Читайте также: |
|
Жоғары оқу орындары – экономиканың, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар, ғыл. және педагог мамандар даярлайтын, жоғары білімді мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет, т.б. салаларда еңбек ететін мамандардың біліктілігін жетілдіретін оқу орындары. Жоғары оқу орындарынаакадемиялар, университеттер, институттар, т.б. жатады. Сонымен қатар бұлардан тыс түрлі әскери, діни, т.б. Жоғары оқу орындары да бар.
Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалар:
- Жаңа сөздер және сөз тіркестерімен танысып, оларды есте сақтаңыз.
- Мәтіннің мазмұнын талдап, өзара әңгімелесіңіз.
- Мәтінді толық мазмұндаңыз.
- Мына сұрақтарға жауап бере отырып, өз пікіріңізді жазыңыз:
Сіздің мамандығыңыз қандай? Мамандығыңызды қалай таңдадыңыз? Мамандығыңыз қай салада? Өзіңіздің салаңызда жақсы маман болу үшін не істеу керек?
СОӨЖ
Алматы Технологиялық Институты — технолог мамандарын даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны. 1957 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық тамақ өнеркәсібі институтының негізінде Алматы оқу-консультация пункті болып ашылды. 1961 ж. сол оқу орнының Алматы бөлімшесіне айналды. 1966 ж. ол Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технол. институттының қарамағына берілді. 1996 ж. ҚР Білім Министірінің қаулысымен Алматы Технологиялық Институты болып қайта құрылды. Институттың 5 факультет, 23 кафедрасында 23 ғылым докторы дәріс береді. Күндізгі және сырттай оқытатын бөлімдерде 4 мың студент оқиды (1998). Онда: астық, ұн, жарма және құрама жем технол.; қантты өнімдер технол.; ашыту өндірістері технол. және шарап жасау, консерві және тағамдық концентраттар технологы; ет пен ет өнімдер технологы; сүт пен сүт өнімдері технологы; тағам технологы мен тамақтандыруды ұйымдастыру; тамақ өндірісі машиналары мен аппараттары; тоқыма өндірісі технол., тігін бұйымдары технологы; тігін бұйымдарын құрастыру; биотехнол.; тех. процестер мен өндірістерді автоматтандыру; экономика мен менеджмент (агроөнеркәсіп салалары бойынша); кәсіпорын экономика мен менеджменті (тамақ өнеркәсібі бойынша); тауартану мен тауарлардың тұтыну сапасын айқындау; халықаралық экономика қатынастар мамандықтары бойынша кадрлар даярланады. Институттың 3 оқу ғимараты, жатақханалары, кітапхана, шағын-диірмен, наубайхана, тігін цехы, ауданы 25 га қосалқы шаруашылығы бар. Негізі қаланғалы бері 15 мыңға жуық инженер-технолог, инженер-экономист, инженер-механик бітіріп шықты. Инситуттың ғылыми-зерттеу жұмыстары азық-түлік өндірісі мен жеңіл өнеркәсіп технологиясы, биотехнология, хим. технология, өнеркәсіп экол., ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеу, машина мен аппараттар жасау салаларының мәселелерін шешуге арналған.
1999 жылы тамыздың 18 Қазақстан үкіметі № 1192 қаулысымен ЖАҚ «Алматы технологиялық университеті» болып қайта құрылды, 2003 жылы желтоқсанның 15 АҚ «Алматы технологиялық университеті» болып қайта тіркелді.Бүгінгі таңда университетімізге58 жыл.
СӨЖ:
1. Тақырып бойынша ақпарат жинаңыз.
2. Жиналған мәліметтерді сұрыптаңыз.
3. Сұрыпталған мәліметтерге жоспар құрастырыңыз.
4.Тұсаукесер жасаңыз
4-тақырып.
Лексика: Отбасы. Неке. Баспана. Бала тәрбиесі.
Грамматика: Етіс категориясы.
Сабақтың мақсаты: Лексика-грамматикалық тақырыптарды пайдалана отырып, өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту,лингвистикалық құзыреттілігін қалыптастыру.
Етіс
Етіс – іс-қимылдың орындалуында орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді. Етістер төрт түрге бөлінеді: өздік, ырықсыз, өзгелік, ортақ.
