Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 1 страница

Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 1 страница | Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 2 страница | Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 3 страница | Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 4 страница | Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 5 страница | Бай қожалықтарын тәлкілеу,ауқатты шаруалар қожалықтарын жою шаралары олардың саяси-экономикалық нәтижелері. | Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға Қазақстандағы көтерілістер | Азақстандағы социалистік индустрияландыру саясатының мазмұны және оның нәтижелері. | лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 3 страница | лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 4 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Жауабы:майдандардығы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор.1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600 мың адамға азайған.

Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық түлік емес, сонымен қатар тірі мал, тіпті, ауыл шаруашылық техникасының шаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50 пайызын ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні-түні еңбек етті соғыстың бірінші жылы мемлекетте 100млн. Пұт астық тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн. пұт артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы 5тен, кешкі 22.00ке дейін ұзартқын әрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқырды. Әйелдер балаларын тапсырып, күні-түні жұмыс істеп, колхоз жұмысын белсене атқырды. Мысалы, алматы обл. 9 айданын 277 колхозында соғысқа дейін 64369 адам еңбек етсе, соғыс жылдары олардың саны әйелдер, қариялар және балалар есебінен 68598 адамғы дейін өскен.

1939 жылмен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы еңбек ететін адамдар саны 600 мыңға кеміді. 1944 жылы колхозда еңбекке жарамды ерлер үлесі 20 пайызды құрса әйелдер 58 пайызды құрса қалғанын жас өспірімдер құрды. 1942-1943 жж майдан ажеті не 411 трактор 432 мың жылқы тылға жіберілді. Соғыстың алғашқы жылы 150 мың пұт астық жиналды Шығанақ берсиев 202 мың центнер астық жинап әлемдік рекорд жасыды. Ким Мансам және Ыбырай Жақаев 172 центнер күріш жинап рекорды жасыды. Және жергілікті халықтан жиналған 106 мың сом ақша майданға жіберілді. Қазақстандықтар майданға өз ақшасына қару жарақ, танкі, ұшақ секілді майдан қажетін жіберіп отырды. Қазақстанда 480 млн сом танк жасауға жұмсалды.

Республика еңбекшілері өздерінің жеке жинағынан майдан қорына 4,7 млрд. сом ақша берді. Сонымен қатар олар майдангерлерге 2 млн.-нан аса жылы киім, 1600 вагон сыйлық жөнелтті. Республика еңбекшілерінің өздерінің жеке қаражаттарына "Қазақстан комсомолы", "Түрксибші", "Қарағанды шахтері", "Қазақстан мұнайшысы", "Қазақстан металлургі", "Қазақстан пионері" атты авиаэскадриялар жасақталды. Ол үшін 480 млн. сом қаржы жиналды.

Республика еңбекшілері Ленинградты (қазіргі Санкт-Петербург) қорғаушыларға 400 вагон сыйлық жөнелтіп, жаудан тазартылған аудандардан көмегін аяған жоқ. Орел облысын қамқорлыққа алып, оларға 200 вагоннан аса жабдық, ауыл шаруашылығы машиналарын, азық-түлік, тұрмыстық заттар және 100 мың бас мал жөнелтті. Осындай көмек Украина мен Белоруссияға, Солтүстік Кавказға және Ленинград, Курск, Калинин облыстарына көрсетілді.

Мұның барлығы майдан мен тылдың бірлігін, халықтар достығын нығайтуға үлкен әсерін тигізді. Қазақстан еңбеккерлерінің майданға көмегі қызыл әскерлердің жағдайын жақсартып, олардың жауынгерлік рухын көтерді, Қызыл Армия бөлімдерінің жауды талқандау үшін мүмкін болған нәрсенің бәрін істеуге жігерлендірді. Сөйтіп, Қазақстан соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ Кеңестер Одағы арсеналдарының біріне айналды, оның экономикалық тіректерінің бірі болды.

47. ҰОС кейінгі жылдағы мәдениет, ғылым және ондағы келеңсіз жағдайлар. Е.Бекмаханов, М.Әуезов, Қ.Сәтпаев, Б.Сүлейменов және т.б. тағдырын талдаңыз.

