Читайте также: |
|
- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;
- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;
- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;
- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;
- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;
- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.
- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген
25.Ресейдегі Қазан төңкерісі және оның Қазақстанға әсері.+
Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Ал Корнилов бүлігінің талқандалуы большевиктер беделін біржола көтерді. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған “Барлық билік Кеңестерге берілсін” деген ұранды қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды. 1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталд. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті.
Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы,Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік–экономикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті.Кеңес өкіметі Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмаған Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей Ордасында бейбіт жолмен орнады. Ал, Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес болды. Облыстық орталықтар мен уездік қалаларда кеңес өкіметі қызыл гвардиялық отрядтардың және жергілікті горнизондар солдаттарының қарулы көтерілісі арқылы орнады. Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 ж. 30 қазанда (12 қараша) өз қолына алды. Ташкентте Кеңес үкіметі 1917 жылы 1 қарашада кескілескен ұрыс нәтижесінде орнады. Ал 1917 жылдың қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша-желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиетада, Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкісінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде бейбіт жолмен орнады. Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Өскемен уездерінде казак-орыс әскерлерінің басым болуынан Кеңес өкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті. Кеңес өкіметі 1918 ж. наурыз айында Жаркентте, Сергиопольде (Аягөзде), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.1917 ж. соңы мен 1918 ж. наурызы аралығында Кеңес өкіметі Қазақстанда негізінен қалалар мен басқа да ірі халық тығыз орналасқан жерлерде орнады. Кеңес өкіметін орнатумен бірге өлкенің шаруашылығы мен мәдениетін қайта құру шаралары қатар жүргізілді. Өнеркәсіп орындарында, мәселен Спасск заводында, Қарағанды шахтасында, Успен кенішінде, Ембі мұнай кәсіпорындарында бақылау қойылып, сондай-ақ банктер мемлекет меншігіне көшірілді. Кеңестердің 2-ші Бүкілресейлік съезінде қабылданған Жер туралы декрет бойынша алғашқы шаралар жүргізіле бастады.Әсіресе, Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін ұлттық, ең алдымен ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелері өткір сипат алып, талқылана бастады. Кеңес өкіметінің ұлттық саясатының негізгі принциптері маңызды екі құжатта - 1917 ж. 2 қарашада қабылданған “Ресей халықтары құқықтарының Декларациясында” және 1917 ж. 20 қарашада жарияланған Кеңес өкіметінің “Барлық Ресей және Шығыс мұсылман еңбекшілеріне” үндеуінде көрініс тапты. 1918 ж. қаңтарда кеңестердің Бүкілресейлік 3-съезінде В.И.Лениннің дайындаған “Еңбекшілер мен қаналған халықтардың құқықтары Декларациясы” қабылданды. Бұл құжатта Коммунистік партияның кеңес республикасының мемлекеттік құрылымы түріндегі кеңестік федерацияны ымырасыз жақтайтыны айқын көрсетілді. Декларацияда “Кеңестік Ресей Республикасы еркін ұлттар одағының негізіндегі кеңестік ұлттық республикалардың федерациясы түрінде құрылады” делінген.РКФСР құрылғаннан кейін елдің Шығысында жаңа автономиялық республикаларды құруға дайындық жұмыстары басталды. Большевиктік ұйымдар, Қазақстан және Түркістанның Кеңестері кеңестік бүкілқазақ, бүкілтүркістандық съездерін шақыруға дайындала бастады. 