Өздік етіс – негізгі етістіктен -ын,-ін,-н жұрнақтары арқылы жасалып, қимыл субъектінің өзіне жұмсалатынын білдіретін етістің түрі.
Ырықсыз етіс – негізгі етістіктен -ыл, іл, -л; -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы жасалып, қимылдың жасаушысы белгісіз, қимыл өзінен өзі жасалғандай болып көрінуін білдіретін етістің түрі.
Өзгелік етіс – негізгі етістіктен -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз; -тыр, -тір, -дыр, -дір; -т жұрнақтары арқылы жасалып, қимылдың бөгде адам арқылы жасалуын білдіретін етістің түрі.
Ортақ етіс – негізгі етістіктен -ыс, іс, -с жұрнақтары арқылы жасалып, қимылдың бірнеше субъектіге ортақ екенін білдіретін етістің түрі.
Түрі | Жұрнақтары | Мысалдары |
Өздік (возвратный) | -ын, -ін, -н | Омар жуынды. Омар киінді. |
Ырықсыз (страдательный) | -ын, -ін, -н (если в корне есть л, ла, ле) -ыл, іл, -л (в др. случаях) | Шешім қабылданды. Тапсырма орындалды. Сабақ аяқталды |
Өзгелік (понудительный) | -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз -тыр, -тір, -дыр, -дір, - т | Ол терезені Аянға жуғызды. Ол терезені Аянға жудырды. |
Ортақ (взаимный) | -ыс, іс, -с | Ол Әсемге терезе жуысты. Ол інісіне есеп шығарысты. |
1-тапсырма. Берілген етістіктерді өздік етіс тұлғасына қойыңыз.
1. Алмас бүгін ерте (жуу). 2. Арай сабақтан (сұрау). 3. Әсел жарты сағат бойы (тарау). 4. Анар асықпай (ойлау). 5. Балалар тез арада (кию). 6. Аспирант ұзақ (ізде).
2-тапсырма. Берілген етістіктерді ырықсыз етіс тұлғасына қойыңыз.
1. Университетте жаңа би үйірмесі (құру). 2. Тиісті шаралар тез (қолдану). 3. Нью-Йорк тұрғындары шылым шегуге қарсы (көтеру). 4. Жеңілдіктер (хабарлау). 5. Бір күнде 20 диплом жұмысы (тыңдау). 6. Емтихан күндері (белгілеу).
3-тапсырма. Берілген етістіктерді өзгелік етіс тұлғасына қойыңыз.
1. Әкем терезені маған (ашу). 2. Біз мерекені мектепте (өту).
3. Оркестр өнерімен дүние жүзін (таңғалу). 4. Ол баланы (ойнау).
5. Мен сапарды әрі қарай (жалғасу). 6. Бала анасына айтқанын (істеу).
4-тапсырма. Берілген етістіктерді ортақ етіс тұлғасына қойыңыз.
1. Айдос анасына дастархан (дайындау). 2. Анар маған киім (таңдау). 3. Ағасы ақшасын інісімен (бөлу). 4. Олар көп жылдан соң (көру). 5. Самат досымен (сөйлеу). 6. Ол қыздарға заттарын (әкелу).
5-тапсырма. Төмендегі етістердің түрлерін анықтап, олармен сөйлем құраңыз: сөйле, ойнат, бөліс, тазартылды, көрін, әкеліс, келтір, алынды, сұран, арала, шешілді, қойғыз, келіс, ойлан, жазысты, алғыздырт, ән салғыз.
6-тапсырма. Көшіріп жазыңыз. Етістерді тауып, олардың жұрнақтарының астын сызыңыз.
І. Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің бәрінің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қорлық екенін білдік. Ал енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
ІІ. Мұны жаздым ойланып, ойда барды толғанып..
ІІІ. Ағашқа қонып қаранып,
Қанатын, жүнін таранып,
Болмақшы еді мәз-мейрам.
ІV. Ісіндің, кебіндің,
Сонда да не пайда?
Түрі жат егіздің,
Сен қайда, ол қайда? (Абай)
7-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.
Мама попросила дочь вытереть пыль. Мы попросили ребенка спеть песню. Они заставили Санию выпить лекарство. Быстро умойся и садись за уроки. Концерт закончился поздно. Берегитесь огня. Он спрятался в лесу. Помоги ему отнести эти вещи в кабинет. Поделись своей идеей.
