Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекет реттемейтін факторлар.

КІРІСПЕ. | Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтері. | Инвестициялардың жіктелуі. | Инвестициялық институттар мен олардың негізгі функциялары. | Инвестиция көздері мен экономикалық өсудің арасындағы байланыс. | Азақстан Республикасының инвестициялық саясатына баға беру: артықшылықтары мен кемшіліктері. | Аталған жоспарлар бойынша ЖІӨ өсу динамикасы |


Читайте также:
  1. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.
  2. Дінтану» пәнінен мемлекеттік емтиханның сұрақтары
  3. Мемлекет реттейтін факторлар.
  4. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары
  5. Мемлекеттік жастар саясатын институционалды дамыту

Табиғи ресурстар. Табиғи ресурстардың молдығы мен жол ашықтығы шетел инвесторларын қызығушылығына әсер етпей қоймайды.

Жаңа рыноктарға деген қол жетерлік жаңа инвесторларды қызықтырады. Әдетте, елдің ішкі тұтыну нарықтары инвесторлар үшін өте маңызды фактор болып табылады.

Елдің технологиялық даму деңгейі. Шетел инвесторларын сонымен қатар, елдегі жоғары технологияның болуы, ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік-конструкторлық потенциал және ресурстар қызықтырады.

Жеке қорлардың деңгейі. Бұл қорлар тұрақты қаржыландыру көзі ретінде қызмет атқаруы мүмкін.

Кәсіпкерліктің дамуы. Кейде жеке сектордың дамуы нашар елдерде кәсіпкерлерге деген «тапшылық» тууы мүмкін.

Мамандырылған кадрлардың бар болуы. Бұндай кадрларсыз күрделі инвестициялардың болуы мүмкін емес.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы. БАҚ-ы кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы климат құруда маңызды орын алады. Пресса мен телевидениенің жақсы жұмысы халықпен байланысты орнатып, оларға елдегі көптеген жағдайлар жайлы мәлімдейді.

Транспорттық қызмет көрсетудің дамуы. Көп жағдайларда инвестор транспорттық проблемалармен (жүк және өнім тасымалы) жиі кездеседі. Ал транспорт рыногындағы бәсекелестіктің болуы ол үшін бағалы факторлардың бірі.

Адам ресурстарының өнімділігі. Қазіргі таңда көптеген елдердегі жұмысшылардың өнімділігінің статистикалық көрсеткіштері берілген. Инвесторлардың көпшілігі осы көрсеткіштерді басшылыққа алады.

Кәсіподақтардың болуы және олардың өнеркәсіпке қатысуы. Кәсіподақтардың жағдайы – бұл инвесторлар үшін маңызды фактор.

Инвестицияланатын капитал пайдасы.

1. Инвестициялық іс-әрекеттің кепілі.

2. Нарық айналымындағы үлесі.

3. Бюрократия

 

Инвестормен бағаланатын факторлардың 2 тобы бар: ішкі және сыртқы.

1. Ішкі факторлар:

а) орналасуы;

ә) технологиялық процесс;

б) өнеркәсіптің технологиялық қуаты;

в) басқару/ кадрлар;

г) қаржыландыру;

д) шығындар мен табыстар құрылымы;

е) пайда әкелушілігі;

ж) қоршаған ортаға әсері.

 

Қорытынды

Қазақстан ТМД елдер арасында экономикалық өсу қарқыны жағынан топ жарып, алдыңғы орындардың бірінде келеміз. Мұндай жетістікке жетуде шетелдік инвестицияларды тартудың алатын орны орасан зор. 2000 жылдан бастап қаржы жағынан еңсесін көтерген отандық кәсіпорындар кейбір салалар бойынша қатаң бәсеке жолына түсті. Жоғарыда айтқандай, Қазақстан бұрын тек шикізатты экспорттаған ел болса, енді қазіргі кезде бұл қаржыны өңдеу сферасына жұмсауды жүзеге асыра бастады. Бірақ қазіргі таңда альтернативті жолдардың арқасында инвестицияны тартудағы бұрын көз жұмған жетіспеушіліктерге орын бермеу керек. Инвестициялық саясатты қатаң бақылауға, әкімшілік ақпаратты дұрыстауға, құқықтық режимді реттеуге ықыласымызды аударуымыз керек.

 

Біздің инвестициялық ахуалымыз неғұрлым қолайлы болып тұрса да, Қазақстан тартылған шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшін бізге саяси ерік-жігер мен нақты іс-қимыл қажет. Көріп отырғанымыздай, елдегі инвестициялық климатты неғұрлым шетел инвесторының қызығушылығын арттыратындай етіп қалыптастыру елге шетел капиталының барынша кең көлемде тартылуына басты негіз болады. Осыған байланысты еліміздің экономикалық субъектілері мен объектілерінің арасындағы оңтайлы және үйлесімді байланысты қамтамасыз етуіміз керек. Бұл міндетті орындауда инновациялық жаңашылдықты, «ноу-хау» жетістіктерін пайдаланудың алатын орны зор. Яғни, шетел инвестицияларын тарту кезінде мемлекетіміздегі барлық қоғамдық даму көрсеткіштеріне дем беріп, заманауи тенденцияларға сәйкес қайта құруымыз керек.

Ендеше қарап отырсақ, ел Президенті өзінің 2008 жылы Қазақстан халқына жолдауында ашып көрсеткендей, Қазақстандағы инвестициялық саясаттың реформаланып, либерализациялауына қол жеткізу үшін елдің халықаралық аренадағы орнына әсер ететін барлық экономикалық, саяси, әлеуметтік тетіктерді жаңартып, біртұтас организмдей жұмыс істеуін қамтамасыз етілуіне қолайлы жағдайлар жасау қажет.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 119 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мемлекет реттейтін факторлар.| ОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)