Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 2 страница

Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 4 страница | Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 5 страница | Бай қожалықтарын тәлкілеу,ауқатты шаруалар қожалықтарын жою шаралары олардың саяси-экономикалық нәтижелері. | Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға Қазақстандағы көтерілістер | Азақстандағы социалистік индустрияландыру саясатының мазмұны және оның нәтижелері. | Лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың майдандағы ерлігін ашып көрсетіңіз. | лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 1 страница | лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 2 страница | лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 3 страница | лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 4 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

1836 жылы Жанқожа жауынгерлерімен бірге Хиуа әскерлеріне қарсы күреске шығып, олардың ірі бекініс-қамалы Бесқаланы тас-талқан етіп қиратты. 1843 жылы Жанқожаның жасағы Хиуаның Қуаңдариядағы бекінісінің де тас-талқанын шығарды, ал 1845 жылы Хиуаның құрамында екі мың сарбазы бар ірі жасағын ойсырата жеңді.

Жанқожа Қоқан хандығының Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы Жаңақорған, Күмісқорған, Шымқорған және Қосқорған сияқты әскери бекіністеріне де шабуыл жасады. Ол Кенесары Қасымұлының әскери жасақтарымен белсенді байланыс жасап тұрды. 1845 жылы Жанқожа батыр Кенесары ханның өтін Сыр бойындағы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысын басқарған батырлардың бірі Есет Көтібарұлы (1807-1888) болды. Ол өзінің батырлығымен, орасан зор дене күшімен, парасатты ақыл-ойымен, қызыл тілге шешендігімен, сондай-ақ ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен халыққа ерекше танылған еді. Оның әскери қолбасшылық өнерге шеберлігі, бір орыннан екінші орынға жедел ауысып кете алатын тактикалық тапқырлығы жақсы қаруланған, күші басым орыс әскерлерін қапыда қалдырып, талай рет жеңіске жеткізді.

Есет Көтібарұлы ғажайып шешен адам болатын, өз тындаушыларын үйіріп әкетіп, ерлік күреске жігерлендіре білетін. Ағылшын зерттеушісі Бульжер Демитриус Чарлз Есет батырдың өз руластарын патша үкіметіне қарсы күреске жігерлендіре шақырғаны туралы жазды: «Рас, олардың аттары мен қаруы бар. Aт пен қару бізде жоқ деп кім айта алады? Біздің мұхит түбіндегі құмның қиыршығы сияқты көп екеніміз өтірік пе? Әздерің мойын бұрып қараңдаршы: шығыс пен батыста, солтүстік пен оңтүстікте де қаптаған қалың қырғызды көретіндерің анық. Сөйте тұра неге біз aт төбеліндей өз ғана жатжерліктерге бағынуға тиістіміз?!»

1838 жылы Есет батыр Ресейдің Елек бекінісіне шабуыл жасауға қатысты. Ол 1847-1848 жылдары Жанқожа Нұрмұхамедұлымен бірге Хиуа және Қоқан басқыншыларына қарсы белсене күресті.іші бойынша Созақ әскери бекінісін басып алуға қатысты.

12.Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу жолындағы әскери қимылдары және оның аяқталуы. ХІХ ғасырдың 20-жылдары Ресей Орта жүз бен Кіші жүзде хандық билікті жойып, Ресейлік басқару жүйесін енгізгенімен, Ұлы жүз мәселесіне әлі де көңіл бөле қоймаған болатын. Жалпы, ХІХ ғ. 30-жылдарына дейін Ресей империясының “үлкен саясатынан” Орта Азия мәселесі де тыс қалды. Ресей ол тұста негізінен Түркия мен оның иеліктеріне көп көңіл бөлді.

 

