Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ытай экономикасын реформалау мен дамытудағы мемлекеттік реттеудің рөлі

Аржының мәні және оны мемлекеттік реттеу | Аржы ағындарын реттеу | Аржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу | Меншікті мемлекеттік реттеу түрлері және әдістері | Мемлекеттік кәсіпорындарды жалға, концессияға беру және жекешелендіру мен жекешеден алу | Мемлекеттік меншік объектілерінің қызметін реттеу | Сыртқыэкономикалық қызметті реттеудің мақсаттары мен міндеттері | Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әдістері | Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік қолдау және ынталандыру | Мемлекеттің экономикадағы рөлі: американдық тежірибе |


Читайте также:
  1. АӨК дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
  2. Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің бағыты, әдістері және нақты механизмдері
  3. Аржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу
  4. Аржының мәні және оны мемлекеттік реттеу
  5. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу
  6. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары
  7. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының соңынан бастап Қытай өзінің шаруашылық жүйесін рыноктық бағытта реформалауға кірісті. Соңғы онжылдықта жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсімі 10%-ға жетіп, мемлекеттің қуаты, сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейі едәуір күшейіп, өсті. Бұл жетістіктердің негізінде экономиканы мемлекеттік реттеудің зор үлесі жатыр.

Қытайдағы шаруашылық жүргізудің социалистік рыноктық жүйесінде мемлекеттік функциялар макроэкономикалық реттеу саясатынан көрінеді. Бұның бірқатар себептері де бар.

Біріншіден, рыноктың әлсіздіктері мен кемшіліктерінің орнын толтыру қажеттілігі. Капитализм жағдайында сияқты социализм жағдайында да көптеген өмірлік маңызы бар мәселелерді шешуде рынок ешқашан бесаспап бола алмайды. Атап айтсақ, экологияға, әлеуметтік әділеттілікке, білім беруге жеке тұлғаның жан-жақты дамуына келгенде рынок әлсіздік танытады. Себебі, аталмыш сфералардағы жетістіктер жалпықоғамдық мүдделерге қызмет етеді, сондықтан жеке тұлға немесе кәсіпорын бұл мүдделерді қамтамасыздандыруда шарасыздық көрсетеді. Бұдан басқа, экономиканың қарқынды дамуы мен құрылымын бағалар арқылы рыноктық реттеу әдетте баяу және стихиялы түрде жүзеге асады. Оның үстіне кәсіпорын мен жеке тұлға көбінесе толық ақпаратқа ие болмауы нәтижесінде микроэкономикалық саясат белгілі бір деңгейде жоспарсыздығымен ерекшеленеді. Бұл, әсіресе өндірістік циклы ұзақ салаларда ерекше көрінеді (ауылшарушылығы, тау-кен және т.б. салалар). Сондықтан байлықты тиімді бөлумен қатар сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін ұстап тұру және орнықты өсуді қамтамасыз етуде қиыншылықтар туындайды. Тек қана рыноктық механизмдерге сүйену арқылы табысты әділетті бөлуге қол жеткізу мүмкін емес. Рыноктық айырбас эквиваленттік (сәйкестік) принципі бойынша жүргенімен адамдардың мүмкіндіктері әр түрлі, сондықтан олардың табысы да едәуір ерекшеленеді. Рыноктық механизмдердің шексіз әрекеті әлеуметтік алшақтауға, жұмыссыздыққа және әлеуметтік шиеленістерге бастайды.

Екішіден, макро және микроэкономика, бүтін мен бөлшек, орталық пен жергілікті мүдделер арасындағы қатынастарды реттеу қажеттілігі. Жекелеген кәсіпорынның, саланың немесе аймақтың экономикалық қызметі жауапкершілікті бөліп беру, шаруашылық жүргізудегі дербестік және өзін өзі өтеу қағидасы бойынша жүргізіледі. Әрбір кәсіпорын, сала және аймақтың өзіндік, нақты мүдделері бар, сондықтан олардың іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде стихиялық, эгоистік сипатта болады және қысқа мерзімді нәтижеге қол жеткізуді мақсат тұтады. Сонымен бірге кәсіпорындар бәсекелік қатынастарда болады, ал кәсіпорын мен мемлекет арасында бүтін мен бөлшек мүдделерінің қарама-қайшылығы орын алады.

Ұлттық экономика көпдеңгейлі,көпмақсатты және көпқызметті организм болып табылады, ондағы әр түрлы салалар, аймақтар және кәсіпорындардың өзіндік ерекшеліктері бар. Тек қана рыноктық механизмдер арқылы олардың дамуын ортақ мақсатқа бағыттау мүмкін емес.

