Читайте также:
|
|
Уақытын бос өткізетін студенттерге қандай ұсыныс жазар едіңіз.
11-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Оны өз сөзіңізбен жалғастырыңыз.
Денсаулықтың мықты болуы үшін жүгіру өте пайдалы.
Ерте тұрып жүгіруге ерінбеңіз. Жүгіру – адам организмін жасартады, денсаулықты түзейді. Жүгірумен жыл мезгілінің кез-келген уақытында, ауа райы мен орынды таңдамастан шұғылдануға болады. Жүгіру – ең қарапайым жаттығу. Жүгіру денсаулықтың түзелуіне тез әсер етеді. Жүгіру көптеген ауруларға қарсы тұрады. Отыз градус аязда жүгірген адам өкпесіне суық тигізбейді, себебі бірнеше минут жүгірген соң-ақ өте қажет жылылықты өндіреді. Жүгіру кезінде барлық бұлшық ет жұмыс істейді. Жүректің жұмысы реттеледі. Артық салмақтан арыласыз, дене бітіміңіз әдеміленеді, көңіл-күйіңіз көтеріледі, тыныс алуыңыз дұрысталады.
12-тапсырма. Сөйлемдерді оқыңыз, денсаулық туралы мақал-мәтелдер айтыңыз. Денсаулық туралы айтылған пікірге қосыласыз ба? Сіз не айтар едіңіз?
Денсаулық дегеніміз не? Сіз денсаулығыңызды күте аласыз ба?
Үлкендерде кездесетін аурулардың шамамен 75 проценті бала кезде пайда болады. Қазір ересектермен салыстырғанда жастар ауруы
көп кездеседі. Осыдан біраз бұрын инфарк ауруы өте сирек болатын.
Қазір ғасырдың ең қиын ауруына айналып отыр.
Қазіргі балалар аз қозғалады. Оған себеп радио-телевизор хабарлары болуы мүмкін. Көп сериялы, шым-шытырық оқиғалы кинолар мен ойындар көбейді. Сондықтан қозғалыс азайды. Ал көп қозғалу денсаулыққа пайдалы.
СОӨЖ. Сабақтың мақсаты: Студенттерді ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге үйрету,: Қарсы мәнді сөйлем туралы білімдерін толықтыру. Тіл байлығын дамыту.
Қазақтың ұлттық ойындары – халқымыздың мәдени асыл мұрасы
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.
Алтыбақан
«Алтыбақан » - қазақтың ұлттық ойыны. Алтыбақанды сырықтың екі басында үш-үштен қосақтап (мосы ағаш сияқтандырып) байлайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиіс. Алтыбақанды құрастырып болғаннан кейін, оның екі басынан үш қатар арқан байлайды. Арқанның екеуі бір деңгейде, үшіншісі олардан 40-50 см төмен тұрады. Бір деңгейде байланған екі арқанға екі адам қарама-қарсы отырады да, төменірек байланған арқанға аяқтарын тірейді. Бқларды бір адам тербетеді. Алтыбақанда тербеліп отырған екі адам ән салуға тиіс. Алтыбақанды ертедегі ауыл өмірінде жастардың кешкілікте бас қосып, халық аспаптарының сүйемелдеуімен ән салатын, айтысатын, әзіл-оспақ, назды кұлкісімен көпшілік болып көңіл көтеретін ойын-сауығы болған. Алтыбақанның дене шынықтыруға да пайдасы мол. Ол – ауылдық жерде әлі де қызықты ойындардың бірі.
Аударыспақ
Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындалған салт атты жігіттер қатысады. Ал дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз адамға бұл сайыс оңайға соқпайды. Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа отырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп шығады. Сайып келгенде, аударыспақта негізгі жеңісті ат пен сайыскер жігіттің бірлескен жіті қимылы шешіп жатады. Оспадарлық, жұла қашу, салып қалу, қол қайыру сияқты айла-амалдарды қолдануға болмайды. Аударысу ат пен жігіттің үндескен қимыл-бірлестігіне сүйене отырып, күш-жігердің басымдығын көрсететін қалыпты, байсалды шеберлікке ұласып жатуы шарт.
