Читайте также: |
|
Ұнтақтар - ішке, сыртқа немесе инъекцияға (сәйкес еріткіште еріткеннен кейін) қолдануға арналған, себілгіштік қасиеті бар қатты дәрілік қалып. Ұнтақтарды даярлау ҚР МФ жалпы статьясымен регламенттеледі. Дәріханаларда негізінен құрамында 3-5 және одан да көп дәрілік заттар болатын күрделі ұнтақтар дайындалады. Күрделі ұнтақтарды дайындауда құрамына кіретін ингредиенттердің физико-химиялық қасиеттерін және олардың мөлшерін ескеру қажет. Ұнтақтарды дайындау әдісі олардың біркелкілігін, себілгштігін, мөлшерлеу дәлдігін және сақтағанда тұрақтылығын камтамасыз етуі керек. Жеке ұнтақтардың салмақ айырмашылығы 02.08.2003 №634 бұйрық бойынша тексеріледі. Буып - түйілуі құрамындағы ингредиенттердің физико - химиялық қасиеттеріне сай жүргізіледі.
Ұнтақтардың кең қолданылуын басқа дәрілік қалыптардан ұнтақтардың артықшылығымен түсіндіруге болады:
Құрамының әмбебаптылығы, оған органикалық және неорганикалық заттар, өсімдік және жануар текті, сонымен қатар аздаған мөлшерде сұйық, тұтқыр заттар кіргізуге болады.
Ұнтақтардың сонымен қатар кемшіліктеріде бар:
Мұндай ұнтақтарды ауруға капсулада босатады.
Осы аталған кемшіліктердің кейбірулерін ұнтақтарды қаттау есебінде оңай құтылуға болады.
Жіктелуі. Ұнтақтарға қойылатын талаптар. Ұнтақтар қолдану әдісі, құрамы, мөлшерлеу сипаттамасы бойынша жіктеледі (схема бар 135б).
ҚРМФ ұнтақтарға келесідей талаптар ұсынылады: себілгіштігі, біртектілігі, жеке массадағы рұқсат етілген ауытқу нормасы, түсі, дәмі, иісі, қатталуы және безендірілуі. Жараны емдеуге зақымдалған шырышты қабықпен теріні, сонымен қатар жаңа туылған балалармен 1 жасқа дейінгі балаларға арналған ұнтақтар стерильді болуы қажет және асептикалық жағдайда дайындалуы қажет.
Технология сатылары. Ұнтақтар технологиясына келесі сатылар кіреді: ұсақтау, елеу (дәріхана жағдайында сирек қолданылады), араластыру, мөлшерлеу, қаттау, безендіру.
Ұсақтау (Pulveratio). Ұсақтау сатысының мақсаты – тез және толық әсерге жету, бөлшектердің мөлшерін кішірейтіп, олардың санын көбейту арқылы біртекті ұнтақ тәрізді қоспаны алу. Дәрілік заттың ұсақтауын көбейту арқылы емдік әсерін жоғарлату, мынамен түсіндіріледі, ұсақтау әрдайым беттік ауданды үлкейтуге әкеледі, сонымен қатар бос беттік энергияның да көбеюімен түсіндіріледі. Мұнда бос беттік энергияның өзгеруі беттік ауданмен беттік керілуге пропорционалды және теңдеумен көрсетіледі.
∆F = ∆S ∙ δ
мұнда ∆F - бос беттік энергияның өзгеруі, н/м;
∆S - беттік ауданның өзгеруі, м;
δ - беттік керілу, н/м;
Физика курыснан белгілі, бос беттік энергия – бұл берілген заттардың бетіндегі теңестірілмеген малекулалар күшінің қосындысы. Бос беттік энергия қоры дәрілік қалыптар технологиясында үлкен маңызы бар, өйткені ол дәрілік заттардың емдік активтілігін жоғарлатады. Бұл термодинамиканың екінші заңы боынша әрбір дене бос беттік энергияның кішіреюіне ұмтылады, яғни майда ұсақталған дәрілік заттар тезірек сіңіріледі, ериді және т.б.