Жауабы: қоғамдық- саяси жүйеде 20-жж ортасында орныққан қатаң әкімшіл- әміршілдік 40-50 жж шарықтай түсті. Бұл қоғамдық саяси өмірдің барлық саласының көрініс тапты. Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық мүддені ескермеу мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады. Қоғамдық партияның қатаң бақылауына алынды. Өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға жаңа науқан ашқан БКП(б) орталық комитетінің 1946 жылдың 14 тамызындағы «звезда» және «ленинград» журналдары туралы қаулысы бұл құбылыстың нақты дәлелі бола алады. Қазақстан партия комитеттері өз жұмысын аталмыш қаулының аясында жүргізді.

Москва мен Ленинградта «лениградтық іс», «дәрігерлер ісі» жүргізіліп жатқаны Қазақстанда талантты тарихшы «бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды. Е. Бекмаханов соғыс жылдары А.П.Кучкин, А.М.Панкратова, Б.Греков, Н.М. Дружинин және т.б кеңес тарихшыларымен бірлесіп Қазақ КСР тарихын даярлаған болатын. Кітап 1943 жылы баспадан жарық көрді. Алғашқыда еңбек жоғары бағалағанына қарамастан, көп ұзамай сынға алынып, әсіресе, кітаптағы ұлт-азаттық көтерілістерге берілген баға қызу айтыс тудырды. Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген «қазақстан 19 ғасырдың 20-40 жж» деген көлемді еңбегі де сынға ұшырады. 1950 жылы «правда»газетіндегі «қазақстан тарихының мәселелерін маркстік лениндік тұрғыдан жазу үшін» деген мақалада Е.Бекмаханбетов еңбегі айыпталды. 1951 жылы 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының орталық комитеті «Правда» газетіндегі мақала бойынша қаулы қабылдап «Бекмахановтың буржуазиялық- ұлтшылдық көзқарасын айыптады». Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов ғылым академиясындағы қызметінен босатылып, барлық ғылыми атақтарынан айырлып, 1952 жылы 4 желтоқсанда 25 жылға сотталды.

Бекмахновпен қатар Республиканың көрнекті қоғамтану ғылымдары А.Жұбаноы, Х.Жұмалиев, Б. Шалабаев, Б.Сүлейменов, Е.Смайлов жазушы Ю.Домбровский осындай жалған айыптармен жазаланып, сондай – ақ Ә.Марғұлан, Ә.Әбішев, С.Бегалин секілді ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық – ұлтшылық қателіктер жіберді деп айыпталды.

Ғалымдар, жоғары оқу орындарының ұстаздары, мектеп мұғалімдері және тағы басқалары халық арасындағы идеялық-тәрбие беру саласында үлкен жұмыс жүргізді. Денсаулық сақтау қызметкерлері қажырлылықпен еңбек етті. Соның арқасында емханаларда емделуде болған жаралы жауынгерлердің жетпіс пайыздан астамы қайтадан қатарға қосылды. Соғыс кезінде 118 техникумнан 92-сі сақталды, онда оқитын оқушылар саны тек 389 адамға ғана қысқарды. 1941 ж. дейінгі 20 жоғары оқу орнына жаңадан төртеуі қосылды. Оларда оқитын студенттердің саны 10,4 мыңнан 15 мыңға дейін өсті.