Ағылшын-орыс бақталастығында бұл үрдістердің белсенділігі арта түсті. Ресейдің Таяу Шығыстағы жетістіктері Англия қарсылығының күшеюіне әкелді. 1841 жылы Лондон конвенциясы Ресейдің Таяу Шығыс мәселесіндегі ірі дипломатиялық жеңілісі болды. Орта Азия мен Қазақстан біртіндеп ағылшын-орыс бақталастығының негізгі аймақтарының біріне айналды. Қазақстанның стратегиялық аймақ ретінде Орта Азия хандықтары мен Ресей және Қытай аралығында орналасуын патша әкімшілігі жақсы түсінді. Қазақстандағы өз ұстанымын нығайту үшін түрлі шаралар қарастыра бастады. Ресей Сыртқы Істер министрлігінің Азия департаментінің ұсынысымен ХІХ ғ. 30-жылдары Қоқан хандығына Н.Г.Потанин, Бұхар әмірлігіне П.И.Демезон мен И.В.Виткевич, Е.П.Ковалевский, Хиуаға Г.И.Данилевский бастаған дипломатиялық миссиялар жіберді. Бұл сапарлардың барысында Ресей Хиуа және Бұхарамен орыс-азия сауда мәселелері бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізіп, Орта Азия хандықтарының ішкі жағдайы мен Хиуа хандағының Сырдария бойындағы қазақтарға қатысты саясаты туралы бірқатар мәліметтер алып қайтты. 30-жылдардың аяғы мен 40-жылдардың басында патша үкіметі хиуалықтардың шекаралық аймақтардағы күш көрсету және тонаушылық әрекеттерін тоқтату, хиуалықтардың қолындағы орыс тұтқындарын босату, Хиуаның орыс-қазақ қатынастарына араласуын бейтараптандыру үшін Хиуаға әскери экспедиция ұйымдастыру туралы декларациясын жариялады. Ресейдің мұндай ресми мәлімдеме жасауына Англияның Орта Шығыстағы саяси ықпалын нығайту қаупінің күшеюі себеп болды.

13.1867 ж. «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша Ереженің» мақсаты мен міндеттері. 1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының бас кезінде ғана отарлық өкімет орындары өлкенде әкімшілік, сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті.

1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Төрғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды.

Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана — 5, Самарканд — 4 уезден турды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал– губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал– губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының қарауына берілді.

Өлке шеңберінде генерал – губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты облыстық басқармаларымен қоса генерал – губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери- –губернатор құзырында болды.

14.1868 ж. «Далалық облыстарды басқару туралы Уақытша Ереженің» мақсаты мен міндеттері. Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Өйткені, ол әкімшілік құрылыс, жер қатынастары, сот

құрылысы, халыққа білім беру, дін мәселесі сияқты қазақ қоғамының шешуші салаларының бәрін қамтыған болатын. Қазақстанға әкімшілік басқару жүйесін енгізудегі патша үкіметінің алдына қойған басты мақсаты аймақтағы отаршылдық саясатын күшейту болды. Осыған орай, 1867 жылы 11 шілдеде патша жарлығымен империя құрамында Түркістан генерал-губернаторлығы құрылса, ал 1868 жылы Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтары құрылды. Реформаның ең басты және негізгі міндеті – "қазақ даласын Ресейдің басқа бөліктерімен бірте-бірте қосып жіберу" үшін Ресейге бағынышты халықтарды бір басқару жүйесінің құрамына біріктіру. Сөйтіп, жергілікті ақсүйектерді биліктен ысырып тастап, ру басшыларын әлсіретіп, ойға алған іс-шараларды оңтайлы жолмен оңай әрі тез жүзеге асырып отыру. Жалпы алғанда, реформалар патшалық үкіметтің қазақ даласының жергілікті тұрғындарын және аймақтық табиғат байлықтарын еркін пайдалану үшін орыс капиталына анағұрлым тиімді жағдай қалыптастыру әрекетінен туған еді. 1867-1868 жж. реформалардағы басты бағыттардың бірі Қазақстанда күшті әскери-бюрократиялық аппарат құру болды. Ол аппарат әр түрлі жеңілдіктерге: анағұрлым жоғары еңбекақы, екі есе төлем, қызметтен босаған кездегі жоғарғы зейнетақыға қызығатын чиновниктерден құралды. Зерттеуші ғалым К.А. Жиреншин өз еңбегінде: "Отаршылық әкімшілік аппараты қазақ даласының жағдайынан бейхабар, білімі таяз адамдардан, ең бастысы, өз қызметін өміріндегі өтпелі кезең деп санап, сол уақыт ішінде тез ауқаттанып алуды көздеген офицерлерден жасақталған болатын: Генерал-губернаторлықтардың басты басқару аппаратын генерал-губернатор, оның кеңсесі және тапсырма орындаушы чиновниктер құрды. Генерал-губернаторлар әскери және азаматтық билікті толығымен өз қолдарына жұмылдырды, сонымен қатар қазақ даласындағы әкімшілік құрылысының принципі – жаңа отаршылық реформа бойынша билікті толығымен әскери ведомствоның қолына беру болды" - деп, патшалық үкіметтің құйтырқы саясатының табиғатын айқын да ашық көрсетіп береді.

