Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 3 страница

Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 1 страница | Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 5 страница | Бай қожалықтарын тәлкілеу,ауқатты шаруалар қожалықтарын жою шаралары олардың саяси-экономикалық нәтижелері. | Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға Қазақстандағы көтерілістер | Азақстандағы социалистік индустрияландыру саясатының мазмұны және оның нәтижелері. | Лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың майдандағы ерлігін ашып көрсетіңіз. | лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 1 страница | лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 2 страница | лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 3 страница | лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 4 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

19.XIX ғ. екінші жартысындағы қазақ мәдениеті. Ұлы ағартушылар, ақындар мен сазгерлер.+

XIX ғасыр Қазақстанның мәдени өміріндегі ағартушылық ғасыр деп аталады. Дүниежүзілік өркениеттің қуатты ықпалымен Ресей қосып алған щығыстағы жерлерге терең мүдделілік танылды.Қазақстанға ғалымдар,географтар мен саяхатшылар,шығыстанушылар келіп жатты;Қазақстан материалдары бойынша тарихшылар жұмыс істеді.П.П.Семенов-Тянь-Шанский, Н.А. Северцов, И.В.Мушкетов,В.В.Радлов ж/е т.б өз зерттеулерімен отандық ғылымның өркендеуіне зор үлес қосты.Білім мен мәдениеттің дамуына алдыңғы қатарлы орыс зиялылары үлкен ықпал жасады. 1847-1857жылдарда украин ақыны Т.Г.Шевченко Қазақстанда айдауда болды.Қазақстан орыс географиялық қоғамы бөлімшелерінің зерттеу объектісіне айналды,мұнда мәдени-ағарту мекемелері мен статистикалық комитеттер жұмыс істеді; өлкетану мұражайлары ашылып,ертедегі ескерткішттер,халықтың ауызша шығармашылығы ж/е құқықтық заңдар,соның ішінде қазақтардың дағдылы құқығы зерделенді;орыс-қазақ мектептері мен кітапханалар ашылды. Қазақтар өз балаларына білім беруге ұмтылды,әрине,бұған бірінші кезекте халықтың ауқатты бөлігі ұмтылыс жасап,балаларын кадет корпустары бар Омбы мен Орынборға жіберу үшін мүмкіндік іздестірді.Білім алуға деген жаппай ұмтылыс пен ықылас жағдайында Шоқан Уәлиханов,Абай Құнанбаев,Ыбырай Алтынсарин бастаған қазақ ағартушыларының тобы қалыптасты.Шоқан Уәлиханов (1835-1865).Аса көрнекті ағартушы,ғалым және зерттеуші Ш.Уәлиханов Құсмұрын бекінісінде туған.12 жасына дейін Шоқан Құсмұрындағы жеке меншік мектепте оқып,мұсылман діні ілімімен танысты.Ол мұнда шығыс поэзиясын оқумен шұғылданды,оған сүйіспеншілігін бүкіл өмір бойы сақтап қалды.«Шоқан ақынжанды адам еді.Оған араб өлеңдері қатты ұнайтын ж/е ол поэзияны жан-тәнімен сүйетін,-дп еске түсіреді кейіннен Н.М.Ядринцев,-өзінің ұстазы Костылецкиймен бірге сол өлеңдерге рақаттанып,мәз боп отыратын».Сонымен қатар Шоқан суретсалуды үйренді ж/е сурет салу оның бұдан кейінгі ғылыми жұмысында көп көмектесті.Ыбырай Алтынсарин (1841-1889).Аса көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының қоғамдық ой-пікірі,мәдениеті мен әдебиеті тарихында жаңашыл-педагог,жаңа мектептердің ұйымдастырушысы,этнограф,фольклоршы,ақын,прозашы ж/е орыс классиктері туындыларының,атап айтқанда,Крылов мысалдарының аудармашысы ретінде кеңінен мәлім.Ол 1841жылы 20қазанда Қостанай облысында туған.Әкесі ертерек қайтыс болып,атасы-Орынбор шекаралық комиссиясының әскери старшинасы Балғожа бидің қолында тәрбиеленеді. 1850жылы Ыбырай шекаралық комиссия жанына қазақ балаларына арнап ашылған мектепке түсіп,оны алтын медальмен бітірді.Мектеп оқу бағдарламасына орыс тілі,көркем жазу, арифметика,татар тілі,мұсылман діні ілімі ж/е орыс тілінде іс қағаздарын жазу енгізілген еді. Патша үкіметі мектептер алдына жергілікті әкімшілік кадрларын даярлау міндетін қойды. Оқушылар патша өкіметінің Қазақстандағы саясатын жүргізушілер рухында тәрбиеленуге тиіс болды.Алтынсарин дүниежүзі әдебиеті классиктері –Шекспир, Гете, Байрон, Пушкин,Гоголь, Лермонтов,Фирдоуси,Низами,Навои ж/е басқаларының туындыларын өз бетімен оқыды. Білімқұмар жас жігіт белгілі шығыс зерттеушісі,Шекаралық комиссияда қызмет еткен В.Григорьевпен араласып,оның бай кітапханасын пайдаланды.

