Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 2 страница

Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 1 страница | Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 2 страница | Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 3 страница | Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 4 страница | Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 5 страница | Бай қожалықтарын тәлкілеу,ауқатты шаруалар қожалықтарын жою шаралары олардың саяси-экономикалық нәтижелері. | Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға Қазақстандағы көтерілістер | Азақстандағы социалистік индустрияландыру саясатының мазмұны және оның нәтижелері. | Лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың майдандағы ерлігін ашып көрсетіңіз. | лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 4 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Автономиялы облыс құру туралы мәлімет республикаға тез тарап, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. Маусымның 16 күні таңертең негізінен облыс орталығындағы жоғарғы оқу орындары мен техникумдраның студенттері қатарындағы қазақ жастары қаланың орталық алаңына жиналды. Жастар қазақ және орыс тілінде «қазақстан бөлінбейді!», «неміс автономиясы болмасын!» және басқа да ұрандыр жазылған транспоранттар алып шықты. Митинг Кремльдің неміс автономиясын құру туралы шешім айыпталған үндеу қабылданды. 19 маусымда Ақмолада тағы бір демонстрация болды. Оны аудандардан келген соғыс және еңбек ардагерлері бастады. Оған 2 мыңнан 4 мыңға дейін адам қатысты. Демонстрацияға қатысушылар облыс басшыларына автономияны құруға қарсы үндеу тапсырды. Ақмоладан кейін шағын митингілер мен демонстрациялар Атбасарда, Ерейментауда,Көкшетауда өтті.

Кокп орталық комитеті саяси бюросының бұл шешіміне республикада тұратын немістердің өздері де қарсы болды. Олар «Қазақстаннын шаырақ сұрағаны жоқ, кеңес ту тікпек жері Еділ бойы, автономиялық алсақ, о бастағы «ата»қоныстан ірге көтереміз»,-деп отырып алды. Бұл жерде еске салып кететін жағдай: бұрын Волга бойында, нақтырақ айтсақ Ресейдің Волгоград және Саратов облыстарынынң аумағында неміс автономиялық облысы бар болатын. Ол 1941 жылы Гитлерлік Германия әскерлері КСРОға басып кіргеннен кейін кеңес үкметінің шешімімен таратылып, оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне жер аударылған еді. Республика халқының наразылығының нәтижесінде орталық өз шешімін өзгертіге мәжбүр болды. Сөйтіп, Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру жөніндегі шешім іске аспай қалды. Ол бұл бой көрсетулерденсоң жазалау науқаны шектеліп жүргізілді(бұл тоқырау заманы үшін бомаған оқиға) және түпті әкімшілік істері бойынша да сот процессі жүрген жоқ, алайда республиканың басшылығы және мемлекеттік қауіпсіздік комитеті демонстрация туралы хабардың кең тарап кетпеуі үшін барлық күш жігерін жұмсады. Баспасөз беттерінде юұл оқиғалар туралы ештене жазылған жоқ.

52. «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайға сіздің тұжырымыңыз

20 ғасырдың 80жылдарының орта шенінде кеңестік қоғамда түбегейлі өзгеріс қажеттігі айқын сезіле бастады. 1985 жылы наурыз айында КОКП орталық Комитетінің пленумында бас хатшы болып М.С Горбачов сайланды. Ол сол жылдың сәуір айында өзінің «қайтв құру» бағытын айқындайды. Кеңес одағының әлеуметтік саяси жағдайын қайта құруға бағытталған бағыт.

Қайта құру тұжырымдамасы ұлт мәселесін де одан әрі шиеленістіре түсті. Қазақстанды одақтың барлық жерлеріндегі сияқты басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында әлеуметтік экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылықтарға жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық,қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселеллерін шешу партия комиттеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік баққа берілген жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл коммунистік партияның, соның ішінде қазақстан компариясының да барлық деңгейінде көрініс тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия комитеттері ескіше қызмет етті. Осыдан келіп, аса маңызды мәселелерді шешуге принципсіздіу, тұрақсыздық, қоғамдағы жағымсыз жағдайларды жасыруға, аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап, жоғары көтеруге, болып жатқан істердің барлығын тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты.