Мәтінді оқып, мазмұнын талдаңыздар.
Отбасы. Неке. Баспана. Бала тәрбиесі
Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.Отбасы – десе әр адам өзіне қатысы бар деп ойлайтыны анық жағдай. Отбасын ата – ана және бала құрайды. Оның кез – келген мүшесі бақытты да төрт құбыласы тең болуды қалайды. Бірақ сондай жағдайды жасауға біреу әрекет қылса, біреу құдай берер деп көктен күтумен уақыт оздырары белгілі жағдай.
Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.Отбасы — адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын — тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.
Ата-ана да өздері жанұя құрған кезде бір-біріне шексіз сүйіспеншілікпен, махабббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен ананың арсындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір-бірін ұғынысуы, сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және әкономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатны мәлім. осы мәселе қазіргі кезде еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып, бала тәрбиесі, отбасы берекесі келесіз жәйттерге бой ұрыа бастады. Ата-аналардың татулығы отбасының күре тамыры болып табылады. Өйткені ол балаға берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп соқтыратын осыдан туындап жатады. Ал олардың атқаратын міндеттері шексіз де шетсіз де.
Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр.
Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет. Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады (қараңыз азаматтық неке). Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата – анасыз бірге тұрып, бір – біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы. Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік - өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу)
Тәрбие мәселесінің қаншалықты маңызды екенін Абдолла Аблонидің тәрбиеге байланысты айтқан: “Тәрбие – біз үшін не өмір, не өлім, не құтылу, не бақыт, не қайғы мәселесі”, — сөзінен белгілі.
Орындалатын тапсырмалар:
Отбасы дегенді өзіңіз қалай түсінесіз?
Сіздің отбасыңызда кім басты рөл атқарады?
Отбасы мәселесін негізінен кім шешеді?
Неке мәселесіне көзқарасыңыз қандай?
Қоршаған ортаңызда бұл мәселеге қалай қарайды,пікір айтады?
Отбасында ата аналарыңыз қандай өсиет айтады?
СОӨЖ Үлгілі отбасы
Отан әрбір шаңырақтан басталады. Шаңырақ шаттығын ойлаған жан отбасындағы жарын, балаларын сүйеді. Осы сүйіспеншілік айналасындағы адамдарды, туған-туыстарын жақсы көруге, бауыр тартуға ұласады. Мұның арғы жағында Отан деген үлкен ұғым шығады. Осы үлкен шаңырақтың уығын мерейлі отбасылар ұстап тұрады. Елбасы Н.Назарбаев атап көрсеткендей, бізде әрбір отбасы өз Отанының шынайы патриоты болуы керек.
Отан, отбасы мерейін үстем ету жолында елімізде атқарылып жатқан игі шаралар көп. Мәселен, былтыр Астанада алғаш рет республикалық «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өтті. Оған ҚР Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Түркістан қаласының құрметті азаматы Елтай Бимаханбетовтің отбасы қатысып, бас жүлдені Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан алып қайтты.
Адамды орта тәрбиелейді. Отағасы тек қана өз отбасының айналасында қалмай, өскен, қоршаған ортасына да көбірек көңіл бөлуі тиіс. Отағасы мен отанасының мәдениеті, бүкіл болмысы, жан дүниесі, бетінен көрініп тұрған иман-ұяты, балаларына берген тәрбиесі, тіптен жүрген жүрісі, сөйлеген сөзі, киген киіміне дейін жасыл баққа кіріп барғанда алдыңнан жұмсақ та жұпар бір леп мерейлендіре қарсы алады ғой, сол сияқты көрген сәтте бойыңа лып етіп жылу дарытатын ерекше қасиеті болуы тиіс. Нағыз мерейлі отбасылар міне, осындай шаңырақтан шығады. Олар отбасы, ошақ қасында да, көпшілік ортасында да сол бір жарасымдылықтарын, сүйкімділіктерін сақтап, өнерімен де өзгешеленсе, қандай жарасымды! Мұндай отбасылар көрші-қолаңмен, ағайын-туыспен жақсы қарым-қатынаста болады. Қызғаныш деген қызыл иттің маңайынан жүрмейді. Маған болған жақсылық басқалардың да бақшасынан табылса екен деп тілейді. Жетім-жесірлерге, жоқ-жұқаналарға барын бөліп береді. Ұлттық құндылықтарды берік сақтайды. Дәстүр – жазылмаған заң. Міне, осы заңды құрметтей білу керек.