20.Бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанға әсері. Ұлттық интеллигенцияның азаматтық күрестегі орны.

1905-1907 ж Ресейде болган алгашкы орис революциясинин думпуи шеткери аймактарга да жетти.Ресейде болган бул ревалюцияКазакстан енбикшилери саяси оянуина олкеде езгинин отаршилдик,алеуметтик жане баска да турлерине карси улт-азаттик,жумисши аграрлык жане баска да козгалистардин ористеуине едеуир дарежеде серпин берди.Ревалюциялик окигаларга олке олке халкинин артурли топтариниy да козкарастари ар турли болди.Орталик онеркасиптик аудандардан алшак жаткан Казакстанда жумисши козгалиси баска жерлермен салистирган да бираз кеширек ористеп ревалюция жылдаринда ол сапа жагинан жана сатига котерилди.Петербургте басталган ревалюциялик окигалардин Казакстанга кешеуилдеп жеткенине карамастан,1905ж акпан айинин озинде-ак Шалкарда,Жосалида,Перовскиде,Туркистанда жергиликти отаршил акимшиликке карси наразиликтар болип отти.1905ж мамир айинда Перовскиде,Костанайда жумисшилар ереуили откизилдиБукилресейлик казан саяси ереуил кезинде Оралда,Перовскиде,Костанайда,жане Успен кенишинде стачкалик комиттеттер курилди.1905ж карашада 17 казанда патша манифисине ережелери мен шаруалардин талаптари талкиланган коптеген казак febklfhbylf копшилие катискан жиналистар отти.Казан жане караша айларинда ири калаларда патша окиметине карси бирнеше саяси бой котерилистер уйимдастируланди.Оринбор жане Омби калаларинда откен демонстрация мен бой корсетулер саяси талаптар коюмен патша окиметинин отаршилдик акимшилигин едауир кобалжитти.1905ж 16-26 караша аралигинда Семейде уйимдастирилган почта-телеграф кизметкерлеринин ереулерин басу ушин облыс губернаториКаркаралидан аскери куш шакsheuf мажбур болди. 1905-1907ж патша укиметинин отаршилдик саясатина карси алеуметтик-экономикалик жане саяси талаптар койган ереуилдер мен демонстрациялар Оралда Перовскиде,Атбасаврда Актобеде,верныйда Костанайда,Оскеменда жане Успен мисс рудниги мен Спаск мисс кориту зауатинда болип отти.Ревалюция жилдаринда саяси уйимдар мен топтпр жумис жасади жане саяси ис тажиребелер жинактади.1905ж сонинда Оралда откен жалпи казак сьезинде казак улттик саяси партисин куру маселеси койилди 1906 ж акпанда Семейде 2 жалпи казак сьези отти.сьезде казак жерлерин кайтаруди жане они казак халкинин меншиги деп мойиндауди мектептер,медреселер, университеттер ашу тур жане шаруалардин конис аудару козгалисин токтауди талап еткен Ресей кадеттеринин багдарламаси колга тапти Казакстанда алгашкилардин бири болип Оралда темиржолшилар касиподаги курилди.Оз катаринда 6000 адамди топтастирган Оринбор-Ташкен темиржолшилардин касиподпги олкедеги ен ири касиподак уйиминин бири болип саналди. 1905-1907ж Ресей ревалюцияси жане алдина койган миндеттерин шеше алмади.казак олкесин де камтыган булл реввалюциянин казакстаннин одан кейинги жилдардаги саяси-когамдик дамуина асери мейлинше терен болди.Болашактаги патша укиметинин отаршыл саясатина курес тажиребеси жинакталди.Бул тажиребе олардин одан кейинги жилдардаги улттик азаттик алу жолиндаги куресинде кадеге жаради.

