Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алматы 2014

Тапсырма. 1 страница | Тапсырма. 2 страница | Тапсырма. 3 страница | Тапсырма. 4 страница | Тапсырма. 5 страница | Тапсырма. | Жер-Ананы аяла | Туркестан | Тапсырма | тапсырма |


Читайте также:
  1. Азақстан Республикасының экологиялық кодексі: – Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 172 б.
  2. Алматы 2014
  3. Алматы 2015
  4. Ж.Д.Бекмагамбетова. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие. – Алматы, 2002. – 304 с.

ТИПОВЫЕ УЧЕБНЫЕ ПРОГРАММЫ

ЦИКЛА ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ДИСЦИПЛИН

Алматы 2014

1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН.

2. Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кеңесінің 2014 жылғы 22 қазандағы мәжілісі хаттамасының шешімімен БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаментінің 2014 жылғы №03-3/529 хатымен ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жылдың мамырындағы №289, 12 шілдедегі №480, 2008 жылдың 15 тамызындағы, 2011 жылдың 14 ақпанындағы №14, 2011 жылдың 12 тамызындағы №359 бұйрықтарымен бекітілген пәндердің типтік оқу бағдарламалары ОРНЫНА ЕНГІЗІЛГЕН.

4. Типтік оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 16 тамыздағы №343 бұйрығы негізінде бекітілген типтік оқу жоспарына сәйкес әзірленген.

5. Бағдарламаларды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы жаратылыстану және ізгілендіру мамандықтары бойынша РОӘК секциясының Кеңесі бекітіп және баспаға ұсынған №1 хаттама 17 қаңтар 2014 жыл.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз осы типтік бағдарламаларын көбейтуге және таратуға болмайды.

1. РАЗРАБОТАНЫ и ВНЕСЕНЫ Казахским национальным университетом им. аль-Фараби.

2. УТВЕРЖДЕНЫ протокольным решением заседания Республиканского учебно-методического совета высшего и послевузовского образования от 22 октября 2014 года и ВВЕДЕНЫ В ДЕЙСТВИЕ департаментом высшего и послевузского образования и международного сотрудничества от 03 ноября 2014 года №03-3/529.

3. ВВЕДЕНЫ ВЗАМЕН типовых учебных программ цикла общеобразовательных дисциплин утвержденных и введенных в действие Министерством образования и науки Республики Казахстан приказами от 11 мая 2005 года №480, от 15 августа 2008 года, от 14 февраля 2011 года №14, от 12 августа 2011 года №359.

4. Типовые учебные программы разработаны в соответсвии с типовым учебным планом, утвержденным приказом МОН РК от 16 августа 2013 года №343.

5. Программы рекомендованы к изданию Советом секции РУМС по естественно-научным и гуманитарным специальностям на базе КазНУ им. аль-Фараби.Протокол №1 от 17 января 2014 года.

Настоящие типовые программы не могут быть тиражированы и распространены без разрешения Министерства образования и науки Республики Казахстан.

 

КазНУ аль-Фараби, 2014

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ

көлемі 6 кредит

Авторлары:

филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қарабаева Х.Ә.

филология ғылымдарының кандидаты, доцент Омарова Б.А.

аға оқытушы Нұртазина А.Ө.

Пікір жазғандар:

филология ғылымдарының докторы, профессор Қасым Б.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымының докторы Әлкебаева Д.

ТҮСІНДІРМЕ ХАТ

«Қазақ тілі» пәні мемлекеттік міндетті пәндер модулі аясында гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы факультеттердің орыс бөліміндерінде оқытылады. Аталған пәннің типтік оқу бағдарламасын жасау барысында жоғары білім мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (2013 ж. 16 тамызындағы №343 бұйрығы), Қазақстан Республикасындағы тіл туралы 1997 д. 11 шілдедегі №151-І Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» ҚР Президентінің 2011 ж. 29 маусымдағы №110 Жарлығы басшылыққа алынды.

Саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени әлеуеті артқан, халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналып, әлемдік деңгейдегі халықаралық одақтар мен ұйымдардың мүшесі болған бүгінгі Қазақстан Республикасы болашақта дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарынан көрінуді мақсат тұтады. Сондықтан қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, рухани, мәдени өресі кемел, білікті, тілдік құзіреттілігі жоғары маман даярлығымен тығыз байланысты. Бұл ретте оғары оқу орындарында қазақ тілінің жүйелі оқытылуы – ҚР-ның білім беру жүйесіндегі мемлекеттік маңызы бар бағыттардың бірі. Қазақстан халықтарын біріктіруші фактор ретінде танылған мемлекеттік тіл туралы «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту», - деп жазылған. Демек, халықаралық стандарттар мен тәжірибелерге сүйене отырып, ЖОО-да қазақстандық, сонымен қатар шетелдік студенттерге қазақ тілін заманауи технология, үздік әдіс-тәсілдер негізінде жүйелі, яғни деңгейлі үйретіп оқыту – заман талабы.

«Қазақ тілі» пәнінің Типтік оқу бағдарламасын құрастыру барысында ғылыми негізділік, жүйелік, пәнаралық байланыс, тілдерді салыстыру, салғастыру қағидалары басшылыққа алынды.

ЖОО студенттеріне қазақ тілін оқып үйрету барысында олардың коммуникативтік біліктіліктің лингвистикалық, әлеуметтік тілдік, дискурстық, стратегиялық және мәдениәлеуметтік субъективті біліктілік сияқты компоненттерін дамытуға назар аударылды. Лингвистикалық біліктілікке қол жеткізу мақсатында тіл үйренушінің лексика-грамматикалық дағдыларын жетілдіру, қазақ тілінің грамматикалық, синтаксистік, стилистикалық ерекшеліктерін қолданып, әдеби нормада еркін сөйлеп жаза білу дағдыларын шыңдау мақсаты қойылды. Қазақ тілінің функционалды грамматикасының сөйлеу әрекетінлегі қызметі тұрғысынан түсіндірілуіне баса назар аударылды. Грамматикалық материалдар аудиторияның ерекшілігіне, оқытушының тілдік даярлық аясында өзге тілдердің грамматикасымен салғастырыла, салыстырыла үйретіліп, мемлекеттік тілді практикалық және кәсіби мақсатта қолдануға мүмкіндік беретін тілдік дағды, машықтарға қол жеткізу көзделді. ЖОО студенттерінің қоғам өмірінің барлық саласында өзге қоғам мүшелерімен қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасап, түрлі мәселелер бойынша өзіндік көзқарас, пайым, пікірлерін білдіруіне мүмкіндік беретін әлеуметтік тілдік білікті дамытуға көңіл бөлінді.

