Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бюретқалық жүйені қолдана отырып сұйық дәрілік препараттарды (микстуралардың) даярлау технологиясы.

КРЕДИТ 1 | Тарату материалы | Тарату материалы | Тарату материалы | Дайын өнімнің сапа бағасы | Шырындар | Тарату материалы | Ерітіндінің атауы және оның Этанол концентрациясы |


Читайте также:
  1. Бояғыш дәрілік заттар

Сұйық дәрілік препараттарды бюреткалық жүйені қолдана отырып, даярлау үшін, өлшегіш құрылғылардың жиынтығы, бюретқалық қондырғыға арналған концентрлі ерітінділер, арнайы есептеулерді қолдану керек.

Бюреткалық қондырғыға арналған концентрлі ерітінділерді даярлау. Бюреткалық қондырғыға арналған концентрлі ерітінділерді даярлау МФ Х1 көрсеткіштерімен регламенттеледі және “Сұйық дәрілерді салмақ – көлемдік әдіспен дайындау инструкциясымен” (бұйрық________). Бюреткалық қонлырғыға арналған концентрлі ертінділерді салмақ көлемдік концентрациямен дайындайды. Жазылған рецептке қарай, бұл дәрілік заттардың ерітінділері шектелген көп концентрацияда және мөлшерде болады (1 л -ден 5 л – ге дейін). Ерітінділердің мөлшері дәріхананың қажеттілігімен анықталады. Құрғақ заттан даярланған микстурамен салыстырғанда, концентрлі ерітінділерді қолданудың бірнеше артықшылықтары бар: дайын дәрілік препараттардың сапасының жоғары болуы, өйткені концентрлі ерітінділерге сандық анализ жүргізуге болады және керек болған жағдайда оларды күшейтеді және сұйылтады; ассистент жұмысын жеңілдетеді; ауруға дәрілік препараттарды босатуды тездетеді, сонымен қатар еңбек өнімділігін жоғарылатады. Концентрлі ерітінділердің номенклатурасын дәріхана рецептурасының жеке сұраныстарымен анықтайды. Конценртлі ерітінділерді даярлағанда қаныққан концентрация алуға болмайды, өйткені ерітініді температурасы төмендегенде еріген зат тұнбаға түседі. Рецепт қажеттілігі бойынша көп көлемде даярлануына байланысты, ерітітнілерді бірнеше уақыт бойы дәріханады сақтайды. Ерітінділерде микроорганизмдер көбеймес үшін, оларды асептикалық жағдайда, жаңа айдалған тазартылған суда даярлау қажет. Ерітінділерді сақтауға арналағн ыдыстармен көмекші материалдарды алдын-ала стерильдейді. Ерітінділерді фильтрлейді және температурасы 18-22 °С болуы керек, жарықтан сақталған жерде, жақсы жабылған шыныларда сақтайды. Шыныларды ерітінді аты жазылған этикетка, оның концентрациясы, серия номері, даярланған күні және анализ номері болу керек. Егер ерітіндіні сақтау кезде түсі бұзылса, лайланса, үлпек пайда болса және т.б. өзгерістер байқалса, онда ерітінді жарамсыз болады.

Ерітінділердің сақталу мерзімі «Инструкцияда» жазылған. Егер ерітінді ортасы микроорганизмдердің көбеюіне қолайлы болса, онда оның саөқталу мерзімі үлкен емес, мысалы: 5% және 20% глюкоза ерітіндісінің сақталу мерзімі 2 тәулік, ал глюкоза ерітіндісінің концентрациясын 40% және 50%-ке дейін жоғарылатсақ, онда оның сақталу мерзімі 10 тәулік болады, өйткені ерітіндінің осмостық қысымын көтерсек ол, микроорганизмдердің өмір сүру жағдайын төмендетеді.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 348 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бояғыш дәрілік заттар| Дебиеттер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)