Ресейдегі ІОрыс революциясы Қазақтардың шаруаларының ұлт-азаттық көтеріліске шығуға септігін тигізді.Қоғалыста Қазақтар патша өкіметіне арыз-шағымдарын жіберді.

ХІХғасырдың соңы – ХХғасырдың басында Қазақстанда Ресей отарлауының әсері экономикалық өзгерістер әкелді.Халық саны өсті. 1897жылы халық саны 4млн 147мың 700адам болса,оның 81,7%-ы Қазақтар болды.1917жылы Қазақстан халқы саны 5млн 45мың 200 адамды құрады.

ІІ Блок

21.XX ғ. басында қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің оянуындағы баспасөздің орны мен рөлі. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті.

«Қазақ» қоғамдық саяси және әдеби газет.1913ж 2 акпанда бастап Орынборда аптасына бір рет шығып тұрған.Бірінші редакторы белгілі ғалым,жазушы А.Байтұрсынов.Қазақ қоғамының ұлттық санасынқалыптастырудағырөлі 20 ғ басындағы қазақ елінің саяси әлеуметтік өмірінің ең түйінді мәселелеріне,қазақ шаруашылығының жағдайына,жер мәселесіне,басқа елдермен қарым қатынасына,оқу ағарту,бала тәрбиесіне,әдебиет пен мәдениет,әдет ғұрып,салт санаға,тарих пен шежірелерін анықтап көрсетеді.«Қазақ»газеті кітапханалар мен архивтерде түгел сақталмағандықтан көлемді мақалалармен бірге аз да болса мағлұмат беретін кейбір ұсақ хабарлар да қамтылуы маңызды болып табылады.

«Халықтың көзі,құлағы һәм тілі,білім мен жаңалықтың жаршысы болған «Қазақ» газетінің бетінде басылып тұрған халқымыздың саяси өмірінен,мәдениетінен,әдебиетінен,оқу ағарту мәселелерінен дерек беретін сан алуан,ортүрлі бай деректерді бір жүйеге келтіріп,дұрыс баға бере тұрып,ең құндылыларын қазіргі ғылымымыздың игіліне жарату алда тұрған міндеттердің бірі болмақ.

22.1916 ж. көтерілістің алғышарттары, сипаты, көтерілістің негізгі ошақтары және маңызы.+