Дискурстық білік дағдыларды жетілдіретін сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін сияқты тілдік бірліктерді өзара байланыстыра қолдануды оқып үйретуге ерекше мән берілді. Тілдің тұлғаның тілді қолдану барысында ажіберілетін қателерді болдырмау үшін өзіндік іздесінісін дамытатын стратегиялық біліктерді арттырату көзделді.

Қазақ тілін оқып үйрену арқылықазақ халқының ұлттық-мәдени ерекшеліктері мен ұлттық ойлау жүйесін меңгеруге бағыттайтын мәдени-әлеуметтік субъективті біліктілікті жетілдіруінің маңызы ескерілді.

Нәтижесінде, тіл үйренуші жеке дара және топтық, ұжымдық бірлестікте жұмыс істей отырып, мемлекеттік тілді қарым-қатынас құралы ретінде еркін қолдануға дағдыланды. Тіл үйрену процессін тежейтін психологиялық кедершілерді жеңе отырып, қоғам мүшелерінің арасында өзара сенім, сыйластық, түсіністікке қол жеткізеді. Тіл үйренуші қазақ тілінде жарияланған БАҚ, интернет сайт материалдарымен түпнұсқада танысып, түрлі мәселелерге қатысып өзіндік көзқарас, ұстанымдарын білдіруге мүмкіндік алады. Тіл үйренуші қоғам өміріне еркін араласуға, заң, нормативті, актілер мен ережелерді, ғылыми еңбектерді өздігінен қазақ тілі арқылы оқып, білуге, қажетті жағдайларда оларды қолдануға қол жеткізеді.

Қазақ тілін үйрету барысында Тілдерді меңгертудің халықаралық старданттарында (Страсбург, 2001) белгіленген тілді меңгеру деңгейлері басшылыққа алынады. Атап айтқанда: В1, В2 – кәсіби дағдар тілі деңгейі, С1,С2 – мамандық тілі деңгейі.

Реквизит алды: А1, А2 – негізгі деңгейлері.

Реквизит жалғасы: қазақ тіліне қатысты элективті пәндер.

Қазақ тілі пәні бойынша аталған бағдарламаны құрасытру барысында қарастырылған деңгейлер бойынша төмендегі шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық компетенциясының талаптары ескерілді. Олар:

В1 – күнделікті өмір тіршіліктерін сипаттайтын тақырыптарды радио, телехабарларды түсініп сол тақырыптарда өз ойын жеткізе білу;

В2 – ұзақ диалогтарда сұрақтарға шапшаң жауап беріп, пікірталас жүргізе алу және өз ойын жеткізу және фильмдерді түсіну;

С1 – тілде жатық сөйлеп, күрделі және астарлы айтылған ойды түсініп, өз ойын жинақтай алу;

С2 – барлық естіген, оқыған ақпаратты толық түсініп, ойланбастан әңгімені жалғастырып, алынған ақпаратты талқылау.

Сөздік қор бірліктері – В1, В2 деңгейлері үшін шамамен 254-3929 сөз;

С1, С2 деңгейлері үшін шамамен 3930-5060 сөз.

 

Шартты түрде қысқартылып қолданылған сөздер:

БС – барыс септігі

ЖЖ – жіктік жалғауы

ЖС – жатыс септігі

ТЖ – тәуелдік жалғауы

ШС – шығыс септігі

 

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Грамматикалық тақырыптар

(В1, В2 деңгейлері)

  Жай cөйлем. Интонация. Екпін.
  Бөгдесөз.
  Сұрау мәнді сөйлем.
  Болымсыздық категориясы.
  Сан-мөлшер категориясы.
  Анықтауыштық қатынас.
  Меншік мәнді сөйлем.
  Көмекші есімдер қызметі.
  Қимыл есімдер қызметі.
  Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлем.
  Тыйым мәнд сөйлем.
  Етістік категориясы.
  Есімше категориясы.
  Етіс категориясы.
  Көсемше етістік.
  Көсемше категориясы.
  Бұйрық мәндісөйлем.
  Өтініш, тілек мәнді сөйлем.
  Шарт мәнді сөйлем.
  Білік, дағды мәнді сөйлем.
  Қалау мәнді сөйлем.
  Мезгіл мәнді сөйлем.
  Ниет мәнді сөйлем.
  Болжау мәнді сөйлем.
  Мақсат мәнді сөйлем.
  Қарсылық мәнді сөйлем.
  Себеп-салдар мәнді сөйлем.

Лексикалық тақырыптар

  Мемлекет әлеуметтік-географиялық орны, ерекшелігі.
  Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент.Үкімет. Сот.
  Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары.
  Экономика.Ішкі және сыртқы сауда.
  Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта.
  Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар.
  Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары мен бостандықтары.
  Отбасы. Неке. Баспана. Бала тәрбиесі.
  Білім. Кәсіби бағдар. Оқу орындары. Мамандық.
  Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы.
  Денсаулық. Медициналық қызмет. Халық медицинасы.
  Салауатты өмір салты.Спорт кешендері. Ұлттық спорт. Атақты спортшылар.
  Тағамтану. Ұлттық тағам. Мейрамхана бизнесі.
  Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес.Іскер адамдар.
  Ғылым және инновациялық технология. Танымал ғалымдар.
  Ар-ождан бостандығы. Дін және діни таным. Діни мерекелер.
  Ұлттық салт-дәстүрлер.
  Тіл. Мәдениет. Өнер. Өнер шеберлері.
  Өнегелеіғұмыр: тарихи тұлғалар.
  Табиғи ресурстар. Су ресурсы.Қазба байлық ресурстары.
  Жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Қызыл кітап.
  Қорықтар мен ұлттық парктер.
  Экологиялық мәдениет. Ұлттық экомәдениет.
  Сән әлемі. Дизайн. Ұлттық киім. Ұлттық ою-өрнек.
  Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер.
  Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкерлер.
  Көлік тасымалы - логистика. Байланыс.
  Туризм индустриясы. Қонақүй бизнесі.
  Халықаралық, мемлекеттік атаулы күн, мерекелер. Ұлттық мейрамдар.
  Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтар мен стипендиялар.
  Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар.
  Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі.