15.XYIII-XIX ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиеті. «Зар заман» мектебі.Қоғамдық ой мен әдебиеттегі «Зар заман» мектебі. XVIII ғ. аяғы - XIX ғ. бірінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінің дамуында жаңа дәуір басталды. Бұл кезде қазақ әдебиетіндегі бұрынғы әншілік-жыршылық дәстүр біртіндеп ығыстырылып, оның орнын жеке поэтикалык шығармашылык басты. Ақындар өздерінің өлеңдері мен жырларында өмірдің нақты шындығына үніліп тануға, жеке көзқарастарын еркін білдіруге тырысты, осымен байланысты ақындардың шығармашылығы дамып, жеке толғаныстарында көркемдік шеберлікке жетудің жолдарын іздестірді. Осының нәтижесінде қазақ әдебиеті ұлттык дарынды тұлғалардың көптігімен, бір-біріне мүлдем ұқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен ерекшеленді. Олардың ішінен поэтикалық дарыны зор небір суырып салма, импровизаторлар дараланып шықты. Солардың арасынан жауынгер акын Махамбет Өтемісовтың (1803-1846) творчествосын ерекше бөліп айтқан жөн. Оның көптеген шығармалары 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманов бастаған халық-азаттық көтерілісіне арналды. Махамбет - көтерілістің жалынды жыршысы ғана емес, сонымен қатар Исатайдың адал серігі, даңқты батыр ретінде көтерілісті ұйымдастыруға белсене қатысты. Ол өзінің ұран іспеттес жауынгерлік жырларымен көтерілісшілерді рухтандырып, жігер беріп отырды. Сондықтан Махамбеттің өлеңдері халық-азаттық көтерілісінің қуатты дауысы және ұраны болып табылды.

Қазақстан мәдениеті (XIX ғасырдьщ екінші жартысынан XX ғасырдың басына дейін) XIX ғасырда дәстүрлі ақындар поэзиясы халық арасында айрықша кең тыныс тапты. Жанақ, Орынбай, Арыстанбай сияқты суырып салма ақындар бүкіл қазақ даласын өлең-жырға толтырды, тек туған жұртына ғана емес, сахараға ат ізін салған орыс жөне Еуропа ғалымдары мен оқымыстыларына да кеңінен танылып, көшпеңділердің ақындық өнерінің жайсаң түлғалары ретіңде мәшһүр болды. Жетісуда Сүйінбай өзінің отты да откір жырларымен бұқарашыл ақын ретінде танылса, түстікте Майлықожа Шығыс үлгісіне бейім назым жырға машығады. Ал Сыр өңірінде коне жыраулық және ақындық поэзияның құрыш қорытпасындай Базар жырлары өріс табады.

 

16.Реформаға қарсы Орал және Торғай облыстарындағы, Маңғыстаудағы қазақтардың көтерілістері.+

