Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік қолдау және ынталандыру

Салықтар және мемлекеттің салық жүйесі | Салық салу принциптері және салықтық реттеу. | Мемлекеттік салықтық реттеу | Аржының мәні және оны мемлекеттік реттеу | Аржы ағындарын реттеу | Аржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу | Меншікті мемлекеттік реттеу түрлері және әдістері | Мемлекеттік кәсіпорындарды жалға, концессияға беру және жекешелендіру мен жекешеден алу | Мемлекеттік меншік объектілерінің қызметін реттеу | Сыртқыэкономикалық қызметті реттеудің мақсаттары мен міндеттері |


Читайте также:
  1. A) Контекстік меню көмегімен, Файл менюімен және “Бума құру” сайманымен.
  2. A) сатушы және сатып алушы нарығы
  3. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  4. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  5. Microsoft Word бағдарламасымен және гипертекстпен жұмыс істеу.
  6. А топты болаттар дегеніміз не және оның ентаңбасы?
  7. АӨК дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау

Мемлекет сыртқыэкономикалық қызметті реттеу үдерісінде елде өндірілетін тауарлардың экспортын қолдауға ерекше мән береді, өйткені валюталық түсімдер, тапшылықсыз сауда балансы, отандық тауар өндірушілердің өнімін рыноктық өткізу мүмкіндіктерін кеңейту экспорт арқылы жүзеге асады. Мемлекеттің экспортты қолдау және ынталандыру шаралары келесідей:

- кредиттеу және субсидиялау;

- экспортты сақтандыру;

- салықтық жеңілдіктер, соның ішінде өндірілген өнімді экспорттаушы өндірушілерден алынған кейбір салықтарды қайтару;

- экспортты жеңілдететін инфрақұрылымды жасау;

- экспорттық мүмкіндіктерді іздестіруде ақпараттық көмек көрсету.

Мемлекет экспортты дамыту мен кеңейтуге өте мүдделі болған кезде оны тікелей субсидиялайды. Бұл әсіресе өндіруші-экспорттаушылар өнімінің өзіндік құны әлемдік рынок бағасынан артып кеткен жағдайда іске қосылады. Сөйтіп, мемлекет экспорттаушыларды шығынданудан құтқарады.

Экспортты осылайша тікелей субсидиялау негізінен халықаралық сауданың белгілі бір секторларында жүзеге асады. Ол, бірінші кезекте ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік тауарларды өткізуді ынталандыру үшін қолданылады. Себебі, олардың өндірісі ірі қаржы ресурстарын шығындауды талап етеді.

Айта кететіні, халықаралық сауда ұйымдары, мысалы Бүкіләлемдік Сауда Ұйымы (БСҰ) тауардың ұқсас түрін шығаратын басқа елдердің өндірушілерін дискриминацияламау мақсатында мемлекеттердің өз экспорттаушыларын субсидиялауына қарсылық білдіреді.

Тауарларды әлемдік рынокта өткізуге мемлекеттік қолдаудың заманауи кешенді жүйесіне экспортты экономикалық ынталандыру, өнімді сыртқа шығаруға әкімшілік шаралар арқылы әсер ету, сондай-ақ экспорттаушыларды моральдық қолдау тәсілдерін пайдалану жатады. Бұл жүйедегі негізгі рөлді кредиттік және қаржылық құралдар атқарады.

Экспортты жеделдету мақсатында қолданылатын кредиттік қаражаттар негізінен екі формада жүзеге асады: экспорттық кредиттерді қолайлы шарттармен беру және экспорттық операцияларды сақтандыру.

Мемлекеттің ұзақ және қысқа мерзімді кредиттер берудегі белсенділігі қаражатты ұзақ уақыт бойына салымдау және едәуір тәуекелдікпен байланысты болғандықтан осылайша қаржыландыруға коммерциялық банктер аса мүдделі емес.

Экспортты сақтандырудың мемлекеттік жүйесін кеңейту негізінде саяси және экономикалық тұрақсыздық жатыр. Бұл жүйе белгілі бір шамада компанияларды сатып алушылардың төлем қабілетсіздігіне, бағалардың инфляциялық өсуіне байланысты тәуекелдерден сақтандырады. Экспортты мемлекеттік сақтандырудың міндеті тауарларды сыртқа шығаруды мейлінше қауіпсіздендіру және арзандату болса, онда компаниялардың сыртқыэкономикалық қызметін барынша мүдделендіру сақтандырудың басты мақсаты болып табылады.

Экспортты жеделдетудің маңызды қаржылық құралдарына салықтық жеңілдіктер жатады. Экспорттаушы кәсіпорындар үшін салықтық жеңілдіктердің негізгі формаларына әртүрлі сипаттағы орнын толырулар (компенсация), салық салудың жеңілдікті тәртібі тарайтын тауарлар шеңберін кеңейту, салық төлеуді кейінге шегеру сияқты шаралар жатады. Өнім экспорттаушы компанияларға мемлекет салық салынбайтын ақша қорларын жасауға рұқсат береді.

Жоғарыда айтылғандай, мемлекет өндіріс технологиясын жетілдіру, өндірістік қуаттардың ұтымды құрылымын құру шараларына қолдау көрсету арқылы компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға едәуір үлес қосады. Өндірістік шығындардың баға деңгейіне қолайсыз әсерін төмендету үшін үкімет субсидияларды пайдаланады.

Өндірісті жетілдіру шараларына қарағанда субсидияның тиімділігі оны қолдану кезеңдерімен шектеледі. Түпкі есепте мемлекеттік қолдаудың бұл формасы кейбір жағдайларда оны пайдаланушы компанияларға кері (теріс) әсерін тигізеді. Экспорттаушы фирмалар өздерінің шығындарын алдын-ала, үкімет беретін жеңілдіктерді ескере отырып есептейді. Ал, субсидия сомасы азайса компанияның бәсекеге қабілеттілігі төмендейді. Сөйтіп, компания үкіметтік қолдауға тәуелді болып, оның сүйемелдеуінсіз бәсекелік күреке шыдас бермейтін халге ұшырайды.

Отандық экспорттаушыларды моральдық ынталандыру, психологиялық қолдау мақсатында мемлекет экспорттық тауарлардың халықаралық және ұлттық көрмелерін ұйымдастырады, оған қатысады, конкурстар өткізіп, жеңімпаздарды марапаттайды.

 

Ізденіс сұрақтары.

1. Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері.

2. Экономикалық үдерістерді интеграциялау, сондай-ақ олардың жаһандануының мемлекеттік реттеуге әсері.

3. Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әдістері.

4. Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің құқықтық, меншік, қаржылық институттары.

5. Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеу құралдары.

6. Экспорт пен импортқа бейтарифтік шектеулер.

7. Экспортты қолдау шаралары.

8. Мемлекеттік қолдаудың қаржылық құралдары.

 

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 98 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әдістері| Мемлекеттің экономикадағы рөлі: американдық тежірибе

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)