Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жер-Ананы аяла

Алматы 2014 | Тапсырма. | Тапсырма. 1 страница | Тапсырма. 2 страница | Тапсырма. 3 страница | Тапсырма. 4 страница | Тапсырма. 5 страница | Тапсырма | тапсырма |


«Жер» деген сөздің көп мағынасы бар. Жер дегеніміз – ел, Отан, халық. Адамдар үшін жерде жұмыс істеуден, өз жерін қорғаудан маңызды ештеңе болмаған.

Көпке дейін адамдар табиғатты, жерді өзіне бағындырғысы, табындырғысы келді. Жауды бағындырады, ал адамзаттың тіршілік көзі болған Жер-Ананы бағындыра алмайды! Шындыққа тура қарайтын уақыт келді, Жер-Ана қазір жаралы...

Ядролық жарылыстар – жер үшін ең қорқынышты қауіп-қатер. Семейде алғашқы жарылыс 1949 жылдың 29 тамызында жасалыпты. Ал соңғысы 1989 жылдың 19 қыркүйегінде болды. Осы 40 жыл ішінде 470 ядролық жарылыс жасалған. Олардың 90-ы әуеде, 26-сы жер бетінде, қалғаны жер астында өткізілген. Оған қоса 175 химиялық қару сынағы өткізілген. Бір ғана Абыралы аймағы қаншама зардап шеккен. Ойлап қарасаңыз, Байқоңыр да сынақ алаңы. Бұларға Аралдың қасыретін қосыңыз.

Қазақстанның барлық аймағы көмекке зәру. Емдейтін, қорғайтын, аялайтын уақыт келді. Осы тұңғиықтан шығуға бола ма? Бүгінгі ұрпақ, бұл сіздердің азаматтық көзқарастарыңызға байланысты.

Сөздік

бағындыру – властвование Арал қасыреті – трагедия Арала

мағына – смысл, значение жарылыс – взрыв

бағындыру – подчинить зардап шегу – жгучая боль

тіршілік көзі – источник жизни тұңғиық – бездна

қауіп-қатер – опасность көзқарас – взгляд

көмекке зәру – нуждается в помощи азаматтық көзқарас – гражданская сынақ алаңы – полигон позиция

Есіңізде сақтаңыз!

Жамандықтың үлкені – пайдакүнемдік. Пайда қуған адам шышыл да, принципшіл де, ержүрек те, өз парызына адал да бола алмайды.

В.А.Сухомлинский

Сараң дүниенің малын жиса да тоймайды. А.Жүйнеки

Сараңдық күш алса, қуаныш азаяды. Ж. Баласағұни

Пайдакүнемдік адамды ең аяулы сезімдерден – Отанға деген сүйіспеншіліктен, отбасына, ізгілік пен тазалыққа деген сүйіспеншіліктен ада қылады. Г.Саллюсти

 

5-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерінен синонимдік қатарларды тауып жазыңыз.

Жер, қоршаған орта, мезгіл, аялау, зиян, жаралы, табындыру, біздің планетамыз, уақыт, емге зәру, қорғау, зардап, әлем, табиғат, бағындыру, мерзім, тіршілік ортасы.

6-тапсырма. Мына сөздерді пайдаланып, кезектес мәнді сөйлем құрыңыз. ластану – бір тал кессең –

табиғи – қорғау –

зиян – бүгінгі –

қасырет – азаю –

7-тапсырма. Жер туралы мақал-мәтелдерді оң жақта берілген нұсқасымен толықтырып жазыңыз.

Туған жердей жер болмас,... Елі азғанның ері азады.

Жері азғанның елі азады,... Өз еліңде ұлтан бол.

Өзге елде сұлтан болғанша,... Өз жеріңдей қайда бар.

Ер туған жеріне,... Туған елдей ел болмас.

Туған жердің қадірін... Ит тойған жеріне.

Пәлен жерде пайда бар,... Шетте жүргенде білерсің.

 

8-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

1.Жер – ең басты...............................

а) құндылық

ә) өмір

б) планета

2. Жер – ата-бабадан қалған.......................

а) зат

ә) мұра, байлық

б) өсиет

3. Жер – елдіктің, мемлекеттің......................

а)белгісі

ә) шарты

б) ережесі

4. Берілген мақал-мәтелдің қайсысы жерге қатысты?

