Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әдістері

Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарызды реттеу | Салықтар және мемлекеттің салық жүйесі | Салық салу принциптері және салықтық реттеу. | Мемлекеттік салықтық реттеу | Аржының мәні және оны мемлекеттік реттеу | Аржы ағындарын реттеу | Аржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу | Меншікті мемлекеттік реттеу түрлері және әдістері | Мемлекеттік кәсіпорындарды жалға, концессияға беру және жекешелендіру мен жекешеден алу | Мемлекеттік меншік объектілерінің қызметін реттеу |


Читайте также:
  1. АӨК дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
  2. Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің бағыты, әдістері және нақты механизмдері
  3. Аржы ағындарын реттеу
  4. Аржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу
  5. Аржының мәні және оны мемлекеттік реттеу
  6. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу
  7. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары

Сыртқыэкономикалық қызмет мақсаттарына жету және реттеу мәселелерін шешу үшін қазіргі мемлекеттердің қолында әртүрлі әдістер мен едәуір мүмкіндіктер бар. Өзінің мазмұны бойынша сыртқыэкономикалық қатынастады мемлекеттік реттеу әдістері мемлекеттік органдар мен институттар ұлттық мүдделерге сай қолданатын құралдар мен тәсілдер жиынтығынан тұрады. Мемлекеттің реттегіш және нұсқаулық әсері заңдарды және басқа да мемлекеттік актілерді қабылдау, үкіметтің қаулылары мен шешімдері арқылы жүзеге асады.

Үкімет реттейтін басты объект ретіндегі халықаралық саудаға қатысты кедендік тариф, салықтар, шектеу шарттары, мемлекетаралық келісімдер мен үнқатысулар, экспорт пен импортты ынталандыру бойынша шаралар сияқты құралдар мен амалдар қолданылады.

Тарихтан үкіметтің сыртқыэкономикалық саясатының негізгі екі бағыты белгілі. Олар: протекционизм (қамқорлық) және фритрейдерлік (еркін сауда)

Протекционизм саясаты отандық өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын ішкі рыноктағы шетелдік бәсекеден қорғауға бағытталған. Протекционизм үшін жоғары кедендік тарифтер, импортты шектеу, отандық рынокқа шетелдік компаниялардың кірігуін бәсеңсіту, өзіміздің тауар өндірушілер үшін шетелдік бәсекені жұмсарту әрекеттері тән.

Фритрейдерлік – бұл еркін сауда саясаты. Бұл жағдайда кедендік органдар тек қана тіркеу функцияларын атқарады да, экспорттық немесе импорттық баждар алынбайды, сыртқы сауда айналымына қандай да болмасын шектеулер қойылмайды. Еркін сауда принципі ХІХ ғасырдағы Англияның ресми экономикалық саясаты болды және оның негізін Д. Рикардоның салыстырмалы шығындар теориясы құрады. Мұндай саясатты тиімділігі жоғары ұлттық экономикасы бар елдерғана жүргізе алады. Тиімді отандық экономика ғана шетелдік бәсекеге төтеп бере алады және әлемдік рынокқа белсенді түрде кірігеді.

Нақты тәжірибеде сыртқыэкономикалық қызметті реттеуде мемлекет екі бағытты үйлестіре қолданып, қай-қайсысына басымдықты ел экономикасы жағдайына сәйкес, оның бәсекелік мүмкіндіктерін ескере отырып, ішкі және сыртқы рыноктардағы бағалар арақатынасын сараптау негізінде береді.

Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеу үдерісінде мемлекеттер реттеудің формальды, кейбір жағдайларда формальды емес институттарына сүйенеді.

Сыртқыэкономикалық қызметті реттеудің құқықтық институттары ретінде мемлекет халықаралық және ел ішілік ережелерді, үнқатысуларды, нормаларды, кодекстерді, заңдарды және басқа да құқықтық актілерді пайдаланады.

Меншік институттар қызметін мемлекет мүлікті сату, сатып алу үдерісінің басқа мемлекеттермен байланыс кезінде ұлттық байлық элементтерін шетелдіктерге жалға, концессияға бергенде немесе шетелдік мүлікті жалға, лизингке (құрал-жабдықтардың төлемін төлеу мерзімін ұзартып сатып алу) алғанда пайдаланады.