Осындай қиын-қыстау күндерде қазақ совет әдебиетін дамытуға үлкен көңіл бөлінді. Соғыс кезінде А. Толстой айтқандай, кеңес поэзиясының алыбы Жамбылдың өлеңдері Отан қорғауға шақырған қаһарлы дабыл іспеттес болды. Оның "Ленинградтық өрендерім" атты өлеңінің өнегелік те, тәрбиелік те мәні зор еді. Майдангер ақын Қ. Аманжолов "Жеңістің, дауыл мен оттың жыршысымын" деп орынды айтты. Н. Тихонов айтқандай, оның "Абдолла" поэмасы қазақ поэзиясының інжу-маржанына айналды. Партизан шоғырының комиссары Ж. С. Саинның шығармаларын есімі естен кетпейтін Назым Хикмет "Кеңес Одағының барлық халықтарының мызғымас достығының белгісі" деп атады. М. Әуезовтің соғыс кезінде "Абай" эпопеясының бірінші кітабын жазуы қазақ әдебиетінің әлемдік аренаға шығуына жол салды. Қазақ әдебиетімен бірге қазақ өнері де дамыды. Соғыстың алғашқы үш жылы ішінде Қазақстан өнер шеберлері өздері қамқорлыққа алған ұжымдарда 20 мың спектакль мен концерттер көрсетті, олардың ішінде мыңнан астам концерт майдан шебінде берілді.

48. Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын айқындаңыз, «Жылымық» жылдарындағы қоғамдық-саяси және мәдени өмірге берер бағаңыз.

Тарихта «жылымық» деп аталып жүрген 1954-1964 жылдарыбіршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп әкімшілік-әміршілік басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін туғызды. Нәтижесінде мыңдаған әділетсіз сотталғандар лагерьлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды.1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, ҰОС жылдары жау басып алған территорияда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.САтбаев,М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайта алынды. Әйтсе де, Хрущев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де күнәсіз сотталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып қазақтардын біріңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтаңдық қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов,Ә.Бөкейханов,М.Жұмабаев, М.Дулатов,Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып,экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және т.б. көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс- әрекеттің жаткештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған башқұрттар, қалмақтар, шешендер,ингуштар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе ал екінші жағынан қырым татарлары немістер, месхет түріктреіне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл-әміршілдік жүйе тыиым салды.

Тың және тыңайған жер­лерді иге­ру (1954–1958 жж.)

Тың жер­лердің игерілуі 1954 жы­лы бас­талды. 1954 жы­лы на­урыз­да КОКП Ор­та­лық Ко­митетінің пле­нумын­да «Ас­тық өндіруді арт­ты­ру, тың және тыңайған жер­лерді иге­ру» ту­ралы қаулы қабыл­данды. Тың иге­ру, ас­тық өсіретін егістік көлемін арт­ты­ру, негізінен, Орал мен Сібірде, Солтүстік Кав­каз бен Қазақстан­да жүргізілді.

1954 жы­лы Кеңес Одағын­да 13,4 млн. гек­тар жаңа жер, оның ішінде Қазақстан­да 6,5 мил­ли­он гек­тар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28–30 мил­ли­он гек­тарға жеткізу көзделді. Тың жер­лерді иге­ру ісі ерек­ше қарқын­мен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 жы­лы 9,4 мил­ли­он гек­тар жер жыр­тылды. Ал жос­пар бойын­ша 7,5 млн гек­тар жер жыр­ту көздел­ген бо­латын. Тың жер­лердің игерілуі жүргізілді:

Ақмо­ла, Солтүстік Қазақстан;

Қос­та­най, Көкше­тау;

Торғай;

Пав­ло­дар об­лыста­рын­да.

Тың жер­лерді иге­ру мақса­тын­да Қазақстанға көпте­ген жұмыс­шы­лар келді. 1953–1958 жыл­дар ара­лығын­да сов­хоздар мен кол­хоздарға 266,6 мың ме­хани­затор, 1954 жы­лы Ақмо­ла об­лы­сына тың иге­ру үшін 20000-ға жуық адам келді. Тың иге­руді же­дел­де­ту мақса­тын­да көпте­ген ша­ралар қол­да­ныл­ды. Басқа өңірлер­ден тың иге­руге кел­гендер­ге көпте­ген ма­тери­ал­дық жеңілдіктер жа­сал­ды. Тың иге­руге кел­ген әр адамға 150–1000 сом ара­лығын­да бір реттік көмек берілді. Бұдан басқа да ма­тери­ал­дық, азық-түлік т. б. көмек­тер берілді. Тың иге­руге кел­гендер ауыл ша­ру­ашы­лық са­лығынан бо­сатыл­ды.