а) Денсаулық – зор байлық.

ә) Әркімнің өз жері – жұмақ

б) Судың да сұрауы бар.

5. Берілген қанатты сөздердің қайсысы жерге қатысты?

а) «Балам дейтін жұрт болмаса, елім, жұртым дейтін бала қайдан шықсын» А.Байтұрсынов.

ә) «Отан – өз бесігің, өз үйің»

В.Сухомлинский

б) «Су мен жер туралы ой – бұл түптеп келгенде адамның өзі туралы ой»

Ш.Айтматов.

9-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз. Арал экологиясы туралы әңгімелеңіз.

Арал

Барша адамзат Арал теңізі десе, экологиялық апатты еске түсіреді. Қайраңда қараусыз қалған, тат басқан кемелер...

Жер шарындағы болашақ ұрпақ, өкінішке орай, Арал теңізінің қандай болғанын біле бермейді. Бір кездері Арал маңы – балығы тайдай тулаған бай өлке еді. Өткен ғасырдың басында Арал қаласына орыс көпестері орналасып, Хиуа хандығымен сауда-саттық жасаған. Олар мақта, мата әкеліп, балық т.б. тауарлар тасып отырған. ХХ ғасырда Арал теңізімен алып кемелер мен көп қабатты баржалар жүрген, кеме жасау зауыты да салынған.

Арал әлемде көлемі жағынан 3- ішкі теңіз болды. Мұнда сазан да, ақбалық та, қаяз да, итбалықтар да болған. Бұл өлке тұз ресурсына да бай.

60- жылдардың басында «данагөй» кеңес билеушісінің басына Аралға құятын Әмудария мен Сырдарияның арнасын Өзбекстандағы мақта мен күріш алқаптарына бұру туралы ой келеді. Содан кейін теңіз деңгейі 22 метрге төмендейді. Жағалау 200 метрге шегінеді. Мұнда жаңбыр сирек жауып, құмды, тұзды дауыл жиі соғатын болды. Арал суының тұздылығынан балықтар да азая бастады. Арал маңы елсіз қу тақырға айналды. Бұл өңір экологиялық апат аймағы болып жарияланды.

Леся Сокол.

10-тапсырма. Мәтінді қазақшаға аударыңыз. Қарамен жазылған сөйлемдердің орысша және қазақша нұсқасын дәптеріңізге жазып алыңыз.

Земля у всего человечества одна на всех а, может быть, она только одна такая во всей Галактике. И мы должны понять, что Земля – одна, ее ничем не заменишь, не подремонтируешь. Да, с точки зрения простого человека, она кажется огромной, но это не так. Земля – наша самая маленькая планета в Солнечной системе, нежная, хрупкая. Она нуждается в нашей любви. Мы должны любить и беречь ее.

Вот почему в последние десятки лет ученые-экологи забили тревогу, чтобы она дошла до наших умов.

Это было сделано руками человека: биологические ракеты, полигоны истребление животных и птиц. Неужели все это было сделано во имя наживы? Ведь это аукнулось изменением климата, возросшим количеством заболеваний людей, проблемами Арала, изчезновением некоторых видов рыб, миграцией населения и т. д.

Поэтому я призываю относиться к нашей планете по-доброму, по-человечески! Земля – наш общий дом.

11-тапсырма. Мәтін бойынша ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақстанның табиғаты қандай?

2. Қазақстанда табиғаты әсем жерлер бар ма?

3. Экологиялық апат, экологиялық дағдарыс туралы не айтасыз?

4. Экологиясы нашар аймақ, елдер туралы не білесіздер?

 

12-тапсырма. Төмендегі пікірмен келісесіз бе? Әлде қарсы пікір айтасыз ба?

1. Қазіргі кезде экология туралы көп айтады, жазады, бірақ нәтиже жоқ.

2.Экологиялық апат адамдардың әрекетіне байланысты емес.

3. Жерде табиғат ресурстары шектеусіз.

4. Адамдар табиғат берген байлықты тиімді, үнемдеп пайдаланады.

5.Экологиялық трагедия – экологиялық апат болған жердегі адамдардың трагедиясы.

6. Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері қошаған ортаға тек қана зиян әкеледі.

