Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шырындар

КРЕДИТ 1 | Тарату материалы | Бояғыш дәрілік заттар | Бюретқалық жүйені қолдана отырып сұйық дәрілік препараттарды (микстуралардың) даярлау технологиясы. | Дебиеттер | Тарату материалы | Тарату материалы | Ерітіндінің атауы және оның Этанол концентрациясы | Тарату материалы | Тарату материалы |


АНЫҚТАМАСЫ

 

Шырындар – кептірілген өсімдік немесе жануар шикізаттарынан алынатын сұйық дәрілік заттар. Шырындар ды дайындау үшін экстракция алдында шикізатты алдын-ала өңдеуден өткізеді, мысалы ұсақтау, майсыздандыру немесе ферменттерді әсерсіздендіру.

 

Шырындар ды мацерация, перколяция немесе басқа сәйкес келетін валидирленген әдістермен қажет концентрациядағы спиртті қолдану арқылы дайындайды.

 

Шырындар қажет концентрациядағы спиртте экстрактарды еріту немесе сұйылту арқылы да дайындалуы мүмкін.

 

Шырындар ды әдетте1 бөлік шикізат пен 10 бөлік экстрагентті қолданып немесе 1 бөлік шикізат пен 5 бөлік экстрагентті қолданып дайындайды. Тұндырмалар әдетте мөлдір болады. Егер құрамында айтарлықтай өзгерістер болмаса, сақтау кезінде азғантай тұнба түзілуіне рұқсат етіледі.

 

 

ӨНДІРІСІ

Перколяция әдісі. Егер қажет болса, шикізатты белгілі өлшемдегібөлшектеге дейін ұсақтайды және сәйкес мөлшердегі экстрагентпен экстракциялайды. Шикізатты көрсетілген экстрагент бөлігімен жақсылап араластырады және белгілі бір уақытқа қалдырады. Одан соң экстракторға салып, шикізаттың сәйкес экстрагент қабатымен толық жабылуын қадағалай отырып баяу перколяциялайды. Қалдықты сығып және алынған сұйықтықты перколяттпен қосуға болады.

 

Құрамын реттеу. Егер қажет болса құрамындағы әсер етуші заттар мөлшерін концентрациясы сәйкес келетін экстрагентті қосу немесе тұндырманы қосу арқылы реттейді.

 

СЫНАУЛАР

 

Салыстырмалы тығыздығы (2.2.5.). Тұндырманың салыстырмалы тығыздығының мәні жеке бапта көрсетілген шекке сай болуы керек.

Этанол мөлшері (2.9.10.). Этанол мөлшері жеке бапта көрсетілген шекке сай болуы керек.

Метанол және 2-пропанол (2.9.11.). Жеке бапта басқа нұсқаулар болмаса метанол 0,05 %-дан (көлем/ көлем) және (көлем/ көлем) 2-пропанол 0,05 %-дан аспауы керек.

Құрғақ қалдық. Тұндырмада құрғақ қалдық мөлшері жеке бапта көрсетілген шекке сай болуы керек.

Диаметрі 50 мм және биіктігі 30 мм болатын өлшенген бюксқа 2.00 г. немесе 2,0 мл тұндырманы құйып, су моншасында құрғағанша буландырады және кептіргіште 100 оС-ден 105о С-ге дейінгі температурада 3 сағат бойы кептіреді. Бюксты эксикаторда фосфордың (V) тотығының Р үстінде суытады және өлшейді. Нәтижені салмақтық процентте немесе литрдегі граммен көрсетеді.

 

САҚТАУ

 

Тығыз жабылған контейнерлерде, жарық түспейтін жерде.

 

ТАҢБАЛАУ

 

Этикеткасында көрсетіледі:

-қандай материал қолданылған

-шырын концентрациясы;

- әсер етуші заттың мөлшері және немесе бастапқы материалдың шырын мөлшеріне немесе бастапқы материалдың алынған тұндырма

мөлшеріне қатынасы.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 125 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дайын өнімнің сапа бағасы| Тарату материалы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)