Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттік кәсіпорындарды жалға, концессияға беру және жекешелендіру мен жекешеден алу

Еңбек және жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу | Мемлекеттік бюджеттің мәні, түсінігі, қызметі | Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын реттеу | Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарызды реттеу | Салықтар және мемлекеттің салық жүйесі | Салық салу принциптері және салықтық реттеу. | Мемлекеттік салықтық реттеу | Аржының мәні және оны мемлекеттік реттеу | Аржы ағындарын реттеу | Аржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу |


Читайте также:
  1. A) Контекстік меню көмегімен, Файл менюімен және “Бума құру” сайманымен.
  2. A) сатушы және сатып алушы нарығы
  3. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  4. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  5. Microsoft Word бағдарламасымен және гипертекстпен жұмыс істеу.
  6. А топты болаттар дегеніміз не және оның ентаңбасы?
  7. АӨК дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау

Өзінің жалпы мағынасында жалға беру дегеніміз мүлік иесінің (жалға беруші) басқа тұлғаларға (жалға алушыға) келісім негізінде жерді, өндіріс құрал-жабдықтарын, мүлікті уақытша пайдалануға беруі.

Мемлекеттік органдар мен жеке фирмалар арасында арендалық қатынастардың орнығуы ғылыми әдебиетте басқаруды жекешелендіру деп аталады. Мұндай жағдайлар мемлекет жекеше фирмаларға өзіне тиесілі кәсіпорындарды басқару құқығын берген кезде орын алады. Арендаторлар ауқымы еңбек ұжымы шеңберінен кеңірек болады. Мысалы, жалға беруші кәсіпорынды арендаға беру туралы шешім қабылдағанда оған еңбек ұжымынан басқа үміткерлер қатыса алады.

Қазақстандық тәжірибеде жалға беру туралы келісім жалға алынған мүлікті ақылы пайдалануды білдіреді, бірақ жалға беруші болашақтағы табыстары жөнінде сенімді бола алмайды. Аренда субъектілерінің қатынастары, яғни мемлекет пен арендаға алушы кәсіпорын еңбек ұжымы арасындағы қатынастар міндеттемелері бойынша өз мүлкімен жауап беретін меншік иелері арасындағы қатынастар сияқты емес, еңбек келісім-шартының бір түрі ретінде құрылады.

Еңбек ұжымының кәсіпорындарды жалға алуын жеке меншік және мемлекеттік капиталдың кәсіпкерлікке қатысу формаларының бірі ретінде қарастыруға болады. Негізгі көлемінде мемлекеттік меншік пен арендатор меншігінің элементтерін біріктіру өзінің мәні бойынша аралас меншікке негізделген кәсіпорынды құру болып табылады. Бірте-бірте сатып алу құқығы бар аренда да жалға алушы мемлекеттік меншікті ұжымдық меншікке айналдырады.

Мемлекеттік мүлікті басқару функциясын жеке тұлғаға берудің мысалы ретінде бірте-бірте сатып алуға құқығы жоқ аренданы және кәсіпорынды трастық (сенімді) басқаруға беруді келтіруге болады. Мұның өзі кепілдікпен қамтамасыз етілген жағдайда едәуір экономикалық еркіндік пен менеджмент тәуелсіздігіне қол жеткізеді.

Мемлекеттік кәсіпорындарда оның еңбек ұжымының жалға алу тәжірибесінен бөлек, Қазақстанда мемлекеттік (муниципалдық) мүлікті, жер телімдерін, жылжымайтын мүлікті, қора-қойманы коммерциялық, кәсіпкерлік құрылымдардың жалға алу көріністері меншікті жатсындыру іс-қимылын қарастырмайды, бұл бір жағынан кәсіпкерлікке жәрдемдесу болса, екінші жағынан – аймақтық және жергілікті бюджеттерге түсетін табыс табуға бағытталған шаралар болып табылады.

Мемлекеттік және муниципалдық меншікті жалға беру ауыр экономикалық жағдайға тап болған көптеген қазақстандық мәдениет, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау мемлекеттік мекемелері үшін құтқарушы рөлін атқарғаны ақиқат. Аталмыш мекемелер ашық немесе жартылай жасырын түрде өздерінің бөлмелері мен қора-қопсыларын табыс алу мақсатында коммерциялық ұйымдарға жалға бере бастады. Ал, мұның өзі бюджеттік қаржыландыру жетімсіздігінің орнын толтыру әрекеті демеске шара жоқ.

Қазақстанда, бүкіл әлемдегі сияқты мемлекеттік концессиялар үдерісі қолға алыну үстінде. Концессия арендаға ұқсас, бірақ жалға беру объектісі мен арендалық келісімнің айғақты ерекшеліктері бар. Жалпы алғанда мемлекеттік концессия – бұл мемлекеттің өзінің мүліктік құқықтары мен шаруашылық қызметінің жекелеген түрлерін концессиялық келісімде анықталып, белгілі бір мерзімге белгіленген шарттар бойынша мемлекеттік емес компанияларға беруі. Мемлекет, оның атынан немесе тапсырмасы бойынша әрекет ететін мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік компания концедент рөлін атқарады да, мемлекеттік активтер мен құқықтарды уақытша пайдалануға алған заңды тұлға жалдаушы-концессионер рөлін атқарады. Мемлекеттік концессия объектісі ретінде, әдетте табиғи байлық көздері, шаруашылық объектілері, шаруашылық жүргізудің белгілі бір түрлері, мысалы қоғамдық көлік, коммуналдық қызмет көрсетулер қарастырылады.