7. Жер шарын экологиялық апаттардан құтқару үшін адамдар табиғатпен тіл табысуы керек.

8. Жерді Ана деп айта алмаймын.

9. Көшпенділіктің жерге пайдасы мол.

 

13-тапсырма. Жер туралы мақал-мәтелдерді оң жақта берілген нұсқалармен толықтырып жазыңыз.

Туған жердей жер болмас,... Елі азғанның ері азады.

Жері азғанның елі азады,... Өз еліңде ұлтан бол.

Өзге елде сұлтан болғанша,... Өз жеріңдей қайда бар.

Ер туған жеріне,... Туған елдей ел болмас.

Туған жердің қадірін,... Ит тойған жеріне.

Пәлен жерде пайда бар,... Шетте жүргенде білерсің.

 

14-тапсырма. Мәтінді оқыңыз,өзіңіз тұрған жердің экологиясы туралы әңгімелеңіз.

Бурабай туралы аңыз

Ескі аңыз-әңгіме бойынша Алла дүниені жаратқанда бір халыққа орман байлығын, біреуге ұлан ғайыр даланы және ірі өзендерді, енді біреулерге әдемі таулар мен көгілдір көлдерді берген екен. Қазаққа тек қана дала тиіпті. Оған өкпелі қазақтар жаратқанның өздеріне назар аударуын және таңғажайып табиғаттың бір бөлігін беруін сұрапты. Сонда Алла өзінің қоржынынан ерекше мүсінді тау мен тасты аймақты, көгілдір суымен сұлу көлді даланың ортасына төге салыпты. Бұл жер шалғынды, гүлдерге бай әсем жер жанаты. Тауларында әртүрлі ағаштар мен бұталар, құстар мен жыртқыштар мекендейді. Көлдерінде балығы тулап, шалғынында көбелектер мен шыбын-шіркейлері тіршілік етеді.
Табиғаттың осы бір көркем де сұлу таңғажайып бұрышын қазақтар ежелден-ақ Бурабай деп атаған. Бұл бура деген сөзден шыққан (түйенің атауы).
Халық Көкшетау өңірінде өмір сүрген түйелер туралы да аңыз сақтап қалған. Ол тау етегінде жайылып жүріп жау әскерінің жақындағанын сезіп, халықтың басына төніп тұрған қауіпті өзінің түйеге тән даусымен халыққа ескертіп отырған. Осы аңызға сәйкес Көкшетау тауларының бірінде екі өркешті түйенің бейнесі сақталған. Жергілікті жердің биік шыңы – Көкшетау. Панорамалық көріністің бірі – оңтүстікке қарай орналасқан Бурабай тауы (690 м). Одан оңтүстікке қарай Шучье қыраты орналасқан, оның ең биік нүктесі «Жеке батыр» (826 м) деп аталады.

Оқжетпес
Оқжетпес туралы мынадай аңыз бар екен:Қалмақ қызына Абылай ханның әскерлері «мен аламын» деп таласады. Сонда Абылай жауынгерлерін ренжітіп алмас үшін “Бұйырдым тұтқын қыздың қалауына” дейді. Тұтқын қыз жігіттердің өнерін сынау үшін үш шарт қояды. Біріншісі — Көкшенің ең биік шыңының басындағы найза ағашқа байланған шәйі орамалды атып түсіруі еді. Қыздан дәмелі хан батырларының барлығы да “шіреніп садақтарын шыңға кезегенімен” ешқайсысы сыннан өте алмайды. Шың содан кейін Оқжетпес аталыпты. Оқжетпестің дәл қарсысында, Бурабай көлінің ақ жазықты шығанағында, судың нақ ортасында тағы бір жартас Жұмбақтас тұр. Жұмбақтас десе жұмбақ тас.

 

СОӨЖ

Мақсаты: Берілген ақпарат бойынша өз ойын айтуға, пікірін қалыптастыруға, өзара пікірталасқа дағдыландыру.

Табиғатты қорғау туралы мәтінді оқыңыз. Мәтінді өз ойыңызбен жалғастырыңыз.

Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі.

Халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.

Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да қадірлі жаны анасы болса, адамның табиғаты «Ана» деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр.. Әсіресе, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес. Сан ғасыр бойы халқымыз кең далада өзін аялаған табиғат аясында көшіп-қонып тіршілік еткен. Табиғаттың сан алуан құпия сырларына үңіліп, өзіндік ой түйген. Сол арқылы табиғат заңдылықтарына үндесіп, бірлікте өмір сүрген. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз өз кәсібін табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырған. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.

Табиғатпен адам қатар ұғым. табиғатсыз адам, адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады. Адам табиғаттын бір бөлшегі болып табылады. Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастар біздің қолда
Таза болса табиғат – аман болар

Біз, жас ұрпақ – табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулық пен әсемдікті талай ақын жырға қосып, небір әншілер ән арнаған. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек.

Тапсырманы орындаңыз:

1.Мәтінді оқып, толықтырыңыз.

2. «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» деген мақалды қалай түсінесіз?

3.Мәтін бойынша тест құрастырыңыз.

4. Адамның табиғатты «Ана» деп құрметтеуінде қандай мән жатыр?

 

СӨЖ

«Бірінші байлық–денсаулық» тақырыбына эссе жазыңыздар. Тірек сөздер: дені сау, дәрігер, дене шынықтыру, қан қысылымы, тексрілу,емделу, суық тию, науқас, денені шынықтыру, дәрумен.

 

 

10-сабақ

Тақырып: Денсаулық. Медициналық қызмет. Халық медицинасы.

. Грамматика: Бұйрық мәнді сөйлем

Арнайы лексикамен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

1) Денсаулық, салауатты өмір сүру салты туралы түсініктерін молайту;

2) Лексикалық тақырып арқылы сөздік қорын молайту, жазылым, оқылым тілдесім, әдістерін пайдаланып, мемлекеттік тілде ойын жеткізе білуге дағдыландыру;

3) Студенттердің қатысымдық және лингвомәдени құзыреттілігін дамыту. Сабақтан алған ақпаратты күнделікті тұрмыста қолдана білуге үйрету;

4). Салауатты өмір сүру салты туралы монологтық, диалогтық сөйлей білуге үйрету, өз ойын дәлелдей білуге дағдыландыру;

5)Тақырып бойынша алған білімін қортындылау.

4 Тірек сөздер: салауатты өмір, күтім, жан, денсаулық, тазалық, денсаулықты нығайту, тамақтану, салауатты өмір салты, спорт түрлері, науқас, дәрігер, қан қысымы, суық тию, тексерілу, демалыс орындары.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Оны өз сөзіңізбен жалғастырыңыз.

Атақты Ибн Сина: «Дәрігердің қолында үш түрлі құрал бар. Біріншісі – сөз. Екіншісі – дәрі. Соңғысы – пышақ» - депті. Ибн Сина жоғарыдағы сөзді неліктен айтқан? Ойланып көріңіздер...

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, берілген тапсырмаларды орындаңыз.

Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, өзін cау сезінуі, сергек жүруі, өмірге құштарлығы, ұзақ өмір сүруі.

«Денсаулық – зор байлық», «Дені саудың – жаны сау», «Бірінші байлық - денсаулық» дейді халық. Бұл ұғымдар босқа айтылмаған, яғни өзіңді күтіп, спортпен шұғылданып жүрсең, ешқашан ауырмайсың.

Адам денсаулықтың қадірін ауырғанда ғана біледі. «Ауырған мың күніңнен сау жүрген бір күнің артық» деп бекерге айтылмаған. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену - әрбір адамның басты міндеті. Ерте тұрып, таңертеңгі спорт жаттығуларын жаса, суық сумен жуын, уақытылы тамақтанған дұрыс.

Аурудың алдын алу үшін жылына екі рет дәрігердің қарауында болып тұру артық етпейді. Біздің ауруымыздың себептеріне көп жағдайда өзіміз кінәлі болып жатамыз. Жемістерді жумай жей саламыз. Қайнамаған су ішеміз. Даладан келген бетте қолымызды жумаймыз. Осының барлығы біздің денсаулығымыздың нашарлауына әкеліп соғады.

Сондықтан да салауатты өмір салтын сақтағыңыз келсе, денсаулығыңызды жас күніңізден сақтап, оны үнемі нығайтып күте білуіңіз керек.,

А)Мәтін бойынша тапсырмалар:

1. Мәтінге қандай ат қояр едіңіз?

2. Мәтін мазмұнына сұрақ жазыңыздар.