1918 ж. көктемінде еліміздің шығысында Түркістан автономиялық Кеңестік социалистік республикасы құрылды. Оның құрылуы 1918 ж. сәуірдің 20-нан 1 мамырға дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің Ү съезінде іске асты. Қазіргі Қазақстанның оңтүстік аймағы (бұрынғы Сырдария және Жетісу облыстары) Түркістан автономиясының құрамына кірді. Бірақта 1918 ж. қаңтарда кеңестердің 3 - Бүкілресейлік съезі Ленин дайындаған “Еңбекшілер мен қаналушы халықтар құқықтарының Декларациясында” өзге ұлттардың өзін-өзі билеу құқы жоққа шығарылды. Осылайша, әуелі 1918 ж. 5 қаңтарында Бүкілресейлік құрылтай жиналысы, одан кейін 5 ақпанда Ташкент кеңесі шешімімен Қоқанд қаласы шабуылмен алынып, Түркістан автономиясы күшпен таратылды. Қазақстанның қалған жерінде – Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарында және Маңғыстауда қазақ кеңестік мемлекеттілігін құруға дайындық жөніндегі күрделі жұмыс одан әрі жалғастырылды. Қазан төңкерісінен бұрын-ақ қазақ либералдық-демократиялық қозғалысының жетекшілері Қазақстанда кеңестердің бүкілқазақ съезін шақыруға дайындық жұмыстары кеңес өкіметін нығайту процесімен қатар жүргізілді. Мұның өзі шын мәнінде кеңестік мемлекеттікті құру және оны бекіту үшін күрес екендігін көрсетті. Қазақ зиялылары мемлекет құру процесінің кеңестік жолмен шешілуімен келісе алмады. Мұндай қарсылықтың себептері мынада еді: бірінші - қазақ зиялылары әуел бастан тәуелсіз ұлттық автономия құруды жоспарласа, екінші - олар Қазан төңкерісін қабылдамады, сөйтіп Кеңес үкіметін мойындамады, оны заңсыз орнаған үкімет деп есептеді. Сондықтан да „Алаш” зиялылары ұлттық мемлекет құру үшін күрес жүргізді. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Е.Ғұмаров, Е.Тұрмухамедов, Ғ.Жүндібаев, Ғ.Бірімжанов құрастырған бағдарламаның жобасы “Қазақ” газетінің 1917 ж. 21 қарашадағы санында жарияланды. Бағдарламаның жобасы он пункттен тұрды. Осы бағдарлама Құрылтай жиналысына сайлауда “Алаш” партиясының ірі табысқа жетуін қамтамасыз етті және 1917 ж. 5-12 желтоқсанда Орынборда өткен Екінші жалпықазақтық съезде қазақ халқының әр түрлі топтарының өкілдерін біріктірді. Төралқа төрағасы Бақтыгерей Құлманов және орынбасарлары Әлихан Бөкейханов, Әзімхан Кенесарин, Халел Досмұхамедов және Омар Қарашев басқарған съезд Қазан төңкерісіне байланысты тез өзгеріп жатқан саяси жағдайдағы “Алаш” партиясының міндеттерін, қазақ автономиясын құру және оның үкіметін қалыптастыру мәселелеріне бірінші кезекте көңіл бөле отырып, қарастырды.
26.1917 ж. желтоқсан Жалпықазақ съезі. Алашорда үкіметінің құрылуы.+
Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметтің баска да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ұлт өміріне қатысты ең өзекті мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұраксыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық пен зомбылыкка ұласуы еді. Қазақ облыстарында асқынған жер мәселесін шешуге бағытталған әрекеттің болмауы, атты қазақ әскері, қарулы солдат пен қоныстанушылардың панасыз жергілікті халық үстінен жүргізген озбырлығының өрши түсуі соның айғағы болатын.Осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттың мемлекеттілігі туралы мәселе талқылауға түсті. Сөйтіп, бұл мәселені қараған Жалпықазақ-қырғыз съезі 1917 жылы 5 желтоқсанда Орынбор қаласында ашылды. Оған барлық қазақ облыстарынан, сондай-ақ одан тыс жерде тұратын Алтай губерниясы мен Самарқан облысы қазақтарынан және Жетісу облысы қырғыздарынан барлығы 82 өкіл қатысты. Съездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе, әрине, ұлттық автономия мәселесі еді.
Съезд қазақ автономиясы мәселесі бойынша бірауыздан қаулы қылды:
1) Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Әмудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі — халкы қазақ-қырғыз, халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;
2) қазақ-кырғыз автономиясының жер үстіндегі түгісуы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын;
5) қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халыктың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады;
6) Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уакытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты «Алашорда» болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ-кырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уакытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады.