Жер пайдаланудың бұрынғы жүйесін күйретіп,шаңырақ алымының көбеюін туғызған «Уақытша ереженің»негізгі баптары осы реформа нысанаға алғандарды назарынан тыс қалдыра алмады.Жалпы Уақытша ереженің енгізілуі Орта жүзде қарсылыққа кезпеспеді,сөйтіп көтеріліс негізінен Кіші жүз қамтыды.Көшпелі халықтың ашу-ызасын туғызған факторлардың бірі үкіметтің фискалдық саясатының қатайтылуы болды.Оның үстіне қатардағы көшпелілер мен ауқатты отбасылар бірдей міндеткерлік атқарды.Мұның өзі патша өкіметінің қазақ қоғамының артықшылықты топтары жөніндегі қамқоршылық саясатының көрінісі болды;салықтар мен басқада міндеткерліктердің күрт көбейтілуі Орал,Торғай облыстарында Маңғыстауда халықтық бой көрсетулердің басталуына түрткі болды,сірә,халықтың жаңалықтарды тыныш қабылдауынан үміт етсе керек,облыстар губернаторларының әкімшіліктері Уақытша ережеге бұқараның саралап қараған көзқарасының көрінеу фактілерін теріске шығарды.Жазалаушылардың неғұрлым ұйымдасқан қимылдары 1869жылдың көктемінен басталады.Наурыз айының басында Орынбордан Жем ауданына екі жүздік қазақ отряды жіберілді.Бірақ далада келе жатқан кезінде отряд үкіметтің әліде реформа енгізуге батылы бармай отырған Қобда ж/е Елек өзендерінің бойында қимыл жасап жүрген қазақтар қарақшыларының шабуылына ұшырады.Көтерілісшілердің бұл тобы біріне Ханғали Арысланов сұлтан,екіншісіне Ықылас Досов басшылық еткен екі жасақтың біріккен күші болғаны анықталды.1869жылғы 8мамырда Илецк уездік басқармасының бастығы Орынбор генерал-губернаторына Орал облысы Жиренқатын болысының биі,ауыл старшыны Түндетбай Көпекбаевтың 150шамалас қаруланған адамдарынан тұратын жасағының Уақытша ережені қабылдаған Тұзтөбе болысының қазақтарына шабуыл жасағаны туралы хабарлаған.Далалық екі облыстағы көтерілістің жетекшілері –Ханғали Арысланов сұлтан,билер Дәуіт Асауылов,Әзберген Мұңайтпасов,Уфа молдасы Ықылас Досов,молда Рысқұлов ж/е басқалар Хиуа билігімен әр түрлі дәрежеде байланысты болатын,оның қолдауына сүйеніп,сол арқылы патша өкіметінің Хиуа хандығы аумағында да соғыс қимылдарын жандандыруына себепші болды,сөйтіп 1870жылы Маңғыстаудағы қазақтар көтерілісін де жеңіліске ұшыратты.Уақытша ереже Маңғыстауда 1870жылы ғана енгізілді.Патша әкімшілігі Маңғыстаудың негізгі халқы –адай руы «Уақытша ережені»күрессіз қабылдамайды деп қауіптенді ж/е оны жүзеге асыру үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды күтті.Кейбір шенеуніктер бұл аймақта реформалар жүргізудің жалпы мерзіміне күмән келтірді,Кіші жүздің ең жауынгер руларының бірі-көшпелілік дәстүрлерін көп дәрежеде сақтап қалған Адайлардың қызу ашу-ызасын күтуі негізсіз емес болатын,қай жердегіден болсада:«...жаңа ережені қабылдауға Адайлар нашар даярланды ж/е мұнда оны енгізу уақытылы бола қоярма екен»,-деп білдірді өзінің қаупін беймәлім автор. Маңғыстау приставы подполковник Рукин дала тұрғындарының қиын жағдайымен санаспай,Адайлардан 1869-1870жылдар үшін шаңырақ алымын жаңа тарифке сәйкес дереу енгізуді талап етті;көптеген жергілікті тұрғындар,соның ішінде Бозашы түбегінің балықшы жатақтары Рукиннің талабын орындаудан бас тартты.Адайлардың жайлауға көшуін күштеп тоқтатуға тырысқан Рукиннің ойланбай жасаған әрекеттері жер-жерде көтерілістің басталуына себеп болды.1870жылдың наурызында Рукиннің отряды көтерілісшілердің үлкен тобының қоршауында қалды,25наурызда ашық қақтығыс кезінде отряд командирі мен 20-ға жуық жазалаушы қаза тапты. Көтерілісшілердің жетекшісі Иса Тіленбаев қалың бұқараға басшылық етуде шеберлік ж/е жазалаушылармен келіссөздерде дипломатиялық әдептілік танытты.Нашар қаруланған номадтардың тұрақты әскер бөлімімен шайқастағы жеңісі Адайлардың күрес шебін нығайтты.Жеңіс жігерлендірген көтерілісшілер сәуір айының басында Николаев станицасына,Александровск фортына шабуыл жасады,алайда олар сәтсіздікке ұшырады.Көтеріліс шағын сипатта болғанымен,оның географиялық шеңбері тым ауқымды болды-бүкіл дерлік Батыс Қазақстан,Солтүстік Қазақстанның бір бөлігі Қазақ шаруаларының бой көрсетулерімен қамтылып,Уақытша ереженің жүзеге асырылуын қиындатты.

17.Жетісуға орыс шаруаларының, ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы және оның салдары.

