Читайте также:
|
|
Инвестициялардың көздерінің жалпы құрылымын қарастырайық.
Экономикалық теорияда инвестициялардың көздерін классификациялау оның негізіне салынған белгілерге байланысты. Осыған байланысты, инвестиция көздерінің негізгі мағынасынан шығатын болсақ, онда инвестициялық шығындарды келесідей бөлуге болады:
· тозған құрал-жабдықтардың орнын толтыруға бағытталған амортизациялық шығындар;
· ғимарат пен мекемелерге кеткен шығындар;
· физикалық капиталды кеңейтетін, яғни экономикалық өсуге әсер ететін таза инвестициялар.
Инвестициялардың экономикалық көздері:
Ø амортизациялық фонд;
Ø халық шаруашылығының таза жинақтары (кәсіпорындардың пайдасы, бюджеттің тікелей табысы);
Ø тұрғындардың жинақтары;
Ø ұлттық байлықтың элементтері (резервтік, сақтандырушылық және басқа да ұқсас фондтар, негізгі ресурстарды және қорлардағы тауарлы-материалды құндылықтарды жүзеге асырудан түскен пайда);
Ø несиелік ақшаның эмиссиясы;
Ø шетел капиталы.
Инвестициялардың ұйымдастырушылық – қаржылық белгілері бойынша көздері:
Ø кәсіпорындардың өзіндік жеке ресурстары (амортизациялық төлемдер, істен шыққан мүлікті жүзеге асырудан түскен түсім, ішкі активтердің мобилизациалануы (жұмылдырылуы), бөлінбеген табыс және де басқа қаржы жинақтары);
Ø заемді ресурстар (банктердің несиелері, қаржылық-инвестициялық құрылымдардың ссудалары, кәсіпорындардың бағалы қағаздар эмиссиясын орналастырудан қалыптасқан ресурстар, кредиторларға деген қарыздар);
Ø орталықтанған ресурстар (қайтарылмайтын бюджеттік ассигнациялар және жеңілдетілген мемлекеттік инвестициялық несиелер);
Ø шетел инвестициялары (уставты фондтарға салынған салымдар, кәсіпорындардың акцияларын сатып алулары, шетел банктері мен халықаралық қаржылық ұйымдардың несиелері);
Ø жеке азаматтардың ресурстары;
Өндірістік инвестициялық ресурстарға несие ақшаларының эмиссиясы мен шетел капиталын қоспағандағы капитал салудың барлық экономикалық көздері жатады. Осы қаржылық ресурстар жиынтығының қалыптасуы өндірілген жалпы ішкі өнімге сәйкес экономикада бар ақша массаларын тұтыну қоры мен жинақтау қоры арасында бөлумен байланысты.
. Мысалы, Э. Горбунов инвестициялық белсенділіктің негіздерін қалыптастырғанда қаржыландыру көздерін іздеу проблемаларын қарастырады. Бұндай инвестициялық көздердің қатарына мыналарды жатқызады:
· инвестициялық кешен кәсіпорындарының өндірістік қуатын пайдалану;
· инвестициялық жобаларға банктік капиталды тарту;
· приватизациялау мен инвестициялау процестері арасындағы байланысты нығайту;
· инвестициялау мақсатында бюджеттен тыс қорлардың, қоғамдық ұйымдар мен халықтың қаражатын кеңінен тарту;
· макроэкономикалық реттеудің бірыңғай жүйесі бар аймақтардың деңгейінде инвестициялық-құрылыстық кешен жүйесін қалыптастыру және т.б. /3/
Алайда, барлық қарастырылған инвестиция көздері классификацияларының ішінде шетел капиталы негізгі де маңызды орны алады. Бұл оның көлемдері мен әлемдік экономикалық дамудағы алатын орнына байланысты.
А тобына бір немесе бір топ объектілерімен байланысты тек экспорттаушы елдерден ғана тауар мен қызмет көрсетуді сатып алу шарттарымен бөлінген несие деп түсінілетін экспорттық несиелер жатады. Олар екі формада болады: инвестициялық және тауарлық несиелер. Инвестициялық несиелер үш жыл мерзімге технология мен құрал-жабдықтардың жеткізілуі мақсатында беріледі. Ал тауарлық несиелер үш жыл мерзімге дайын тұтыну өнімдерін, саймандар мен құрал-жабдықтарды жеткізу шартымен беріледі.
