Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Инвестициялық институттар мен олардың негізгі функциялары.

КІРІСПЕ. | Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтері. | Азақстан Республикасының инвестициялық саясатына баға беру: артықшылықтары мен кемшіліктері. | Аталған жоспарлар бойынша ЖІӨ өсу динамикасы | Мемлекет реттейтін факторлар. | Мемлекет реттемейтін факторлар. | ОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. |


Читайте также:
  1. Азақстан Республикасының инвестициялық саясатына баға беру: артықшылықтары мен кемшіліктері.
  2. Азіргі идеологияның негізгі түрлері.
  3. Бактерия идентификациясына арналған негізгі биохимиялық тесттер.
  4. Мембраналы фильтрация негізгі әдіс.
  5. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары
  6. Серпімді режим теориясының негізгі формуласы қай формуламен анықталады

Инвестициялық жобаларды қаржыландыратын компаниялар, фирмалар, корпорациялар, фондтар, банктар мен басқа да субъектілер инвестициялық институттар деп аталады.

Бұл институттар құрамында салыстырмалы шектелген объектілерге тура инвестициялар салатын 3 топты ажыратып көрсетуге болады:

1) Холдингтік компаниялар типтес акционерлік қоғамдар;

2) Қаржылық топтар;

3) Қаржылық компаниялар.

Акционерлік қоғам өз капитал есебінен басқа субъектілердің акциялық пакетін олардың үстінен заңды және экономикалық бостандықтарын сақтай отырып бақылаушылық, қаржы-несиелік және басқа функцияларды орнату мақсатында сатып алады. Ол әдетте, кәсіпорындардың реттеуші акция пакеттерін иеленген қаржылық топтар үшін бас басқарушы ұйым болып табылады және реттеушілік функциялар бойынша маманданады.

Қаржылық топ акционерлік қоғамнан оның бас ұйымының болмауымен, ал қаржылық компаниялар өзі қаржыландыратын корпорациялардың бақылаушы акциялар пакетін иеленбеуімен ерекшеленеді. Ал қалған функциялары бірдей деп айтуға болады.

Инвестициялық институттар ретінде аталған қорлар инвесторлардың қаржылық құралдарының мобилизациялауы, және олардың (қаржылардың) қор атынан бағалы қағаздарға салым салынуы, сонымен қатар, белгілі жағдайларға байлансты банктерге инвестиция салынуы арқылы әрекет етеді.

 

· Операциялардың жасалу тәртібі;

· Мобилизацияланған құралдар салымдарының нақты бағыттары;

· Қордың банктермен қарым-қатынасы

· Басқару аппараты мен әкімшіліктің қордың акционерлері алдындағы жауапкершілік шарттары;

· Активтер құнының есептеуінің бекітілген ережелері және т.б.

 

Инвестициялық институттар тек арнайы ицензия алғаннан кейін және келесі талаптар орындалған кезде ғана бағалы қағаздар нарығында өмір сүре алады:

· Штатта сәйкес квалификацияланған мамандардың (сәйкес аттестаты бар) болуы;

· Инвесторлар алдындағы материалды жауапкершілігін атқару үшінөзіндік капиталдың минималды көлемінің болуы;

· Бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларды дәл және де нақты көрсететін есептеу мен есеп беру жүйесінің ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

 

Бұл бөлімнің басында айтылғандай, инвестициялық институттарға инвестициялық жобаларды қаржыландыратын банктер де жатады. Бұлардың ірілерін халықаралық масштабта қарастыруға көшейік. Бұл инвестициялық институттарға жататындар:

Ø Әлемдік Банк;

Ø Халықаралық валюта қоры;

Ø Еуропалық реконструкция және даму банкі;

Ø Азиалық даму банкі;

 

Қазіргі кездегі өзінің іс-әрекетінде Әлемдік банк келесі негізгі функцияларды жүзеге асырады:

· Қаржылық-кредиттік ресурстары мен кеңесберушілік қызмет көрсетулері арқылы экономикалық артта қалған елдердің дамуына көмек көрсетеді;

· Дамушы елдерге инвестициялық жобалар мен даму бағдарламаларына ұзақуақытты несие беру арқылы көмек көрсету;

· Жан басына шаққандағы 1,2 млрд. АҚШ долларынан кем емес жалпы ұлттық өнімі (ЖҰӨ) бар елдерге арнайы қаржылық көмек көрсету.

 

Әлемдік банктің инвестициялық белсенділігі үшін ең приоритетті объектілер:

· өндіріс саласындағы жобалар;

· ауылшаруашылық саласындағы жобалар;

· энергетика саласындағы жобалар;

· көлік және коммуникация саласындағы жобалар;

· қала шаруашылығы саласындағы жобалар;

· сумен қамтамасыз ету саласындағы жобалар;

· білім беру саласындағы жобалар;

· денсаулық сақтау саласындағы жобалар.

