Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тәрбие жұмысының үлгісі

СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЛАРЫ | ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР | ОЖСӨЖ | ОЖСӨЖ мазмұны | ОЖСӨЖ мазмұны | ОЖСӨЖ мазмұны | ОЖСӨЖ мазмұны | Студенттің ғылыми қажеттілігі деңгейін талдау үлгісі | Тәрбие жүйе ретінде | Осымша Ж |


Читайте также:
  1. Дәріс тақырыбы: Ұжымдық тәрбиелік істер
  2. Дәріс тақырыбы: Ұжымдық тәрбиелік істер
  3. Дәріс тақырыбы: Еңбек тәрбиесі бойынша ұжымдық тәрбиелік істерді ұйымдастыру
  4. Дәріс тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы оқушыларды тәрбиелеудегі отбасының ролі
  5. Дәріс тақырыбы: Класс жетекшінің тәрбие жұмысын жоспарлауы.
  6. Дәріс тақырыбы: Оқушылардың тәрбиелік ұжымын ұйымдастыру әдістемесі.
  7. Дәріс тақырыбы: Тәрбие жұмысының түрлері

1. Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығы, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір ұйымға қатысы, қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықта мекен-жайы туралы қосымша сипаттама беріледі.

2. Өткен оқу жылына сай атқарылға тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.

3. Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.

4. Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата-налармен, қоғамдық ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс-әрекеттердің түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары төмендегідей бөлімдерде көрсетіледі.

1. Сынып ұжымын ұйымдастыру: (формасы – сынып сағаты), тақырыптық әңгімелер, саяси хабарлама, оқырмандар конференциясы, пікірталас, сұрақ-жауап кеші, олимпиада, КТК, еңбекке қатысты істер, спорттық және мәдени шаралар, кездесулер т.б. бұқаралық шаралар жатады.

2. Бұл бағытта сыныпқа қатысты ұйымдастыру шаралары белгіленеді. (Ұйымдастыру формасы – сынып жиналысы). Онда оқушылардың оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы істеріне қатысты ұжымдық шараларды жоспарлау, оларды ұйымдстыру жұмыстары көрсетіледі. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына қатысты сынып жиналысының тақырыбын, олардың күн тәртібін белгілейді, сонымен қатар, сынып жетекшісі әртүрлі үйірмелер мен клубтар жұмыстарының тақырыбын жоспарға кіргізе отыра көмек көрсету, ақыл-кеңес беру т.с.с. оларға өзінің тікелей қатынасын көрсетеді.

3. Сол сыныпта істейтін барлық пән мұғалімдері, пәндік үйірмелерінің жетекшілерімен байланыс орнатып, олардың жоспарлауында оқу-тәрбие жұмыстарына арналған бұқаралық шаралары белгіленіп, өзара жауапкершіліктері анықталады т.с.с. өзара әрекеттері көрсетіледі. Мектеп жоспары бойынша сыныпқа қатысты шаралар енгізіледі.

4. Отбасы және жұртшылықпен жұмыс: оқушылардың ата-аналарымен байланыс орнату, ата-аналар лекториясының тақырыптарын белгілеу. Мектеп ата-аналар комитетінің жоспарынан: ата-аналар жиналыстарының тақырыбын, мерзімін, олардың отырыстарын т.с.с шараларды өзінің жоспарында көрсете отырып, олардың өзара байланысын қамтамсыз ету секілді жұмыстар белгіленеді.

5. Жеке оқушымен жұмыс: бұл бөлімде сыныптағы кейбір оқушының сабақ үлгеріміне, тәртібіне қатысты, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың түрлері кіреді.

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 783 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тәрбие жұмыс жоспарының құрылымы.| Тәрбие жоспарын қалай құруға болады?

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)