Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тапсырма. Мәтінді оқып, сұраулы сөйлемдер құрастырыңыздар.

Алматы 2014 | Тапсырма. | Тапсырма. 1 страница | Тапсырма. 2 страница | Тапсырма. 3 страница | Тапсырма. 4 страница | Туркестан | Тапсырма | тапсырма |


Читайте также:
  1. Тапсырма.
  2. Тапсырма.
  3. Тапсырма.
  4. Тапсырма. 1 страница
  5. Тапсырма. 2 страница
  6. Тапсырма. 3 страница

Мәтінді оқып, сұраулы сөйлемдер құрастырыңыздар.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары мен бостандықтары

Азаматтық құқық — құқықтың мүліктік қарым-қатынастарды және солармен байланысты жеке мүліктік емес қарым-қатынастарды, мыс., азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысын, абыройын, іскерлік беделін қорғау және т.б. реттейтін саласы. Азаматтық заңдармен реттелетін қарым-қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды Тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-территория бөліністер болып табылады Азаматтық құқық олардың тең құқылығын, меншіктеріне қол сұғылмауын, жеке ісіне кімнің болса да өктемдікпен араласуына жол берілмеуін, азаматтық құқыларының кедергісіз жүзеге асырылуын, бұзылған құқыларының қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауы қажеттігін тануға негізделеді. Азаматтар мен заңды тұлғалар өз мүдделерін көздей отырып, азаматтық құқыларын ерікті түрде иеленеді және оларды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында Азаматтық кодекс әрекет етеді. Азаматтық заңнама неден тұратыны Азаматтық кодекстің 3-бабында көрсетілген. Азаматтық кодекс екі: жалпы және ерекше бөлімінен тұрады. Азаматтық кодекстің жалпы бөлімі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылданып, 1 наурыздағы Қаулысымен қолдануға еңгізілген болатын. Республикада азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін көптеген заңдар, заңға қосымша нормативтік актілер қабылданған және қолданымға еңгізілген.

Азаматтық құқық ұстанымдары Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 2- бабында айқындалған.

Азаматтық құқықтың тағы бір қағидаты- меншілікке қол сұғылмау. Меншік иесі заңмен шектелмеген кез келген мақсаттарға қолжеткізу үшін өз мүлкін және қалауы бойынща еркін пайдалануға құқылы(Азаматтық кодекстің 188-бабы).

Қазақстан мемлекетінің азаматтығын алу үшін заңда төрт негіздеме көрсетілген:

- туу бойынша;

- Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесі бойынша;

- ҚР-ның мемлекетаралық шарттарында көрсетілген тәртіппен;

- Осы заңда көрсетілген басқа да негіздемелер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініштер бойынша шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

Қазақстан азаматтығын қабылдаудың өзіндік шарттары бар. Яғни, Қазақстан Республикасы азаматтығына Қазақстан аумағында кемінде бес жыл тұрақты тұрып келген адамдар не Қазақстан азаматымен некеде тұратын адамдар қабылданатын болады.

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға адамның осы заңда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.

Қазақстан азаматтығына қабылданудан мынадай жағдайларда бас тартылады:

- Егер адам халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса;

- ҚР-ның егемендігі мен тәуелсіздігіне әдейі қарсы шықса;

- ҚР аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;

- Мемлекет қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін құқыққа қарсы іс-әрекет жасаса;

- Мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты қоздырған болса;

- ҚР-ның мемлекеттік тілінің қолданылуына қарсы әрекет жасаса;

- Бүлікшіл әрекеті үшін сотталған болса;

- Сот ерекше қауіпті баукеспе деп таныса;

- Басқа мемлекеттің азаматы болса.

Осындай әрекет жасаған адамдардың өтініштері қабылданбайды.

Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалар:

-Мәтіннен етістіктерді тауып, талдаңыз.

- Мәтінді оқып мазмұнын талдаңыз.

- Мәтін бойынша өзара сұхбат құрастырыңыз.

- Өз еліңнің нағыз азаматы болуды қалай түсінесің? Өзара пікірлесіңіз.

 

СОӨЖ Ынтымақтың ұйытқысы – Ата Заң

Тәуелсіздік десе –кеудемізді қуаныш ернейді. Азаттық десе – біздің ойымызға Алаш арыстары оралады. Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мұстафалар ардақ тұтқан азаттықтың ауасымен біз демалып жүрміз. Егемендік десе – Желтоқсан жастары көз алдымызға елестейді. Сүйекті сырқыратар соққы мен сөзді, езгіні бастан өткеріп, жаламен маскүнем, нашақор атанып, түрменің тар төсегіне таңылған жастардың көз жасы жатқандай мына Тәуелсіздікте.