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Пәннің мақсаты мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілінің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру. Қазақ тілін оқытудың қарастырылып отырған деңгейлеріне сәйкес лингводидактикалық үлгі негізінде, бірыңғай әдістемені жүйелі жетілдіру. ЖОО-да қазақ тілін қарым қатынас құралы деңгейіне айналдыру дағдыларын қалыптастыру. ЖОО түлектерінің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, тілдік біліктілігі жоғары маман ретінде қалыптасыуна мүмкіндік жасау. Пән бойынша білім игертіп қана қоймай, өмірлік проблемаларды шешуге қажетті білік-дағдыларды меңгеруге бағыттау.

Пәннің міндеті қамтылған тілдік деңгейлер аясында қатысымдық (коммуникативтік) және танымдық (когнитивтік) міндеттердің орындалуы барысында жүзеге асырылады. Атап айтқанда:

· орта көлемді және көлемді мәтінді жатық әрі шапшаң түсініп оқу;

· тұрақты сөз тіркестері, кәсіби сөз мағыналары мен салалық терминдер ұғымын түсініп оқу;

· монолог, диалог, полилог түрінде (хабарлама, танысырылым (презентация, баяндама, дискуссия және т.б.) әңгімелеу, сұхбат жүргізу;

· жазба жұмыстарын (эссе, аннотация, түйіндеме, жоспар, тезис, мәлімдеме, пресс-релиз, өтініш, хат, аударма, реферат, мақала және т.б.) орындау;

· қазақ тілінің функционалдық грамматикасы аясында тілдік дағдыларды шыңдай отырып, тілдік тұлғаның қазақ тілінде жүйелі талдау жасауға, өз ойын еркін жеткізуге және ұсынылған материалдар бойынша сипаттама, салыстырма, қорытыныды жасай білу сияқты т.б. тілдік біліктілерін жетілдіре дамыту;

· әлеуметтік және кәсіби мыңызды ақпаратты жеткізу, болашақ қызметінде қазақ тіліндегі деректерді қолдану дағдысын қалыптастыру.

Пәннің әдіс-тәсілдері: «Қазақ тілі» пәнін жүргізу барысында тіл үйретудің әлемдік деңгейде танылған заманауи үлгілері, Отанды және шетелдік ғалымдардың авторлық озық әдіс-тәсілдері басшылыққа алынады. Жұмыс барсыныда уақыт көлемі, тақырып ерекшелігі, тіл үйренушінің қабілет-қарымы, оқытушының шеберлігі сияқты т.б. маңызды факторлар есепке алынып, соған сәйкес ақпараттық әдіс, түсіндіру әдісі, жаттығу әдісі, практикалық әдіс, кейс әдісі, ізденіс әдісі, ойын әдісі, жобалау әдісі сияқты т.б. әдіс түрлері мақсат міндетке сәйкес қолданылады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Грамматикалық тақырыптар пәннің өзіндік ерекшеліктері мен мақсат, міндеттеріне сәйкес іріктеледі. Тіл үйренушінің грамматикалық дағдыларын қалыптастырудың тиімділігін арттыру мақсатында жиі қолданылатын грамматикалық, лексика-грамматикалық үлгілер ұсынылады. Грамматикалық дағдылармен қатар орфографиялық дағдылардың қалыптасуына назар аударылады. Грамматикалық тақырыптар біртіндеп күрделенеді. Ұсынылған функционалдық-грамматикалық минимум лексикалық тақырыптарды меңгеру барысында нәтиже көрсеткіші ретінде қолданылады. Грамматикалық тақырыптарды оқып үйрету барысында тақырыптар мен тақырыпшалардың мазмұнына, жаттығу, тапсырмалардың түріне, санына және олардың көлеміне назар аударылады.

 

(В1, В2 деңгейі)

Жай сөйлем. Жай сөйлемдегі сөздердің (сөйлем мүшелерінің) орын тәртібі, оның қалыпты, ауыспалы, тұрақты, жылжымалы, типтері. Интонация және оның хабарлау, сұрау, бұйыру, түсіндіру, шақыру, қуану, ренжу, таңырқау түрлері.

Сұрау мәнді сөйлем. Сұрақтардың ашық сұрақ, жабық сұрақ, альтернативті сұрақ, күмәнді сұрақ сияқты мағыналық түрлерінің жасалу жолдары.

Бөгде сөз. Бөгде сөздің түрлері. Төл сөз. Төл сөздің қолданылу жолдары. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру амалдары. Деу көмекші етістігінің қызметі. Төлеу сөздің етістік+ғандығын (-гендігін, -қандығын, -кендігі, - атындығын, -етіндігін, -йтындығын, -йтіндігін) тіркесі арқылы жасалуы.

Болымсыздық категориясы. Болымсыздық мәннің арнайы қосымшалар (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) және емес, жоқ сөздері арқылы жасалу ерекшеліктері. Болымсыздық есімдіктерінің (ешкім, ешнәрсе, ешбір және т.б.) болымсыздық мәнді айқындауы.

Сан-мөлшер категориясы. Көптік жалғауларының қолданылу ерекшеліктері. Көптік мағына білдіретін барлық, барша, күллі, бірнеше, біраз, көп, көптеген, талай және т.б. сөздер қолданысы. Көптік ұғымның сан есімдер арқылы берілуі.