Съезд Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясы үкіметінің, яғни — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. II Жалпықазақ съезі қырғыз-қазақты бүліншіліктен қорғау үшін... ешбір тоқтаусыз милиция түзу туралы шешім қабылдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады.
Бірақ осы шешімді жария ету мәселесіне келгенде пікір алшақтығы байқалды. Ә.Бөкейханов бастаған топ мемлекеттік автономия туралы шешімді қазақ арасында тұрып жаткан орыс қауымының келісімін ала отырып іске асыруды ұсынды. X. Досмұхамедов пен оны қолдаушылар автономия туралы шешімді бірден жария етіп, оны нығайту қамына кірісіп кетуді жақтады. Съезд бұл хабарды Түркістан өлкесі құрамындағы қазақтардың Алаш автономиясы құрамына енуге байланысты пікірін анықтап алған соң барып ресми түрде жария ету жөнінде келісімге тоқтады.Съезд белгілеген — әскер жасақтау, ұлт қазынасын құру, оку-ағарту жүйесін қалыптастыру және баска шаралар ұлттық мемлекеттіктің шаңырағын көтеруге бағытталған әрекеттің көрінісі еді.1917 жылғы II Жалпықазақ съезінде бүкіл қазақ жерін, оның халқын біртұтас мемлекет туы астына жинауға бағытталған батыл қадам жасалынды.Съезд өз жұмысын аяқтаған бетте Алашорда үкіметі Сырдария қазақтарының құрылтайын шақыру туралы тиісті жерге жеделхаттар жолдады. Ә.Бөкейханов пен М.Шоқайдың қолдарымен бекітілген бұл хатта «Алаш баласын біріктіріп, өз алдына автономия ету» мақсатында оңтүстік қазақтарының келісімін алу үшін Сырдария облысының съезі шақырылатындығы айтылды.1918 жылдың қаңтарында Түркістан қаласында өткен съезд Алаш автономиясына қосылу мәселесін үш күн ұдайы талқылаған соң, осындай сын сәтте Сырдария облысының Түркістан автономиясы құрамынан бөлініп кетуі өлке ұлт-азаттық қозғалысына ауыр соққы болып тиерін негізге ала отырып, «1. Сырдария облысы қазіргі уақытта... әзірше Түркістан автономиясында калады. 2. Алашорда өз алдына автономия иғлан қылып болып, Түркістан автономиясымен союз (одақ) болса, Сырдария қазақ-қырғыздары Түркістан автономиясынан шығып, Алаш автономиясына кіруге қарар қылады», — деген шешімге келді.
27.Қоқан қаласында Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және оның тарихи тағдыры.+
1918 ж. көктемінде еліміздің шығысында Түркістан автономиялық Кеңестік социалистік республикасы құрылды. Қазіргі Қазақстанның оңтүстік-оңтүстік шығыс аймағы (бұрынғы Сырдария және Жетісу облыстары) Түркістан автономиясының құрамына кірді. Қазақстанның қалған жерінде — Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарында және Бөкей Ордасы мен Маңғыстауда қазақ кеңестік мемлекеттілігін құруға дайындық жөніндегі күрделі жұмыс одан әрі жалғастырылды. „Алаш" зиялылары ұлттық мемлекет құру үшін күрес жүргізді.Түркістан (Қоқан) автономиясы талқандалған күндері«Қоқан қаласының жұмысшылары атынан»«Біздің газеттің» (Ташкент кеңесінің органы)беттерінде мақала жарияланып,онда былай делінді:«Біз,еңбекшілер мен жұмысшы-мұсылмандар, барлық автономиялық авантюристерге лағынет айтамыз,Ресей социалистік республикасын мойындаймыз,сонымен бірге ж/е жұмысшы, солдат,шаруа және диқан-мұсылман депутаттары кеңестеріне бағынамыз».М.Шоқай алғашында Түркістан автономиясы үкіметі сыртқы істер министрі(Түркістан автономиясы Уақытша үкіметі сыртқы қатынастар бөлімінің бастығы)қызметін атқарды.1918 жылы ақпан айында Кеңестердің Орта Азия халықтары Түркістан (Қоқан)автономиясын құлатты.