З. Мәтіннен сізге таныс емес мәліметті көрсетіңіз.

4. Мәтіндегі басты ақпаратты ұстап тұрған сөйлемді жазыңыздар.

5. «Денсаулық – зор байлық» дегенді қалай түсінесіз?

6. Мәтінде денсаулықты қалай күтудің қандай жолдары көрсетілген?

7. Мәтіндегі мақалды тауып, мағынасын түсіндіріңіз.

 

2-тапсырма. Сұхбатты оқыңыз, халық медицинасы туралы өз ойыңызбен жалғастырыңыз.

-Шәкен қажы ШЫНТАЕВ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халық медицинасы жөніндегі бас маманы: – Шәкен аға, Қазақстан әлемде бірінші болып халықтық медицинаны заңдастырды. Мұндай үлкен жетістікке алпауыт елдер де әлі жете алған жоқ. Оны қысқа мерзімде заңдастыру қалайша мүмкін болды? 2010 жылдың 12 маусымында Шан­хай ынтымақтастық ұйымы аясында дәстүрлі медицина академиясын құрдық. Оны әділет министрлігіне тіркетіп, осылай­ша дүниежүзі бойынша халықтық медицинаны біз бірінші болып заңдастырдық. Халықтық медицинаны тез арада заңдастыруға, біріншіден,??рт?а тәуіп атындағы проскопиялық ғылым және дәстүрлі шығыс халық медицинасының дәрігерлік қоғамдық академиясы негіз болды. Бүгінде бұл академия халықтық медицина сала­сында жақсы жұмыс істеп жатыр деп айтуға бола­ды. Екіншіден, мемлекеттің осы салаға айрықша көңіл бөлуі бізді өз мақсатымызға жеткізді. Мәселен, Елбасы­ның жарлығымен Қазақстанда халық емшілерін қолдау туралы 1997, 2003 және 2009 жылдары үш бір­дей заң қабылданды. Қазір өзіміздің тек Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де академияларымызды құрып жатырмыз.

– Расын айту керек, халық емшілерінің ісі халық арасында қазіргі медицина сияқты зор сенімге ие бола алмай отыр. Бұл халықтық медицинаның дамымай отырғандығы емес пе?

– Олай деуге де келмес. Мәселен, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемдегі халықтық 70-80 пайызы халықтық медицинаға жүгінеді. Индия, Қытай, Моңғолия, Орталық Азия мемлекеттері, Ресей, басқа да елдер халық­тық медицинаға қарай ауысып жатыр. Халықтық медицинада жанды да, тәнді де тазалайды. Бұл сала – ғасырлар бойы жинақталып келе жатқан ата-бабаларымыздың бай дәстүрлі мұрасы, медицинаның үлкен сатыда тұрған жемісі

-Әңгімеңізге рақмет! Толағай табыстар тілейміз.

 


  Жекеше Көпше
І Мен айт+айын Біз айт+айық
ІІ Сен айт Сіз айт+ыңыз Сендер айт+ыңдар Сіздер айт+ыңыздар
ІІІ Ол айт+сын Олар айт+сын

3-тапсырма. Дәрігер мен емделушінің рөліне еніп сұхбат құрыңыздар.

 

Есіңізде сақтаңыз!

Әділдік әкімдіктен де күшті. Жүсіп Баласағұни

Әділдік адами іс-әрекетінің нормасы болуы тиіс.

Н.Г.Чернышевский

Әділдік адами іс-әрекеттегі ақиқат. Ж.Жубер

Әділдікті мойындау – -адал кісінің ісі. Б.Момышұлы

Әділдіктің қайнар көзі екеу: ешкімге зиян шектірмеу және қоғамға пайда келтіру. Цицерон

Әділдік пен күш біріксе – бұл одақтан күші асар ешнәрсе болмаса керек.

Эсхил

4-тапсырма. Сызбаны толтырыңыз.

5-тапсырма. .Мәтінді оқып, толықтырыңыз

Алматы

Алматы – ең әдемі қала. Ол –1854 жылы бұрынғы «Алмалық» деген қазақ қыстағының орнына салынған Верный бекінісі. Ал 1867 жылы Верный қаласы деп аталды.

1921 жылы Алматы қаласы деп аталды. 1998 жылға дейін Қазақстан мемлекетінің астанасы болып саналды.

