Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тапсырма. 1 страница

Алматы 2014 | Тапсырма. 3 страница | Тапсырма. 4 страница | Тапсырма. 5 страница | Тапсырма. | Жер-Ананы аяла | Туркестан | Тапсырма | тапсырма |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Мәтінді оқып, берілген тапсырмаларды орындаңыздар.

Мемлекеттің әлеуметтік-географиялық орны, ерекшелігі

Қазақстан- көп ұлтты егеменді мемлекет. Халқының саны -17 миллионнан асады. Археологтардың айтуы бойынша Қазақстан жерін алғашқы адамдар бұдан 300 мың жыл бұрын мекендеген. Қазіргі Қазақстанның 14 облысында 130 ұлттың өкілдері тұрады.

Қазақстан- батысында Каспий ойпаты, шығысында Алатау тауларына дейін 3000 шақырымға, солтүстігінде Батыс Сібір, оңтүстігінде Тянь –Шань шыңдарына дейін созылып жатыр.Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады.

Қазақстан аумағы 2724,9 мың км²-ге тең. Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Қазақстан шұғыл континенттік климатымен көзге түседі. Қазақстан аумағы табиғатының бір шетінің, екінші шетінен айырмашылығы үлкен. Мысалы, оңтүстіктегі тау етектерінде шие мен өрік гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі суық, қарлы боран соғып тұрады. Қазақстан жерінде қатаң Сібір мен қапырық Орта Азия тоғысып жатқандай. Географиялық орнына қарай республика жерінде орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Республиканың батыс шеті (46°30' ш.б.) Эльтон және Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87°20' ш.б.) Бұқтырма өзенінің бастауына сай келеді. Ендік бойымен батыстан шығысқа қарай, материк ішіне енген сайын, климаттың континенттігі арта түседі. Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығыс таулы өңірлерінде ландшафттардың күрделене түсетін алуан түрлі биіктік зоналары байқалады. Қазақстанның географиялық орнына байланысты барлық өңірлерінде жылдың төрт мезгілінің ауысуы айқын байқалады. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ - Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Еліміздің көп бөлігі жазық, үстіртті болып келеді. Ол алуан түрлі шаруашылық жұмыстарын дамытуға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы өндірісі орналасуының табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторларын, оның жеке елдер мен аудандарда даму жағдайлары мен зерттелген.Ауыл шаруашылығы өндірісі аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің баска салаларымен өзара байланысты. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында жоғары маманданған кәсіпорындар мен ауылшаруашылың аудандары көбеюде. Географиялық еңбек бөлінісі нәтижесінде тауарлық қатынастардың кең етек алуы, өндірістің көлік және жоғары технологиялық жетістіктерімен қамтамасыз етілуі, ауыл шаруашылығының жекелеген ел шеңберінен шығып, ғаламдық деңгейге көтерілуіне себепші болып отыр.

Оңтүстік Қазақстан — республикадағы суармалы егіншілікпен айналысатын негізгі аудан. Бұл -Қазақстанның бағалы техникалық және дәнді дақылдары — мақта, қант қызылшасы, темекі, күріш, жүгері өсірілетін басты суармалы егіншілікті ауданы. Ол бақ, жүзім және қой өсіру жөнінен бірінші орын алады. Техникалық дақылдарды суару үшін Киров, Арыс-Түркістан, Талас-Асы, Қаратау арналары салынған. Жылуды көп қажет ететін мақта өсіруге Оңтүстік Қазақстан облысы қолайлы, ал күріш Қызылорда облысында өсіріледі. Қант қызылшасы темір жолға жақын Тараз, Мерке, Алматы, Талдықорған аудандарында өсіріледі. Алматы маңында темекі егіледі. Бидай, арпа, тары тәрізді дәнді дақылдар суармайтын жерлерде де өсіріледі.Оңтүстік Қазақстан — ірі бақ және жүзім өсіретін аудан. Тараз, Шымкент алқабында, Арыс пен Келес аңғарында жүзім өсіру күшті дамыған.