20ғ 80жж қайынша Қазақстан ұлттық табыс кісі басына шаққанда одақтық деңгейден 12 пайызға кейін қалды. Сондай ақ республикада үй құрылысы, мектеп, балалар бақшасы және басқа да мәдени әлеуметтік құрылыстар салуда да іргілеу болған жоқ, мыс, 80 жж одақ бойынша 10000 адамға жыл сайын 75 пәтер салынса Қазақстанда тек 69, одақта әрбір 10000 адамғы 404 дәрігерден келсе, мұнда тек 352 дәрігерден келді. 1987 жылы мектеп жасына дейінгі баланы балалар мекемелері мен қамту 53 пайызға ғана болды. Экологиялық жағдай төтенше түрде күйзеліске түсті. Табиғи ресурстарды пайдаланудағы ведомствалық мүдде қоршаған ортаны қорғау шараларының жүзеге асуға кдергі жасады соның нәтижесінде көптеген территория, су мен ауа бассейндері ластанды. Қазақстанның бірқатар аймақтары экологиялық зардап шегушы аудандарға айналды. табиғи ортаны қорғау жұмысының жеткіліксіздігінен көптеген қалаларда ауаның ластануы өте жоғарғы деңгейге жетті. Әсіресе, Қызылорда, ақтөбе, семей, облыстарында экологиялық өте ауыр жағдай қалыптасты. Арал аймағында көпте аурулар таралып, балалар өлімі өсті.

53. Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі жөніндегі декларация мазмұнын және маңызын ашып көрсетіңіз

Қоғамды демократияландыруда халық депутаттары Кеңесінің заң шығару қызметі маңызды рөл атқарды. Бұл салада он екінші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі (1990 ж. сәуір) жетекші орын алды. 1990-1991 жж. қабылданған республика заңдарында әрбір адамның мұқият зерттеліп жасалған, құқықтық және әділеттік процедуралар арқылы заң жүзінде бекітілген бостандықтары мен адамгершілік қасиеттерін көрсетуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінді. Қалыптасқан шындық жағдайдың талаптарына сай республика заңдарын жаңарту құқықтық мемлекет құру жолындағы елеулі қадам болды. Заңдар Қазақстанның саяси және экономикалық егемендігін іс жүзінде нығайтуға, демократия жолына бүкіл саналы күштерді топтастыруға бағытталды. Олар азаматтардың құқықтарын едәуір кеңейтіп, республиканы мекендейтін барлық ұлттар өкілдерінің тілегіне жауап беретін еді. Республика парламентiнiң қазақ тіліне мемелекеттік тіл дәрежесін берген "Қазақ КСР-нің тіл туралы заңын" 1989 ж. /қыркүйек/ қабылдауы үлкен уақиға болды.

Қазақ КСР-інің мемлекеттік өкімет ор­гандары Декларация қабылданғанға дейін КСРО мемлекеттік өкімет органдарының құрамдас бөлігі болды. КСРО Жоғарғы Кеңесінен бастап селолық, ауылдық ке­ңес­терге дейінгі кеңестердің барлық бу­ын­дары мемлекеттік өкіметтің бірыңғай жүйесін құрады. Кеңестер жүйесіне кірмейтін мемлекеттік органдардың дербес ұйымы туралы айтылмады. Декларацияда «Қазақ КСР-і республикадағы саяси, эко­номикалық, әлеуметтік және ұлттық-мә­дени құрылысқа, оның әкімшілік-аумақ­тық құрылымына байланысты барлық мә­селелерді дербес шешеді, мемлекеттік өкі­мет пен басқару органдарының құры­лымы мен құзыретін айқындайды» деп жазылды. Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясында мемлекеттік өкіметтің бірлігі принципі орнықтырылған бола­тын. Бүкіл мемлекеттік билік Қазақ КСР-інің саяси негізін құрайтын халық депу­тат­тары кеңестері арқылы жүзеге асы­рыл­ды. Барлық басқа мемлекеттік органдар кеңестердің бақылауында және оған есеп беріп тұрды. Көріп отырғаны­мыз­дай, мемлекеттік өкімет билігін бөлу ту­ралы әңгіме де болған жоқ. Ал Декларацияда болса: «республикада мемлекеттік өкімет билігі оны заң шығару, атқару және сот билігіне бөлу принципі бой­ын­ша жүзеге асырылады» деп жазылды.

Бұл құжат бойынша еліміз халықаралық қатынастарда дербес толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйымдар­дың қызметіне қатысуға мүмкіндік алды. Еліміз егемендік деклара­циясы арқылы табиғи байлығы­мызды, экономикалық және ғы­лыми-тех­никалық әлеуетін толық меншігіне алды. Қазақстан терри­то­рия­сын­дағы барлық әскери құрылымдар мемлекет қарамағына өтеді. Дек­ларация бойынша Қазақ­стан тер­риториясында егемендікке қайшы келетін КСРО заңдарының күші жойылды. Декларация орта­лыққа бағынышты күйден арыл­тып, Мәс­кеумен жаңа жағдайда тең әріптес ретінде ынтымақ­тас­тыққа қол жеткізді.

