Читайте также: |
|
Елдің инвестициялық саясаты дегеніміз инвестициялық процесті ұйымдастырып жүзеге асыратын стратегия мен тактикаларды іске асыруға бағытталған шаралардың жиынтығы.
Елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына бағытталған инвестициялық саясат келесідей жүзеге асады:
· Инвестициялық бағдарламаларға сай;
· Мемлекеттік инвестицияларды, бюджеттік ассигнациялауды және бюджеттен тыс қорларды тікелей басқарумен;
· Дифференциалданған проценттік ставкалар мен жеңілдіктердің енгізілуі арқылы;
· Экономиканың шынайы жағдайына қарай (бұрынғыдай «жеті ағайынға жеті тұлпардан» деген принцип бойынша емес, себебі соның нәтижесінде аяқталмаған құрылыстың өсуі, капитал салудың тоқтауы белең алған) өлшенген қаржылық, бағалық және несиелік саясаттың жүргізілуімен;
· Инвестициялық жобаларды анализдеумен.
Мемлекетаралық масштабтағы құрылымдық-инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары:
· Экономиканың мемлекетаралық интеграциясы (Еуразиялық одаққа ену);
· Инвестициялық саясатты жүргізу мен жетілдіруде әріптестікті ұйымдастыру;
· Нарықтық шаруашылыққа бейімделген құрылымдық-инвестициялық қайта құру;
· Көпшілікті қызықтыратын, перспективалық жобаларды іске асыратын өндірістік кооперация;
· Инвесторларды тәуекелден қорғау (гарантиялар, сақтандыру, залог және т.б.);
· Нарықтық экономикаға сай кадрларды дайындау жұмысының тиімділігін арттыру және т.б. /1/
Инвестициялық мақсаттарға арналған мемлекеттік бағалы қағаздар немесе мемлекеттік инвестицилық бағалы қағаздар жинақтаушы зейнетақы қорлары, сақтандыру ұйымдары, басқа да институционалдық инвесторлар арасында орналастырылатын болады, сондай-ақ почта-жинақтау жүйесінің қаражатын шоғырландырады. Аталған бағалы қағаздар капитал мен ол бойынша табыстарды жоғалтудың мейлінше төмен қатеріне байланысты ең тартымды қаржы құралдарының бірі бола алады. Бұдан басқа, жаңа қаржы құралдарының пайда болуы қайталама қаржы нарығын жандандырады. Мемлекеттік емес корпорациялық бағалы қағаздардың дамуына қарай мемлекеттік инвестициялық бағалы қағаздар айналысы қысқаратын болады.
Ұлттық қордың қызметі мемлекеттік негізгі шикізат ресурстарын әзірлеу, өндіру және экспорттау жөніндегі қызметінен түсетін үстеме табысын шоғырландырудан және оларды әлемдік қаржы нарықтарында одан әрі инвестициялаудан тұратын болады. Ұлттық қор қаражаты әлемдік қаржы нарықтарында бағалы қағаздардың кең әртараптандырылған қоржынында инвестицияланатын болады. Кәсіпорындарды инвестициялау мен кредиттеуді Мемлекеттік кредиттік дамыту ұйымдары (МКДҰ) тікелей жүзеге асыратын болады.
МКДҰ – бұл мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыруға ықпал ететін мамандандырылған мемлекеттік институттар. Даму бюджетінде шоғырланған қаражат оларды бұдан былай нақты кешенді бағдарламаларға салу үшін.
Қазақстан Республикасының Үкіметі басты назарды инвестицияның сапасына бөлу қажет деп санайды. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды шарты болып республикадағы соңғы жылдардағы жоғарғы инвестициялық белсенділік көрсетіледі.