Анықтауыштық қатынас. Сапалық анықтауыштың сын, есімдік, есімше, зат есім және т.б. арқылы жасалуы. Меншіктік анықтауыштың жасалуындағы ілік септігінің рөлі.

Көмекші есімдер қызметі. Көмекші сөздердің изафеттік байланыста қолданылуы. Көмекші есімдердің мезгілдік, мекендік және т.б. мәнде жұмсалуы.

Меншік мәнді сөйлем. Изафеттік тіркес және –нікі, -тікі, -дікі қосымшалары арқылыменшік мәнді сөйлемнің жасалуы.

Қимыл есімдердің қызметі. Қимыл есімдерінің жасалуы. Септелуі. Тәуелденуі. Придикаттық мәнде қолданылуы. –уға (-уге) баптау, -ға (-уге) тырысу, -уға (-уге) кірісу сияқты және т.б. тіркестер қолданысы.

Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлем. Маған... етістік+у керек (қажет), Менің... етістік+у+ТЖ керек (қажет), Мен... етістік+БС+тиісті+ЖЖ тіркестерінің 3 жақта түрленіп қолданылуы.

Тыйым мәнді сөйлем. –(у)ға (-(у)ге, -қа, -ке) болады (болмайды) лексика-грамматикалық тіркесінің түрленуі.

Етістік жіктелуі. Етістіктің түбір тұлғасы. Етістіктің шақ категориясы. Шақ жұрнақтарына жіктік жалғауларының қысқа және толық түрде жалғану ерекшіліктері. Түбір етістік+ШЖ+ЖЖ моделі. Субъектілі-предикаттық қатынас. Қалып етістіктерінің функционалдық ерекшеліктері.

Есімше категориясы. Есімше категориясының функционалдық қызметі. Есімшенің тәуелденуі. Есімщенің оңаша түрде тәуелденуі. Еімшенің ортақ түрде тәуелденуі. Орыс тіліндегі күрделі сөйлемдердің қазақ тіліне есімше тұлғасы арқылы жай сөйлем түрінде аударылуы.

Етіс категориясы. Етістің түрлері. Етістің жұрнақтары және олардың функционалдық қызметі.

Көмекші етістіктер. Көмекші етістіктердің түрі. Көмекші етістіктердің негізгі етістіктерімен тіркесіп қимыл фазаларын (кезеңдерін) немесе өту сипатын білдіруі. Түбір етістік +а (-е, -й) бастау, түбір етістік +а (-е, -й) бару, түбір етістік +ып (-іп, -п) қою, түбір етістік +ып (-іп, -п) алу, түбір етістік +ып (-іп, -п) шығу, түбір етістік +ып (-іп, -п) болу және т.б. тіркестер арқылы жасалуы.

Көсемше категориясы. Көсемшенің жұрнақтары. Қызметі. Түрі. Кейіпті көсемшенің немқұрайлық, созылыңқылық, кенеттік және т.б. мәнде қоданылуы. Түбір етістік +а (-е, -й) салу, түбір етістік +ып (-іп, -п) тұру, түбір етісік +ып (-іп, -п) қалу және т.б. тәсілдер арқылы шақ, жақ бойынша түрленіп жасалуы.

Бұйрық мәнді сөйлем. Етістіктің бұйрық райының жекеше, көпше, сыпайы, қалыпты түрдегі тұлғалары арқылы жасалуы. –шы (-ші) жұрнақтары және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

Өтініш, тілек мәнді сөйлем. Етістік+уыңызды (-уіңізді) өтінемін лексика-грамматикалық тіркесінің шақ, жақ бойынша түрленуі. Етістік+айын (-ейін, -йын, -йін, -айық, -ейік, -йық, -йік) тіркесі және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

Шарт мәнді сөйлем. Егер... етістік+са (-се)+ЖЖ, онда... лексика-грамматикалық тіркесінің шақ, жақ бойынша түрленіп қолдану ерекшілігі. Етістік+ған (-ген, -қан, -кен)+ЖС, етістік+атын (-етін, -йтын, -йтін) еді+ЖЖ тіркесі және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

Білік, дағды мәнді сөйлем. Етістік+а (-е, -й) алу лексика-грамматикалық тіркесінің шақ, жақ бойынша түрленіп қолданылу ерекшелігі.

Қалау мәнді сөйлем. Жасалу жолы. Етістік+ғы (-гі, -қы, -кі)+ТЖ келу, етістік+ған (-ген, -қан, -кен)+ТЖ+ТС қалау тіркестері және т.б. тәсілдер арқылы шақ, жақ бойынша түрленіп, болымсыз, сұраулы түрлерінің жасалуы.

Мезгіл мәнді сөйлем. Мезгіл үстеулері,септік шылаулары ,-ғанда, -генде, -кенде, -қанда және т.б. грамматикалық тіркестер арқылы жасалуы.

Ниет мәнді сөйлем. –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек қосымшалараның қызметі.... – айын (-ейін, -айық, -ейік) деп...,... –айын (-ейін, -айық, -ейік) деп еді тіркесінің 3 жақта түрленіп қолдануы және т.б. тәілдер арқылы жасалуы.

Болжау мәнді сөйлем.ар, -ер, -р қосымшаларының қызметі. Шамамен сөзінің қолданысы. Сан есімидер мен жуық, шамалы, шақты сөздерінің тіркесі. Етістік+ған(-ген,-қан,-кен, -атын, -етін, -йтын, -йтін) шығар+ЖЖ, етістік+ған (-ген, қан, -кен, -атын, -етін, -йтын, -йтін) сияқты+ЖЖ тіркестері және т.б тәсілдер арқылы жасалуы.

Мақсат мәнді сөйлем.... +у үшін тіркесі және қимыл етістігінің барыс септігінде қолданылуы және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

Бұйрық мәнді сөйлем. Етістіктің бұйрық райының жекеше, көпше, сыпайы, қалыпты түрдегі тұлғалары арқылы, - шы (-ші) жұрнақтары және т.б тәсілдері арқылы жасалуы.

