941 жыылдары Баянауылда халық судьясы, Қарсақбай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас геологы қызметтерін атқарған.
1941-1952 жылы ҚСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, ҚСРО Ғылым академиясының төраға орынбасары, Қазақстан Ғылым академиясының президенті болған.
Қазақ орта мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арнап Алгебра оқулығын жазды.
Сәтбаев мәдениет саласында және тарихта да қалдырған еңбектері зор
1931 жылы басылған а.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына 25 әнді өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме берді.
Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталып, ҚСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтың иегері болған.
Оның есіміинституттар мен кен-металлургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылқ аттарына берілген. Сондай-ақа Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал Сатбаевит деп аталады.Қ.И.Сәтбаевтің атында бірнеше мұражай бар.
Ол қазақтан шыққан тұңғыш академик.
Сәтбаев 1964 жылы қайтыс болды.
Тапсырма:
1. Мәтін бойынша сұхбат құрыңыз.
2. Өзіңіз білетін ғалымдар туралы айтып беріңіз.
СӨЖ. «Тәуелсіз Қазақстан және ғылым»тақырыбына реферат жазыңыз.
13- сабақ.
Тақырып: Ұлттық қауіпсіздік. Құқық қорғау органдары.
Грамматика: Сұрау мәнді сөйлем.
Арнайы лексикамен жұмыс
Сабақтың мақсаты: Лексикалық, грамматикалық материалды меңгерте отырып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Мәтіндерді оқып, аудару, сөйлесім құрастыру арқылы өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға үйрету, сөздік қорын молайту, кәсіби қатысымдық құзыреттілігін дамыту.
4 Тірек сөздер: ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау, тұжырымдама, конституциялық құқықтар,адамзат өрекениеті, экономикалық қауіпсіздік, капиталистік экономика,.ақша мен меншік, философиялық категория, концепция.
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз................
Ұлттық қауіпсіздік ұғымының мазмұны.
Ұлттық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы – жеке адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын, Қазақстан қоғамының құндылықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ресми қабылданған көқарастар мен шаралар жүйесі.
Жеке адамның,қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің адамзат өрекениетінің даму жолындай ұзақ тарихы бар. Қауіпсіздік ұғымының өзі әр елде әрқилы ұғынылып тарихи кезеңдердің ауысуы барысында өзгеріп отырған. Кезеңде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі ету ісінде қауымдық құрылымдар зор роль атқарды. Сол себепті қоғам мүшесінің қауіпсіздігі көбінесе адамдардың өзіне емес,керісінше, оның өзін-өзі ұстаудың және бағынудың жетік ұйымдастырылған құрылымына қаншалықты кіріге алуына байланысты еді. Ұлттық қауіпсіздіктің ұғымын ақша – нарық қатынастары енгізген капиталистік экономиканың,дамуы бұзды. Соның салдарынан адамның қауіпсіздігі оның өмір сүруіндегі қаржы жағдайымен белгілене бастады. Ақша мен меншік адам баласының нарықтың капиталистік экономика жағдайында өмір сүруін қауіпсіз етіп, оның жекелігі, тәуелсіздігі иллюзиясын дүниеге келтірді. Адам баласы одан әрі өз қауіпсіздігінің шарты ретінде ғылым мен технологияларға арқа сүйей бастады. Алайда философ Джон Локк айтқандай, адам баласы табиғат күштерінің алдында осал күйінде қала беретін болса, оның қауіпсіздігіне де ешқашан кепілдік берілмейді. Капитализмнің өркендеуімен ұлттар ұйысты. Ұлттық негізде ұлттық мемлекеттер дүниеге келді. Ендігі жерде қауіпсіздік әскери фактор:әскер санымен, оның үйретілу дәрежесі, қару-жарақтың саны мен сапасы арқылы қамтамасыз етілді. XIX ғасрдағы және XX ғасырдың алғашқы жартысындағы үздіксіз соғыстар ұлттық қауіпсіздік мазмұнын әскери-саяси жағынан басқа тұрғыда түсінуге жағдай жасамады Экономика әскери машинаның “отынына” айналды, табиғи орта тек қана стратегиялық ресурстар көзі ретінде қарастырылды, адам өмірінің қадір-қасиеті құнсызданды.