Мемлекет басқа елдермен экономикалық қатынастарда халықаралық және ұлттық банктер, ақша және бағалы қағаздар рыногы, әлемдік бағалар сияқты қаржылық және қаржы-кредиттік институттарды пайдаланады.

Сыртқыэкономикалық қатынастарды мемлекеттік реттеуде келісімдер, сауда келісім-шарттары түріндегі үнқатысулардың мол жиынтығы едәуір рөл атқарады.

Сыртқыэкономикалық қызметін реттеу құралдары кешені де бірқатар. Олардың ішінде бірінші кезекте мемлекет енгізетін тарифтік және бейтарифтік шектеулерді атау қажет.

Кедендік тариф – бұл елге әкелінетін және елден әкетілетін кейбір тауарларға үкімет салатын баждар тізімі. Кедендік тарифтер арқылы мемлекет тауарлардың әкелінуі мен әкетілуін оңайлатып немесе қиындатып экспорт пен импортқа әсер етеді.

Кедендік баждар – бұл мемлекет шекарасы арқылы тауарларды, мүліктерді, құндылықтарды өткізгені үшін алынатын салықтар. Алыну объектісі бойынша экспорттық, импорттық және транзиттік (ел аумағы арқылы тасымал) баждарды ажыратады. Алу әдісі бойынша олар адвалорлық (тауар бағасынан), арнайы (салмағынан, көлемінен, тауар санынан) және аралас болып бөлінеді.

Баждар тауар бағасын арттырады, сөйтіп тауар жеткізілетін рыноктағы оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Егер мемлекет басқа елдің тауары бәсекелік күресте отандық ұқсас тауарды тықсырмасын десе ондай тауарды елге әкелу баждарын жоғарылатады. Бұл жағдайда баждар ішкі рынокты импорттық тауарлардан қорғаушы сипатында болады.

Баждар табыс алу мақсатымен де енгізілуі мүмкін. Фискалдық баждар табыс алу арқылы бюджетті толықтыру үшін әрекет етеді.

Сандық немесе бейтарифтік деп аталатын шектеулер мемлекет тағайындайтын әкелуге немесе әкетуге рұқсат берілген тауарлардың саны мен номенклатурасын (атаулар тізімін) анықтайтын тікелей әкімшілік нормалар болып табылады. Тауарлардың түрлері мен санынан басқа кейбір жағдайларда бұл тауарлар әкелінетін елдердің де шеңберін тарылтады. Сандық шектеулер сауда дисбалансын болдырмау немесе басқа елдердің дискриминациялық (алалау) әрекетіне жауап шаралар ретінде де қолданылады.

Сандық шектеулер түрлеріне контингенттеу және квоталау жатады. Контингенттеу – экспорт пен импортты белгілі бір көлемде немесе сомада (контингентте) қабылданған уақыт мерзіміне шектеуді білдіреді. Квоталау – бұл тауарлардың белгілі бір атауларының экспорты немесе импортының санын (квотасын) шектеу.

Лицензиялау жолымен мемлекеттік билік лицензиясыз еркін әкелу мен әкетуге тыйым салады. Лицензия тауардың белгілі бір санына беріледі және ол лицензияда көрсетілген кезең ішінде ғана жарамды. Әдетте, экспорт пен импортқа лицензиялар кәсіпорындарға, фирмаларға арнайы өкілеттігі бар мемлекеттік органдармен беріледі.

Тауарларды басқа елдердің рыноктарында ішкі рынокпен салыстырғанда төмендеу бағаға сату демпинг деп аталады. Мұндай жағдайда тауарлар көбінесе өндіріс шығындарынан төмен бағаға өткізіледі. Демпингті пайдалану арқылы экспорттаушылар рынокқа еніп, сатылым көлемін көбейтіп, бәсекелестерді рыноктан ығыстыруға тырысады. Бұл құбылыспен күресу үшін көптеген елдерде антидемпингтік заңнамалар талдап жасалған. Демпингтік бағалар жағдайында импорттаушы ел нақты тауарға әдеттегі баждан бөлек антидемпингтік салық салу арқылы бағалар айырмашылығын азайтады немесе жояды.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 273 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сыртқыэкономикалық қызметті реттеудің мақсаттары мен міндеттері| Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік қолдау және ынталандыру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)