Алматыда Республика сарайы, Достық үйі, Спорт сарайы, Оқушылар сарайы және көп қабатты қонақ үйлер бар.

Қаланың батысы мен шығысынан Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері ағып жатыр. Алматы қаласының табиғаты өте әсем.

Алматы қаласы экономика мен бизнес салаларындағы жобаларды инвестициялау мен оны іске асыруда шет елдіктердің назарын өзіне аударып отыр.

Мемлекеттік емес жеке меншік кәсіпорындар мен мекемелер оңтүстік астанада негізгі жұмыс берушіге айналып отыр. Олар алматылықтарды жұмыспен қамтамасыз етумен бірге, республика бойынша ең жоғары жалақы төлейді. Осы заманғы менеджмент пен жаңа технологияларды игере отырып, жоғары сапалы өнім шығарады. Тұрғын үйлер салумен айналысып, қала тұрғындары мен қонақтарына мінсіз қызмет көрсетеді

Шет ел компаниялары мен банктердің, сондай-ақ халықаралық банктердің қатысуымен соңғы он жылда бірқатар қонақ үй, дүкен, кинотеатр, автосервис және бизнес орталықтары салынды.

Тапсырманы орындаңыз:

1.Мәтінді оқып, толықтырыңыз.

2. Алматы қаласындағы медицина орталықтары туралы не білесіз?

3.Мәтін бойынша тест құрастырыңыз.

4.«Дені саудың жаны сау».дегенді қалай түсінесіз?

 

СОӨЖ.

Мақсаты: білім алушылардың лексика-грамматикалық білім, білік дағдыларын дамыту, лингвомәдени құзыреттілігін қалыптастыру.

«Бірінші байлық–денсаулық» тақырыбына эссе жазыңыздар.

Тірек сөздер: дені сау, дәрігер, дене шынықтыру, қан қысылымы, тексрілу,емделу, суық тию, науқас, денені шынықтыру, дәрумен.

 

СӨЖ. Медициналық қызмет.Халық медицинасы

туралы шығарма жазыңыз. Медициналық сөздік дайындаңыз.

 

11-сабақ

Тақырып: Ұлттық салт-дәстүрлер. Дін және діни таным. Діни мерекелер.

. Грамматика: Өтініш, тілек мәнді сөйлем

Арнайы лексикамен жұмыс

Сабақтың мақсаты: Лексикалық, грамматикалық материалды меңгерте отырып, сөздік қорын молайту, жазылым, оқылым тілдесім, тыңдалым әдістерін пайдаланып, мемлекеттік тілде ойын жеткізе білуге дағдыландыру; Студенттердің қатысымдық және лингвомәдени құзыреттілігін дамыту.Сабақтан алған ақпаратты күнделікті тұрмыста қолдана білуге үйрету.

4 Тірек сөздер: дін, ислам, ихрам, құрбандық, қажылық, Мекке, діни рәсім, сәлде, диуана, діндар,ар-ождан, айт, рамазан, ораза, діни наным.

· 1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, мазмұнын айтыңыз.

Дін және діни мерекелер туралы

Діни мейрамдардың ішкі мазмұны мен аталып өтілуі жеке діннің тарихына байланысты. Исламдағы діни мейрамдарға Ораза айт, Құрбан айт, Қажылық және т.б. жатады.

Ислам дінінің қағидасы бойынша, мұсылман дінін ұстаушылар отыз күн ораза ұстауы керек. Құрбан айт мейрамы ораза айттан кейін, 70 күн өткен соң болады. Құрбан айтта таңертеңгі намаздан басталады, адамдар жағдайына қарай құрбандық шалып, айтқа арнап дастарқан жаяды. Адамдар үйді-үйге айтшылып кіріп, құрбандық етінен дәм татады. Діни мейрамдардың тағы бір түрі – қажылық. Дәстүрлі дала мәдениетінде малы көп, ауқатты адамдар қажылыққа барған. Қажылықтың рәсімдері мен жора- жосындары бар.