Көкпар
Адамзат тарихында жабайы жылқыны алғаш қолға үйретіп, алыс қашықтыққа мінетін көлік ретінде алғаш рет түркі жұрты жаратыпты. Қазір бұл жөнінде ғалымдар бірауыз пікірде. Ежелгі сақ қорғандары, грек, қытай, армян жазбаларында атқа алғаш мінген жауынгер халық туралы мәлімет көп. Тіпті, Страбонның естеліктерінде көшпенділер ас ішсе де, ұйықтаса да ат үстінен түспейтіні жайлы айтылады. Жылқы туралы қазақ халқы «Мінсең көлік, ішсең ас, кисең киім» деп жатады. Жетіге толған қазақты? баласы жабағыға оңай бас білдірген.
СӨЖ
Ұлттық спорт. Атақты спортшылар туралы тұсаукесер дайындаңыз.
15-сабақ
Тақырып: Қорықтар мен ұлттық парктер. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Қызыл кітап.
. Грамматика: Себеп-салдар мәнді сөйлем.
Арнайы лексикамен жұмыс
Сабақтың мақсаты: Лексикалық, грамматикалық материалды меңгерте отырып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Мәтіндерді оқып, аудару, сөйлесім құрастыру арқылы өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға үйрету, сөздік қорын молайту, кәсіби қатысымдық құзыреттілігін дамыту.
4 Тірек сөздер: қызыл кітап,: қорықтар мен ұлттық парктер, омыртқалы жануарлар, қосмекенділер,
.....................
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.......
Қызыл кітап
Қазақстанның Қызыл кітабы – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. “Қазақстанның қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды. “Қазақстанның қызыл кітабыны?” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі: балықтың 4, қосмекенділердің 1, бауырымен жорғалаушыларды? 8, құстарды? 43, сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1991 ж. “Қазақстанның қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 10, құстардың 58, сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. “Қазақстанның қызыл кітабының” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда жәндіктердің 96, шаянтәрізділердің 1, ұлулардың 6, құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж. “Қазақстанның қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.
1.Қызыл кітап дегеніміз не?
2. Қызыл кітап неше бөлімнен тұрады?
3.Қызыл ктап неше рет басылды?
4. Қызыл кітапқа енген жануарла мен жәндіктер, өсімдіктер туралы не білесің?
5. Өзің тұратын өлкедегі жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жәндік-жануарларды атаңыз. Жойылу себептері туралы айтыңыз.
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, мазмұнын айтыңыз. Өзіңіз білетін қорықтар туралы айтып, әңгімені жалғастырыңыз........
Қазақстан Республикасының қорықтары
Ақсу-Жабағылы (Оңтүстік-Қазақстан облысы). 1927 жылы құрылған. Атауы екі өзеннің атынан құралған: Ақсу және Жабағылы. Әсіресе Ақсу өзені өзінің өтуге ыңғайсыз тік жағасымен (300-500 метрге дейін) ерекшеленеді. Жалпы ауданы 85,3 мың га. Мұнда Талас Алатау солтүстік-батыс шатқалы мен Угам шатқалының көркем биіктаулы ландшафты кіреді. қорықта өсімдіктің 1404 түрі, аңдардың 47 түрі, 239 түрлі құс мекен етеді. Мінезді тіршілік иелері - сібір тауешкілері, еліктер, марал, қабан, грифтер, сирек кездесетін қар барысы, Түркістан сілеусіні, арқар, Тянь-Шань аюы, бүркіт, балобан, улы жыландар. Қорықтың Қаратау тауларының еңісінде Қарабастау және Ақбастау палеонтологиялың қабірлері бар. Онда осыдан 120 млн. жыл бұрын теңіз бассейнінде тіршілік еткен сирек кездесетін түрлі балықтар,, моллюска, тасбақа, юр кезеңінің жәндіктерінің іздері бар.