Ата Заң. Азаттығыңды айқындайтын, Тәуелсіздігіңді паш ететін, Егеменді ел екеніңді танытатын, дербес мемлекеттігіңді көрсететін қастерлі құжат.

Ата Заң. Азаматтың арқа сүйер алтын арқауы. Біздің бүкіл тыныс-тіршілігіміз, өмір салтымыз, қоғамның тамыр бүлкілі – барлығы сол Заңнан бастау алады.

Ата Заң. Әрбір азаматтың конституциялық құқын танытатын, әр қазақстандық бұлжытпай орындайтын заңдардың темірқазығы.

Ата Заң. Дүние есігін ашқаннан бастап, басың құбылаға қарағанға дейінгі уақытта сенің құқыңды сақтайтын, құр сөреде жатпайтын баталы заң.

Ата Заң. Аталар аманаты. Кешегі Қасымның «қасқа жолы», Есімнің «ескі жолы», Тәукенің «Жеті жарғысының» жалғасы, заңды мұрагері – біздің бүгінгі Конституция.

Қазақстан – зайырлы мемлекет. Айқара ашылған құшағына, кең қолтығына сан тағдырлы сан мыңдаған ұлтты біріктіріп жатыр. Кейбір астамшылдыққа бой алдырған адамдар біздің мемлекетті «достық лабораториясына айналып кетті» деп кінә артып жатады. Қараңыз, қасиетті қазақ жерін 130 ұлттың баласы мекендеп жатыр. Сол жүз отыз әр тарапқа тартса, әрқайсысы өз білгендерін жасаса, тірек ұлтқа жаны ашымаса, не болады? От пен өрттің ортасында қалмаймыз ба? Басымыз бәлеге шатылмай ма? Тұрақты қоғамның өзегіне құрт түсіп, іштен шірімейміз бе? Тамырымызға балта шабылмай ма? Бүгінде қазақ жерінде тұрақтаған әрбір диаспора қазақ ұлтының қас-қабағына қарап отыр. Мемлекетті құраушы халықтың сөзін сөйлейді, амандығын тілейді. Неге? Өйткені жомарт жұрт өзінің айналасына топтасқан өзге халыққа тізе батырмай, татулықта, ынтымақта тұрып жатыр. Әрине, ынтымақтың ұйытқысы – Ата Заң.

Қазақстанның әрбір азаматы тегін білім алуға, тегін ем қабылдауға міндетті. Бұл да Конституциямен реттелген. Білім-білігің, қарым-қабілетің, таным-түсінігің жетіп тұрса, қазақ мемлекетінің шеңберінде орналасқан оқу орындары еш қиындықсыз қабылдайды.

Әр азамат Ата Заңға арқа сүйеуге міндетті. Әгәрәки, Конституцияда жазылған бір бап орындалмай, теріске шықса, оны да қадағалайтын арнайы орган бар. Ол – Конституциялық кеңес. Аталған кеңес Ата Заңда айтылған әрбір сөздің орындалуын қадағалайды. Бұл – әрбір қазақстандықтың құқы сақталады деген сөз.

Біз үшін бастысы мынау: Конституцияда «Қазақстандағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп жазулы тұр. Бүгінде кейбіреулер қазақ тілінің тағдырына күмәнмен қарайды. Тіпті туған тілдің «болашағы жоқ» дейтіндер де табылады. Олар қатты қателеседі. Айналаңызға барлап қараңыз, өрімдей ұл-қыздар өсіп келеді. Бүгінгі ұрпақтың басты ерекшелігі, олар – патриот. Туған еліне, жеріне, ұлтына жаны ашиды. Мемлекеттің баянды болашағын жасауға ұмтылады. Ұлтын ұшпаққа шығарсам дейді. Осындай жастар барда, бұлжымас Ата Заңымыз тұрғанда қазақ тілінің жер бетінен жойылып кетуі мүмкін емес. Ана тілінің мәртебесін Ата Заңның өзі анықтап беріп отырғанда қазақ тілінің болашағына күмәнмен қараудың өзі күнә.

Былай қарасаң, барлығы дүнияуи тіршілік іспетті: өмір есігін ашасың – мемлекет қарауындасың, мектепке барасың – тегін оқисың, жоғары оқу орнында да сондай, жұмысқа да кедергісіз орналасасың, өсіп-өркендейсің, зейнетке шығасың – зейнетақыңды төлейді. Бірақ мұның барлығы Конституция шеңберінде іске асады. Ата Заңның біз үшін ардақты болатыны да сондықтан.