Негізгі капиталға инвестициялардың тартылу индексі (тұрақты бағалар бойынша)
өткен жылмен салыстырғандағы пайыздық көрсеткіштермен
Қазақстан | 110,6 | 116,6 | 123,1 | 134,1 | 111,1 |
Ресей | 112,5 | ||||
Украина |
/10/
Осы статистикалық көрсеткіштерге қарағанда Қазақстанға инвестицияларды тарту деңгейі 2002-2005 жылдар арасында өсу тенденциясына ие болып, 2006 жылы көптеген жағдайларға байланысты төмендеген. Ресей мен Украинамен (бірде өсіп, бірде кеміген) салыстырғанда Қазақстан көрсеткіштері бірқалыпты өскен. Яғни, оларға қарағанда Қазақстанның инвестициялық іс-әрекетінде, соған байланысты инвестициялық саясатын жүргізуде тұрақтылық болғандығын дәлелдейді.
Миллион теңге | |||
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі | |||
Соның ішінде: | |||
Ауыл шаруашылығы, аңшылық, орман шаруашылығы | |||
Балық шаруашылығы, балық аулау | |||
Тау-кен өндірісі | |||
Өңдеу өнеркәсібі | |||
Электроэнергияны, газды бен суды өндіру және бөлу | |||
Құрылыс | |||
Автомобильді, тұрмыстық заттарды және жеке тұтыну заттарын сату, жөндеу | |||
Қонақ үй және мейрамханалар | |||
Көлік және байланыс | |||
Қаржылық іс-әрекет | |||
Жылжымайтын мүлік бойынша операциялар, қызмет көрсетуді ұсыну мен жалға беру | |||
Мемлекеттік басқару | |||
Білім беру | |||
Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсетулер | |||
Коммуналды, әлеуметтік және персоналды қызметтерді ұсыну | |||
Проценттік нәтиже | |||
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі | 100,0 | 100,0 | 100,0 |
Соның ішінде: | |||
Ауыл шаруашылығы, аңшылық, орман шаруашылығы | 2,0 | 1,7 | 1,1 |
Балық шаруашылығы, балық аулау | 0,0 | 0,0 | 0,0 |
Тау-кен өндірісі | 27,0 | 22,3 | 22,8 |
Өңдеу өнеркәсібі | 11,8 | 10,9 | 10,6 |
Электроэнергияны, газды бен суды өндіру және бөлу | 1,6 | 1,4 | 1,4 |
Құрылыс | 8,9 | 12,3 | 12,6 |
Автомобильді, тұрмыстық заттарды және жеке тұтыну заттарын сату, жөндеу | 5,2 | 4,7 | 4,4 |
Қонақ үй және мейрамханалар | 0,5 | 0,3 | 0,3 |
Көлік және байланыс | 11,4 | 8,1 | 8,3 |
Қаржылық іс-әрекет | 1,0 | 1,3 | 1,6 |
Жылжымайтын мүлік бойынша операциялар, қызмет көрсетуді ұсыну мен жалға беру | 17,8 | 25,3 | 23,4 |
Мемлекеттік басқару | 11,2 | 10,6 | 12,0 |
Білім беру | 0,5 | 0,4 | 0,4 |
Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсетулер | 0,3 | 0,2 | 0,3 |
Коммуналды, әлеуметтік және персоналды қызметтерді ұсыну | 0,8 | 0,5 | 0,8 |
/10/
Қарап отырсақ, жалпы инвестициялардың негізігі капиталға тартылуының көлемі өсіп келеді. 2004 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2005 жылы еліміздің негізгі капиталына инвестициялардың салынуы 717292 млн. теңгеге артып отыр.
1) Екінші кезең (2004-2008 жылдар) – сапалы өзгерістерге бастама жасау, өнеркәсіп аппаратының жаңаруы және жаңа салалар мен өнеркәсіптің қалыптасу кезеңі. Болжамдар бойынша, экономиканың өсуі 4-5% мөлшерінде байқалады;
2) Үшінші кезең (2009-2015 жылдар) – экономиканың жедел даму кезеңі. отандық өсу көрсеткіші 7-8% көлемінде. Көбінесе, мұнай өндіру саласынан түскен табыстар есебінен экономикамыз дамымақшы.
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 160 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Инвестиция көздері мен экономикалық өсудің арасындағы байланыс. | | | Аталған жоспарлар бойынша ЖІӨ өсу динамикасы |