1916 жылғы қазақстандағы ұлт азаттық көтеріліс отандық тарихта ерекше орын алады. Аталған көтеріліс еркін сүйгіш қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін жан аямайтынын анық көрсетті.1916 жылғы казақ халқының ұлт азаттық көтерілісі отарлы патша өкіметінің жүргізіп жатқан әлеуметтік және ұлттық езгіге қарсы жауабы болатын.Ресей империясы тарапынан отаршылдық езіп-жаншудың барлық кезеңі ішіндегі қазақ халқының азаттық күресінің шарықтау шегі болды. Өкімет билігімен басқарудың институттарын қайта құру, қарулы күштерді ұйымдастыру, белсенді саяси күреске санасы оянған халықтың ұлттық сана-сезімінің өсуі, бізге ұлттық азаттық қозғалыс туралы айтуға негіз береді, ол саяси егемендікке жетуді және мемлеткеттілікті қалпына келтіруді өзінің мақсаты етіп қойды.Осының бәріне Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі белең ала бастаған белгілі бір алғышарттар себін тигізді Көтерілістің басты себебі әлеуметтік экономикалық қоғамдық саяси және рухани мәдени мәселелерге тікелей байланысты болды. Атап айтқанда олар Қазақстан мен Орта Азия халықтарының жерін отарлаушыларға тартып әперудің тез қарқынмен жалғасуынан, салықтар мен басқа алымдар көлемінің шамадан тыс ұлғаюынан қалың бұқараның өмір сүру жағдайының күрт төмендеуінен өз көрінісін тапты.1916 жылға таман патша өкіметі қазақ халқының 40-50 млн. десятина жақсы жерлерін басып алды. Өздерін құнарсыз және шөлейт аудандарға тықсырып, аштыққа душар етті. Қазақстанның аумағы толықтай шикізат базасына айналды. Соғыс қисапсыз шикізатты, азық-түлікті, малды тағы басқа материалдық игілікті жалмай берді. Уақыт өткен сайын соғысқа байланысты тонау мен қанау күшейе түсті. Әртүрлі салықтардың мөлшері артып, жаңа салықтар енгізілді. Жергілікті халықтар төлейтін салықтар көлемі 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда 15 есеге дейін көбейді. Сонымен қатар халық күнделікті тұтынатын заттар үздіксіз қымбаттай берді. Мысалы, 1914-1916 жылдар аралығында Жетісу облысында әр түтінге салынатын салық 3 сомнан 8 сомға өсті. XX ғасырдың басында бір пұт ұнның бағасы 94 тиын болса, 1916 жылы ол 40 сомға дейін көтерілді. Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстарында 1916 жылы бидай ұнының бағасы 1,5 есе, ал еттің бағасы 2 есеге дейін жоғарылады.Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының басым бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, халықты рухани езгіге де түсірді. Оны тілінен, дінінен, ділінен айыру бағытында жымысқылықпен ойластырылған шаралар жүйесін жүзеге асырды.Ұлттық және әлеуметтік езгінің күшеюі, соғыс тудырған қиыншылықтарға байланысты халық бұқарасының қайыршылануы, қымбатшылық пен аш-жалаңаштықтың етек жаюы – міне, осының бәрі халықтың басым көпшілігі тарапынан жаппай наразылық туғызды.Көтерілістің бұрқ ете қалуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы Қазақстанның, Орта Азияның және ішінара Сібірдің «бұратана халықтарының» ер-азаматтарын 19-43 жас аралығында майданның тыл жұмыстарына, қорғаныс құрылыстарын және әскери қатынас жолдарын салуға, окоптар қазуға тағы сол сияқты «реквизиция» туралы жарлығы тікелей сылтау болды. Жарлық бойынша тыл жұмыстарына Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам, соның ішінде қазақтардан 240 мыңға жуық кісі алу белгіленді. Егер сол кездегі қазақ шаруашылықтарының саны 700 мыңнан сәл асатынын ескеретін болсақ, патша жарлығы тұтастай орындалған жағдайда әрбір үшінші шаруашылық өзінің негізгі еңбек етушісінен айырылады екен. Ал мұндай мөлшерде жұмысшы қолы майданның тыл жұмыстарына әкету Қазақстанды ұлттық апатқа ұшыратуы мүмкін еді.Жарлық Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік жаппай наразылық тудырды. Алихан Бөкейхановтың сөзімен айтсақ: «Қалың елдің дариядай толқуы» басталды.Қазақстанның әр аймағында стихиялы түрде басталған патша жарлығына қарсы әрекеттер бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласты.Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды, алайда оның ірі ошақтары алдымен Жетісуда, одан кейін Торғай, Ырғыз өңірінде калыптасты. Көтерілістің негізгі қозғаушы күшін ұлттық шаруалардың қалың тобы сондай-ақ сол кезде қалыптасу үрдісін бастан кешіп жатқан жұмысшы тобының өкілдері құрады. Сонымен бірге оның ұлт азаттық сипатта өрістеуіне оған қазақ халқының басқа әлеуметтік топтарының байлар мен ауқаттылардың және патшаның билік жүйесіндегі төменгі баспалдағының жекелеген өкілдерінің қатысуы әсер етті.Көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер және жекелеген басқа халықтардың өкілдері қатысқан оңтүстік және солтүстік-шығыс аймақты сол кездегі Сырдария, Жетісу облыстарын қоспағанда Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысы өзінің ұлттық құрамы жағынан бір ұлттық қазақтық күрес болды.Қазақ қоғамында атап айтқанда, оның сол кездегі саяси элитасының арасында көтеріліске көзқарас бір мәнде болған жоқ. Қазақ зиялыларының радикалды өкілдері Т.Бокин, Ж.Ниязбеков, Ә.Жүнісов, Т.Рысқұлов, С.Меңдешов, Ә.Жангелдин тағы басқа патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қарулы қарсылыққа шақырды. Ал «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан либерал демократияшыл зиялылардың жетекшілері А.Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М.Дулатов және басқалар патша әкімшілігіне тыл жұмысына адам алуды асықпауды өтініп, әуелі дайындық шараларын жүргізу жөнінде ұсыныстар жасады. Сонымен қатар олар көтеріліске шыққан халық патша өкіметі тарапынан аяусыз жазалауға ұшырайтынын ескертіп, көпшілікті жарлықты орындауда қарсылық көрсетпеуге шақырды. Қазақстандағы көтерілістің алғашқы ошақтары 1916 жылғы шілде айының бас кезінде пайда болды. Халықтың ашу-ызасының бастапқы соққыларына жұмыстарға алынатындардың тізімдерін тікелей жасаған болыс басқармалары, ауыл старшындары және жергілікті әкімшіліктердің басқа да қызметкерлері ұшырады. Өйткені тізім жасаудағы бұрмалаушылық әуел бастан жаппай парақорлық пен қиянат жасаушылыкты туғызған болатын. Әкімшілік жүйесі ол кезде қазақтарда туу туралы куәліктердің болмағандығын пайдаланып, тізімге жас шамасына қарамастан, кедейлерді енгізіп, ауқатты әулеттерден пара алып, олардың өкілдерін шақырудан босатты.Көтерілістің алғашқы ошағы Жетісу облысында пайда болды. Мұнда патша жарлығына қарулы қарсылық шілде, тамыз айларында бұқаралық сипат алды. Патшалық үкімет органдары Жетісуға ірі жазалаушы әскери күштер жеткізе бастады. Жергілікті гарнизондар нгығайтылды, қазақ және қырғыз көтерілісшілерін жазалау үшін облыстағы селолары мен қазақ станцияларының тұрғындарынан қарулы жасақтар құрылды.Өкімет органдары қудалаған 300 мың қазақтар мен қырғыздар немесе Жетісудың байырғы тұрғындарының төрттен бірі Қытайға босып кетуге мәжбүр болды. Генерал губернатор Куропаткин бекіткен сот үкімдері мен Түркістан өлкесінде өлім жазасына 347 адам, каторгалық жұмыстарға 168 түрмеде тұтқындауға 128 адам кесілді. Өлім жазасына кесілгендер қатарында Верный (Алматы) уезіндегі көтеріліс басшысы Бекболат Әшекеев және оның үзеңгілес серіктері болды. Жетісу, Сырдария, Ақмола, Семей облыстарымен Батыс Қазақстанның бірқатар аудандарында көтерілісшілер қозғалысы басып жаншылып жатқанда, Торғай даларында ол күш алып, күннен күнге өрши түсті. Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин бастаған Торғай көтеріліс ошағы ең табанды болды және ұзаққа созылды.Хан сайлау дәстүрін және олардың халықтың кандай әлеуметтік топтарының өкілі болғандығын атап айтқанда, сұлтандар әулетінен сайланатынын жетік білетін. Әбдіғаппар өзін әмір деп атаған, кейіннен 1916 жылғы қарашада 13 болыс (6 болыс қыпшақ, 6 болыс арғын және 1 болыс найман) өкілдерінің құрылтайында Әбдіғаппар Жанбосынов Торғай уезінің ханы болып танылды. Осы құрылтайға қатысушылардың келісімімен Кенесары хан Қасымұлының серігі – атақты Иман батырдың немересі Амангелді Иманов Үдербайұлы көтерілісшілердің сардарбегі, қолбасшысы болып тағайындалды.