1954–1959 жыл­дар ара­лығын­да Қазақ КСР-де тың және тыңайған жер­лерді иге­ру мақса­тын­да 20 млрд-қа жуық сом жұмсал­ды.

Тың иге­рудің пай­да­сы. Тың иге­ру Қазақстан­да ерек­ше қарқын­мен жүргізілді. Қазақстан­да егістік жер­лердің көлемі арт­ты. Ас­тық өндіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Со­ның арқасын­да Қазақстан Ор­та Азия мен Сібірді, Орал­ды ас­тықпен қам­та­масыз етті. Тың иге­ру жыл­да­рын­да Қазақстан көп ұлтты, ин­терна­ци­онал­дық ел­ге ай­нал­ды. Қазақстан жерінде көпте­ген тұрғын үй­лер, құры­лыс­тар, мәде­ни обьектілер са­лын­ды. Он мыңдаған шақырым жол­дар төселді.

Тың иге­рудің сал­да­ры. Көпте­ген жыл­дар бойы тың жер­лерді иге­ру пар­тия көре­гендігі, Мем­ле­кет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы ту­ралы еш­теңе ай­тыл­ма­ды және ай­ты­луы да мүмкін бол­ма­ды.

Ең ал­ды­мен Қазақстанға тың және тыңайған жер­лерді иге­руге кел­гендер ара­сын­да арам­та­мақтар мен қыл­мыскер­лер де бол­ды. 1954–1955 жыл­дарда Қазақстанға кел­ген 650000 тың иге­рушінің 150000-ы ғана ме­хани­затор бол­ды. Нәти­жесінде көпте­ген тәртіп бұзу­шылықтар, қыл­мыстар етек ал­ды.

Тың иге­руге бай­ла­ныс­ты сов­хоздарға көбіне­се тозған, бүлінген трак­торлар мен ком­бай­ндар, ауыл ша­ру­ашы­лық тех­ни­касы жіберілді.

Эко­логи­ялық жағдай күрт на­шар­ла­ды. Аса көп тер­ри­тория жыр­ты­лып, нәти­жесінде көп жер­лер тіршілікке жа­рам­сыз бо­лып қал­ды. То­пырақ эро­зияға ұшы­рап, жердің құнар­лы­лығы азай­ды.

Мал ша­ру­ашы­лығының да­муы арт­та қал­ды. Мил­ли­он­даған гек­тар жер­лер жыр­тылған­дықтан, мал­дың жайылы­мы, жемшөп дайын­дай­тын жер­лер азай­ды. Мал ша­ру­ашы­лығының шығынға ұшы­ра­уынан ет, сүт өнімдерінің көлемі де азай­ды.

Қазақ халқының ұлттық ерек­шеліктері аяққа тап­талды. Тың иге­рушілер ара­сын­да қазақ халқының ұлттық на­мысын қор­лай­тын теріс пікірлер та­рады. Тың иге­ру жыл­да­ры қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәде­ни­еті, ұлттық ру­хани­ят­та­ры ес­керілмеді. Қазақ мек­тептері, ба­лабақша­лар, қазақ тіліндегі га­зет-жур­налдар азай­ды. Қазақ тілінің қол­да­нылу аясы та­рыл­ды. Тың иге­ру жыл­да­ры кел­ген 2 мил­ли­онға жуық басқа ұлт өкілдеріне берілген ар­тықшы­лықтар қазақ халқын менсінбе­ушіліктің көрінісі бол­ды.

49. 1960 ж. ортасындағы экономикалық реформалар және олардың нәтижесіз аяқталуының себептерін ашып көрсетіңіз

60-шы жылдардың бірінші жартысындағы қоғамдық өзгерістердің саясаттың ерекше белгісі, оның қайшылығы мен жеке адамға табынуды жою процесінің нақты жетістіктері, сондай-ақ экономикалық дамудың белгілі бір табыстары еді.