Үшіншіден, өтпелі типтегі экономикаға макроэкономикалық бақылауды күшейту қажеттілігі. Жоспарлы шаруашылықтан рыноктық экономикаға өту кезінде Қытай экономикасында келесі белгілер білінді:

· Жаңа және ескі экономикалық жүйелердің қатар өмірі;

· Экономиканың жедел өсуімен инфляцияның бірге өршуі;

· Циклдық тербелістердің жалғасуы;

· Даму қарқыны жедел, бірақ экономикалық тиімділіктің салыстырмалы төмендеуі;

· Макроэкономикалық дамуға басқарушы қызметкерлердің біліктілігі деңгейінің ілеспей қалуы.

Мемлекеттік реттеудің құрамына макроэкономикалық реттеу жүйесін жасап нығайту, оның мақсаттарын, әдістері мен саясатын анықтау іс-қимылдары кіреді. Мұның өзі мемлекеттің экономикалық функцияларының шоғырланған көрінісі және рынокқа өту кезеңінің объективті қажеттілігі болып табылады. Макрореттеудің рыноктық ресурстарды бөлудегі рөлін анықтаумен қатар жүзеге асуы социалистік рыноктық экономиканың қызметін ұғынықты, келісімді және үйлесімді етіп халық шаруашылығын дамытуды ұзақ, жедел және қалыпты жағдайға келтіреді.

Макрореттеу мақсаттарын экономикалық өсу, экономикалық тұрақтылық және экономикалық әділеттілік анықтайды. Сонымен, макрореттеудің қытайлық үлгісінің мазмұны:

1. Ұтымды өсу қарқыны. Шамадан тыс жоғары өсу қарқыны тепе-теңдікті бұзып, тиімділіктің құлдырауына және бағалардың өсуіне әкелуі мүмкін.

2. Қорланудың (күрделі қаржының) және құрылыс көлемінің ақылға қонымды коэффициенті.

3. Ақылға қонымды валюта ұсынысы және қалыпты баға деңгейін қамтамасыз ету. Бағаны бақылауда ұстау реттеу саясатының ең маңызды мақсаттарының бірі.

4. Қаржылық түсімдер мен шығындар. Шығындардың өсу қарқыны түсімдерден артылуы тиіс.

5. Экспорт және импорт көлемі мен құрылымы. Соңғы онжылдықтарда Қытайдың экспорты экономикалық өсу қарқынынан шамамен 4-5% артық болды.

Қытай экономикасын мемлекеттік реттеудің негізгі құралы ретінде жанама реттеу әдістері қабылданды. Бұл халық шалуашылығы көрсеткіштері мен олардың динамикасын экономикалық әдістер және тетіктер арқылы реттеу мен бақылау дегенді білдіреді.

Реттеу қалыпты бәсекені құқықтық және әкімшілік әдістер, монополизмге қарсы әрекет, экономикалық дамуды үкімет белгілеген көрсеткіштер шеңберінде ұстап тұру арқылы жүргізілді.

Реттеудің жанама әдістерін қолдану келесі өзгерістерге алып келеді:

· кәсіпорындар мен салаларды тікелей (директивті) басқарудан жанама әдістерге көшу;

· микро деңгейдегі басқарудан макро басқаруға өту;

· құрылыс объектілерін, даму бағыттары мен жоспарларды талдап жасау және оладың атқарылуын қадағалау.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің қытайлық құралдары мен әдістері тұрақты түрде жетілдіріліп келеді. Бұл салада белгілі бір тәжірибе жинақталды.

Біріншіден, реттеудің әрекеттілігі мен шарттарына кепілдік беру, яғни «мұқият реттеуге» ерекше назар аударылуы тиіс; Екіншіден, басымдық реттеудің экономикалық әдістеріне берілуі қажет; Үшіншіден, мемлекеттік реттеу саясаты мен реформа барысы үйлесімді болуы керек.

Төртіншіден, реттелу саясаты экономикалық дамуды ынталандыруы тиіс.

2010 жылға дейінгі реформаның барысында қытайлық мемлекеттік реттеу саясатының негізгі сипаттары келесідей болмақ:

1.Ұзақ мерзімді тұрақтылықты қолдап, циклдық тербелістердің негативті салдарын жұмсарту

2.Мемлекеттік реттеу саясатының мазмұны мен негізгі бағыттарын елдің экономикалық жағдайына сәйкестігін қамтамасыз ету

3.Мемлекеттік реттеудегі экономикалық әдістердің басымдығы

Толықтай алғанда экономикалық құрылымды қайта құруда Қытай қазірдің өзінде мемлекеттік реттеу саясатының негізгі құралдарын меңгерді, және,тіпті оларды жүргізуде белгілі бір жетістіктерге де жетті. Бірақ қытайлық маман экономистердің айтуынша бұл салада әлі де көптеген проблемалар бар және олар дамудың келесі кезеңдерінде шешілуі тиіс.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 59 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Швециялық әлеуметтік модель: басқару және дамыту| Экономиканы мемлекеттік реттеудегі Корея Республикасының тәжірибесі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)