Жалпы қабылданған тұжырым бойынша қауіпсіздік-белгілі бір нысанның сыртқы және ішкі қатер әсерінен қорғана білу ахуалы. Бұл орайда көптеген зерттеушілер қауіпсіздік ұғымын неғұрлым кең мағынада “қолмен ұстауға келмейтін бейматериалдық және нақты дүниедегі әртүрлі нысандардың өмір сүру қабілетінің, өмірге бейімделе білуінің интегралдық пішіні түріндегі философиялық категория деп қарауға бейім.
Осы айқындаманы тірек ете отырып, ресейлік ғалымдар қорғана білу ахуалы, әлеуметтік ағзаның қоршаған ортадағы өзгерістерге икемді түрде үн қата білу қасиеті болып табылады, ал өмір сүру қабілетінің дәрежесі мынандай параметрлермен: өзіне-өзі жеткіліктілігімен, әлеуетімен (иммунитет) өзінің өмірлік маңызды мүдделерін белгілеп, соларды жүзеге асыру мақсатында әрекет ету қабілетімен айқындалады деп есептейді.
“Мемлекет қауіпсіздігін оның қасиеті ретінде бағалау, әлбетте, жаңалық ашу емес, мұның өзі мәселенің сипаттамасына өткірлік дарытады, себебі бұл қасиетті жоғалтып алу мемлекеттің жүйе ретінде бұзылуына әкеп соқтырмақ. Ал қауіпсіздік жағдайы осы қасиетті әр кездн сөз болғанда дәл белгілеуден басқа түк те емес.Өзгертіңкіреп айтсақ, мемлекеттің қорғана білу жағдайы- оның сәттегі қауіпсіздік деңгейі”.
Осыған орай қауіпсіздік екі түрге бөлінеді: 1.Қауіптің немесе әлдебір сілкініс мүмкіндігінің социумға болжамдық тұрғыдан қатер төндірмеуі.
2. Оның қауіп-қатерден анық қорғалуы,одан сытылып шығып, қарсы тұра білу қабілеті.
"Қауіп” терминін анық қатер төнген кезде туындайтын беймаза ахуал немесе жағдай сондай-ақ осы жағдайды тудыруға септесетін әртүрлі шарт деп ұғынуға болады. Қатердің түрлері жинала келіп ұлттық қауіпсіздіктің базалық элементтерін құрайды,себебі қатерлер ұлттық мүдденің жүзеге асуына кедергі жасап немесе оларға қауіп төндіруі мүмкін.
Демек, ұлттық қауіпсіздіктің тұғырын ұлттық мүдде, қатер және одан қорғану құрайды. Ұлттық қауіпсіздікке мынандай анықтама беруге болады “ұлттық қауіпсіздік ”-азаматтардың қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүддесінің ахуалы мен даму үрдістері.Сондай-ақ ұлттық құндылықтар мен өмір салтының анық және ықтимал қатерлерден қорғалу жағдайы. Дегенмен бұл жерде ұлттық өмір салтының қорғалу ұғымы деп, бір ұлттық немесе бір халықтың қауіпсіздігі ғана айтылып отыр..Бұл ұғымның астарында, ең алдымен, мынандай мағына бар “аталған елдегі жеке ұлттық түзілім немесе бүкіл қоғам тарихи тұрғыдан қабылдаған заңдардың жөн- жосықсыз бұзылуы.
Ұлттық мүдденің жан-жүрегі жалпы адамзаттық құндылық басымдығынан туындауы ұлттық идея болып табылады. Ұлттық мүддені мемлекеттің тұтастығы өмір сүру қабілеті және орнықты дамуы, тәуелді болып келетін азаматтар мен қоғамның обьективті қажеттіліктерінің жиынтығы деп ұққан жөн. Ұлттық мүдде саяси іс-қимылдық сипаты мен мазмұнын мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатын белгілеуі тиіс
1. Ұлттық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы дегеніміз не?
2. Ұлттық қауіпсіздіктің ұғымының дамуын не бұзды?
3. Ұлттық қауіпсіздік туралы философ Джон Локк не деді?
4. Ресейлік ғалымдар қорғана білу туралы не деді?
5. Қауіпсіздіктің түрлерін атаңыз.
6. Ұлттық мүдденің жүзеге асуына нелер кедергі жасап, оларға қауіп төндіруі мүмкін?
7. Ұлттық мүдденің жан-жүрегі не деп ойлайсыз?