1990 жылы қазанның 25-інде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі «Қазақстан КСР егемендігі туралы» заң қабылдап, табиғи жер асты байлықтарын, Одақтық орталыққа бағынатын ірі өндіріс орындарын республика меншігі деп жариялады.

1991 жылы желтоқсанның 1-інде республика тарихында тұңғыш Президент болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

 

54. 1986 ж. желтоқсан оқиғасы және оған берер бағаңыз.

Жетпіс жылдай өмір сүрген тоталитарлық жүйе қанша жерден әрекеттенгенімен адамдардың ой пікір бостандығын біржолата тұншықт ыра алмады. Кеңестік жүйенің ұлттар мен халықтардың мәдениеті мен тарихын ж.е ұлттық сана сезімін тұншықтыруға бағытталған әрекеттеріне қарсы жаңа наразылық пен жаңа күш туып келе жатты. Бұл күш 1986 ж Желтоқсан оқиғасы кезінде айқын көрінді. Желтоқсан оқиғасының басталуына республика басшылығын ауыстыру жөніндегі Мәскеудің әміршілдік әрекеті ғана себеп болған жоқ.Жаңа басшылыққа республика халқына мүлдем таныс емес Колбиннің келуі ж.ж бойына жинақталған ашу ыза мен наразылықтың буырқана сыртқа атылып шығуына түрткі болды.Қазақ елінің мемлекеттік егемендігі мен қазақ халқының мүдделерін аяққа басқан Мәскеудің әрекеттерін айыптаған қазақ жастарының демонстрациясы басқа ұлтқа қарсы бағытталмаған еді.Талай ұлт пен халыққа пана болған, төрінен орын берген қазақ халқы, қазақ даласын мекендеген басқа халықтарға қарсы ұлтшылдық пиғылда ешқашан болған емес.1986 ж 17 желтоқсанда Алматыда басталған шеру бейбіт ж.е саяси сипатта болды.Онда мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған ұрандар айтылып, басқа халықтарға қатысты олардың намысын қорлайтын әрекеттер жасалған жоқ.Алаңға жиналған жастар Пленум шешімі жөнінде түсінік берілуін талап етіп, сол шешіммен өздерінің келіспейтіндігін білдірді.Саяси наразылықты билікке төнген қатер деп есептеген республика басшылығы жастар наразылығын тұрақты армия бөлімдерін қолдана отырып басып жаншу мәслесін қойды.Бейбіт сипаттағы наразылықтың жаппай тәртіпсіздікке ұласуына республика басшыларының өткір жағдайдан шығудың бейбіт жолын таба білмеуі, олардың ақыл парасат пен ізгі ниетке емес, қайта күшке сүйенуі себеп болды. Ішкі істер министрі Власовтың бұйрығы бойынша Алматыға ішкі істер әскерлерінің арнайы бөлімдері жіберілді.Шеруге қатысушыларды тарату кезінде сойылдар, кіші саперлік күректер,үйретілген иттер, су шашатын машиналар пайдаланылды. Күшпен басылған желтоқсан оқиғасының зардаптары да ауыр болды. Толық емес мәліметтер бойынша ішкі істер министірлігінің деректерін де ұсталғандардың саны 2336, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің деректері бойынша 2401 адам болды. Уақытша қамау орындарына, арнаулы қабылдау ж.е тергеу изоляторына жеткізіліп, сонымен бірге ұсталып қала сыртына апарып тасталған адамдарды есептегенде ұсталғандардың барлық саны 8.5 мың адам болған.Дене жарақатын алғандар саны 1.7 мың адамға жеткен. Оқиғаға қатысушылардың қозғалған қылмысты істерін сот пен тергеуде қарау процесінде де заңдылықтың өрескл бұзылуына жол берілді.Тергеулер қысқа мерзімде,үстірт,ойдан шығарылған ж.е айыптауға айқын бейімділікпен жүргізіді.99 адам сотталып, 271 адам оқудан, 319 адам жұмыстан шығарылды,жүздеген адам партия ж.е комсомол қатарынан қуылды. (Халықтар достығының лабороториясы) аталып келген Қазақстан бір күн ішінде (қазақ ұлтшылдығының ұясы) атанып шыға келді.КОКП Орталық Комитетінің Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына берген бағасының басты қорытындысы осы еді. Мәскеу мен оның жергілікті жердегі өкілі Колбиннің Желтоқсан оқиғасынан кейінгі қызметінің басты бағыты қазақ интелигенциясын жаныштауға бағытталды.Республика басшылығындағы қазақтар мен жоғары оқук орындарындағы жергілікті ұлт оқытушылары ж.е зиялыларының есебі алынды.Тіпті қазақтар көп шоғырланған оңтүстік облыстардағы студенттердің басқа ұлт өкілдерінен көптігі де сарапқа салынды.Жоғары оқу орындарындағы қазақ жастарының көбеюі де орталыққа жақпады.Ұлт тілінде тек өз республикасында ғана білім алуға болатындығы ескерілмеді.Жоғары оқу орнына қабылдауда жергілікті ұлт өкілдеріне шектеу енгізілді. Колбиннің «Үшінші Қазаны» Қазақстанды біржолата қазақтық сипаттан айыруды мақсат тұтқан қызыл империяның ең соңғы ж.е шешуші зор майданы еді.Бұл майдан да ең алдымен ұлтты рухани жаныштаудан басталды.Студент жастарды, ұлттық интелленгияны, қазақ баспасөзін, тіпті ұлттық бюрократияны да жүйлі түрде тоқпақтау осындай мақсатты көздеді.Бірақ саяси күреске үлкен серпін берген Алматы оқиғасын ж.е оның қорытындыларын тұншықтыруға Орталықтын шамасы келмеді.Желтоқсан оқиғасы бүкіл кеңестік аумақтағы ұлттық қайта серпілудің басында тұрды.Бұған Баку,Тбилиси,Сумгаит,Ферғна,Ашгабат,Рига,Вильнус,Душанбе,Жаңа ө оқиғалары жалғасты. Тоталитаризмнің мызғымайтындай болып қатқан мәңгілік мұзын алғаш рет жібіткен Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына әлі күнге дейін толық қанды баға берілген жоқ. Өйткені, сол кездегі оқиғалардағы шындықтың айтылмауына мүдделі адамдар әлі де бар.Уақыт өте келе бұл оқиғаға да тарих өз бағасын бере жатар. Қалай болғанда да Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы кеңестік жүйедегі екі күштің: жаңа басталып келе жатқан буыны қатпаған жас демократия мен сол кезде әлі де өз күшінде тұрған әкімшіл әміршіл жүйенің алғашқы қақтығысы еді.

