Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жаңа тауарды жасау кандай кезендерінің ерекшелігін түсіндіріңіз.

Маркетингтен емтихан сұрақтары | Маркетинг тұжырымдамалары, олардың ерекшеліктері және ролін анықтаңыз | Маркетингтік зерттеулердің мәні мен қағидалары және маркетингтік зерттеу кезеңдерін атап көрсетіңіз | Маркетингтік орта және оның түрлері сипаттап беріңіз | Тұтынушылардың кандай түрлері және олардың мәні мен ерекшеліктерін сипаттаңыз | Маркетингтегі тауар түсінігін ащып көрсетіңіз және тауарлар жіктелуін сипаттаңыз | Маркетинг жүйесіндегі баға түсінігі , оның ролі және атқаратын қызметтері мазмұнын ашып көрсетіңіз | Маркетинг жүйесіндегі өткізу және тауарларды өткізу арналары, түрлері, деңгейлерінің мазмұнын ашып көрсетіңіз | Жарнама түсінігінің мәні неде? Жарнаманын атқаратын қызметтері, түрлері мен оларды тарату құралдарын сипаттап беріңіз | Жеке сатудың мәнін ашып, оның ерекшеліктерін атап көрсетіңіз |


Читайте также:
  1. B) тауарды жетілдіру
  2. C) жаңа идеялар, тауарлар мен қызметтер
  3. Flash MX-те жұмыс жасау мүмкіндігі
  4. А) Оқушының даму ерекшелігін, қызығушылығын, қоршаған ортасын танып білу.
  5. азақстан 2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.
  6. Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 1 страница
  7. Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 2 страница

Жаңа тауар дегеніміз -қолда бар тауарларға қарағанда жаңа тұтыну қасиеттері-мен ерекшеленіп рынокқа ұсынылған жаңа өнім.

Жаңа тауарды жасау 7 кезеңнен тұрады. Олар: идея жинау кезеңі, өнімді бағалау, тұжырымдаманы тексеру, экономикалық талдау, өнім шығару, байқау маркетингісі, коммерцияға енгізу.

1) Идея жинау кезеңі жаңа тауар шығару мүмкіндіктерін үздіксіз ізденуден тұрады. Ол идеяларды фирманың қызметкерлерінен, өтім арналарынан, үкімет органдарынан және бәсекелестердің тауарларын салыстыру арқылы жинауға болады. Негізінде идея жинаудың 3 әдісі бар: «ой шабуылы»,тауарларды талдау,

сауалдама арқылы.

2) Өнімді бағалау кезіңінде іріктеу арқылы жарамсыз идеяларды талдаудан тыс шығарады. Ол үшін «іріктеу тізімі» қолданылады. «Іріктеу тізімінің» бір шетінде жаңа тауардың маңызды қасиеттері көрсетіледі, ал екінші шетінде идея бойынша өндірілетін тауарлары салыстырылады.

3) Тұжырымдарды тексеру кезеңінде тұтынушыға өндірілетін тауар ұсынылады, сол арқылы оның затқа деген ниеті мен сатып алуға деген ынтасы анықталады.

4) Экономикалық талдау кезеңінде сұраныс болжалданылады, шығындар мен пайда есептелінеді.

5) Өнімді шығару кезеңі идеяны нақты іс-қимылға айналдыру деген ұғым.

6) Байқау маркетингісі кезеңі дегеніміз өнімді бір немесе бірнеше таңдаған аймақта өткізіп көру.

7) Коммерцияға енгізу кезеңі тауар өміршеңдік кезеңінің енгізу фазасына сәйкес келеді.

 

 

15. Тауардың орамы. Штрих код түсінігі және оның түрлері, ерекшеліктері

Тауардың оралуы өндірушінің немесе сатушының визит карточкасы ретінде біршама қызмет атқарады десек те болады.

Тауардың оралуы - оны салатын ыдысқа, я болмаса қорабқа, немесе орайтын затқа байланысты. Тауардың ішкі және сыртқы оралуы болады.

1. Ішкі оралу дегеніміз - тауардың салынған тікелей ыдысы, мысалы әтірдің шишасы.

2. Сыртқы оралу -тауарды қорғау үшін орайтын және тауарды тікелей қолдануға дайындау кезінде алынып тасталатын материал.

Тауардың оралуына қойылатын талаптар:

¨ тауар орамы өнімнің белгіленуін, қолдану аясын, функциясын және сақтау мерзімін көрсету қажет

¨ тауар орамы оны сақтауға, тасымалдауға және тұтынуға қолайлы етіліп жасалуы тиіс

¨ қазіргі заман талаптарына сәйкес тартымды, сыртқы түрі өнім мазмұнына сәйкес келуі керек

¨ тауар орамы тұтынушылық әдеттері мен талаптарына сай болу керек

Дамыған елдерде орау жұмысына жыл сайын ұлттық табыстың 3%-тен жоғары үлесі жұмсалады. Бизнесмендер “Тауарыңды немен орайтыныңды көрсетсең, өзіңмен әріптес боларымды айтамын”, немесе орау шығыны тауардың өз құнынан да ұтымды” дегенді айтады. Қазіргі кезде сәнді етіп ораудың өзі бәсекеге аса маңызды рөл атқарады.

Штрих коды дегеніміз - ол қос жүйелі әріптер мен сандарды бейнелейтін айқын жолақтар мен олардың арасындағы кеңістіктерден тұратын символдар. Штрих кодын қолдану өндіріске де, саудаға да, сонымен бірге тұтынушыларға да қолайлы нәрсе. Тауардың өзінде, немесе оның орауында штрих кодтың болуы фирманың беделін көтеріп, тауар мен оны өндіретін кәсіпорында жарнамалау рөлін атқарады.Өндірісті, есеп үдерісін және өнім сапасын тиімді басқару үшін тауар деңгейіне қазіргі күннің талабына сәйкес дәл бақылау орнату қажет. Өнімнің қоймада сақтаудан бастап өткізуге дейінгі жолын бақылап отыруға мүмкіндік туғызатын әсерлі шара ретінде сәйкестендіру болып табылады. Бұл тауарды басқа бұйымдардан ажырататын маңызды сипаттамаларымен орындайтын міндетін реттелген ақпарат арқылы айқындайды. Еңбек өнімділігін арттырумен шығындарды айтарлықтай азайтуға бағытталған компьютерлік техника негізіндегі автоматтық сәйкестендіру технологиясы кеңінен таралған. Барлық әйгілі технологиялардың ішінен штрих коды ең көп қолданыс табады.

Штрихкодтың түрлері:

1. Бір өлшемді шрихкодтар (1Д) – 20-30 символдан тұрады, тұтыну тауарларына қойылады.

2. Екі өлшемді шрихкодтар (2Д) – 1000-7000 символдан тұрады, өндірістік тауарларына қойылады.

Штрих код құрылымы:

Штрих код өнімге байланысты 13 не 9цифр болуы мүмкін.

Штрих кодтың алғашқы 2 не 3 цифрі өнімнің қай елде өндірілгенін білдіреді.

Келесі 4 цифрі өндіруші компания туралы ақпарат береді.

Келесі 5 цифрі тауардың коды.

Және ең соңғысы бақылау саны болып табылады.

 


Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 514 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тауардың өмірлік циклінің мәні мен мазмұнын және оның түрлері ашып көрсетіңіз| Коммуникацияның мәні мен оның түрлерін сипаттап көрсетіңіз

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)