Қазақстанда қалыптасқан меншік формалары мен қатынастарын өзгертудің негізгі формасы мемлекеттік және муниципалдық меншікті жекешелендіру болғаны даусыз. Жекелендірудің негізгі белгілері келесідей:

- мемлекеттік меншік құқығының жеке тұлғаларға (жеке секторға) өтуі немесе мемлекеттік меншіктің жеке меншікке ауысуы;

- мемлекеттік кәсіпорынға мүлікті пайдалану құқығын беру;

- мемлекеттік кәсіпорынды жеке тұлғаларға толықтай сату;

- мемлекеттік кәсіпорын активтерінің бір бөлшегін сату.

Тәжірибе көрсеткеніндей мемлекеттік меншік иесін ауыстырудың зор маңыздылығын ескергеннің өзінде меншіктің мемлекеттің қарамағынан ұжымның және жекешенің қарамағына өтуі өздігінен тиімді рыноктық экономика құру мәселесін шеше алмайды екен. Жаңа меншік иелерінің өндірісті ұйымдастырып, басқара білуі, біліктілігі мен мүдделілігі болуы қажет екен. Басқа жағдайда меншік формасын өзгерту өз жемісін бере алмайтындығы белгілі болды.

Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру, әдетте өндіріс тиімділігін арттыруды қамтамасыздандырады, жекешенің экономикалық белсенділігін жандандырады. Кәсіпорындарды жекешелендірудің басқа себебіне мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруден түскен түсімдердің бюджетті қаржыландыруында болса керек. Сонымен бірге мемлекеттік бюджет табыссыз кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша шығындардан құтылады. Жекелендіру түсімдері мемлекеттік капиталды пайдалырақ салаларға диверсификациялау (капиталды жаңа, тиімді бағыттарда өрістету) мүмкіндігін береді де бюджет түсімдерінің болашақ тұрақты көздерін ашады. Бұдан басқа кәсіпорындарды жекешелендіру және олардың тиімділігін арттыру нәтижесінде салықтық базаны кеңейту мүмкіндігі туындап, мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер көлемі арта түседі.

Сонымен кәсіпорындарды жекешелендіру өндіріс тиімділігін арттыру, қаржылық жағдайды сауықтыру, айталық бюджет тапшылығын қысқарту, қоғамдық секторды қаржыландырудағы мемлекеттік шығындарды төмендету, сондай-ақ антимонополиялық реттеу үшін пайдаланылады.

Қазақстандағы экономикалық реформалардың бастапқы кезеңінде меншік формасын өзгерту бірбағытты сипатта жүргізіліп, мемлекеттік және муниципалдық объектілерді жекешелендіруге ғана негізделді. Мұндай бірбағыттылық тәсіл бірқатар жағдайларда мемлекетке, аймақтарға зиянды болып, тек қана жекелеген компаниялар мен тұлғалардың мүдделерін қанағаттандырады. Жекешелендіру қорытындылары объектіні пайдалану тиімділігінің төмендеп, әлеуметтік мәнінің жоғалуына әкеліп соқты. Бұдан жекешелендіруді мемлекеттендірумен, ұлттандырумен (национализация) ұтымды астастыру қажеттілігі туындады.

Жалпы айтқанда, ұлттандыру меншікті түбегейлі трансформациялау әдісі ретінде жеке және заңды тұлғалардың меншігінде болған мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру болып табылады.

Меншік объектілерін ұлттандырудың қозғаушы себептері келесідей:

- мемлекет пен халық мүддесі үшін мемлекеттік емес жеке меншік объектісін мемлекеттік органдар арқылы басқару, пайдалану қажеттілігі;

- беймемлекеттік формадағы меншік иелерінің объектілерді тиімсіз, икемсіз қолдануы себебінен ұлттық байлықтың шығындануы, объектілердің тозуы, жойылуы;

- меншік объектілерін мақсатқа сай пайдаланбау, мемлекет қоғам мүдделеріне зиян келтіру, сондай-ақ объектіні пайдаланудың заңға қайшылығы;

Мәжбүрлеу арқылы ұлттандыру заң бұзушылық орын алғанда қолданылады. Ұлттандырудың басқа мүмкіндіктері келесідей:

- мүлікті меншік иелерінің келісімімен сатып алу;

- сот тәртібімен (сотқа берумен) жекешелендіру туралы келісімді бұзу;

- мемлекет бюджет алдындағы қарызды өтеу үшін жеке меншік объектісін мемлекеттік объектіге қайта рәсімдеу;

- банкроттық процедурасы арқылы жекешелендірілген кәсіпорын мүліктерін мемлекеттік меншікке қайтарып алып, оған қаржылық қолдау көрсету.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 211 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Меншікті мемлекеттік реттеу түрлері және әдістері| Мемлекеттік меншік объектілерінің қызметін реттеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)