55. КСРО-ның тарауы. ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы бойынша тұжырымдарыңыз.

1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.

1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.

1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.

Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.

Президентті бүкілхалықтық сайлау.

Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.

Қазақстанның мемлекеттік тәулсіздігін жариялау.

Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады

56. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің кезеңдері, оның барысындағы жетістіктер мен қиыншылықтарын жіктеп көрсетіңізҚ. Р. әле­уметтік-эко­номи­калық да­муы (1991–2006 жж.). На­рықтық қаты­нас­тардың негізгі белгілеріҚазақстан тәуелсіздік алған­нан кейін на­рықтық эко­номи­каға көшуді таңдап алған бо­латын. Қазақстан­да на­рықтық эко­номи­каға көшудің алғашқы үш ке­зеңі белгіленді:

1991–1992 жыл­дар

1993–1995 жыл­дар, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдар­ла­масы Жоғарғы Кеңестің сес­си­ясын­да мақұлда­нып, Пре­зиденттің Жар­лығымен бекіді

1996–1998 жыл­дар

На­рықтық эко­номи­каға көшу мәсе­лелерімен ай­на­лыса­тын жаңа мем­ле­кеттік басқару ор­ганда­ры құрыл­ды. Олар: Мүлік жөніндегі, Мо­нопо­лияға қар­сы са­ясат жөніндегі ко­митет­тер, Са­лық инс­пек­ци­ясы, Ке­ден және т. б.

Мем­ле­кеттің ал­дында дағда­рыс­тан шығудың жол­да­ры қарас­ты­рыла бас­та­ды. Оның ең бас­ты­сы – бағаны ырықтан­ды­руды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстан­да ырықтан­ды­ру 1992 жы­лы мұнай­дың, мұнай­дан шығатын өнімдердің, басқа да энер­гия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғары­ла­уы ке­рек де­ген ұран­мен жүргізілді.