Қарсы мәнді сөйлем. Қарсылықты жалғаулықтар (бірақ, дегенмен, алайда, әйтсе де, сонда да) және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

Себеп-салдар мәнді сөйлем. Себеп-салдар жалғаулықтар (себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті) және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.

 

(С1, С2 деңгейі)

С1, С2 деңгейлерінде тіл үйренушіден мынадай коммуникативтік тапсырмаларды орындай алуы талап етіледі.

Айтылған ой, ақпаратты тез түсіну. Ғылыми бағытта жазылған мәтндерді оқып, мазмұнын баяндай алу. Мәжіліс, семинар, конференцияларда қажетті ақпарат пен мәліметтерді жазу. Мамандық аясында пікір айтып, кеңес бере алу. Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша мақала, баяндама жазып оны қорғау. Ғылыми еңбек негізінде эссе, жоспар, пікір, түйіндеме жазу.

Тыңдалым.

· Мамандық бойынша бейтаныс мәтін мазмұнын жақсы түсіну;

· Мамандық бойынша монолог мазмұнын еркін түсіну;

· Ресми-іскери кездесулерде диалог, полилог жүргізу.

Оқылым әрекетібойынша мәтінді оқып, тіл үйренушіден:

· Мәтіннің негізгі мазмұнын, оның жеке мағыналық бөліктері арасындағы логикалық байланысты түсіне білу;

· Оқылған ақпарат, дереккөздер бойынша түйіндеме жасап, автордың ойына баға бере білу;

· Қойылған сұрақтарға жауап бере білу талап етіледі.

Жазылым бойынша жұмысты орындауда студенттер таңдаған тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша жеткізе білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын, шығарма, шағын эссе түрінде жеткізе білгені жөн.

Студент сонымен қатар:

· Мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы осы тақырып бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырту, толықтыру, өз бетінше өңдей білуі тиіс;

· Ғылыми баяндама, мәлімдеме, хабарлама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білу тиіс;

Нақты мамандығы бойынша оқыған кітаптары, мақалалары немесе тыңдаған хабарлары жайында шағым мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі қажет.

Әдеби шығармане мақалаларға сыни баға беріп, күрделі жоспар, эссе, түйіндеме пікір жаза алады.

Сыни ойлау дағдысын қалыптастыруға бағытталған тақырып бойынша дербес пікір айту, ойды қорыту сияқты тапсырмаларды өз бетінше орындай алады.

Айтылым бойынша студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың біріне таңдауы бойынша сұхбат (сөйлесім) құрады. Ұсынылған тақырып бойынша қандай да бір атау (ұғым, түсінік) таңдап алып, оған қарапайым анықтама немесе түсіндірме береді. Алдын ала берілген атаулар бойынша өз бетінше жұмыс істейді.

Таңдаған тақырыпқа сай сөйлесімде төмендегідей шарттар ескеріледі: Студенттің берілген тақырып бойынша таңдаған кәсібі, мамандығысжайында әңгімелеп айта білуі, баяндама жасай алуы, сұхбат құра білуі тиіс. Егер тапсырма жеке немесе шағын топқа арналған монологтық сөйлеу болса, айтылым уақыты 4-5 минутболуы тиіс. Диалогтік сөйлеу болса, айтылым қарқыны – минутына 160-18 сөз.

Диалогтік сөйлеуде студент:

· Айтушының ой-пікіріне өзінің тұжырымдарымен жауап беріп, әр түрлі сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;

· Мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз көзқарасын серіктесіне жеткізе білуі;

· Естіген ақпарат жайында өз тұжырымын дәлелдей білуі тиіс.

Студент мағынаның түрлі реңктерін дәл беретіндей тыныс белгілермен дауыс ырғағын ұтымды қолдана отырып, тез және ешқандай қиындықсыз хабарлама жасай алады. Күрделі тақырыпты талабына сай мейлінше жеңілдетіп, түсінікті дәл жеткізе алады. Аудиторияда берілген кез-келген сұраққа жауап береді.

Идиомалық және ауызекі оралымдарды, нақыл сөз, мақал-мәтелдердің мән-мағынасын түсініп қолдана алады. Мағыналық реңктерді дәл бере алады. Пайда болған қиындықтар мен жіберілген қателерді тез тауып, түзей алады.

С1, С2 деңгейлерінде өтілетін граммтикалық тақырыптар арнайы берілмегенімен, құрмалас сөйлемнің түрлері негізінде В1, В2 деңгейлерінде меңгерілген лексика-грамматикалық тіркестерді қажеттілігіне қарай пысықтап отыруға болады.

С1, С2 деңгейлерінде ұсынылатын

жаратылыстану және гуманитарлық мамандықтар бойынша

лексикалық тақырыптар

Лексикалық тақырыптарға топталған мәтіндердің мазмұны бай, тақырыбы қызықты, ғылыми құндылығы жоғары, тың және танымдық мәні терең кәсіби бағыт-бағдар бере алатын кәсіби жағдаяттаркөрініс тапқаны материал болғаны абзал. Бұл ретте тілдік тұлғаның талап-тіліктерімен қызығушылықтары ескеріледі. Мәтін мазмұны ұсынылған тақырыпқа сай және нақты коммуникативті міндетті шешуге бағытталады. Қазақ тілін үйретуде оның әлеуметтік-мәдени аспектісіне ерекше мән беріліп, лингвоелтанымдық және елтанымдық (қазақ елінің тарихи және мәдени даму кезеңдері, сөйлеу әдебі, тұрмысы мен дәстүрі, ұлттық болмысы, мінез-құлқы) білімнің берілуіне басты назар аударылады. Мәтін таңдауда студенттердің коммуникативтік және когнитивтік қажеттіліктері ескеріледі. Мәтіннің көлемі қазақ тілін меңгеру деңгейіне сай беріледі. Жанр мен стиль ерекшеліктеріне де назар аударылады. Оқып тыңдауға арналған мәтіндер ақпараттық (хабарлама, хабарландыру, жарнама, түйіндеме, хат, нұсқаулық, сұхбат, репортаж, теле, радио, жаңалық, бағдарлама және т.б.), публицистикалық (эссе, газет, журнал басылымдары, сұхбат, сайт материалдары және т.б.), көркем шығарма (өлең, жыр, әңгіме, роман үзінділері және т.б.), ғылыми-көпшілік (баяндама, автореферат, энциклопедия, оқулық, жинақ, оқулық, монография және т.б. алынған үзінді), өндірістік-техникалық (құрал-аьдықтар туралы аннотация және оларды пайдалануға арналған нұсқаулықтар және т.б.) бағыттағы материалдар негіінде өзгеріссіз дайын күйінде немесе мақсатқа, деңгей ерекшеліктеріне сәйкес ықшамдалып, ұсынылады.

