Читайте также: |
|
1. Ерітінді сапасының негізгі көрсеткіштерін ҚР МФ талаптарына сай:
- Сыртқы түрі - ерітінді мөлдір болу керек.
- Толтыру нормасын анықтау – (V- 5мл) - 5,30мл.
- Герметикалығын анықтау ампулаларды бояу кезінде (метилен көгімен) ерітінді түсі өзгерсе герметикалылық қанағаттанарлықсыз деп саналады.
- Механикалық қоспаларды анықтау.
- Стерильдікті тексеру. Микроорганизмдердің өсуі байқалмаса, ондай препарат талапқа сай деп саналады. Кем дегенде бір пробиркада өсу байқалатын болса, оны микроскоп арқылы дэлелдеп, зерттеуді қайтадан жүргізеді. Микроорганизмдер өсуі байқалған жағдайда, зерттеуді сынаманың екі еселенген мөлшеріне қайталайды. Кем дегенде бір пробиркадағы препаратта өсу байқалса, ондай препарат стерильді емес деп саналады.
- Пирогендікті анықтау. Егер 3-қояндағы көтерілген температура қосындысы 1,4°С немесе одан төмен болса, ондай ерітінді пирогенді ерітіндіге жатпайды. Егер осы үш қояндағы температура қосындысы 1,5 пен 2,2 °С аралығында болса, онда зерттеуді 5 қоянға жүргізеді. Егер жоғары температураның қосындысы барлық 8 қоянда 3,7 °С-тан жоғары болмаса, ондай ерітінді пирогенсіз ерітіндіге жатады.
- Улылықты зерттеу. Тышқандардың құйрығындағы көк тамырына 0,5мл зерттелетін ерітінді 0,1мл/с жылдамдықпен жіберілсе және сол тышқандар 48 сағат ішінде тірі қалса, ондай ерітіндіде улы заттар жоқ деп саналады. Егер тышқан тәжірибе барысында өлсе, тәжірибені тағы 5-тышқанға жүргізеді, 2-тышқан өлсе 15 тышқанға жүргізеді. Егер қайта жүргізілген зерттеулерде бірде-бір тышқан өлмесе, онда ерітінді улы емес деп саналады.
- Химиялық бақылау әсер етуші заттың сапалық және сандық көрсеткіштерін анықтау.
2. Өндіріске қойылатын негізгі талаптар:
- қауіпсіздік техникасы;
- өртке қарсы қауіпсіздік;
- санитарлық нормалар.
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 138 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тарату материалы | | | Шырындар |