Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 5 страница

Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 1 страница | Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 2 страница | Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 3 страница | Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға Қазақстандағы көтерілістер | Азақстандағы социалистік индустрияландыру саясатының мазмұны және оның нәтижелері. | Лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың майдандағы ерлігін ашып көрсетіңіз. | лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 1 страница | лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 2 страница | лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 3 страница | лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 4 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

31. 1921-1922 ж.ж. жер-су реформасы.

Жер – су реформасы.

Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.

1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.

1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.

1921-1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.

Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды.

Сөйтіп, 1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді.

Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосы одағы»құрылды (1930 жылдан «Кедей одағы» атанды).

Оның міндеттері:
1) Еңбек артельдерін құру.
2) Кедейлерге жер беру.
3) Еңбекшілердің саяси сана – сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.

1921 – 1922 жылдардағы жер реформасының маңызы:

1) Еңбекшілерді социалстік құрылысқа тартуда үлкен роль атқарды.

2) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.

3) Қазақ ауылындағы патриархаттық – феодалдық негізді әлсіретті.

4) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.

Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер.

РК(б)П – ның X съезінен кейін енгізілген азық – түлік салығы біртіндеп жетілдіріле түсті, шаруалар өмірінде оңды жағдай қалыптасты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. 6 және одан кем ірі қарасы бар қожалықтар салықтан босатылды. Көлік салығы мен ақшалай түтін (шаңырақ) салығының орнына біріңғай заттай салық белгіленді. Салық мөлшері азайтылып, 1924 – 1925 жылдары өнімнің 1/8 бөлігі алынса, 1927 – 1928 жылдары өнімнің 1/13 бөлігі алынды, ал 1924 жылғы қаңтардың 1 – нен бастап тек қана салықтың ақшалай формасы енгізілді. Үдемелі салықтың ауыртпалығы кулактар мен байларға түсті. Салықтан жиналған қаражаттар қорғаныс ісіне, Халық ағарту ісіне, ауылшаруашылығына, ірі өнеркәсіпті дамытуға жұмсалды.

Осы жылдары құрылған ауылшаруашылық несиесі қоғамы (кредит кооперациясы) көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3 -5 жылға несие берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие берді. 1924 – 1925 жылдары республикаға әкелінген 415 тракторды кооперативтер мен коммуналар сатып алды.

Несие (кредит) кооперациясы қарызға тұқым беру, салық және басқа да экономикалық реттеу құралдары мемлекеттің еңбекші шаруалармен байланысын нығайтуға, өндіргіш күштерді қалпына келтіруге, ауыл мен қыстақ еңбекшілерінің еңбек белсенділігін арттыруға көмектесті.

Соның нәтижесінде:
1) Егіс көлемі 1924 жылы – 2,1 млн. – ға, 1928 жылы – 4 млн. – ға өсті.
2) Мал шаруашылығы одан да жоғары қарқынмен дамыды. 1924 – 1928 жылдары мал саны 24,8 млн. – нан 41 млн. – ға жетті.
3) Шаруа қожалықтары 1924 жылы - 737 мың – нан 1928 жылы – 1 млн. 333 мыңға жетті.
4) Астық өндіру 1924 – 1925 жылдары 64,618650 пұттан 1928 – 1929 жылдары – 240 млн. пұтқа артты. Осы уақытқа Қазақстанда 103 коммуна мен 650 ауылшаруашылық артелі болды. Оңтүстік Қазақстанда мақата өсіретін «Мақтарал» алып совхозы ұйымдастырылды.

32. Түркістан Республикасының ұлттық-мемлекеттік межешелеу. Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақ АКСР-ға қосылуы.