Мәтін мазмұны бойынша оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын жетілдіретін сөйлеу әрекеттері жеңілден күрделене түсетін жатығу-тапсырмалар түрінде беріледі. Жаңа сөз, сөз тіркесі, сала терминдерінің ұғымы қазақ тілінде синонимдік тақырыптардың ретін ауыстырып қолдануға болады.

  Кәсіби сала. Кәсіби сала бойынша мамандық, лауазым. Белгілі сала мамандарының өмірбаяны, қызметтікжолы.
  Кәсіби сала мамандарын дайындайтын білім ордалары.
  Кәсіби сала субъектілері. Мекеме. Кәсіпорын. Серіктестік.
  Кәсіби сала қызметінмемлекеттікреттеу. Кәсіби сала қызметінреттейтіннегізгізаңжәненормативтізаңактілері.
  Кәсіби сала қызметібойыншашетелдікресмижәнересмиемесұйымдарменәріптестікқарым-қатынас.
  Кәсіби сала қызметіндеқолданылатынқұрал-жабдықтар. Сипаттамасы. Жасалутарихы.
  Кәсіби сала бойыншаөндірілетінөнімтүрлері. Өнімсапасы. Экспорт. Импорт.
  Кәсіби сала бойыншажетістіктер. Авторлыққұқық. Патент. Лицензия.
  Кәсіби сала мамандарыныңқұқықтары мен міндеттері. Еңбектәртібі.
  Кәсібимереке.Салақызметкерінеарналған награда, сыйлық, грант.
  Кәсіби сала қызметінеарналғанотандық (шетелдік) басылымдар.
  Кәсіби сала қызметібойыншаотандық (шетелдік) радио, телебағдарламалар.
  Кәсіби сала қызметібойыншаотандық (шетелдік) интернет сайттары.
  Кәсіби сала қызметініңөзге сала қызметіменбайланысы.
  Кәсіби сала қызметіжәне экология жәнет.б.

СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Ұсынылған лексика-грамматикалық тақырыптар аясында төмендегідей жұмыс түрлерін ауызша және жазбаша орындауға болады:

· Сөздік

· Эссе

· Резюме

· Аннотация

· Жоспар

· Реферат

· Мақала

· Жарнама

· Пресс релиз

· Анықтамалық

· Нұсқаулық

· Шолу

· Сұхбат

· Сауалнама

· Бейнебаян

· Таныстырылым

· Комментарий

· Дөңгелек үстел

· Баспасөз конференциясы

және т.б.

АҒЫМДЫҚ, АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Кредиттік технология бойынша балдық жүйе студенттің білім деңгейін бағалауда маңызды рөл атқарады. Студент біліміне қойылатын қорытынды баға бақылау түрлеріне қойылған, бөлінген балл көрсеткіштері мен емтихан қорытындысы және оқу кезеңіндегі студенттің жалпы жинаған балдық көрсеткішімен анықталады.

Бақылаудың 3 түрі жүргізіледі. Олар:

1. Ағымдық (апта сайын, не модуль соңында)

2. Аралық (кесте бойынша 7, 14-апталар)

3. Қорытынды (курс соңында)

Әр аптада сұрақ-жауап, тест және т.б. түрінде ағымдық бақылау алынады.

Аралық бақылау кестеге сәйкес 1 кезеңде 2 рет өткізіледі. Ол 7 апта бойы өтілген материалдарды қайталау, пысықтау, бекіту мақсатында ауызша, жазбаша тест түрінде немесе аралас түрде өткізіледі.

Қорытынды бақылау (емтихан) оқу кезеңі соңында өткізіледі. Емтихан сұрақтары алдын ала беріледі. Сұрақтар курс бағдарламасының мазмұнына сәйкес жасалып, жалпы саны 60-90 сұрақ аралығында болады. Билет сұрақтары, тест дистракторларының жалпы саны және дұрыс жауаптардың саны алдын ала келісіліп, кафедра мәжілісінде бекітіледі.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1,Бектұров Ш., Бектұрова А. Казахский язык для всех. – Алматы, 2004.

2,Ерназарова З. Ш. және т.б. Қазақ тілі. Елтану. – Алматы, 2005.

3,Кубаева И. Казахский язык. Просто о невероятно сложном. – Алматы, 2007

4,Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы. – Алматы, 2009.

5,Күзекова З. С., Аяпова Т.Т., Оразбаева Ф. Ш., Мамаева М. Қ., Жолшаева М. С. Қазақ тілін ортадан жоғары деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы, - Астана, 2011.

6.Күзекова З. С., Аяпова Т. Т., Оразбаева Ф. Ш., Мамаева М. Қ. Қазақ тілін орта деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы, - Астана, 2011.

7. Күзекова З. С., Аяпова Т.Т., Оразбаева Ф. Ш., Мамаева М. Қ., Жолшаева М. С. Қазақ тілін жоғары деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы, - Астана, 2011.

8.Қазақ тілін оқытуға арналған оқулықтар (бес деңгей бойынша). – Астана, 2012.

8Қазақ тілінің функционалды грамматикасы.Жалпы ред. басқарған:Әлкебаева Д. А. – Алматы, 2013.