28.Қазақстанның азамат соғысына тартылуының себептері мен салдары. «Әскери коммунизм» саясаты.
Жұмысшы –шаруа Кеңестерінің орталықтағы ж/е жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды.Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты,сондықтан 1917жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады.Ел 1917жылғы 25қазаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді н/е бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады,арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда –қазақ атаманы Дутовтың 1917жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып,Кеңестердің ІІ Бүкілресейлік съезінің делегаты С.Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды.Жоғарыда айтылғандай,1917жылы 5-13желтоқсанда Орынборда Алаш партиясының ІІ Бүкілқазақ съезі болып өтті.Съезде Уақытша халықтық кеңес-Алашорда құрылды.Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған ж/е Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.Кеңеске қарсы күштер Орынбордан басқа Жетісу мен Оралда да топтасты.Бұл аймақта антикеңестік күштердің әлеуметтік базасын Жетісу мен Оралдағы қазақ әскерлері,көпестер мен саудагерлер құрады.Кеңес өкіметіне алашордашыларда қарсы шықты.1917жылы 1қарашада Жетісу қазақ әскерлерінің «Әскери кеңесі»Жетісудағы жоғары билік-«Әскери үкіметті»құрды.Ақгвардияшыл офицерлер мен юнкерлер Верный қаласына жан-жақтанкеліп бас қосып жатты,осы жерде алаш полкі құрыла бастады.Ақ қазақтар диктатурасы Кеңес өкіметін жақтаушыларға қарсы зорлық-зомбылық шараларын жүргізді.Шаруалар депутаттары облыстық Кеңесі газетінің редакторы Березовский жұмысшы Овчаров айуандықпен өлтірді,көптеген жұмысшылар мен солдаттар –жергілікті Кеңестердің мүшелері тұтқынға алынды. Азамат соғысының ендігі бір ошағы 1917жылы қарашада Оралда қалыптасты.Осында құрылған Орла қазақ әскерлерінің облыстық «Әскери үкіметі»ақ гвардия офицерлеріне,қазақтардың атаман-кулаг элементтеріне сүйенді,оларға жергілікті эсерлер,меньшевиктер ж/е алашордашылар белсенді түрде қолдау көрсетті.
29.Азамат соғысы жылдарындағы Алашорда үкіметінің қызметі және оның жойылуы.
Қазақстанныі көптеген өңірлерінде Азамат соғысының етек жайып,Кеңес өкіметін құлату жағдайларында Алашорда(Алаш автономиясының үкіметі)Кеңестерге қарсы бірігіп күресу үшін Орынборда атаман Дутовпен одақ құрды.Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен және Самарадағы Құрылтай жиналысы комитетімен тығыз байланыс орнатты,Кеңестерге қарсы бірлесе күрес жүргізу мақсатымен Орал,Сібір ж/е Жетісу қазақтарымен байланысын нығайта түсті.