Қазақстандағы отаршылдық саясаттың ауыр мұрасы — өлкенің жекелеген әкімшілік-аумактық бөліктердің арасында бөлшектеніп кетуі еді. Қазақ АКСР-інің құрылуы қазақтар мекендеген барлық жерлерді біріктіру проблемасын қойды. 1921 жылы Қазақстанның батысы мен солтустігінде және Батыс Сібірдешекаралық мәжелеу болып өтті. Орталық Азияны ұлттық-аумақтық жағынан межелеу мен қазақ жерлерін біріктіруді шешу жөнінде ірлкен дайындық жұмыстары жургізілді. Түркістанның кұрамына кірген Жетісу мен Сырдария облыстарын Қазақстанға қосу жөніндегі идея Азамат соғысы кезеңінде- ақ пайда болған-ды. Осы облыстардағы қазақтар солтүстік облыстармен бірігіп, бір республиканың құрамында болу тілегін білдірді. Бұл ұлттық республикалардың күшеюіне мүдделі болмаған орталық өкімет орындарының жоспарларына сай келді. 1924 жылы 16 қыркуйекте Туркістан. OAK- нің Төтенше сессиясы Орта Азия республикаларын ұлттық-мемлекеттік тұргыдан межелеу жөнінде қаулы қабылдады. Межелеудің нәтижесінде Қазақ АКСР-іне бұрынғы Түркістан, Хорезм және Хиуа республикаларының 1,5 млн-дай адам тұратын 40% аумағы берілді. Қазақстан аумағы 1920 жылғы. 2 млн шаршы шақырымнан 1925 жылы 2,8 млн шаршы шақырымға дейін артты. Қазақ АКСР іне оңтустік аумақтарды қосқан соң оның халқы 1920 жылғы 4,8 млн-нан 1925 жылы 6,5 млн адамға дейін өсті. Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеудің нәтижесінде қазақ жерлерін біртұтас кеңестік қазақ мемлекетіне біріктіру аяқталды. Осыған орай Қазақстанның халық саны ұлғайып, аумағы кеңейді, зкономикалық күш-қуаты артты.

Қазақ халқының аумактық жағынан бірігуі казактардың одан әрі біртұтас ұлт болып қалыптасуында, Қазақстан экономикасы мен мәдениетін дамытуда, республиканың ұлттық саясатында маңызды рөл атқарды. Барлық қазақ жерлерінің бір республиканың құрамына бірігуі қазақ халқының тарихындағы айтулы кезең, сол уақыттағы қиыншылықтарға қарамастан қазақ мемлекеттілігінің құрылуындағы өте маңызды қадам болды. Нәтижесінде Қазақ АКСР-інің аумағы едәуір дерлік ұлғайды. 1926 жылғы халық санағы бойынша қазақтар Қазақстанның барлық халқының 61,3%-ын құрады.

33. Қазақстандағы ЖЭС: оның жетістіктері мен мерзімінен бұрын аяқталуының себептері мен салдары.

Жаңа экономикалық саясаттың табыстары мен тарихи сабақтары. Жаңа экономикалық саясат: саяси-идеологиялық салада - катаң бірпартиялық тәртіп, басқаша ойлау мен басқаша іс-әрекеттің қандайын болса да басып-жаныштауды; экономикалық салада - шаруашылықтың әкімшіл-рыноқтық жүйесін орнатуды білдірді. НЭП-тің енгізілуімен жерді жалға беру мен жалға алуға, жалдамалы еңбекті қолдануға рұксат етіліп, ауыл шаруашылық, несие, тұтынушылар кооперациясын дамыту көтермеленді. «Әскери коммунизм» кезінде еңгізілген еңбек міндеткерлігі мен еңбекке мобилизациялау жойылды. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамдарға немесе кооперативтерге жалға берілді.

Жаңа экономикалық саясат - халық шаруашылығына әкімшіл- әміршілдікті сақтай отырып, белгілі дәрежеде капитализмге уақытша ерік беруге есептелген пролетариат мемлекетінің ерекше саясаты. 1921 жылы көктемде БОАК жергілікті тауар айырбасына, жеке саудага, жеке меншік кәсіпорындар кұруға рұқсат беру жөніндегі декреттер қабылдады. Нарықтық катьшастарға көшу ақша айналысьш ретке келтіру жөніндегі мәселені күн тәртібіне қойды. 1921 жылы жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі мен карточкалық жүйе жойылды. 1922- 1924 жылдар аралығында бір мезгілде ескі және жаңа ақша белгілерінің қатар қолданылуына рұқсат етілген ақша реформасы жүргізілді. Рыноктың қалпына келтірілуі шаруашылық жүргізудің әкімшілдік әдістерінен бас тартып, экономикалық, материалдық қызығушылық тудыратын әдістерге көшуді талап етті.