Наурызым (Қостанай облысы). 1934 жылы Қазақстанның ең оңтүстік массивіндегі қарағай орманы орналасқан Нааурызым қарағайлы орманын, және суда жүзетін жұмыртқалы құстардың мекені көлдерді сақтау мақсатында құрылған. Аумағы - 87,7 мың га. қорықта өсімдіктің 961 түрлері, 39 түрлі аңдар мен 239 түрлі құстың түрлері кездеседі.
Қорғалжын қорығы (Ақмола облысы). 1968 жылы сирек кездесетін жұмыртқа салатын – қызғылт фламингоны сақтау мақсатында құрылған. қызғылт фламингоның солтүстік отаны Теңіз көлінда. қорықтың жалпы ауданы – 243,7 га., акваториясы 199,2 га алып жатыр. Мұнда 42 түрлі аңның түрлері, 298 түрлі құс, 331 өсімдік түрлері тіршілік етеді. Авиафауна құрамы өте бай. Сирек кездесетіндер қатарына пеликан, фламинго, шипун-аққуы жатады.
Теңіз-Қорғалжын көлі – көктемгі ұшып келу кезеңінде суда жүзетін құстардың мыңдаған санының бірігетін орны, соның арқасында қорық дүниежүзілік атаққа ие болды. Ол ЮНЕСКО тізіміне айрықша қорғалатын батпақты-көл ландшафт есебінде кірді.
Алматы (Алматы облысы). 1961 жылы құрылды. Аумағы 73,3 га құрайды. 137 өсімдік түрлері, 39 жануарлар түрі мен 200 ге жуық құстың түрлері бар. Сирек кездесетіндердің қатарына Тянь-Шань қоңыр аюы, қар барысы, Түркістан сілеусіні кіреді.
Қорыққа Іле өзені жазығының бос бөлігі қызықты табиғи нысаны – 150 метрлік «Ән салғыш құмдар» құмды төбе жатады, оны? ерекшелігі құмдық еңістермен қозғалғанда қатты дыбыс береді. Табиғаты өте көркем.
Марқакөл (Шығыс-Қазақстан облысы). 1976 жылы Оңтүстік Алтайдың табиғи кешенін қорғау мен тану үшін құрылған. Жалпы ауданы 75 мың га. қорықта 721 өсімдік түрлері, 59 аң түрлері мен 254 құстың түрлері бар. Негізгі түрлері – марал, аю.
Тектоникалық текті Марқакөл таулы көлі ерекше қызығушылық танытады: теңіз деңгейінен 1485 м биіктікте орналасқан, ауданы 544 шаршы метр, тереңдігі 27 м. Онда сирек кездесетін сиг-ускуч балығы тіршілік етеді.
2-тапсырма. Мәтінді пайдаланып, сөйлемді жалғастырыңыз.
Ақсу-Жабағлы (Оңтүстік -Қазақстан облысы). 1927 құрылған. ерекшеленеді. Жалпы ауданы 85,3 мы? га.
мен Угам шатқалының көркем биіктаулы ландшафты кіреді.
Қорықта өсімдіктің 1404 түрі, аңдардың.
.Мінезді тіршілік иелері........... - сібір тауешкілері, еліктер, малар, қабан, грифтер, сирек кездесетін қар барысы, Түркістан сілеусіні, арқар, Тянь-Шань аюы, бүркіт, балобан, улы жыландар.
.....................ісінде қарабастау және Ақбастау палеонтологиялың қабірлері бар.
Онда осыдан 120 млн. жыл бұрын теңіз бассейнінде тіршілік еткен сирек кездесетін.................................................................................................
Наурызым (Қостанай облысы). 1934 жылы Қазақстанның ең оңтүстік массивіндегі қарағай орманы орналасқан Наурызым
.........................................................................................
Аумағы - 87,7 мың га. қорықта түрлері кездеседі.
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 241 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Туркестан | | | тапсырма |