2-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз. Ұлттық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы – жеке адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын, Қазақстан қоғамының құндылықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ресми қабылданған көқарастар мен шаралар жүйесі.
Жеке адамның,қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің адамзат өрекениетінің даму жолындай ұзақ тарихы бар. Қауіпсіздік ұғымының өзі әр елде әрқилы ұғынылып тарихи кезеңдердің ауысуы барысында өзгеріп отырған. Кезеңде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі ету ісінде қауымдық құрылымдар зор роль атқарды. Сол себепті қоғам мүшесінің қауіпсіздігі көбінесе адамдардың өзіне емес,керісінше, оның өзін-өзі ұстаудың және бағынудың жетік ұйымдастырылған құрылымына қаншалықты кіріге алуына байланысты еді. Ұлттық қауіпсіздіктің ұғымын ақша – нарық қатынастары енгізген капиталистік экономиканың,дамуы бұзды. Соның салдарынан адамның қауіпсіздігі оның өмір сүруіндегі қаржы жағдайымен белгілене бастады.
Философ Джон Локк айтқандай, адам баласы табиғат күштерінің алдында осал күйінде қала беретін болса, оның қауіпсіздігіне де ешқашан кепілдік берілмейді. Капитализмнің өркендеуімен ұлттар ұйысты. Ұлттық негізде ұлттық мемлекеттер дүниеге келді. Ендігі жерде қауіпсіздік әскери фактор:әскер санымен, оның үйретілу дәрежесі, қару-жарақтың саны мен сапасы арқылы қамтамасыз етілді.
Ресейлік ғалымдар қорғана білу ахуалы, әлеуметтік ағзаның қоршаған ортадағы өзгерістерге икемді түрде үн қата білу қасиеті болып табылады деді.
Қауіп - қатерлер ұлттық мүдденің жүзеге асуына кедергі жасап немесе оларға қауіп төндіруі мүмкін.
Ұлттық мүдде деп мемлекеттің тұтастығы өмір сүру қабілеті және орнықты дамуы, тәуелді болып келетін азаматтар мен қоғамның обьективті қажеттіліктерінің жиынтығы деп ұққан жөн. Ұлттық мүдде саяси іс-қимылдық сипаты мен мазмұнын мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатын белгілеуі тиіс.
3-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді мәтінді пайдаланып, толықтырыңыз.
Ұлттық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы – жеке адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын.
... адамзат өрекениетінің даму жолындай ұзақ тарихы бар.
Қауіпсіздік ұғымының өзі әр елде әрқилы ұғынылып тарихи..
.қауымдық құрылымдар зор роль атқарды. Сол себепті қоғам мүшесінің қауіпсіздігі көбінесе адамдардың өзіне емес,. Ұлттық қауіпсіздіктің ұғымын.
өмір сүруіндегі қаржы жағдайымен белгілене бастады.
Философ Джон Локк айтқандай,.
ұлттар ұйысты.
ұлттық мемлекеттер дүниеге келді.
Ресейлік ғалымдар қорғана білу ахуалы
деді.
Қауіп – қатерлер қауіп төндіруі мүмкін.
Ұлттық мүддені мемлекеттің тұтастығы өмір сүру қабілеті және.
4 –тапсырма. Өзіңіздің құқықтарыңыз туралы жазып көріңіз. Оны өз достарыңызбен талдап, толықтырыңыз.
5-тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдаланып, сөйлем құрыңыз. Сөйлемдеріңізді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз.
Ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау, тұжырымдама, конституциялық құқықтар,адамзат өрекениеті, экономикалық қауіпсіздік, капиталистік экономика,.ақша мен меншік.
6-тапсырма. «Менің құқықтарым» деген тақырыпта сұхбат құрыңыз.
Есіңізде сақтаңыз!
Еңбексүйгіштік пен тәртіптілік
Еңбексүйгіштік –адамның адамдық қасиетінің негізгі өлшемдерінің бірі.
Шыңғыс Айтматов
Еңбекжанды адам үнемі өзіне-өзі сұрақ қоюмен болады.
Шыңғыс Айтматов
Еңбекті сүйгенді елі сүйеді.
Жазылбек Қуанышбаев
Еңбектене білу – дұрыс өмір сүре алу деген сөз. Ж.Фабр.
|
6- тапсырма. Өлеңді оқып, жаттап алыңыз, сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыз., дәптерлеріңізге көшіріңіз. Өлеңдегі автордың негізгі айтпақ ойын анықтаңыз.