Дәрілік заттар бөлшектерінің мөлшерін кішірейту арқылы емдік әсерін жоғарлату кез – келген дәрілік қалыптарда байқалады – суспензия, жағылмаларда және т.б. Сондықтан ұсақтау кезінде емдік әсерін жоғары мақсатында технологиялық және қабылдау ережелерін сақтау қажет. Дәрілік заттарды максималды ұсақтаған кезде сонымен қатар кері әсерлері де байқалады – диспергирлеу процесі кезінде ауадан ылғал мен газды адсорбциялау есебінен босбеттік энергия азаяды. Бұл кезде ұнтақ тәрізді қоспа борпылдақ болады, кейде ылғалданады.
Ең майда ұсақтау алу үшін; дәрілік заттарды ұсақтаған кезде қатты индифферентті заттарды (сахароза, лактоза) және ұшқыш сұйықтықтарды (этанол) қосу қажет. Сұйықтық ұнтақтың бетін қанықтырады, сонымен қатар ұсақтауды да жеңілдетеді. Мысал ретінде камфорамен йодты этанол қатысында ұсақтау болып табылады. Егер этанолды затты толық ерігенге дейін керекті мөлшерде қосса, онда рекристализация құбылысы жүреді және дәрілік зат мысалы йод ұсақ бөлшектер ретінде, ұнтақ массасының бойына тарайды.
Дәріхана практикасында құрылымы бойынша аморфты және кристалды болатын дәрілік заттарды ұсақтағанда ысқылау мен езгілеу комбинациясын қолданады. Келілерді әртүрлі формамен мөлшерлерін шығарады. Көбнесе фарфорлы келіні қолданады, олардың жұмыс істеу көлеміне қарай жеті номерлі болады.
Дәріханалық келілердің өлшемдері. Келідегі дәрілік затты ұсақтайтын келсап келі өлшемдеріне сәйкес келу керек.
Әрбір келі өлшемдері үшін максимум жүктемесі болады, дәрілік заттарды оптималды ұнтақтау үшін оның көлемінен 1/20 аспау қажет. Дәрілік затты ұсақтау үшін кестеде көрсетілген уақытты қатаң бақылау қажет.
Келіде бірнеше дәрілік затты бір уақытта ұсақтаған кезде олар бір біріне тәуелсіз ұсақталады, сондықтан зат қоспасын рационалды ұсақтау керек.
Дәрілік затты тез біріктіріп ұсақтау болып келесілер табылады. Глюкоза және аскорбин қышқылы қоспасы 90 - 95 сек ұсақталады, ал бұл уақытта глюкозаның өзіғана 118 – 120 сек ұсақталады. Анальгин және фенацетин қоспасы 80 – 82 сек ұсақталады, ал фенацетин жеке 93 – 95 сек.
Келіні сыртынан глазурьмен жабады, ал ішкі беті саңылаулы болады. Дәрілік затты ұсақтаған кезде аздаған мөлшері келіде жоғалады. Жоғалу мөлшері заттың құрылымымен анықталады, яғни затты қосқан кезде келідегі дәрілік заттың жоғалу мөлшерін білу қажет. Осыған орай қатысты жоғалуды білу қажет. И. А. Мураьев пен Д. Д. Козьмин экспериментінде № 1 келіде ұсақтаған кезде көптеген дәрілік заттар үшін жоғалу мөлшері анықталған, олар 8.2 кестеде көрсетілген № 1 келіге есептелген басқа келілер үшін жоғалу мөлшерін беттік жұмыс коэффициентіне көбейтеді (8.1 кесте, 4 бағананы қара).
Қатыстық жоғалту мөлшерін есептей отырып, ұсақтауды келі саңылауында аз жоғалатын заттан бастау керек. СССР ДМ фармацианың ғылыми зерттеу институтының барлық союзынан келіні қолдануды жеңілдету үшін столға орнатуын ұсынған (8.1 сурет). Ол келі ұстағыштан (1), резина сақинадан (2) және столды зақымдамайтын қорғағыш беттен тұрады. Штырьға (5) келі ұстағышта бекітеді. Келідегі прорез (6) штырдағы фиксатормен (7) сәйкес келу керек.
