Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тапсырма. 5 страница

Алматы 2014 | Тапсырма. | Тапсырма. 1 страница | Тапсырма. 2 страница | Тапсырма. 3 страница | Жер-Ананы аяла | Туркестан | Тапсырма | тапсырма |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

 

Д.А.Қонаев металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл,Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Жамбыл мен Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектермен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді.

Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхамед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салынды.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары,әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді.

СӨЖ:

1. Тақырып бойынша ақпарат жинаңыз.

2. Жиналған мәліметтерді сұрыптаңыз.

3. Сұрыпталған мәліметтерге жоспар құрастырыңыз.

4.Тұсаукесер жасаңыз

 

8-тақырып

Лексика: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары мен бостандықтары.

Грамматика: Қалау мәнді сөйлем.

Сабақтың мақсаты: Лексика-грамматикалық тақырыптарды пайдалана отырып, өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту,лингвистикалық құзыреттілігін қалыптастыру.

Іс-әрекетті орындаушы адам талабын, ынтасын білдіріп, қалау мағынасында айтылатын етістіктің түрін қалау рай деп атайды. Қалау рай көбінесе етістіктің түбіріне -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: біл гі м келеді, айт қы м келеді, сана ғы м келеді.

І ІІ   ІІІ Менің барғым келеді Сенің барғың келеді Сіздің барғыңыз келеді Оның барғысы келеді Біздің барғымыз келеді Сендердің барғыларың келеді Сіздердің барғыларыңыз келеді Олардың барғылары келеді

 

1-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

І) 1. Мен келсем,.... 2. Киноға барсаң,.... 3. Сіз телефон соқсаңыз,.... 4. Ол дайындалса,.... 5. Біз айтсақ,.... 6. Сендер шаршасаңдар,.... 7. Сіздер біраз күтсеңіздер,.... 8. Олар ән айтса,....

ІІ) 1...., көзім ауырады. 2...., олар да қатыссын. 3...., сәлем айтыңыз. 4...., көктем ерте шығады. 5...., нан ала сал. 6...., театрға барайық. 7...., сабақ болмайды. 8...., сізді күтіп аламын.

2-тапсырма. Сөйлемдердіқазақ тіліне аударыңыз.

1. Давайте я выучу это стихотворение. 2. Ты подожди меня здесь. 3. Вы (сіз) позвоните мне вечером домой. 4. Пусть он представит себя. 5. Давайте в эти выходные сходим в театр. 6. Вы (сендер) сейчас идите в актовый зал. 7. Пусть они подготовятся к собранию. 8. Вы (сіздер) будете участвовать на конференции.

3-тапсырма. Қалау райды пайдаланып, «Болашағымды қалай елестетемін» деген шағын әңгіме жазыңыз.

4-тапсырма. «Емханада» тақырыбына сөйлесу құрастырыңыз.

5-тапсырма. Етістіктің райларын ажыратып, жағын, түрін анықтаңыз.

Мен АТУ-да оқимын. Болашақта жақсы маман болғым келеді. Сондықтан алдыма мақсат қойдым. Жақсы студент болғың келсе, сабаққа кешікпе, көп оқы. Ата-анаң да саған көмектессін. Бәріміз сессияны сәтті тапсырғымыз келеді. Емтиханға бірге дайындалайық. Тапсырманы түсінбесең, менен сұра. Ол жауабын білсе, айтады. Мен демалысқа шықсам, Астанаға барамын.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 405 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тапсырма. 4 страница| Тапсырма.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)