Жалқаулық
Жалқаулық жаратқанға ұнамайды,
Қамсыз қазақ қартайтқан ұлы Абайды.
Балақ түріп, қарекет қылғандардың,
Бақыт келіп есігінен сығалайды.
Көршіңіз байып жатса қуаныңыз,
Қуанғаннан намысың құламайды.
Өйткені сізге бөліп бермесе де,
Қол жайып, еш нәрсеңді сұрамайды.
(Ш. Құдайбердиев)
СОӨЖ. Сабақтың мақсаты: Студенттерді ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету,: Сұрау мәнді сөйлем туралы білімдерін толықтыру. Тіл байлығын дамыту.
СӨЖ
14-сабақ
Тақырып: Салауатты –өмір салты. Спорт кешендері. Ұлттық спорт. Атақты спортшылар.
. Грамматика: Қарсы мәнді сөйлем
Арнайы лексикамен жұмыс
Сабақтың мақсаты: Лексикалық, грамматикалық материалды меңгерте отырып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Мәтіндерді оқып, аудару, сөйлесім құрастыру арқылы өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға үйрету, сөздік қорын молайту, кәсіби қатысымдық құзыреттілігін дамыту.
4 Тірек сөздер:
Салауатты өмір салты,өмір салтын ұстану, дене күтімі, тазалық, тамақтану, зиянды әрекеттер, саяжай, шипажай, саябақ, спортпен шұғылдану, ұлттық спорт.
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Оны өз сөзіңізбен жалғастырыңыз.
2-тапсырма. Мәтінді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыз. Денсаулыққа байланысты сөздерді көшіріп жазыңыз. -
3-тапсырма.
Есіңізде сақтаңыз!
Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Абай
Әрбір жалқау кісі – қорқақ,.надан, арсыз келеді Абай
Жалқаулық... біздің қабілеттерімізді дамыту жолындағы ең зор кедергі.
Э.Делекруа
Жігіт адамға бас кесір – еріншектік, ортаншы кесір – ұйқышылдық, кенже кесір – кедейлік. Төле би
4-тапсырма. Салауатты өмір салтын жетілдіру үшін қандай ақпараттарды білу маңызды деп ойлайсыз?Бірақ, дегенмен, алайда, әйтсе де, сонда да сөзімен неғұрлым көп тіркес құрастырыңыздар. Құрастырған тіркестеріңізді пайдаланып, сөйлемдер құрыңыз.
Сөйлемдеріңізсалауатты өмір салтымен байланысты болсын.
5- тапсырма.
6-тапсырма
Берілген сөз тіркестерінің қайсысы уақыттың жауы болып табылады? Сұрақтың 4 дұрыс жауабын анықтаңыздар.
Айналысына көмектесу | сабаққа дайындалу | ғылыми жұмыстармен айналысу | күнімен диванда жату |
көп ұйықтау | спортпен шұғылдану | әдеби кітаптар оқу | танымдық тақырыпта сұхбаттасу |
оқу залында отыру | ән айту | жалқаулық | жоспар құрмау |
7-тапсырма. Мақал-мәтелдердің дұрыс баламасын табыңыздар.
8-тапсырма. Құрастырған сөйлемдеріңізді сурет мазмұнына сәйкестендіріңіз. Суретке қарап, шағын әңгіме құрастырыңыздар.
1. Кейбір адамдар бос уақытын кітапханада өткізеді. Себебі, кітап адамның рухани байлығын молайтады, әрі білімін кеңейтеді.
2. Кейбір студенттер достарыммен көп серуендеп, үй тапсырмасын уақытында орындамайды.
3. Кейбір адамдар айналасына көмектесуге де уақыт табады.
4. Кейбір адамдар ғаламторда көп отырып, уақытын босқа өткізеді.
9-тапсырма. Сурет мазмұнына сәйкес келетін сөйлемді тауып, ойыңызды жалғастырыңыз.
1.Уақытты көңілді, қызықты өткізу керек.БІРАҚ
2. Уақыт дегеніміз ақша.......БІРАҚ
3.......................................,.БІРАҚ уақытты кері қайтаруға болмайды.
4. Уақытты бағалай білейік..БІРАҚ
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 221 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Жер-Ананы аяла | | | Тапсырма |