Амангелді Үдербайұлы Иманов (1873 ж. 3 сәуір - 1919 ж. 18 мамыр) қазақ халқының батыры. Қазақстанда 1916 жылы өріс алған ұлт азаттық көтерілістің басшысы Торғай уезі Қайдауыл болысының үшінші ауылында кедей шаруа отбасында туған. 7 жасында әкесі бес жылдан кейін шешесі қайтыс болып, жастайынан жетім қалды. Ол байларға жалшы болды. Еңбекші халықтың тартқан қайғы-қасіретін, ауыр тұрмысын көрді. Оның самодержавиеге байлар мен билердің езгісіне деген өшпенділігі осы кезден-ақ қалыптаса бастады. Байқаңыр көмір кенінде темір ұстасы болған жылдары орыс жұмысшыларымен араласып, таптық сана-сезімі оянды. Амангелді бала кезінен әділетсіздікті жаны сүймейтін. Социал демократтардың жергілікті жердегі большевиктер тобымен тығыз байланыс жасап, шаруалар бұқарасының ұлт-азаттық күресін басқарушы ретінде бүкіл Торғай даласына атағы жайылды. 1896-1908 жылдары патша өкіметі оны «Сенімсіз» адам деп тауып, бірнеше рет түрмеге отырғызды. Амангелді Имановтың есімі қазақ халқының тарихындағы аса бір даңқты кезең 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліспен тығыз байланысты. Империализм қайшылықтарының шегіне жете шиеленісуінің нағыз айғағы болған бұл көтеріліс патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталып, халық бостандығын көздеді.