Елеу (cubratio). Ұнтақтар құрамында бөлшектердің өлшемі әртүрлі болса полидисперсті, ал бөлшектердің өлшемі бірдейи болса монодисперсті болады. Құрамы монодисперстіге ұқсас кейбір ұнтақтар бар, мысалы ликоподий (плаун спорасы).
Елеудің мақсаты – бөлшектердің өлшемі бірдей өнім алу дәріхана тәжірибесінде елеу сирек қолданылады. Ұнтақтардың бөлшектерінің өлшемін визуальды түрде анықтайды. Дәріханада негізінен ұсақталған ДӨШ- ын елейді. Қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында елеу барысында штоны қақпақпен жабады, бұл әсіресе улы және оңай жанатын заттармен жұмыс істегенде өте маңызды.
Бөлшектерді өлшемі бойынша білуді штолы талдаумен анықтайды, бұл «ұсақтау және елеу» фармакопиялық бабына сүйенеді.
Араластыру (mixtio). Араластыру сатысының мақсаты – біртекті ұнтақты қоспаны алу. Араластыруды Исламгулов.М.Х. немесе басқа аппараттарда, яғни келіде ұсақтаумен бір уақытта жүргізеді. Күрделі ұнтақтардың екі негізгі араластыру жағдайы бар: күрделі ұнтақтардың ингридиенттері бірдей немесе шамамен бірдей мөлшерде жазылған.
Бірінші жағдайда дәрілік заттардың қасиетіне байланысты жазылған ұнтақтарды араластырудың бірнеше варианттары болуы мүмкін.
Ұнтақты ингридиенттерінің физикалық қасиеті шамамен бірдей (тығыздығы, кристалдық құрылымы және т.б.).
Rp: Amydopyribi
Analqini ana 0.25
Misce fiat pulvis
D.t.d. № 10
S: Күніне бір ұнтақтан екі рет.
Бұл жағдайда дірілік заттардың физикалық қасиеті бірдей болғандықтан араластыру ретінің маңызы жоқ сияқты, бір келінің саңлауына көбірек тұрып қалады соны ескеру керек. (8.2 кестені қара) Амидапиринді анальгиннен салыстырғанда, ол оңай келі саңлауында тұрып қалады, сондықтан сақталу мен елеуді анальгиннен бастау керек (8.1 кестені қара).
2,5г амидопиринді №4 келіге салып, ұсақтап, бөлшектеп 2,5г амидопиринді қосады, 2 минут бойы араластырады (8,1 кестені қара). Ұсақтау және араластыру біркелкілігін визуальды түрде тексереді. Капсулаға 0,5 г мөлшерлейді. Физикалық қасиеттері бойынша айрықша ингридиенттер.
Гидрофобты заттар гидрофильді заттарға қарағанда тез тұтанады. Заттың тығыздығы оның тұтануын сипаттайды. Мысалы, магний оксиді қанттың тығыздығы мен көлемдік массасын салыстырғанда келесі мәліметтер алынды.
Магний оксид жоғары тығыздығына қарамай оңай тұтанады.
Rp: Magnesii oxydi
Calcii carbonatis ana 0.3
Misce fiat pulvis
D.t.d. № 1 г
S: күніне 1 ұнтақтан 3 рет
№5 келіде 3,6 г кальций карбонатын ұсақтап (8.3 кестені қара), сосын бөлшектеп 3,6 г магний оксидін қосады. Қыша капсулаға 0,6 г 0- нан мөлшерлейді.