Бұларға қоса, Қазақстанда инвесторлармен туындайтын дауларды халықаралық арбитражды органдарда шешу мүмкіндігі қарастырылған: ИКСИД (Инвестициялық дауларды реттеу орталығы); ЮНСИТРАЛ (БҰҰ арбитражды органы); Стокгольм қаласы сауда палатасының арбитражды институты./5/
Аталған заңдардың ішінде Қазақстан Республикасының «Шетел инвестициялары жайлы» арнайы заңының алатын орны басым.
Бұл заңда инвестициялық әрекеттің логикалық және функционалды ретімен Қазақстандағы шетел инвестицияларының қызмет ету, реттелу принциптері мен әдістері баяндалған. Олардың негізгілеріне тоқталайық. «шетел инвестицияларының объектілері» ұғымына келесідей түсіндірме берілген: «шетел инвестициялары ҚР заңды актілерімен тиым салынбаған кез-келген объектілер мен іс-әрекет түрлеріне салына алады».
Шетел инвестициялық іс-әрекетінің субъектілері келесілер бола алады:
· шетел заңды тұлғалары (компания, фирма, ұйым, кәсіпорын, ассоциация және т.б.);
· шетел азаматтары, азаматтығы жоқ азаматтар, шетелде тұрақты тұрғылықты орны бар Қазақстан Республикасының азаматтары;
· шетел мемлекеттері;
· халықаралық ұйымдар;
Бұл арқылы шетел субъектілеріне Қазақстанның инвестициялық саласында кең, шексіз мүмкіндіктер берілгенін көре аламыз.
Осы заңда шетел инвесторларына қорғаушылық шаралары мен мемлекет кепілдіктерінің берілуі көрсетілген. Оған қоса:
· қолайлы заңды режим;
· ел экономикасының приоритетті аймақтарындағы қосымша экономикалық жеңілдіктер;
· заңды және саяси жүйеде мүмкін болатын өзгерістерден шетел инвестицияларын қорғау кепілдіктері;
· шетел инвестициялық несиелердің мерзімді қайтарылуына Үкімет пен
.
Жағымды климат құру мақсатында елде басқа да жеңілдіктер мен кепілдіктер бар:
· Мемлекеттік органдар мен шенеуніктердің заңсыз әрекетінен қорғау;
· Шетел инвесторының кінәсінен тумаған залалдарды комписациялау мен орнын толтыру;
· Өз табысын, өзінің валюталық қаражатын еркін қолдануына кепілдіктер және т.б.
Бұл заңда, сондай-ақ, келесі мәселелер қарастырылған:
· Шетелдіктердің қатысуымен жүмыс істейтін кәсіпорындардың құрылу мен ликвидация тәртібі;
· Тіркелу мен лицензиялау тәртібі;
· Жеңілдетілген кедендік салықтар;
· Бухгалтерлік есеп, еңбек қатынастары мен дауларды шешу сұрақтары.
Госткоминвесттің негізгі міндеттері:
· Республика экономикасының приоритетті секторларында жағымды инвестициялық климатты қалыптастыруда мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
· Отандық және шетелдік озық технологиялар мен ноу-хауды енгізуге қолдау көрсету;
· Отандық тауар өндірушілерді қолдау мен ынталандыру;
· Ішкі нарықтың жоғары сапалы тауарлармен, қызмет көрсетулермен параллельді толығуы мен экспортты бағдарланған және импортты ауыстырымды өндіріс дамуы;
· Шикізат базасын кешенді және рационалды пайдаланылуы;
· Менеджмент пен маркентингтің заманауи тәсілдерін енгізуге тікелей қатысу мен қолдау;
· Инвестициялық салада кадрлардың үздіксіз оқуы, біліктілігін жоғарылатуы параллельді жүре алатын жаңа жұмыс орындарын құру.
Негізгі функциялары:
· Инвестициялық саладағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мен жүргізу жөніндегі ұсыныстарды қамтамасыз етеді;
· Экономиканың маңызды секторлары бойынша инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды жасауға қатысады;
· Инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды зерттеу мен эксперттелуін ұйымдастырады және оның іске асуы бойынша шаралар қабылдайды;
· Инвестициялық климатты, тікелей инвестициялардың тартылуы мен тиімді пайдалануын жақсарту мақсатында ҚР заң жүйесіне ұсыныстар жасайды;
· Қазақстан Республикасының орталық және аймақтық атқарушы органдарының, дипломаттық миссиялар мен шаруашылық субъектілерінің жұмысын үйлестіреді және т.б. /1/
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 479 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Инвестициялық институттар мен олардың негізгі функциялары. | | | Азақстан Республикасының инвестициялық саясатына баға беру: артықшылықтары мен кемшіліктері. |