Читайте также: |
|
Жалпы алғанда мемлекет пен шетел инвесторының шешімі мен көзқарасына шешуші ықпал жасайтын және көбінесе шетел инвестицияларының бағдарламасының сәттілігі мемлекетпен айқындалады.
Шетел инвесторлары мен инвестицияларына байланысты саясат. Инвестор шешім жасау кезінде мемлекеттің шетел инвестицияларына деген әс-әрекеті оң, теріс немесе бейтарап екендігін білгісі келеді.
Жиі бұл мақсатта мемлекет келесідей әрекеттер жасайды:
а) өзінің шетел инвестицияларына ел ішінде қолдау көрсететін және де оларға деген
қызығушылын көрсететін көпшілік алдындағы сөз сөйлеулер;
б) шетел инвесторларын қызықтыратын іскер және кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға
бағытталған шаралар жасау;
в) бұл шаралардың жүзеге асырылуын қатаң қадағалау.
Заңдық негізін құру. Бұл фактор шетел инвесторының өз инвестицияларын салу орнын таңдаудағы ең маңызды тұсы болып табылады.
.
Елдің салық жүйесі. Бұл сұрақ инвестициялық жобалардың көбісіне маңызды орын алады.
Мемлекеттік аппараттың бюрократизмі. Бұл мемлекеттегі бюрократизм деңгейі шетел инвесторларының инвестициялар салуда теріс әсер етеді. Ол келесідей екі аспектілерге байланысты:
а) шектен тыс әкімшілік ету. Бұл қағаздық жұмыстардың көп келемі арқылы көптеген іс қағаздарды толтыру арқылы, мемлекеттік органдар мен министрліктердің шешім
қабылдаудағы шектен тыс қатысуы арқылы сипатталады;
б) шешім қабылдаудағы жылдамдық. Барлық қағаздық жұмыстар жеңілдетілсе де шенеуніктің шешім қабылдау процесін созуға байланысты проблемалар тууы мүмкін.
Ішкі тікелей және шығын деңгейлері. Инвесторларды еңбек күшінің бағасы, энергияға кететін шығындар, транспорттық қызмет көрсету, байланыс, сонымен қатар ақша құны немесе банк процентінің ставкалары қызықтырады.
Саяси тұрақтылық. Елдің саяси бағалануы бұқаралық ақпарат құралдарынан және телевидениядан құралады. Сондықтан да саясаткерлер сөз сөйлегенде оларды тек қана өз регионында немесе елінде ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлем де есту мүмкіндігін естен шығармаулары керек.
Дамыған инфраструктура. Мемлекет инфраструктураны дамытудың арзан жолын іздеу мақсатында бұл үшін кез-келген инвестицияларды қолдана береді. Мысалы, телекоммуникация саласындағы шетел инвесторларымен жасалатын контракттарда міндетті түрде «офсеттік» немесе компенсацияланатын механизмдер жағдайы көрсетіледі.
Тәжірибе көрсеткендей шетел инвесторларының елдегі заманауи өндірістік райондар мен парктер, транспорттық жүйесі қызықтырады.
Мемлекет жоспарлары мен дамудың экономикалық бағдарламалары. Шетел инвесторлары тек елдегі ағымдағы жағдайы ғана емес сонымен қатар жалпы экономикалық саясат, елдің экономикалық дамуының болжамдары қызықтырады. Әрине, мемлекет экономиканың жеке секторларының даму стратегиясын құру керек.
Инвестицияларды қаржылық қамсыздандыру мүмкіншіліктері. Бұл салада мемлекеттің рөлі өте зор. Инвесторларға қаржылық қолдау көрсету әдістері өте көп. Мысалы, кейбір жағдайларда несиелерін гаранты рөлін атқаруы мүмкін.
Қаржылық жеңілдіктер. Бұл салада мемлекет белгілі бір жағдайларға тәуелді, әсіресе дамытқысы келген саларды инвестициялау кезінде инвесторларға салық салу ставкаларына жеңілдік жасау мүмкін.
Инвестицияларды сақтандыру. Сақтандыру саяси факторлардың тәуекеліне байланысты жүргізілінеді және ол коммерциялық іс-әрекетке байланысты тәуекелді сақтандырумен айналыспайды.
Инвестицияларға қаржылық қолдау көрсету. Соңғы он жыл ішінде банктер мен басқа да қаржылық ұйымдар инвесторларға қаржылық ресурстар бөлуде көптеген сызбалар, механизмдер және әдістер ойлап тапты.
Елдегі адам ресурстарының сапасы. Сапасы жағынан бұл ресурстар ұлттық актив немесе пассив ретінде қарастырылуы мүмкін.
Ұлттық валюта тұрақтылығы. Бұл фактор компанияның пайдасын анықтайды. Егер компания өзінің пайдасын сол елдің валютасымен алса бұл валютаның тұрақтылығы өте маңызды орын алады..
Елдегі өмір сүру жағдайлары. Көп жағдайларда ірі инвестициялық жобалардың іске асыру кезінде инвесторларға (кейде отбасымен бірге) инвесторларға сол елде белгілі бір уақыт аралығында өмір сүруге тура келеді.
Елдің халықаралық имиджі. Әртүрлі елдердің халықаралық деңгейдегі имиджі әртүрлі болады (елдегі қылмыс жасаудың деңгейі, қоршаған ортаны қорғау деңгейі және қауңпсіздік, т.б.).
Мемлекетке деген сенім. Көптеген шетел инвесторлары өз инвестицияларын сенімді іс-әрекет жасай алу мүмкіндігі бар елдерге ғана салады.
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 127 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Аталған жоспарлар бойынша ЖІӨ өсу динамикасы | | | Мемлекет реттемейтін факторлар. |