Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтері.

Инвестициялық институттар мен олардың негізгі функциялары. | Инвестиция көздері мен экономикалық өсудің арасындағы байланыс. | Азақстан Республикасының инвестициялық саясатына баға беру: артықшылықтары мен кемшіліктері. | Аталған жоспарлар бойынша ЖІӨ өсу динамикасы | Мемлекет реттейтін факторлар. | Мемлекет реттемейтін факторлар. | ОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. |


Читайте также:
  1. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.
  2. Арым-қатынасқа жалпы сипаттама.
  3. Ауыз судың сынақтарының таңдау, тасымалдау және сақтауы
  4. Бұйрық, өкім, бұйырым. Оларды беру, орындау және бақылау тәртібі. Әскери қызметшілердің бастамасы
  5. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары
  6. Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар.
  7. Бригада (1-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары

«Инвестиция» термині экономикалық сөздіктерде жаңа термин болып саналады. Бұрынғы экономикалық ғылымда негізгі фондтар бойынша жұмсалған біруақыттағы шығындар болып саналған «капитал салымы» ұғымы кең қолданыс тапқан.

«Инвестиция» термині нарықтық экономикаға өту барысында пайда болды, алайда экономиалық әдебиеттерде бірыңғай ұғымын тапқан жоқ.

Инвестициялаудың бір көзі – шетел капиталы болғандықтан, оның түсінігін ашу үшін әртүрлі авторлардың берген анықтамаларына қысқаша тоқталған жөн.

Күнделікті өмірде кез келген салымдар инвестиция ретінде түсініліп келеді. «Приватизациялау және инвестициялаудың портфелі» атты жинақтың авторы былай деп жазады: «Инвестиция ұғымы қысқа немесе ұзақ уақытта пайда табу мақсатында қаржы ресурстарының әртүрлі активтерге салынумен байланысты құбылыстарға қолданылады. Инвестициялық іс-әрекеттің объектілері болатын активтердің болмысына байланысты инвестициялардың материалды активтерге немесе реалды капитал және материалдық активтерге емес салынатын түрлері ажыратылады».

«Шетел инвестициялары жайлы» отандық заңда былай делінген: «Инвестициялар – бұл барлық мүліктік игіліктер мен оларға деген құқық, сонымен қатар, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік объектілеріне инвесторлардың салатын интеллектуалды меншікке деген құқығы. Алайда, экономикалық көзқараста интеллектуалды меншікке деген құқық материалды байлықты көбейтумен тікелей байланысты емес. Бұл жерде меншікке деген заңды акт жайлы немесе меншіке құқығын беру жайлы сөз етіліп отыр.

Нақтырақ анықтама «Инвестициялық-қаржылық портфель» кітабында берілген: «Инвестициялар – капиталды қайта қалпына келтіруге (қолдауға, кеңейтуге) бағытталған қаржы көздерінің шығыны».

Кейнс инвестициялық процесті былай сипаттайды:

«Инвестициялар – бұл белгілі бір уақыттағы өнеркәсіптік әрекетінің нәтижесінде пайда болатын ағымдағы капитал құндылығының өсімшесі, немесе белгілі уақыттағы табыстың пайдаланылмаған бөлігі.

Фельзенбаумның айтуынша: «Инвестицияларды «капитал салымы» ұғымына жақын реалды инвестициялар деп және «қаржылық» (портфельді) инвестициялар, яғни акция, облигацияларға және де басқа құнды қағаздарға салынған салымдар, деп бөлуге болады».

 

Инвестицияларға жататындар:

· Қаржы көздері, банктік салымдар, акциялар және басқа да бағалы қағаздар;

· Жылжыйтын және жылжымайтын мүлік (ғимараттар, құрал-жабдықтар, және басқа да материалды игіліктер);

· Авторлық құқықтар, жерді қолдану құқығы;

· Меншіктік құқытар, тәжірибе және басқа да интеллектуалды игіліктер;

 

Инвестициялаудың негізгі объектілері:

· Жаңа құрылып жатқан, реконструкторланып жатқан және кеңейтіліп жатқан негізгі фондтар және де барлық шаруашылықтағы айналым көздері;

· Бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және т.б.);

· Қаржылық салымдар;

· ғылыми-техникалық өнім және басқа да меншік объектілері;

· меншік құқығы және интеллектуалды меншік құқығы;

 

Нарықтық экономика жағдайында инвестициялық сұраныстың 2 түрі ажыратылады:

1) потенциалды сұраныс;

2) нақты сұраныс;

Потенциалды сұраныс, кей кезде оны формальді деп атайды, инвестициондық потенциал, яғни болашақ инвестициялауға ниет болып табылады. Сұраныстың бұл түрі әдетте жеке және заңды тұлғалардың берілген бір уақыт мерзімдегі табысты иелене тұрғандағы оны қорлану мен көбеюге жұмсауға қызығушылығы тумаған жағдайларда пайда болады.

 

Инвестициялық іс-әрекеттің субъектілері мыналар:

· инвесторлар;

· атқарушылар;

· инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін пайдаланушылар;

· қаржыландырушы және несиелендіруші банктер;

· Қазақстанның және сонымен қатар, шетелдердің жеке және заңды тұлғалары;

 

Инвестициялық сфераның құрамына мыналар кіреді:

1) Капиталды құрылыс сферасы;

2) Ғылыми-техникалық өнім мен интеллектуалды потенциал жүзеге асатын инвестициялық сфера;

3) Қаржы капитал айналымының сферасы;

4) Инвестициялық іс-әрекеттің субъектілерінің мүліктік құқығы жүзеге асатын сфера;

 

 

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 302 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
КІРІСПЕ.| Инвестициялардың жіктелуі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)