Партияның XXII съезінде (1961 ж.) КОКП-ның жаңа Бағдарламасы туралы айта келіп, Хрущев: "бұл коммунизмнің материалдық-техникалық базасын салу бағдарламасы, бұрынғылардан оның өзгешелігі - ол 20 жылға есептелген шынайы бағдарлама" - деп мәлімдеді. Бұл кезеңнің соңында коммунизмнің базасы жасалып бітеді, сөйтіп "кеңес адамдарының қазіргі ұрпағы коммунизм тұсында өмір сүретін болады". Хрущев бүгінгі қиындықтар уақытша, 20 жылдан кейін кеңес адамдарын тек жақсы өмір ғана емес, коммунизмнің басталуы күтіп тұр деп дәмелендірді.

Қалыптасқан жағдайды түзеу және жол берілген қателіктерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шұғыл шаралар алған КОКП Орталық комитетінің Қазан /1964 ж/ Пленумы өтті. Пленум Н. С. Хрущевті КОКП Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы және КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы міндеттерінен босатты. Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп Л. И. Брежневті сайлады, ал Кеңес үкіметінің басшысы етiп КСРО Жоғарғы Кеңесі А. Н. Косыгинді тағайындады. Осының артынша партия кеңес және басқа қоғам ұйымдарын 1962 жылы жүзеге асырылған өндiрстік принцип бойынша бөлу ойластырылмаған іс деп бағаланып, олардың территориялық-өндірістік принцип бойынша құрылуын қалпына келтіру ісі қолға алынды.

Еліміз әміршіл-әкімшіл жүйе жағдайында, оның партия, мемлекет басшысының толық билігімен өмір сүріп жатты. Хрущевтің айтуымен, республика басшылығының аударыс-төңкерісі жиіледі. Көп жыл Қазақстан партия ұйымының басшысы болып келген Ж. Шаяхметов орнынан алынып, оның орнына келгендер қолғапша ауыстырылды. Шаяхметовтың орнына келген П. К. Пономаренко келді.

Бұл кезде экономикалық реформаларға жасалған сәтсіз талпыныстар, өндіріс күштерінің тиімсіз орналастырылуы, халық шаруашылығын басқару жүйесінің ат үсті және жиі-жиі өзгертілуі республиканың экономикалық дамуына кері зардаптарын тигізді.

Республика қара және түстi металлургия, химия өнеркәсiбiнiң iрi орталығына айналды. Одақтағы мысалы қорғасын, қалайысекiлдi металдарды өндiрудiң 30%-дан 70%-ға дейiнгiсi Қазақстан үлесiне тидi. Қазақстан бiрден-бiр ауыл шаруашылығы аймағына айналды. Мемлекет қорына Қазақстаннан жүннiң әрбiр төртiншi тоннасы, еттiң әрбiр он екiншi тоннасы, астықтың әрбiр бесiншi тоннасы түсiп отырды. Өкiнiшке қарай осындай аса зор халық шаруашылығы әлуетi, басқару жүйесiнiң қолайсыздығынан, Қазақстан халқының жағдайын түпкiлiктi жақсарта алмады. 20 ғасырдың 70-жылдары және 80-жылдарының бiрiншi жартысында Қазақстан экономикасы экстенсивтi негiзде, экономикалық ынталандыруға мән берiлмей, жаңа технологиялық үрдiстердi елеместен, бұрынғы сарынмен дами бердi. Бұл кезең елде тоқырау жылдары деп есептелгенiмен, жалпы Қазақстанда экономикалық қуат бiршама өстi. Бұл жылдары қара металлургияның одан әрi дамуымен бiрге Соколов-Сарыбай және Лисаков кен байыту комбинатытары iске қосылды. Одақтағы ақ қаңылтыр шығаратын ең күштi цехы бар Қарағанды металлургия комбинатының құрылысы аяқталды. Ермак (қазiргi Ақсу) және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары жұмыс iстей бастады. Ақтөбеде хром кенiн шығару арта түстi. Целиноградтың (Астананың) ауыл шаруашылығы машина-құрылыс зауыты, т.б. кәсiпорындар өздерiнiң өнiмдерiн шығара бастады. Қарағанды және Екiбастұз көмiр алаптарында көмiр шығару үлкен қарқынмен жүрдi.