30.Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы+
Съезд былай деп мәлімдеді:«Қырғыз(Қазақ)халқының саналы еңбекші бұқарасы республиканың еңбекші халықтарының біртұтас ынтымақты әулетіне енеді...ал оның басты міндеті «адамды адам қанауын,қоғамның таптарға бөлінушілігін толық жою...,социалистік қоғам орнату».Съезд делегаттары 1920жылғы 26тамыздағы БОАК пен РКФСР ХКК-інің Автономиялы Қырғыз(Қазақ)Социалистік Кеңестік Республикасының құру туралы декретін құптап,мақұлдады.Декретте «Автономиялы Қырғыз(қазақ)Социалистік Кеңестік Республикасының басқару органдары жергілікті депутаттар Кеңестері,Қырғыз (қазақ)Социалистік Кеңестік Республикасының Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі болып табылады»-деп атап көрсетілді.»ҚазАКСР-інің қарамағына 1917жылға дейінгі шекарадағы Ақмола облысының Атбасар,Ақмола,Көкшетау,Петропавл уездері ж/е Омбы уезінің бір бөлігі;Семей облысының Павлодар,Семей,Өскемен,Зайсан ж/е Қарқаралы уездері:Торғай облысының Қостанай,Ақтөбе,Ырғыз ж/е Торғай уездері:Орал облысының Орал,Лбішін,Темір,Гурьев уездері қарады.Республиканың құрамына бұл облыстардан басқа Маңғыстау уезі,Каспий жағалауы облысының Красноводск уезіндегі төрт ж/е бес Адай болыстар,сондай-ақ ҚАКСР-інің құрамына Астрахан губерниясынан Стнеморье болысы,Бөкей ОРдасы,бірінші ж/е екінші Приморский округінің қазақтар қоныстанған жер аумақтары енгізілді.ҚАКСР-інің құрамына Орынбор губерниясы да енді.Орынбор республиканың алғашқы астанасы болды(1925 жылға дейін).Ресми мәліметтер бойынша 1920жылы күзде республиканың жер аумағы 1871239 шаршы версті қамтыды,халқының саны-5046000 адам,оның 46,6% –ын қазақтар құрады.Ақмола ж/е Семей облыстары ҚазАКСР- інің құрамына бірден енгізіле салмағанын айтып өту керек.Кеңестердің Құрылтай съезі бұл мәселені талқылай келіп,ол облыстарды басқаруды бірден ҚазАКСР-інің ХКК-не енгізу бұл жер аумақтарының шаруашылық қызметіне кері әсер етуі мүмкін деп есептеп,оларды басқаруды 1921жылдың басына дейін Сібір революциялық комитетіне қалдырды,республиканың ҚазОАК-і мен ХКК-іне бұл облыстарды басқаруды өз қолдарына алудың дайындық жұмыстарын таяу уақытта аяқтауды міндеттеді.1918жылғы көктемнен Түркістан АКСР-інің құрамында болып келген Жетісу мен Сырдария облыстарын ҚазақАКСР-іне қосу туралы мәселе осы облыстар өкілдерінің съезінде шешілуге тиіс болды.ҚазАКСР-інің құрылуы өлкенің қоғамдық-саяси ж/е әлеуметтік-экономикалық өмірінде елеулі оқиға болып табылды.Осының нәтижесінде,таптық принциптер негізіндегі Кеңестер формасында болсада,байырғы қазақ жерінің едәуір аумағында Қазақстан мемлекеттілігі құрылды.ҚАКСР-інің құрылуы мен Ресей империясының бодандығы тұсында ыдырап кеткен Қазақстанның аумақтық тұтастығы қалпына келтіріле бастады. Қазақстанның аумақтық тұтастығын қалпына келтіру қазақ халқының болашақ тарихи тағдыры үшін аса маңызды рөл атқарды. Сондықтан да бұл аса қиында күрделі проблеманы шеу үстінде Алашорданың бұрынғы қайраткерлері мен Кеңес өкіметінің белсенді жақтаушыларыда (А.Байтұрсынов,Ә.Ермеков,Б.Қарлдин ж/е басқалар –бір жақ,С.Мендешев,С.Сейфуллин,Ә.Жангелдин ж/е т.б.-екінші жақ)өздерінің идеялық ж/е саяси келіспеушіліктерін ұлт мүддесі үшін ысырып қойып,бар жан-тәндерімен жұмыс істеді.Кеңестердің Құрылтай съезі 1920жылғы 12қазандағы қорытынды мәжілісінде ҚазақАКСР-і Орталық Атқару Комитетін(ҚазОАК)76мүше мен 25 кандидаттан сайлады.ҚазОАК-і Президиумының құрамына С.Меңдешев(төраға),В.А.Радус-Зенькович, Ә.Жангелдин, И.А.Акулов, С.Сейфуллин,И.Ф.Киселев,Б.Алманов,А.Досов,Г.А.Коростелев,П.И.Ступпелер енді.ҚазОАК-і Республика үкіметі- Халық Комиссарлары Кеңесінің құрамын 14адамнан бекітті ж/е оған республиканың бүкіл атқару билігін толығымен берді.ҚазақАКСР-і ХКК-нің төрағалығына В.А.Радус-Зеньковия тағайындалды.
Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 220 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 3 страница | | | Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 5 страница |