СӨЖ:
1. Тақырып бойынша ақпарат жинаңыз.
2. Жиналған мәліметтерді сұрыптаңыз.
3. Сұрыпталған мәліметтерге жоспар құрастырыңыз.
4.Тұсаукесер жасаңыз
5-тақырып.
Лексика: Тіл. Мәдениет. Өнер. Өнер шеберлері.
Грамматика: Көсемше етістік.
Сабақтың мақсаты: Лексика-грамматикалық тақырыптарды пайдалана отырып, өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту,лингвистикалық құзыреттілігін қалыптастыру
Көсемше - өзіне тән синтаксистік қызметі, морфология тұлғалары бар дербес категорияКөсемше де етістіктің ерекше түрі. Есімше сияқты көсемше де сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде жіктеліп келіп, немесе күрделі етістіктің негізгі етістік сыңары көсемше тұлғасында келіп, көмекші етістік жіктеліп, қимылды, іс-әрекетті шақка байланысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады.
Көсемшенің жұрнақтары:
Мысалдар:Материалды дұрыс меңгермейінше тапсырманы орындау мүмкін емес.Қоранның төбесі ашылып қалыпты (М. Ә.)— Анау өрмекшіні көресің бе, не істеп жүр?— Көремін, өрмек тоқып жүр (Ы. А.). Түбімнен қатты ұрып, жемісімді жерге түсіріп алып жейді (Ы. А). Абай да Жұмабай да қызыға тыңдасты (М. Ә.). Төл үйдің пешін жапқалы Назыкеш төбеге шығып еді (Ғ. М.). Бірақ көзінде жайнай жанған от білінді (М. Ә.).
Көсемшенiң жұрнағы бар мақал-мәтелдер:
1. Дұшпан кулдiр[iп] айтады,
Дос жылат[ып] айтады.
2. Досы көптi жау алма[й]ды,
Ақылы көптi дау алма[й]ды.
3 Асқар тау алыстан көрiн[е]дi.
4. Сын тузелме[й],мiн тузелме[й]дi.
5. Ат баспа[й]мын деген жерiн уш басар,
Ер татпа[й]мын деген дәмiн уш татар.
6. Ақылды адам айтқызба[й] бiл[е]дi,
Ақсұнқар қаққызба[й] iл[е]дi.
7. Адамды тусiне қара[п] таныма,
Iсiне қара[п] таны.
Көсемше жұрнақтарын қатыстыра отырып, мағынасы сәйкес сөзбен тіркестір.(Дәптерге орындайды)
1. Таң----------------------жымыңда+п тұр
2. Жұлдыз----------------ағар+ып атты
3. Ай------------------------жау+ғалы тұр
4. Боран-------------------сыңғырла+й соғылды
5. Қоңырау---------------жарқыра+й+ды
6. Жаңбыр----------------гуілде+й соқты
Тіл. Мәдениет. Өнер. Өнер шеберлері
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.
Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек.
Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.
Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.
Мен ана тілімен мақтанамын және мемлекеттік тілін құрметтеймін!
Ең тәтті де – тіл,
Ең ашты да – тіл,
Ең жұмсак та – тіл,
Ең катты да – тіл.
Тіл – ұлттың жан дүниесі.
Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ.
Тіл
Ұлы, құдіретті;
Көмектеседі, үйретеді, ұлықтайды;
Біздің болашағымыз – ана тілінде!
Рухани байлық.
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:
· мәдени әрекет,
· мәдени орта,
· мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және
· мәдени ұйымдар мен ұжымдар.
Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. Белгілі философ Иоганн Готфрид Гердер: «Салт-дәстүр, тіл мен мәдениет бастауларының анасы» - деген.
Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады.
Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның
мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз.
Шынында да, өнер мөдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі — оның әсемдікке, сұлулыққа үмтылуы. Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет — адам әлемі
Қазақ бейнелеу өнері — көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер.
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 925 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тапсырма. 2 страница | | | Тапсырма. 4 страница |