Имамдар киімі

Ертеде дін қызметкерлері өздеріне тән діндарлар киімін арнайы тіккізіп киген. Мұндай киімдер киіп жүруге ыңғайлы әрі пішіні мен сыртқы көрінісі жағынан өзгеше болды, сондықтан мұндай киім кигендерді халық бірден дін қызметкерлері деп таныған. Діндарлар киіміне лапас, мүлле, женде, кемер, ихрам, дастар, сәлде т.б. жатады.

Орта Азия Діндарларының киімі туралы зерттеген Р.Я. Рассудова ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап Д.-лар арасында киімнің бірегей үлгісінің кең таралғандығын және ортодоксальды Д.-лардың басында міндетті түрде бас шошақ келген бас киім, етегі күлбіреген жейде, жағасыз шапан болғандығын жазады.

Д.-лар шашадан сан алуан өрнек кестеленген, астары біз, жиегіне қара шаша тігілген кемер камар деп аталатын белбеу буынған. Ертеде диуаналар шошақ бөрік, жыртық-жамау шапан киіп, кемер белбеу буынып, қолына асатаяқ пен дорба алып ел кезген.

Ихрам (сөзбесөз мағынасы «тыйым»)– қажылар киетін айрықша киім. Ерте заманнан бері ихрам қажылықтың айрықша белгісіне айналған. қажылық ғибадатқа кірер алдында адамдар киімдерін ауыстырып ихрам киеді. Ихрам киген адамның бәрі бірдей саналып, кем-кетікті елемей, дүниенің келеңсіз жағдайларынан алыстап, тек ғибадатқа ана көңіл бөледі.

Дастар – арнайы істелген сәлде тектес бас киім. Жанда, мелде, сәлделер басқа мәдениеттің артефактілері болғандықтан, қазақтың дәстүрлі ұлттық киімдері санатына қосылмайды.

· Әдеб: Валиханов Ч.Ч. О мусульманстве в степи. Собрание сочинений. Т.4. Алма-Ата: КСЭ., 1985;

·

2-тапсырма. Сөйлемдерді мәтінге қарап аяқтаңыз.

Діни мейрамдардың ішкі мазмұны мен аталып өтілуі....

... Ораза айт, Құрбан айт, Қажылық және т.б. жатады.

Құрбан айт мейрамы....

Құрбан айтта таңертеңгі намаздан басталады,

.... құрбандық етінен дәм татады

.... ауқатты адамдар қажылыққа барған.

Ертеде дін қызметкерлері өздеріне тән....

Орта Азия Д.-ларыны? киімі туралы зерттеген Р.Я. Рассудова ХІХ?.-ды? ІІ жартысынан бастап Д.-лар арасында киімнің бірегей үлгісінің кең таралғандығын және ортодоксальды Д.-ларды? басында міндетті түрде.... Ихрам (сөзбесөз мағынасы «тыйым»)– қажылар киетін айрықша киім. Ерте заманнан бері ихрам қажылықты....

... ғибадатқа кірер алдында адамдар киімдерін ауыстырып ихрам киеді.

... сәлде тектес бас киім.

3-тапсырма. Мәтінді пайдаланып, өтініш, тілек мәнді сөйлемдер құрыңыз.

Үлгі: Ауқатты адамдардың қажылыққа бар+ ғы +сы келеді.

1.....................................................................................................................

2..

3..

4..

5..

6..

7..

 

  Жекеше Көпше
І Менің ашық айт+қы+м келеді Біздің ашықайт+қы+мыз келді
ІІ Сенің ашық айт+қы+ң келіп тұр. Сіздің ашық айт+қы+ңыз келген Сендердің ашықайт+қы+лар+ың келер Сіздердің ашық айт+қы+лар+ыңыз келіпті
ІІІ Оның ашық айт+қы+сы келетін Олардың ашық айт+қы+сы келеді

Есіңізде сақтаңыз!

Ерлік пен батырлық

Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті.

Н.М.Карамзин

Ерлік – аяулы қасиет, онымен адамдар қауіп-қатер үстінде тамаша істер істейді.

Аристотель

Ерлік – үрейді жирене жек көру.

Сенека

Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.

Б.Момышұлы

Ерлік – қауіп-қатерді батылдықпен жеңуден емес, оны қаймықпай қарсы алудан тұрады. Ж.Поль

5-тапсырма. Мәтінді қазақшаға аударыңыз. Әңгімелеп айтыңыз.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 621 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тапсырма.| Туркестан

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.062 сек.)