Сондай-ақ мұнда мал шаруашылығы қаракөл елтірісі, өте сапалы меринос жүнін өндіру дамыған. Ауыл шаруашылығының өнімдерінің көбі (көкөніс, жеміс) Қазақстантанның басқа аудандарына шығарылады, өйткені көкөніс, жеміс-жидек дақылдары Солтүстік және Шығыс аудандарға қарағанда 1,5-2 ай ерте піседі.

Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданда тамақ және жеңіл өнеркәсіп салалары өте жақсы дамыған. Аудан жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өнімдерін шығарудан да республикада бірінші орын алады.

Қазақстанда орман ағаштарын тиімді пайдалану, т.б. мәселелерімен Көкшетау қаласында орналасқан.Орман-тоғайлар қыста климаты суық,жазы жылы жақтарда болады.Мәңгі жасыл ағаштардың қыста да жапырақтары түспейді.Олар әлемнің солтүстік аудандарындағы ормандарда өседі.

Отын өнеркәсібі саласындағы жетістіктер ел экономикасын дамытудағы рөлі зор. Каспий қайраңында мұнайдың қоры шоғырланған. Онда болжам бойынша жалпы геологиялық қоры- 4,5 млрд.тонна.Газ өнеркәсібі Қазақстандағы отын өнеркәсібінің ең жас саласы.

Көмір өндіру саласы Қазақстан Республикасының ертеден қалыптасқан отын өнеркәсібінің дәстүрлі саласы.

Шығыс Қазақстан облысының жер қойнауы кен байлықтарына бай. Мұнда мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын, кадмий, сүрме,күшәла, темір, күкірт, висмут, индий, галий, селен, теллур, сынап, қалайы, тантал, ниобий, молибден, вольфрам, титан, никель,кобальт, көмір, жанғыш тақтатас, сондай-ақ әр түрлі химиялық шикізаттар мен құрылыс материалдарының кен орындары бар.

Батыс Қазақстан аймағы — Орталық пен Оңтүстік Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің қақпасы болып табылады. Ол республиканың солтүстік-батысында орналасқан. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін тигізеді.

2000 жыл бойы Ұлы Жібек Жолы бүкіл Маңғыстау аймағынан өткен. Қазіргі таңда бұл жол туристердің қызығушылығын туғызуда. Әдемі табиғат көріністері пен Үстірт қорығының әр түрлі жануарлары, Маңғыстау жеріндегі көптеген ерекше тарихи және мәдени ескерткіштер, Каспий жағалауының көркем көріністері туристердің айрықша қызығушылығын туғызатыны сөзсіз.

Ақтөбе Облысы Қазақстанның ең маңызды өнеркәсіп ауданы болып табылады. Оның көлемі шамамен 300 мың шаршы км. Ақтөбе облысы солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстанмен шекараласады. Бұл аймақ шығыс пен батыста әр жағынан үш облыспен шектеседі. Шығыс жағында – Қостанай, Қарағанды және Қызылорда облыстары. Батысында - Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары. Каспий теңізі - Қазақстанның батысын жуып-шаятын дүние жүзіндегі ең үлкен жабық су қоймасы.

Солтүстік Қазақстан негізінен темір, тас көмір өндіруге, электр қуаты, ферроқорытпа, алюминий өндірісіне, мұнай өңдеуге маманданған. Сонымен бірге мұнда АӨК-ң ауыл шаруашылығы салалары (астық және мал шаруашылығы), тамақ және жеңіл өнеркәсіптері дамыған.