 

Техникалық қызмет көрсету ретінде Әлемдік банкпен келесі қызмет көрсету категориялары қаржыландырылады:

· инженерлік-кеңес берушілік, соның ішінде техникалық мүмкіншіліктерін және инвестициялық жобалардың экономикалық мақсаттылығын анализдеуге кеткен шығындарды;

· қабылданған саясатты бағалау мен ұйымдастырушылық құрылымның анализін өзіне қосатын әкімшілік-ұйымдастырушылық көмек;

· басқару аппаратының ұйымдастырылуын жетілдіруде және техникалық дайындықта қолдау көрсету.

 

Жоғарыда айтылғандай, Халықаралық қаржылық корпорациясының (ХҚК), Әлемдік банктің құрамында бола тұрса да, заңды және қаржылық дербестігі бар. Ол 1956 жылы жеке меншік секторының экономикасының дамуына қолдай көрсету мақсатында құрылған. Бұл инвестициялық-қаржылық институт халықаралық банктік капиталды тарта отырып, халықаралық масштабтағы инветорлардың ең ірілерінің бірі болып табылады. Оның салымшылары – әлемнің 140-тан астам елдері.

 

 

ХВҚ-ның негізгі функциялары:

· Халықаралық валюталық жүйені бақылауды жүзеге асыру;

· Мүше-елдердің ұлттық валюталарының тұрақты болуына қолдау көрсету;

· Есептік баланстық жағдайы ауыр мүше-елдерге кредиттік ресурстар арқылы көмек көрсету;

· Есептік баланстық жағдайы ауыр мүше-елдердің қорларын жоғарыда айтылған квоталардан алу арқылы толтыру.

 

Өзінің мүшелеріне қаржылық-кредиттік көмек көрсетумен қатар, ХВҚ оларға Вашингтон қаласындағы арнайы институт – ЭДИ-дің (экономикалық даму институты) бар болуымен де көмектеседі. Мұнда ХВҚ мүше-елдері техникалық және ағартушылық көмектің каналдары арқылы нарықтық экономикадағы орын алған жағдайлар жайлы кеңес пен консультациялар ала алады.

Инвестициялық институттардың ішіндегі салыстырмалы жаңа институт – 1991 жылдың сәуір айынан бастап жұмысын бастаған Еуропалық реконструкция және даму банкі (ЕРДБ). \

Банктің приоритетті бағыттары:

· Үлестік инвестициялық салымдар;

· Кеңес берушілік қызмет көрсету;

· Демократиялық институттарының дамуы мен экономиканың нарықтық жағдайларға бағыт алуымен байланысты инвестициялық жобаларды іске асыру мен экономикадағы жеке меншік сектордың дамуы үшін несие бөлу.

Әдетте 5 млн. экюден аспайтын көлемде инвестициялық несиелерді бөлгенде банк мемлекеттік гарантияларды талап етпегенімен, міндетті түрде несиенің белгіленген мерзімде қайтарылуын талап етеді. Банк жобаның немесе инвестициялық бағдарламаның жүзеге асуына бөлетін инвестициялар көлемінің жоғары шегі олардың жалпы құнының 35%-нан аспауы қажет. Несиені беруді шешу кезінде ЕРДБ келесі критерийлерді басшылыққа алады:

· Инвестициялық іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыруда заемшінің мықты серіктестерінің болуы;

· Сенім келтіретін бизнес-планның немесе техника-экономикалық негіздерінің болуы.

.ЕРДБ-нің кредиттік ресурстарының негізгі көздері:

1) Банктің акцияларды шығару есебінен қалыптасатын акционерлік капитал;

2) әлемдік капитал нарығында тартылатын заемдық қарды көздері;

3) бұрын берілген несиелерді өтеуден немесе қаржылардың гарантияларынан түскен қаржы;

4) негізінен әлеуметтік саланың объектілерін жеңілдіктермен несиелендіру үшін және техникалық көмек көрсету үшін пайдаланылатын арнайы қорлар;

5) банктің басқа да табыстары мен қаржы көздері (арнайы қорларға білім беру табыстарын қоспағанда)

 

Несиелендірілетін негізгі объектілер:

· экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым;

· ауыл шаруашылық объектілері (1997 жылдың өзінде Қазақстанға Қазагроөнеркәсіп банкісі, Қазақстан Эксимбанкісі және Казкоммерцбанкісі арқылы 50 млн. АҚШ доллары бөлінген);

· өндіретін және өңдейтін өнеркәсіп салалары (соның ішінде жеке меншік секторына көп көңіл бөлінеді);

· приватизация объектілері;

· біріккен кәсіпорындар; /1/

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 325 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Инвестициялардың жіктелуі.| Инвестиция көздері мен экономикалық өсудің арасындағы байланыс.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)