Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ерітіндінің атауы және оның Этанол концентрациясы

Бюретқалық жүйені қолдана отырып сұйық дәрілік препараттарды (микстуралардың) даярлау технологиясы. | Дебиеттер | Тарату материалы | Тарату материалы | Дайын өнімнің сапа бағасы | Шырындар | Тарату материалы | Тарату материалы | Таблеткалардың технологиясы |


Читайте также:
  1. Азаматтардың» және «жеке тұлғалардың» ара қатынасы. Эмансипация.
  2. Акушерия және гинекология (ЖТД)_каз
  3. Акушерлік және гинекология_каз
  4. Альбуминнің айқын төмендеуі және альфа-глобулиндердің жоғарылауы
  5. Ан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы медициналық көмек
  6. Андай лабораториялық зерттеу әдісі лимфо- және лимфобласттық емес лейкозды диф. Диагностика жасауға мүмкіндік береді ?
  7. Бөлме өсімдіктерінің азалығын сақтау, суару уақыты және жиілігі

концентрациясы. %

 

Solutio Iodi 1%, 2 % 96%

Sol.Hydrogenii peroxydi 1,5 % 96%

Sol.Citrali 1% 96%

Sol.Acidi salicylici 1%, 2 % 70%

Sol.Acidi borici 0.5%, 1-3%, 5% 70%

Sol.Viridis nitentis 1%, 2% 60%

Sol.Methyleni coerulei 1% 60%

 

 

Дәріханаға 95-96% және концентрациясы одан да жоғары этанол келіп түсетіндіктен, оны қажетті күштілігіне (концентрациясына) дейін сумен сұйылту провизор – технологтың міндеті болып табыоады.

Есте сақтау керек, этанолды сумен араластырғанда контракция құбылысы байқалады - әр түрлі құрамды спиртгидраттардың түзілу нәтижесінде бастапқы сұйықтықтардың мөлшерінің қосындысына қарағанда қоспа мөлшерінің азаюы. Бір уақытта жылу бөлініп, қоспаның температурасы жоғарылайды. Сондықтанда 1000мл этанолды және 1000мл суды араластырған кезде 2000мл қоспа емес, ал 1960мл ғана түзіледі. Контракция құбылысын ескере отырып, этанолды сумен қажетті күштілігіне дейін сұйылту алдын- ала есептеуді қажет етеді. Бұл үшін МФ ХІ басылымындағы алкоголеметриялық кестелері қызмет етеді, яғни №3 кесте-200 С-та күштілігі әр түрліспирт алу №4 және №5 – кестелерде – 1л күштілігі 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60, 65, 70, 75, 80, 85, 90 және 95% спирт алу үшін 200 С температура араластыру қажет судың және күштілігі әр түрлі спирттің мл-мен көрсетілген мөлшерлері.

Одан басқа, есептеу үшін сұйылтудың мына формуласын қолдануға болады:

Х=У*В/А

Мұндағы Х-күшті этанол мөлшері, мл;

У-қажетті концентрациядағы этанолдың мөлшері, мл;

А-күшті этанолдың концентрациясы,%;

В-қажетті концентрация,%.

Есептеліп алынған этанолдың мөлшерін өлшеуіш ыдысқа құйып, үстіне қажетті көлемге дейін су қосамыз.Егерде қажетті өлшеуіш ыдыс болмаған жағдайда,этанолды сұйылтуға қажетті судың мөлшерін №35 алкоголеметриялық кесте бойынша есептейді.Мысалы:дәріхананың қоймадан алған 96,5% этанолдан 2 литр 70% этанол дайындау қажет.№5 кестеден (МФ XI) ол үшін 1450,8 мл 96,5% этанолмен 603,6 мл суды араластыру қажет екендігін табамыз.

Дәріханада заттық-сандық есептеу масса бойынша жүргізілетіндіктен,бір мезгілде көлемдік бірліктерді салмақ бойынша қайта есептеуді жүргізеді.

№7 кестені, №434бұйрықтың 8 қосымшасын пайдаланамыз, онда әртүрлі концентрациядағы этанолдың көлемінің массаға сәйкестігін көрсетеді. 1450,8 мл 96,5% этанол 1168,4 грамға сәйкес келетіндігін тауып, ол жайлы этанолды есептеу кітапшасында жазылады.

Осыған ұқсас есептеулерді әртүрлі концентрациядағы этанолда дәрілік зат ерітінділерін дайындау кезінде жүргізіп, нәтижелерін рецепттің артқы бетіне белгілейді.

Дәрілік заттардың этанолдағы барлық ерітінділері салмақ-көлемдік әдіспен дайындалады.

Этанол ерітіндісіндегі дәрілік заттардың атаулары және олардың концентрациясы көп әртүрлілігімен ерекшеленеді.Сол құрғақ заттарды этанолда еріткен кезде,судағы сияқты көлемнің ұлғаюымен бірге жүретіндігін ескеру керек.Дәрілік заттардың біраз мөлшері –жалпы көлемнің 3% кем мөлшері-еріткіштің аз мөлшерін ғана итеріп шығарады. Ол жіберілетін ауытқу нормаларына кіреді.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 170 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тарату материалы| Тарату материалы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)