Тау-кен өнеркәсібі салалары темір рудасын асбест, боксит, энергетикалық көмір және т.б. өндірумен байланысты қалыптасты. Алюминий шикізаты дүние жүзіндегі ірі зауыттардың бірі саналатын, алюминий тотығын өндіретін республикадағы жалғыз Павлодар алюминий зауытына жіберіледі.Мұнай өнімдерін өңдеуден шығаратын зауыт Павлодарда жұмыс істейді. Астанада орналасқан зауыттар («Астанаауылмаш», «Қазақауылмаш») шөп шабатын, шөп жинайтын машиналар, сұйықтарды айдайтын насостар шығарса, Павлодарда - тракторлар, Макинскіде - олар үшін қосалқы бөлшектер, ал Қалқаманда - бульдозерлер шығарылады. Солтүстік Қазақстанда куатты электр стансалар Екібастұз және Майкүбі алаптарында тек Қазақстанды ғана емес, ЖЭС-терін қамтамасыз ететін қоңыр және тас көмір өндіріледі.Құрылыс өнеркәсібінің кәсіпорындары кірпіш, темір-бетон конструкцияларын шығарады (Астана мен Қостанай). Солтүстік экономикалық ауданда Қазақстандағы ең дамыған АӨК орналасқан. Солтүстік Қазақстан - еліміздің ең үлкен астықты ауданы Тамақ және жеңіл өнеркәсіптердің дамуына ауыл шаруашылық базасының бай болуы ықпалын тигізеді. Тамақ өнеркәсібі салаларының (ет, ұн тарту-жарма, сүт, май шайқау) аймақ экономикасында алар орны ерекше.

- Мәтінді оқып,мазмұын талдаңыздар.

- Өзара сұхбат құрастырыңыздар.

- Аса ірі өндірістік қалаларды білесің бе?

- Солтүстік Қазақстан негізінен не өндіреді?

- Оңтүстік Қазақстан қандай аудан?

- Ландшафттану деген не?

- Қазақстан аумағы қандай?

- Шығыс Қазақстан облысы немен айналысады?

- Өзің тұратын аймақ қандай?

- Қазақстанның табиғаты қандай?

 

СОӨЖ

Өлең жолдарын оқып, жаттап алыңдар.

 

Алыстан мұнарланып шалқыған көл,
Бетінде күннің нұры балқыған көл.
Жарысып саф күмістей ақ көбігің,
Мәп-мәйда мөлдірінде қалқыған көл.
Сасық деп еркелетіп ат қойған көл...
От-суға иең тұрсын жат тойған көл,
Назданып жүйрік мініп, тарлан шүйіп
Көксілдер тұс-тұс жақтан ат қойған көл...

Мағжан Жұмабаев

Мәтінді оқып, талдаңыздар.

Туған өлкемнің тұнып тұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құйады. Тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен буталы орманы, тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендері, дән теңізіне шалынған жазық даласы, төрт түлікмалға төсін ашқан құтты жайлау қырлары, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлері, зәулім ғимаратты үлкен, көрікті қалалары бойыңа еріксіз күш, қайрат, еліме деген махббат сезіміне бөлейді. Қасиетті, туған жер! Бойымдағы бар жақсы қасиеттерімүшін мен саған қарызармын, қажырлық пен қайсарлықты, құзды шыңды тауың мен асау желің үйретсе, жомарттық пен ақ пейіндікті мына жатқан жеміс талы сай-самаңнан үйрендім. Шыдамдылық пен байсалдықты шетсіз де шексіз далаңнан үйрендім. Осынша сұлұлыққа бөленуіне қандай себеп, әсер етуші қандай күш деп толғанамын, ойлана келіп тау қуысындағы әрбір бұтаның, өзенге күлер әрбір бұлақ көзінің теңіздей тербелген егістегі дән сабағының, жайлауыңдағы әрбір шалдың, ауылдағы әрбір жеміс ағашының бойында адамның жұмсаған күш-жігерін, төгілген тері – еңбектен жазылған шежіресі барлығын ұғамын. Туған жерім – алтын бесігім деп туған елді көркейтуде аянбай тер төккен еліміздің перзенттерінің еңбегіне сүйеніп, өзің де солардың қатарында болғың келеді. Осынау күн сәулеулі нұрын шашқан кең байтақ даламда жузден астам ұлт өкілдері тұрады.Халқымның ерлігі – еңбекте, арманы - әнінде, қуанышы – күйінде, бақыты – бауырмандығында, жасампаздығы – жарқын істерінде деп түсінемін.Елімнің тарихында бұрын соңды болмаған саяси, әлеуметтік, мәдени-тарихи жетістіктердің бірінен соң біріне қол жеткізіп жатыр.

Қазір қазақ елін бүкіл әлем таниды.

 

Мәтінді оқып, толықтырыңыздар.