Екінші жағдайда тиімді араластыру үшін, ұсақтау мен араластыруды ең аз мөлшерде жазылған дәрілік заттан бастайды. Аз мөлшерде жазылған дәрілік заттың жоғалуы (қатынасты пайызда), оларды таза күйінде келіде басқа заттармен үгітпегенде маңызы зор.Осыдан келесі ережелер шығады: араластыру кезінде бірінші келіде көп мөлшерде жазылғандәрілік затты ысқылау қажет, саңылауларды жабу үшін, сосын капсулаға саламыз.Егер жазбада бірдей мөлшерде бірнеше зат жазылған болса, онда бірінші келі саңылауында аз жоғалатын затты ысқылайды.
Мөлшерлеу. Ұнтақтарды мөлшерлеу екі жолмен жүреді:
1. масса бойынша мөлшерлеу негізгі әдіс болып табылады. Ол көлем бойынша мөлшерлеуге қарағанда анағұрлым дәлірек болып келеді.әдетте қол және дәріханалық таразымен өлшейді. Жұмыс бастау алдында таразы тостағаншасын этанол және эфирге малынған мақтамен сүртеді.
2. Көлемі бйынша мөлшерлеу дәлдігі төмен, бірақ өнімділігі жоғары болып келеді. Бұл кезде дозатор мысалы ДПР-2 қолданылады. Ол дозасы 0,1-2г дейінгі себілгіш дәрілік затты өлшеуге арналған көлемдік дозатор болып табылады. ДПР-2 толық цилиндр корпусы бар, қимылдағыш штокі бар. Жұмыс істеу принципі осы ұнтаққа дозатор ұштарын енгізу кезіндегі, ұнтақтарды рәсімдейтін басқару бөлігі арқылы жұмыс істейді.
МФ ХІ бойынша массадағы аутқу аппаратураға тәуелсіз келесі түрде болу керек.
Ұнтақ массасы: г Ауытқу %
0,1- ден жоғары + 15
0,11-0,30 + 10
0,31-1,0 + 5
1,0 жоғары + 3
Ұнтақтарды рәсімдеу және безендіру. Егер рецептте упаковка түрі көрсетілмесе онда ұнтақтарды қағаз капсулаларда жіберу керек.
Жапыстырылған қағаз – Квасцпен фиксацияланған жануар клейімен жапыстырылған целлюлозалы масса болып табылады.мұндай қағаздан жасалған капсулалар гигроскопиялық емес және ұшқыш емес заттарды рәсімдеугеарналған.
Балауызды және парафинді қағаз -жапыстырылған қағаз балауызбен және парафинмен сіңірілген. Ол ылғал және газ жібермейді. Гигроскопиялық заттарды мысалы эуфиллин сиақты оттегі, ауа, көмірқышқылынан өзгеретін заттарды рәсімдеуге ыңғайлы. Мұндай капсулаларға ментол, камфора, және т.б. заттарды рәсімдеуге болмайды.
Пергаментті қағазды күкірт қышқылымен жуылған жандырылмаған қағаздан алады. Содан соң қышқылды жуып пергаментті кептіреді. Пергаментті қағазда ментол, камфора және т.б. ұшқыш балауызбен парафинде еритін заттарды рәсімдейді.
Целлофан - ацетилцеллюлозды және т.б. табиғаттағы пленка, ылғалды аз өткізу үшін целлюлозды лакпен лактайды.
Ұшқыш заттармен бөлінбеген ұнтақтарды флакондармен тығындармен жабдықтаған ыдыстарда жібереді. Соңғы жылдары арнайы полиэтиленді пленкадан жасалған пакет қолданып жүр. Кейбір жағдайда рецептте – арнайы арнайы капсулаларда жіберу керек деп жазады. МФХІ –да арнайы статья бар «Сарsulae» деген.
Медициналық капсулалар - ол арнайы желатиннен дайындалған қоржан.
Капсулалардың қолдану мақсаттары.:
1. Ас қорыту жүйесінің кілегейлі қабатын бояулардан сақтау үшін
2. Асқазан арқылы дәрілік заттардың өзгеріссіз өтуі үшін
3. Жағымсыз иісін жасыру үшін
Желатинді капсулалар иістенгіш және гигроскопиялық заттарды рәсімдеуге ыңғайлы.