Егер XIX ғасырдың ортасына дейін Қазақстанға көбінесе Ресейден әскери топ пен казактар ғана қоныс аударып келсе, ғасырдың екінші жартысынан бастап жағдай түбегейлі өзгерді. Ресей шаруаларын қазақ даласына бұрын-соңды болып көрмеген кең көлемде жаппай қоныс аудару ісі мемлекеттік тұрғыда қолға алынды.Мұның бірқатар себептері болды. Біріншіден, 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жаппай жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болды. Мұның өзі шаруалардың толқуын туғызды. Патша үкіметі шаруалар бүліншілігінің өрши түсуін болдырмау үшін оларды Қазақстан мен Сібір аумағына жаппай қоныс аударту шараларын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады. Екіншіден, Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті. Үшіншіден, патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді. Төртіншіден, патша үкіметінің жергілікті халықты христиан дініне енгізу және орыстандыру жөнінде арам пиғылы да болатын. Бесіншіден, қоныс аударушы шаруалар Қазақстанды орыс империясының сарқылмас мол астығы бар алып қоймасына айналдыруы тиіс деп үміттенді. Өлкені казактар арқылы отарлау экономикалық тұрғыдан ойдағыдай онды нәтиже бермеді. Әскери қызметте жүрген казактар өлкедегі әскери гарнизондар мен шенеуніктер тобының өзін де азық-түлікпен жартымды қамтамасыз ете алған жоқ.Оның үстіне Ресейдің жерсіз шаруаларын жаңа жерде емін-еркін тамаша өмір сүруге болады екен деген хабарлары мен хаттары ол жақта қалғандарды еліктіре елеңдетті. Мұның өзі орыс шаруаларын одан сайын жаппай қоныс аударуға қызықтыра түсті.

Жетісуда егінші дамуына ХІХ ғасырдың 70-90 –жылдарында Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендер бірден бір ықпал етті. Қоныстандыру екі кезен болды. Бірінде кезенде 1877жылыТоқмақ ауданына шэньси дүнгендерінің бір тобы келді,1881-83 жылдары,Санкт-Петербург шартына сәйкес,Іле өлкесінен ұйғырлар мен дүнгендердің негізгі көпшілігі қоныс аударды.1884жылдың басына қарай Жетісуда 9572ұйғыр отбасы(45373адам) ж/е 1147дүнген отбасы(4682адам)болды.Олар былайша қоныс тепті: 4477ұйғыр отбасы(19209адам) Жаркент учаскесі шеңберінде,Өсек ж/е Шарын өзендерінің бойына,қалған көпшілік бөлігі-5275отбасы(26164адам) Верный уезіне Шелек ж/е Талғар өзендерінің аралығына орналасты,сондай-ақ Верный қаласына орын тепті.Дүнгендер мен ұйғырлардың қоныстануына байланысты Жетісудың отырықшы халқы екі есе көбейді.1897жылғы санақ бойынша қоныстанғандар санында дүнгендер-14130,ұйғырлар-55999 адам болды.Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісудың халық тығыз орналасқан аудандарына қоныстандыру объективті түрде жер тарлығын күшейтіп,қазақ халқының наразылығын туғызды.Облыстың село халқын жерге орналастыру жөнінде 1882жылы Жетісу облыстық басқармасы белгілеген ережелер негізінде дүнгендер мен ұйғырлар әрбір еркек адамға он десятинадан жер алуға тиісті еді,алайда 1885жылы қоныстанушыларға үлесті жер бөліп беру қолға алынған кезде,әрбір еркек адамға төрт-бес десятинадан ғана жер бөлініп беріліп,1892жылдың 1қаңтарынан бастап оброктық алым-салық салынатын болды.Жетісудың 10мың дүнген халқына небәрі 27мың десятина,яғни жан басына шаққанда 3десятинаға жетпейтін жер берілді. Дүнген ж/е ұйғыр шаруаларының еңбекші бөлігі жермен нашар қамтамасыз етілген болып шықты.Ауқатты дүнгендер мен ұйғырлар қазақтардан,қоныстанған шаруалардан,сондай-ақ қазақ –қырғыз қоғамдарынан ақыны ақшалай н/е заттай төлейтін болып арендаға жер алып отырды.Ауқатты дүнгендер мен ұйғырлар өз шаруашылықтарын рынок талаптарына бейімдеп,негізінен алғанда техникалық дақылдар екті.Ұйғырлар мен дүнгендердің тарихи тағдырлары Ресейдің бір бөлігі ретіндегі Қазақ өлкесі халықтарының тағдырымен тығыз астасып кетті.