Өз туған жеріңіздің көрінісін айтып беріңіз.

СӨЖ:

1. Тақырып бойынша ақпарат жинаңыз.

2. Жиналған мәліметтерді сұрыптаңыз.

3. Сұрыпталған мәліметтерге жоспар құрастырыңыз.

4.Тұсаукесер жасаңыз

2-тақырып

Лексика: Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтар мен стипендиялар

Грамматика: Етістік категориясы

Сабақтың мақсаты: Лексика-грамматикалық тақырыптарды пайдалана отырып, өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту,лингвистикалық құзыреттілігін қалыптастыру

Етістіктің түрлері

Етістік – заттың қимылын, амалын, жай-күйін білдіретін сөз табы. Етістік не қылды? қайтті? (что сделал?), не істеді? не істейді? (что делает?), не істемек? не қылмақ (что будет делать?) деген сұрақтарға жауап береді.

Негізгі түбір етістіктер (непроизводные глаголы) – құрамы бөлшектеуге келмейтін біртұтас морфемадан тұратын сөздер. Мысалы: айт (скажи), күл (смейся), шап (руби), кет (уходи), қал (останься), жат (ложись), кес (режь).

Күрделі етістіктер (составные глаголы). Мысалы: айтып кет (скажи перед уходом), барып қайт (съезди), көріп шық (пройдись, посмотри), оқып бер (прочитай), орындап жатыр (выполняет), жақсы көру (любить).

Біріккен етістіктер (сложные глаголы). Мысалы: әпер (алып бер) – подай, әкел (алып кел) – принеси, әкет (алып кет) – забери.

Туынды түбір етістіктер (производные глаголы). Туынды етістіктер – сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалатын сөздер.

 

Жұрнақтары Мысалдары
-ла, -ле -да, -де -та, -те Ой (мысль) – ойлау (думать), таза (чистый) – тазалау (чистить), із (след) – іздеу (искать, идти по следу), құшақ (объятие) – құшақтау (обнять), іс (дело) – істеу (делать).
-лас, -лес -дас, -дес -тас, -тес Қате (ошибка) – қателесу (ошибиться), ақыл (совет) – ақылдасу (советоваться), қош (прощай) – қоштасу (прощаться), көмек (помощь) – көмектесу (помочь).
-а, -е -ай, -ей Бос (свободно) – босау (освободиться), сан (число) – санау (считать), түн (ночь) – түнеу (ночевать), аз (мало) – азаю (уменьшаться), қарт (старик) – қартаю (стареть).
-ар, -ер, -р -қар, -кер -ғар, -гер Жақсы (хорошо) – жақсару (хорошеть), көк (зелень) – көгеру (цвести), ұзын (длинный) – ұзару (удлиниться), бас (голова, глава) – басқару (возглавлять, руководить).

 

Туынды етістіктердің жұрнақтары етістіктен етістік тудыратын және басқа сөз таптарынан етістік тудыратын жұрнақтар болып екіге бөлінеді:

Етістіктен етістік тудыратын Шық (выйди) – шығару (выпустить), жет (дойди) – жеткізу (довести), бүк (сгибай) – бүктеу (свернуть), күл (смейся) – күлдіру (рассмешить).
Басқа сөз таптарынан етістік тудыратын Жоғары (высоко) – жоғарылау (подниматься), би (танец) – билеу (танцевать), арық (худой) – арықтау (худеть), ұсақ – ұсақтау (измельчить), майда (мелкий) – майдалау (разменять),

Болымсыз етістік – қимылдың, іс-әрекеттің болмауын білдіретін етістік. Болымсыз етістік -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: бар-ма, кел-ме, жаз-ба, тіз-бе, айт-па, кет-пе. Болымсыз етістік болымсыз мән беретін емес, жоқ сөздері арқылы да жасалады: барған жоқ, барған емес, келген жоқ, келген емес.

Болымды етістік қимылдың, іс-әрекеттің болуын білдіреді: кел, айт, жаз.

Тұйық етістік (неопределенная форма глагола) етістіктің түбіріне -у жұрнағының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: ходить – жүру, производить – өндіру, стоять – тұру, развивать – дамыту, участвовать – қатысу. Егер етістіктің түбірі «й» дыбысына аяқталса, -ю жұрнағы жалғанады: қой – қою – ставить.