9Қарабаева Қ. Қазақ тілі. (ЖОО студенттері үшін тіл ұстартуға арналған оқу құралы). – Алматы, 2004.

10Қасым Б., Молдасанов Е. Қазақ тілі. – Алматы, 2003.

11Оралбай Н., Құрманәлиев Қ. А. Қазақ тілі. – Алматы, 2007.

12Сүлейменова Э. Д., Қадашева Қ., Аханова Д. Тіл ұстарту. – Астана, 2007.

13Оразбаева Ф. Ш.,Сағидолла Г.,Қасым Б.,Қобыланова А.,Есенова Қ., Исабекова Ұ., Қасабек Қ., Балтабаева Ж., Мұхамади Қ., Рахметова Р., Көпбаева Ж.. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 2005.

14Типтік оқу бағдарламасы. Қазақ тілі. Авт: Салқынбай А., Иманұлова С. – Алматы, 2012.

15Типтік оөу бағдарламасы. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы. Бакалавриат. Авт.: Ерназарова З. Ш., Қасым Б., Жақсылықова К., Иманғалиева Ғ., Егіншібаева Н. А. – Алматы, 2007. ооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооо

  1семестр  
  Мемлекет әлеуметтік-геог рафиялық орны, ерекшелігі.  
  .Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтар мен стипендиялар.  
  Білім. Кәсіби бағдар. Оқу орындары. Мамандық.  
  Отбасы. Неке. Баспана. Бала тәрбиесі  
  Тіл. Мәдениет. Өнер. Өнершеберлері..  
  Халықаралық, мемлекеттік атаулы күн, мерекелер. Ұлттық мейрамдар...  
  Өнегелі ғұмыр: тарихи тұлғалар.  
  Экологиялық мәдениет. Ұлттық экомәдениет Кезектес мәнді сөйлем.
  . Денсаулық. Медициналық қызмет. Халық медицинасы Бұйрық мәнді сөйлем
  Ұлттық салт-дәстүрлер Ар-ождан бостандығы. Дін және діни таным. Діни мерекелер. Өтініш, тілек мәнді сөйлем
  . Ғылым және инновациялық технология. Танымал ғалымдар. Шарт мәнді сөйлем
  Ұлтты қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары Сұрау мәнді сөйлем.
  . Салауатты өмір салты. Спорт кешендері. Ұлттық спорт. Атақты спортшылар Қарсылық мәнді сөйлем.
  Қорықтар мен ұлттық парктер Жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Қызыл кітапҚарлыға Ж,6-12 Себеп-салдар мәнді сөйлем.
  Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары мен бостандықтары.  
     
  грамматика 2 семестр лексика
    Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта.
    . Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы.
    Экономика.Ішкі және сыртқы сауда.. т
    Көлік тасымалы - логистика. Байланыс.
    Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес.Іскер адамдар
    Сәулетжәне құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер.
    Табиғи ресурстар. Су ресурсы.Қазба байлық ресурстары.
    Туризм индустриясы. Қонақүй бизнесі.
    Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар.
    Ел басқаружүйесі. Президент. Парламент.Үкімет. Сот.
    Ғарышәлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкерлер.
    Тағамтану. Ұлттық тағам. Мейрамхана бизнесі.
    Сән әлемі. Дизайн. Ұлттық киім. Ұлттық ою-өрнек.
    . Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар
    Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі.
     

 

 

 

 
 


1-тақырып

Лексика: Мемлекеттің әлеуметтік-географиялық орны, ерекшелігі.

Грамматика: Қимыл есімдер қызметі.

Сабақтың мақсаты: Лексика-грамматикалық тақырыптарды пайдалана отырып, өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту,лингвистикалық құзыреттілігін қалыптастыру.

Есіңізде ме?


Қимыл есімдер қызметі

Шақпен де, жақпен де байланысы болмай, істің жалаң өзін ғана білдіретін етістіктің түрі-қимыл есімі.

Қимыл есімі етістіктің түбіріне –у жұрнағының жалғануы арқылы жасалады.Қимыл есімі (тұйық етістік) басқа етістіктерге қарағанда бұлар заттануға бейім. Сондықтан да болар басқа дербес мағынасы бар етістіктер негізінен баяндауыш қызметінде жұмсалса, бұл етістіктің де түрі жалғауларсыз кейде жатыс жалғауында тұрып баяндауыш болатыны бар.Оның мақсаты- оқу. Өмір бірсыдырғы жалғасуда.

Сонда қимыл есімдері сөйлемнің басында көбіне бастауыш болуға бейім болса, ал олар заттану арқылы көптеледі,септеледі,тәуелденеді.Осысына байланысты сөйлемде олар толықтауыш та, анықтауыш та, пысықтауыш та қызметте жұмсалады.

Жақындап қалған Жұманнан Омар қашуды да ұят көрді (Ғ.Мұстафин). Күресуге дәрмені жоқ Жұмаш жүруі үшін қайғырмады.