18.XIX ғ. 80-90 жылдардағы патша өкіметінің Қазақстандағы аграрлық саясаты және оның салдары.+

Патша өкіметінің аграрлық саясатының ажырамас бөлігі қоныстандыру саясаты болды. Помещиктер мен империалистік буржуазияның мүдделеріне сай келген қоныс аудару мәселесіне патша өкіметі XIX ғ. екінші жартысынан бастап қатты назар аударды. Өйткені, Россияда басыбайлықтың (крепостниктік) жойылуы және әлеуметтік-әкімшілік жөніндегі реформалар аграрлық мәселені толық шешкен жоқ, Россияның орталық аудандарында шаруалардың толқулары тоқмады. Осындай жағдайда патша өкіметі шаруалардың назарын революциялық қозғалыстан аудару үшін бірқатар шаралар қолданды. Қоңыс аудары саясаты сол шаралардың бірі еді. Сібірді, Қазақстанның солтустік, батыс, орталық және оңтустік шығыс аудандарын отарлау арқылы патша өкіметі Орталық Россиядан шаруаларды қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды.Әскери-әкімшілік отарлау саясаты Россиядан шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын іске асыру жолында Жетісудың бірінші әскери-губернаторы Г.А. Колпаковскийдің бастауымен 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» бекітілді. Осы ереже бойынша қоныстанушы әр жанға 30 десятина жер беріліді. Қоныс аударушылар 15 жыл мерзімге алым-салықтан, рекруттық (әскери міндет) міндеткерліктен босатылды. Мұқтаж отбасыларына «керек-жарақтар алу үшін» ақшалай (100 сом) көмек берілді.1883 жылы Жетісу облысының Дала генерал-губернаторлығына қарауына байланысты жергілікті әкімшілік «Шығыс Түркістаннан Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дунгендерді орналыстыру» туралы ереже шығарды. Жаңа документ 1885 жылы 1 мамырда бекітілді. Бұрынғыларымен салыстырғанда жаңа «Ережелерде» қоңыстанушыларға берілетін артық- шылықтар біраз қысқартылды: енді жер улесі әр адам басына 10 десятина болып белгіленді, қоныстанушылар салықтар мен міндеткерліктерден үш жылға ғана босатылды, ал одан кейінгі үш жылдықта оларды жартылай өтейтін болды.Патша өкіметі 1889 жылғы 13 шілдеде «Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» туралы арнаулы ереже бекітті. Бұл ережеде жерді бекітіп берудің тияқты мөлшері белгіленген жоқ, жергілікті өкімет орындарына оның өз қалауынша белгілеуге ерік берілді. «Ережеде» ішкі істер және мемлекеттік мүліктер министрлері алдын ала рұқсат еткен жағдайда ғана қоныс аударуға болатыны көзделді. Қоныс аударатын басты аймақтар – Жетісу, Ақмола, Семей, Тобыл, Томск губерниялары ңақтылы белгіленді.Сонымен, «Село тұрғандары мен мещандардың өз еркімен қоныс аударуы туралы» 1889 жылғы ереже Россияның орталық губернияларынан Қазақстанға қоныс аудару қозғалысын ішінара ашып берді және самодержавиенің жалпы аграрлық саясатының мәнді жақтарының бірі болды.Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бірі-Сібір темір жол комитеті болды (1892 ж. құрылды). Елдің шығысындағы бірсыпыра аудандар темір жолмен байланысқаннан кейін, шаруалардың қоныс аударуы кең өріс алды. Қазақстанда шаруаларды қоныстандыру алдымен Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Төрғай облыстарында жұргізілді.Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейін Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартып алынып, 10940 халқы бар 24 жаңа селолар пайда болды. Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33064 десятина егістік жер тартып алынды. 1884-1891 жыл аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды. Шеттен шаруаларды әкеліп қоныстандыру Сырдария облысын, Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерін кеңінен қамтыды.Қоныс аударушылар Россияның Европалық бөлігінен ғана емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келді. Мәселен, 1900 жылғы халық санағы бойынша тек Қазақстанның бес облысында (Ақмола, Орал, Төрғай, Семей, Жетісу) ғана 3463598 адам болса, оның ішінде европалық Россиядан келгендер 247 мыңдай адам, Сібірден – 42119, Орта Азиядан – 23530, Польшадан – 1191, Кавказдан – 1672, Финляндиядан – 72, басқа жерлерден 3557 адам келді. Сөйтіп, 1900 жылы 5 облыс бойынша сырттан келушілер өлкенің барлық халқының 10,5 процентін қамтыды. Оларға 44 миллион гектар жер таратылды.Сөйтіп, патша самодержавиесінің Қазақстан территориясын отарлауға бағытталған және дамып келе жатқан Россия капитализмнің мүдделерін бейнелеген аграрлық саясаты XIX ғасырдың екінші жартасында осылайша жүзеге асырылды.


Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 291 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 1 страница| Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 3 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)