1-тапсырма. Туынды етістіктерді тауып, құрамын түсіндіріңіз.

Мен туралы ойла. Сен қиярды тұздадың ба? Ол үйді әктеді. Сіз бізбен бірлесіңіз. Жаттығуды орындадың ба? Міндетті түрде онымен ақылдас. Бүгін қонақ үйде түне. Сен ән баста, ал біз жұмыспен айналысайық. Менің айтқанымды ескер. Осы істі өзің басқар.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақты қойып, туынды етістіктерді аударыңыз.

-ла, -ле, -да, -де, -та, -те -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес -а, -е, -ай, -ей -қар, -кер, -ғар, -гер, -ар, -ер, -р
баға... көз... дайын... аяқ... тіс... белгі... хабар... аман... әңгіме... сәлем... қош... іс... сан... ат... жас... тең... көп... кең... жас... ақ... оң... су... қысқа... таза...

3-тапсырма. Етістіктерді оқып, орысша баламасын табыңыз. Мағыналарының айырмашылығын айтыңыз.

алу – бет алу, дем алу, рұқсат алу, тіл алу, қарсы алу, қол алу, тамақ алу;

аудару – көңіл аудару, мәтін аудару, табан аудару, ет аудару, жер аудару;

ашу – жол ашу, көз ашу, ми ашу, ораза ашу, жүрек ашу, жан ашу;

беру – көмек беру, ант беру, ақыл беру, қол беру, дауыс беру;

жету – бой жету, қол жету, хабар жету, ақыл жету, көз жету;

көру – азап көру, күн көру, қызық көру, пайда көру, жарық көру;

қою – ат қою, бас қою, сұрақ қою, құлақ қою, көңіл қою, қол қою;

салу – ән салу, көз салу, күш салу, айғай салу, құлақ салу.

4-тапсырма. Бірінші қатардағы сөйздердің сыңарын екінші қатардан тауып, күрделі етістік жасаңыз. Олармен сөйлем құраңыз.

1) Күліп, жарық, көңіл, ер, көшіріп, өмір, жәрдем, кешіге, шөлдеп, жаба.

2) Жіберу, көтеру, алу, кету, ету, жету, салу, сүру, жаздау, көру.

5-тапсырма. Берілген етістіктерден екі түрлі жолмен ІІІ жақтағы болымсыз етістік жасаңыз.

Үлгі: көру – көрмеді, көрген жоқ (көрген емес).

Көру, қою, басу, қазу, сүрту, сүзу, сөйлеу, ішу, сезу, қайту, тұру, сызу, тою, ренжу, созу, үзу, айтысу, көмектесу.

Осы шақ қимылдың сөйлеушінің хабарлап тұрған кезімен сәйкес болуын білдіреді. Қазақ тілінде осы шақтың екі түрі бар:

1) Нақ осы шақ (собственно-настоящее время) қимылдың тура сөйлеушінің хабарлап тұрған кезінде болуын білдіреді. Нақ осы шақтың екі түрі бар:

а) жалаң нақ осы шақ (простая форма) отыр, тұр, жатыр, жүр деген төрт етістік арқылы жасалады да, бұл етістіктерге жіктік жалғауы тікелей жалғанады.

І ІІ   ІІІ Мен отырмын. Сен отырсың. Сіз отырсыз. Ол отыр. Біз отырмыз. Сендер отырсыңдар. Сіздер отырсыздар. Олар отыр.

ә) күрделі нақ осы шақ (сложная форма) негізгі етістік пен отыр, жатыр, тұр, жүр деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Негізгі етістік көсемшенің -п, -ып, -іп, -а, -е, -й тұлғасында тұрып, ал көмекші етістіктер жіктік жалғауында тұрып байланысады. Мысалы:

І ІІ   ІІІ Мен бар-а жатыр-мын. Сен бар-а жатыр-сың. Сіз бар-а жатыр-сыз. Ол бар-а жатыр. Біз бар-а жатыр-мыз. Сендер бар-а жатыр-сыңдар. Сіздер бар-а жатыр-сыздар. Олар бар-а жатыр.