23.Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция және Қазақстандағы саяси биліктің өзгеруі.

1917 ж. 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктері тұтқынға алынды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша чиновниктері, эсерлер, меньшевиктер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкіметтің органдары мен бірге халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды.

Қазақстанда Кеңестер 1917 ж. наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада,

Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т.б. өлкеде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының ізінше сәуір-мамыр айларында шаруа депутаттарының кеңестері құрылды. Сонымен бірге буржуазиялық Уақытша үкіметтің жергілікті органдары құралды. Бұл жаңа өкімет органдары өзінің әлеуметтік құрамы, басқару әдістері жағынан революцияға дейінгі патша әкімшілігі жергілікті халыққа қалай қараса, бұл да солай қарады.

Патша өкіметі құлатылған соң, Қазақстан большевиктері астыртын жағдайдан шықты. Орынбор және Торғайда, П. Кобозев, Ә.Жангелдин, А. Коростелев, Ақтөбеде В. Ф. Зинченко, Перовскіде А. В. Черняхов, Оралда П. Парамонов, П. Дмитриев, Шымкентте Н. Морозов, Семейде П. Салов, Петропавлда К. Сутюшевтер партиялық ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Большевиктік партияның қатарында С. Сейфуллин, Б. Серікбаев, Т. Рысқулов, С. Арғыншиев және басқалар жұмысшылар мен шаруаларды, солдаттарды революцияның жеңісі жолындағы күреске топтастырды.

Сөйтіп, қазақ елінің ғасырлар бойы мыңдаған асыл азаматтарының ұлттық мемлекетті қалпына келтіру ісі —Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметімен бірге тарих қойнауында, тоталитарлық өктемдік пен империялық зомбылықтың шабуылына көміліп қала берді.

24.Бірінші жалпықазақ съезі және Алаш ұлттық-саяси партиясының құрылуы.+

1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл сиезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:

1) Мемлекет билеу түрі;2) Қазақ облыстарында автономия;3) Жер мәселесі;4) Оқу мәселесі және т.б.

Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық, федеративтік парламенттік республика болу керек деп көрсетілген Н.Мартыненконың «Алашорда» атты құжаттар жинағында [6]. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекетінің әлде Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды [7]. Бірақ бұл сиезде нақты пікірге келе алмады. Ал жер мәселесі Құрылтай сиезіне қалдырылды. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, оқу-ағарту, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі («Народный сот») таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болды. Келесі мәселе оқу-ағарту саласы: «міндетті бастауыш оқу енгізу», «бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде» жүргізілу керектігі айтылып, тіл мәселесін айрықша назарға алған және білім берудің тегін болуы талап етілген. Білім алудың орта, арнайы, жоғарғы сатылары да айтылған.

1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және сиез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ интеллигенциясы ғылыми жұмыстармен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару қарекетімен де, көркем творчествомен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы программасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде

- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;


Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 364 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 2 страница| Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.022 сек.)