Желатинді капсулалар. Арнайы көлемді (жұмсақ және қатты)өндірістік жолымен желатин негізінде дайындалады. Дәріханалық практикада тек қатты желатинді капсулалардың қақпағын қолдану 2 бөліктен тұрады. 7 түрлі капсула бар 0,1- 1,5г –ға дейін ұнтақтар тәрізді заттар сияды. Сондай-ақ капсулалар «ішек» капсулалары болу мүмкін, олар қышқылды ортада ыдырамайды.
Құрамында экстракті бар ұнтақтар. Экстракттар-дәрілік өсімдік шикізатынан алынған концентрлі сығынды болып табылады. Консистенциясы бойынша: сұйық экстаркттар (ехtгасtа fiuidi), қою экстракттар (ехtгасtа spissa), құрғақ экстракттар (ехtгасtа sicca) болып бөлінеді. Ұнтақтар технологиясында көпшілігінде белладонна экстрактты қолданылады. Өндірісте құрғақ белладонна экстракттының 1: 2 және қою белладонна экстрактты 1:1 қатынасында өндіріледі. Дәріханада дайындау ыңғайлы болу үшін, МФ ХІ басылымының бабына сәйкес оның қою түрінен ерітінді дайындайды - Ехtгасtum ВеІІаdonnае soiutum 1:2. Ол үшін қою экстракттың 100 бөлігін: 60 бөлік су, 10 бөлік этанол, 30 бөлік глицерин қоспасында ерітеді. Су негізгі еріткіш, глицерин пептизатор рөлін атқарады, яғни ол ерітіндіні коагуляциядан және бөлшектердің іріленуінен сақтайды. Этанол экстрактың ерігіштігін жоғарлатады және де антисептик рөлін атқарыды. МФ ХІ бойынша қою экстрактты сақтау мерзімі 15 күн.
Дәл және ыңғайлы өлшеу үшін эмпирикалық немесе "көз" пипеткасымен өлшейді және флаконды арнайы этикеткамен безендіреді.
Мысалы, қою белладонна экстракт ерітіндісінің 20 тамшысы 0,5 г тең. Яғни 0,1 г қою белладонна экстракт ерітіндісі 4 тамшыға тең, ал 0,1 г қою экстракт 8 тамшыға тең.
Extractum Belladonnae solutum 1:2
0,1 қою экстракт=8 тамшы ер-ді
Осы этикетканы қолдана отырып, рецептте жазылған белладонна экстракт ерітіндісінің мөлшерін есептейміз. Мысалы, рецептте белладонна экстрактісі 0,15 г берілген. Жоғарыда көрсетілген жазба бойынша қою белладонна экстракт ерітіндісі 12 тамшыға тең.
Бояғыш заттары бар ұнтақтар. Бояғыш заттарды (метилен көгі, ри-бофлавин және т.б.) аз мөлшерде жазады. Себебі бұл заттар келі, келсапты ластайды, сондықтан бояғыш заттарды екі бояғыш емес заттардың қабатында араластыру керек. Осылай жұмыс істеу барысында бояғыш заттардың жоғалуы азаяды, келі мен келсап және басқа да көмекші заттар ластанбайды.
Капсулаланған ұнтақтар ауыз қуысының шырышты қабығын бояғыш заттармен ластанудан сақтайды.
Қиын ұнтақталатын ингредиенттері бар ұнтақтар. Ұнтақ дайындауда көбірек қолданылатын қиын ұнтақталатын заттарға: ментол ти-мол камфора, йод жатады. Олар ұшқыш еріткіштерде, көбінесе этанолда жақсы ериді. Сондықтан бұл заттарды ұнтақ құрамына ерітінді түрінде енгізу керек. Еріткіш буланғаннан кейін қиын ұнтақталатын зат, рекристаллизация құбылысы есебінен ұнтақ массасында біркелкі таралады.
Ментол, тимол камфораны еріту үшін 90% этанолды 1:1 қатынасында, ал йод үшін 95% этанол 1:10 қатынасында алынады.
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 410 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
КРЕДИТ 1 | | | Бояғыш дәрілік заттар |