2) Ауыспалы осы шақ (настоящее переходное время) үнемі болып тұратын қимыл-әрекетті білдіріп, етістіктің түбіріне дауыссыздардан кейін көсемшенің -а, -е жұрнақтары, дауыстылардан кейін -й жұрнағы мен жіктік жалғауының жалғануы арқылы жасалады.

Мен университетте оқимын. Сен университетте оқисың. Сіз университетте оқисыз. Ол университетте оқиды. Біз университетте оқимыз. Сендер университетте оқисыңдар. Сіздер университетте оқисыздар. Олар университетте оқиды.

7-тапсырма. Берілген етістіктерден жалаң нақ осы шақ формасын жасап, сөйлем құраңыз.

Мен жатыр..., тұр..., жүр... Сен жатыр..., тұр..., жүр... Сіз жатыр..., тұр..., жүр... Ол жатыр..., тұр..., жүр... Біз жатыр..., тұр..., жүр... Сендер жатыр..., тұр..., жүр... Сіздер жатыр..., тұр..., жүр... Олар жатыр..., тұр..., жүр...

 

8-тапсырма. Кел, апар, әкел етістіктерінен нақ осы шақтың күрделі түрін жасап, сөйлем құраңыз.

9-тапсырма. Берілген етістіктерді жалаң, күрделі және ауыспалы осы шақтарда жіктеңіз: оқу, көрі, әкелу, апару.

Келер шақ (будущее время) сөйлеушінің хабарлауынан кейін болатын қимыл-әрекетті білдіреді. Келер шақтың түрлері:

1. Болжалды келер шақ (будущее предположительное/неопределенное время) есімшенің -ар, -ер, -р жұрнақтары арқылы жасалып, қимыл-әрекеттің келешекте болу-болмауына күмәндануды, болжал-жорамал жасауды білдіреді. Мысалы: кел-ер – возможно, придет, көр-ер-сің – возможно, увидишь

І   ІІ   ІІІ Мен демал-ар-мын, кел-ер-мін, ойла-р-мын Сен демал-ар-сың, кел-ер-сің, ойла-р-сың Сіз демал-ар-сыз, кел-ер-сіз, ойла-р-сыз Ол демал-ар, кел-ер, ойла-р Біз демал-ар-мыз, кел-ер-міз, ойла-р-мыз Сендер демал-ар-сыңдар, кел-ер-сіңдер, ойла-р-сыңдар Сіздер демал-ар-сыздар, кел-ер-сіздер, ойла-р-сыздар Олар демал-ар, кел-ер, ойла-р

2. Мақсатты келер шақ (будущее время намерения) -мақ/-мек, -пақ/-пек, -бақ/-бек жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып, қимылдың болу мақсатын білдіреді.

І   ІІ   ІІІ Мен қайт-пақ-пын (я намерен вернуться) Сен қайт-пақ-сың Сіз қайт-пақ-сыз Ол қайт-пақ Біз қайт-пақ-пыз (мы намерены вернуться) Сендер қайт-пақ-сыңдар Сіздер қайт-пақ-сыздар Олар қайт-пақ

3. Ауыспалы келер шақ (переходное будущее время) етістіктің түбіріне -а, е,-й жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

І   ІІ   ІІІ Мен телефон шал-а-мын (я буду звонить) Сен телефон шал-а-сың Сіз телефон шал-а-сыз Ол телефон шал-а-ды Біз телефон шал-а-мыз (мы будем звонить) Сендер телефон шал-а-сыңдар Сіздер телефон шал-а-сыздар Олар телефон шал-а-ды

10-тапсырма. Берілген сөздерді ауыспалы, мақсатты, болжалды келер шақта жіктеңіз .: жаз, келіс, сөйле, ойла.

 

Өткен шақ (прошедшее время) қимыл-әрекеттің сөйлеушінің хабарлауынан бұрын болғанын білдіреді. Өткен шақтың түрлері:


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 1334 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тапсырма.| Тапсырма. 2 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.031 сек.)