Бағаны ырықтан­ды­рудан кейінгі екінші атқарылған іс – же­кеше­лендіру. Мем­ле­кеттік меншікті тезірек жойып, бәрін же­ке меншікке ай­нал­дырсақ, ха­лық жұмы­ла жұмыс істеп, өндіріс жан­да­нып, ел байып, бәрі де ор­ны­на ке­леді деп ой­ла­ды. Тәжіри­бе жүзінде олай бол­май шықты. Же­кеше­лендіру ба­рысын­да елімізде үш бағыт­тағы (шағын, жап­пай және же­ке жо­бамен) кәсіпо­рын­дар құрылған. Нәти­жесінде мем­ле­кеттік меншікті же­кеше­лендіру жа­ри­яланған екі ке­зеңде де (1991–1992 жж. және 1993–1995 жж.) мүліктің үлкен та­лан-та­ражға түсуіне жол берілді.

1994 жыл­дың қаңта­рын­да эко­номи­калық ре­фор­ма­ны жүргізуді жан­данды­ру жөніндегі ша­ралар ту­ралы Пре­зидент қаулы қабыл­да­ды. Он­да дағда­рысқа қар­сы ша­ралар мен эко­номи­каны тұрақтан­ды­рудың 1994–1995 жыл­дарға ар­налған бағдар­ла­масы әзірленді. Бағдар­ла­мада Қазақстан­да жүргізіліп жатқан ре­фор­ма­лар­дың ерек­шеліктері, елдің өндіргіш күштері, өндірістік қаты­нас­тар, өндірістік ап­па­рат, игерілетін қаз­ба бай­лық, ел­дегі 7 мил­ли­он­дай еңбек­ке жа­рам­ды адам күші ес­керілді. 1993 жы­лы қара­ша айының 15-ші жұлды­зын­да мем­ле­кеттің өз ақша­сы – теңге енгізілді. 1994 жы­лы на­урыз­да Пре­зидент Жар­лығымен ауыл кәсіпо­рын­да­рының өтей ал­маған 2,2 млрд. сом­дық не­си­есінің мерзімі екі жылға ұзар­тылды.

Ре­фор­ма­ның ба­рысын­да Қазақстан­да 1994 жыл­дың күзінен үкімет мак­ро­эко­номи­калық рет­те­уді меңге­ре бас­та­ды. Бағаның өсуі те­желіп, инф­ля­ци­яның өсу қарқыны төмен­деді.

На­рықтық эко­номи­каға көшу­дегі жіберілген қате – ол үкімет бас­шы­лары­ның елдің эко­номист ғалым­да­рына сен­беуі. На­рықтық қаты­нас­тарға көшу ба­рысын­да бізде орын алған тағы бір үрдіс бар. Ол со­нау Сто­лыпин ре­фор­ма­сынан, одан бері Қазақ төңкерісінен кейінгі ин­дуст­ри­ялан­ды­ру, ұжым­дасты­ру науқан­да­ры сияқты қоғам өміріндегі өзгерістер­ге ре­волю­ци­ялық си­пат бе­ру.

1992 жы­лы өндірістің құлды­ра­уы бірша­ма тұрақты болған 1990 жыл­мен са­лыс­тырған­да 14,6%, 1993 жы­лы – 28%, 1994 жы­лы – 48%, ал 1995 жы­лы – 45% жетті.

Қазақстан үкіметі осы­дан кейін 1996–1998 жыл­дарға ар­налған жаңа бағдар­ла­ма қабыл­да­ды. Он­да ре­фор­ма­ның ең күрделі де­ген мәсе­лелерін ше­шу маңыз­ды орын ал­ды. 1999 жы­лы бас­талған төртінші ке­зең қазіргі уақытқа дейін жалғасып, мем­ле­кеттік меншікті басқару мен пай­да­лану мәсе­лелерінде мем­ле­кеттік басқару­дың деңгей­лері ара­сын­да өкілеттіктерді бөлу жөніндегі жаңаша көзқарас­тармен си­пат­та­лады.

1997 жыл­дың қазан айын­да Пре­зидент Н. Ә. На­зар­ба­ев Рес­публи­ка халқына «Қазақстан-2030» де­ген ат­пен жол­дау қабыл­дап, он­да еліміздегі дағда­рыс­тан шығудың және жүріп жатқан ре­фор­ма­лар­ды аяқта­удың, сон­дай-ақ ал­дыңғы қатар­лы мем­ле­кет­тердің қата­рына қосы­лудың, не­месе «Қазақстан ба­рысын» қалып­тасты­рудың жаңа бағдар­ла­масын ұсын­ды. Бағдар­ла­мада еліміздің са­яси, әле­уметтік-эко­номи­калық да­му­ының жақын ара­дағы және стра­теги­ялық ұзақ мерзімдегі да­му жол­да­ры мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді.


Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 231 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 1 страница| лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 3 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)