Ауыл шаруашылығы 1979 жылы жоғары көрсеткiшке жеттi. Тың жерлердi игерген 25 жыл iшiндегi ең мол астық өнiмi алынды. Республика мемлекетке 1 млрд. 262 млн. пұт, яки 20 млн. т астық бердi.

50. «Тоқырау» жылдарындағы Қазақстан халық шаруашылығындағы жағдайды талдап, оның себептерін ашыңыз.

20 ғ 70-жылдарының басында 60-шы жылдардың ортасында басталған экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланып және көп ұзамай реформаны жүргізу тоқтатылып, тарихымыздағы тоқырау кезеңі басталған болатын.

«тоқырау»кезеңі дейтін 1971-1985 жж аралығында Қазақстан жылы экономикасы бұрынғысынша техникалық прогресске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. Сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32 проценті жұмсалды. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екә есе ал машина жасау химия өнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып, орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12 пайызға жетті.

Кеңес Одағы бойынша өнеркәсіп өнімінің жылдық өсімі 1961-70 жылдары орта есеппен 8,7 пайыз болған болса, 1981-85 жылдарда 3,7 пайыз болып құлдырады. Қазақстанда 1981-86 жылғы бесжылдық жоспарды әрбір 4 кәсіпорын орындамады, 1986 жылға дейінгі 9 жылдың ішінде республикадағы 334 кәсіпорынның тең жартысы нормативтік қуатына жетпеді. Мұндай көріністі ауыл шаруашылығынан да байқауға болады.

Тоқырау саяси салада да болды. 30-жылдардан қалыптаса бастаған әкімшілдік-әміршілдік жүйе тоқырау жылдарында күшейе түсті. Демократия дамымады, үкімет билігі халық кеңестері қолынан партия комитеттерінің қолына өтті. Конституцияда көрсетілген азаматтардың құқығы бұзылды, басқаша ойлаушылар қудаланды, сөз, баспасөз бостандығына қатал цензура қойылды.

Әлеуметтік-рухани салада да тоқырау көрінісін байқауға болады. Экология саласындағы құлдырау халық денсаулығына ерекше зиян әкелді. Арал қасіреті, Байқоңыр, Семейдегі ядролық қару сынау халқтың денсаулығына орны толмас зиян келтірді.

Тоқыраудың негізгі себептері Кеңестер Одағына саяси салада бір партияның үстемдігі, экономикалық салада орталықтан басқарылатын жоспарлы экономиканың үстемдігі, идеология саласында бір ғана марксистік идеологияның үстем болуы, т.б. себептерді айтуға болады.

 

51. «Тоқырау» жылдарындағы ұлт саясаты. Целиноград оқиғасының себептерін ашыңыз.

1979 жылы жазда Ақмолада болған оқиға ұлттық қатынастардағы ұлғая түскен қарама-қайшылықтардың көрінісі еді. Ол ұлттық қатынасты түпкілікті халықтың мүдделерін есепке алмай орталықтың әміршілдік әдіспен реттеуінің мезгілі өткенін көрсетті. Қазақстанда 1979 жылы неміс автонномиясын құру әрекеті және оған қазақ тұрғындарының қарсы шығу республиканың саяси тарихындағы маңызды оқиғалардыңбірі.Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім1979 жылы көктемде КОКП орталық комитеті саяси бюросының мәжілісінде республиканың үкіметі мен жоғарғы кеңесінің келесімінсіз қабылданды. Қазақстан Компартиясы ОРталық комитетінің сол кездегі бірінші патшасы Д.А.Қонаевтың куәлік етуіне қарағанда, қазақ жерінің қақ ортасынан неміс автономиялық облысының ашылуы туралы шешім қабылдауғы КСРО мемлекеттік қауыпсіздік комитетінің төрағасы Ю.Андропов мұрындық болған көрінеді. Бұл автономия облыса Ақмаола,Павлодар,Қарағанды,Көкшетау облыстарының бірсыпыра аудандары беріліп Ерейментау қаласы оның орталығыжасалмақ болып белгіленді.


Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 541 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың майдандағы ерлігін ашып көрсетіңіз.| лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 2 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)