Мысалы, бару, келу, жүру, санау, бұрғылау, алмау, қалмау, жуыну, тарану, алғызу, сөйлесу т.б. Қимыл есім қимыл, іс-әрекеттің атын білдіріп, солардың атауы болатындықтан, заттық мағынада, зат есім мәнінде жиі қолданылады, тіпті кейбір Қимыл есімдер белгілі бір заттың атын білдіріп, зат есімге айналып кеткен. Мысалы: егеу, қашау, көсеу. Мұндай сөздердің бір қатары әрі етістік, әрі есім ұғымын білдіретін омонимдік сипат алған. Бұлар мағынасына қарай былайша топталады: 1. Үй бұйымдары атаулары: жабу, жасау, бояу, сабау, тіреу. 2. Құрал атаулары: егеу, қашау, көсеу. 3. Мекен-жай атаулары: егеу, қашау, көсеу, асу. 4. Деріксіз ұғымдық қасиеті бар зат атаулары: оқу, тергеу, жоқтау, нұсқау т. б. Қимыл-есім тұлғалы омонимдердің зат есімге айналған түрі контексте айқындалады: ағашты қашау, қашау — таптырмайтын құрал, қаңылтырды бояу, дүкенде бояу сатылып жатыр, кітап оқу, оқу инемен құдық қазғандай т. с. с. Қимыл есімдер түрленуі жағынан болсын, мағынасы жағынан болсын зат есімге жақын жатқанымен, ол өзінің бастапқы етістікке тән мағынасынан қол үзбейді, яғни Қимыл есім етістік мағынасын сақтай отырып, әр түрлі қимылдық қатынастарды білдіреді. Мұндай қимылдық қатынастарды білдіруі Қимыл есімнің тұлғалық жағынан түрленуіне байланысты. Қимыл есімдер септелуге байланысты толықтауыш, бастауыш, пысықтауыш қызметін, кейде өзінің бастапқы қалпында тұрып, баяндауыш қызметін де атқара алады. Мысалы: сөйлеуді ұнатады, бояу өң береді, айтуға келді, мақсат-өнімді арттыру, тұрмысты жақсарту. Қимыл-есімдер керек, қажет тәрізді модальдық сөздермен тіркескенде, предикаттанып, баяндауыш қызметін өтей алады. Предикаттану, көбінесе қимыл-есімнің тәуелденіп, оның белгілі бір жаққа тән екендігінен байқалады. Мұндай синтаксистік құрылымда қимыл иесі ілік септігінде тұрады. Мысалы : Менің баруым керек. Сенің баруың керек. Оның баруы керек. Қымыл есімнің модальдық сөздермен тіркесуінен туындаған предикаттану оның сөйлемдегі синтаксистік қызметіне тікелей байланысты. Қимыл-есімнің керек, қажет, тиіс сөздерімен тіркескен түрі міндеттілік мәнді білдіріп, жақсыз сөйлемдер құрауға түрткі болады. Мысалы, Біздің жиналысқа баруымыз керек. Сіздің осында келуіңіз қажет. Қимыл есімдер тиіс модальдық сөзімен тіркескенде предикаттанып, баяндауыш қызметін атқара алады. Мұндай жағдайда қимыл иесі атау септігінде тұрады да, қимыл-есім көбіне барыс септік жалғауын қабылдайды. Мысалы: Біз келуге тиіспіз (тиістіміз). Сіз келуге тиіссіз (тиістісіз). Ол келуге тиіс (тиісті). Қимыл есімдерге - лық, - лік әсіресе - шы, - ші жұрнақтары жалғану арқылы туынды зат есімдер жасалады. Мұндай жағдайда қимыл-есім туынды түбірге негіз болады. Мысалы: жазушы, сатушы, оқушы, оқулық, жалғаулық т.б. Сонымен, Қимыл есімдер тиісті тұлғада түрленуіне қарай, белгілі сөздермен тіркесуіне орай сөйлемде дербес мүше де бола алады, күрделі мүшенің құрамына да ене алады.

1-тапсырма. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, қимыл есімді сөздерді табыңыз.Жасалу жолын түсіндіріңіз.

1.Гүлнар әзірге емі жоқ сырқаттың емін табуды арман еткен (С.Мұқанов) 2.Жауын бірде себелеуін, бірде төгуін қоймайды (С.Мұқанов).3. Ырылдауы мен арсылдауын ғана молайтып тұр (М.Әуезов).4.Ол қажуды,ерінуді білмейтін (Ж.Бектұров).5.Жоқшылық жалтаруды да,жол табуды да үйретер (мәтел). 6.Амантай тобы тығыла беруді қойып,көрініс беруге топтанып, Меңіреуден далаға шығып жүруге айналды(С.Мұқанов).7.Ал мынадай тас қараңғы түнде олардың жабыла қарқылдауын бірінші рет естіді(Ә.Орынбаева). 8.Одан ары тәжікелесіп тура беруді ар санады ма, Ақан жедел басып,үйіне кіріп кеткен(О.Бөкеев).9.Мен өтірік айту дегенді, көзге күлімдеу дегенді, біреуге жарамсақтану дегенді білмеймін (Х.Есенжанов).10.Бұл өңірде ол-қыста-жазда,күндіз-түнде,ақ боран жауында адасу дегенді білмейтін сахараның көреген көзі (М.Әуезов).11.Ол жұртққа ұқсап көлденең көзден қымсыну дегенді білмейді(Ә.Кекілбаев).12.Қазір ат жегуді өтінемін (Х.Есенжанов).13. Әсіресе алғашқы жылы мал қыстатуды абыройлы өткізуге Нұрекеңнің үлкен ықпалы болды (С.Тәнекеев).14.Жүкшілер де Жұманның жөн сілтеуін күтіп тұр (Ғ.Мұсірепов).15.Сондықтан саған хат жазуды дұрыс деп таптым (Б.Бұлқышев)

 

2-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырып, қимыл есімді сөздердің жасалу жолын түсіндіріңіз.

 

Жабу, жасау, бояу, сабау, тіреу, бару, келу, жүру, санау, бұрғылау, алмау, қалмау,

егеу, қашау, көсеу, қысау,жайлау, бақылау.

 

3-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.

1.Осындай кең байтақ елде...... мен үшін мақтаныш.2.Біз жыл сайын жазғы демалысымызды.... ұмытпаймыз.3.Менің досым тау шаңғысымен.... жақсы көреді.4. Ол алуан түрлі шаруашылық жұмыстарын.... мүмкіндік береді.5. Археологтардың....Қазақстан жерін алғашқы адамдар бұдан 300 мың жыл бұрын мекендеген.6.Бұрын біз әр ісімізді...,... әдетке айналдырған едік.7. Өзенде..., жүзуден... әр баланың өткен шағының естелігі.8.Еліміздің көрікті жерерін....туристер көп келеді.

Керекті сөздер: тұру,жоспарлауды,айналысуды, дамытуға, айтуы бойынша, нақтылауды, ақылдасып істеуді,шомылу, жарысу,тамашалауға

 

 


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 1791 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ПРАКТИЧЕСКАЯ РАБОТА № 3| Тапсырма.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.062 сек.)