СӨЖ:

9-сабақ.

Сабақтың тақырыбы:Экологиялық мәдениет. Ұлттық экомәдниет. Грамматика. Кезектес мәнді сөйлем.

 

І Сабақтың мақсаты:

1) Денсаулық, салауатты өмір сүру салты туралы түсініктерін молайту;

2) Лексикалық тақырып арқылы сөздік қорын молайту, жазылым, оқылым тілдесім, әдістерін пайдаланып, мемлекеттік тілде ойын жеткізе білуге дағдыландыру;

3) Студенттердің қатысымдық және лингвомәдени құзыреттілігін дамыту.

1. Сабақтан алған ақпаратты күнделікті тұрмыста қолдана білуге үйрету;

2. Салауатты өмір сүру салты туралы монологтық, диалогтық сөйлей білуге үйрету, өз ойын дәлелдей білуге дағдыландыру;

3. Тақырып бойынша алған білімін қорытындылау.

4 Тірек сөздер: салауатты өмір, күтім, жан, денсаулық, тазалық, денсаулықты нығайту, тамақтану, салауатты өмір салты, спорт түрлері, науқас, дәрігер, қан қысымы, суық тию, тексерілу, демалыс орындары.

Денсаулық – Ауру-сырқаудан аман болушылық, есен-саулық.

Салауат – І. Шүкір, қанағат.

Салауат жасады – қоштасты.

Салауат күтіп тұр – ұлықсат күтіп тұр.

Салауат – ІІ. Көне. Текке, босқа: салауат кетті.

Салауатты – парасатты, байыпты: Салауатты пікір.

Салауаттылық – парасаттылық, байыптылық: Оның байсалды сөзінде салауаттылық мол.

Жан – І. 1. Жан-жануарларға тіршілік беретін рух, өмір: Балық жаны суда (Мақал) 2. Адамның ішкі сарайы, ой-санасы: Адам жанының инженері. 3. Ауыс. Қадірлеу, құрметтеу ретінде айтылатын сөз: Жаным десе, жан семіреді (Мақал).

Жан – ІІ. 1. Адам, кісі: Сізден артық жан тумас, Туса туар, артылмас (Абай). 2. Тірі адам, пенде: Бөлмеде жан тұрмайды, жан шықпады алдынан, далада жан жоқ.

1– тапсырма. Жер-ана туралы экологиялық қанатты сөздерді жадыңызда сақтаңыз!

1. Ел мен жер – оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқар таулары – біздің басты байлығымыз. Ы. Алтынсарин.

2. Жер туралы көрген зорлық көп. Жер десе дірілдемей болмайды. Сонда да жер мәселесі – негізгі өмір мәселесінің ең зоры. Жер ісін ақылмен, сабырмен шешкен дұрыс. Әлихан Бөкейхан

3. Мен үшін қазақ жерінің, Жаманы мен жаты жоқ.

Мен үшін қазақ жерінің, «Ана»-дан басқа аты жоқ.

Жұбан Молдағалиев. 4. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

5. Тұғырына саңғыған

Сұңқар оңбас,

6. Үйірінен қаңғыған

Тұлпар оңбас.

7. Елінен безген ер оңбас.

Көлінен безген қаз оңбас.

 

3– тапсырма. Мәтінді пайдаланып, біресе, бірде, кейде деген жалғаулықтар арқылы өзіңіз сөйлем құрыңыз, өз ойыңызды баяндаңыз

.

Адам және табиғат

Ортаның ластануынан адамға және өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне орасан зор шығындар келеді. Өндіріс процесі мен адам қоғамының тұтынуы барысында пайда болатын қыруар қалдықтарды табиғатқа қайтару мөлшері 1970 жылы 1млрд. тонна, ХХ ғасырдың соңында 100 млрд. тоннаға дейін өсті.

Қазіргі кезде адамдар да, ғалымдар да жер табиғатын таза ұстау, оны күту, аялау үшін күресуде. Экологиялық мәселелер – мәселелердің мәселесі. Республиканың барлық аймақтарында, облыстарда, аудандарда экологияны қорғау орталықтары құрылуда.

Жер – адамзат үйі, оны күтіп аялауымыз керек.

4-тапсырма. Мәтінді кезек-кезек оқып, сөздіктің көмегімен аударыңыз.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 302 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тапсырма. 5 страница| Жер-Ананы аяла

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)