Жаңа экономикалық саясат аз уақыт әрекет етіп, барлық саланы біртутас қамтыган жүйе болып қалыптасып ірлгермеді. Ол ауыл шаруашылығының соғыс пен революциядан кейінгі өлсіреуі мен үкіметтің НЭП жылдарындағы ішкі саясатта жіберген елеулі қателіктеріне байланысты толық жүзеге аспады. Алайда осы кездің өзінде үкіметтің нарықтық қатынастарды кең қолдану арқылы елдің барлық өндіргіш күштерін жаңдандырып, жалпы шаруашылыктың өркендеуін қамтамасыз ете алатын қабілеті айқын керінді. Жаңа экономикалық саясат тарихка Кеңес өкіметінің орнауы мен Азамат соғысынан кейінгі мәдени, идеологиялық, әлеуметтік және экономикалық жандану кезеңі ретінде енді.

Барлық қарама-қайшылықтарына қарамастан жаңа экономикалық саясат қысқа мерзімде халықтың тұрмыс дәрежесін арттырып, халық шаруашылығын калпына келтіруге, елдін, саяси өмірін жандандыруға және мәдени өмірін сауықтыруға мүмкіндік жасады. Жаңа экономикалық саясаттың тежелу себебін партия мен мемлекет басшыларының бұл саясатты түсіну мен іске асырылу мүмкіндіктерін бағалаудағы жіберген елеулі қателіктерімен түсіндіруге болады. Осындай жете түсінбеушіліктің нәтижесінде жеке меншік капиталға қарсы мерзімінен бұрын шабуыл науқаны басталды. Оның нөтижесі - деревнядағы шаруалар мен каладағы жұмысшылар наразылығымен қатар жүрген рынок айналымы берекесінің кетуі болды. 20-жылдардың соңында жаңа экономикалық саясаттың бәсеңдеуі байқалды. Осының бәрі Ленин есімімен іске асырылса да, іс жүзінде партия мен бүкіл елдің тарихында келесі кезең басталды. 20-жылдардың соңында партиялық (мемлекеттік) басшылықтың күрамы түбірімен өзгеріп,Сталин мен оның жақтастары шектеусіз жеңіске жеткен шақта жаңа экономикалық саясаттың соңғы сөті туды.

Сталиннің төңдрегіндегілердің белсенділігімен «әскери коммунизм» жылдары қалыптасқан басшылықтың өміршіл-өкімшілдік тәсілдері, әсіресе өнеркәсіпте, тіпті нарықтық қатынастардың неғұрлым еркіндік алған жылдарында (1925-1927) да толық жойылған жоқ. Жаңа экономикалық саясат бүкіл шаруашылық пен басқару жүйесін толығынан қайта құру, біртұтас өрі барлық саланы қамтыған жүйені қалыптастыру мақсатын көздеп, өте қысқа мерзім ішінде әрекет етті. Ол іс жүзінде елді дағдарыстан, аштық жағдайынан алып шықты. Алайда ол өзінің барлық мүмкіндіктерін толық пайдалана алмады,мемлекеттің экономикалықмонополиясын, бизнес саласындағы бюрократия мен асыра сілтеушілікті, қатал бәсекелестікті, таптық күрес пен барынша идеологияландырылған түсінікті бағындыра алатын төсіл, еркін шаруашылық жүргізу тәсілін қалыптастыра алмады. 5. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың мөні. Кеңестердің Қазақстандағы 1921-1925 жылдардағы жүргізілген экономикалық саясаты қарама-қайшылықтарға толы болды. Революцияның шалғай аудандар мен ұлттық шеткері аймактарға көрсеткен қолдауының маңызды мәні жөнінде көп айтылса да, жаңа режим Кеңес өкіметінің Мәскеу мен Ресейдің негізгі астыкты аудандарында нығаюына көп көңіл бөлді. Ұлттық аудандар мемлекеттің шеткері бөліктері ретінде қарастырылып, орыс емес халықтардың мұқтаждықтары мен оларға қамқорлық жасау іс жүзінде емес, көбінесе сөз жүзінде көрсетілді. Сәтсіздіктердің себептері шаруаларды жермен, тұқыммен, керекті кұрал-саймандармен қамтамасыз ете алмаған, ауыл шаруашылығының дамуын қандай да бір жоспарлы арнаға бағыттай алмаған мемлекеттің өзінде болды. Қазақтарға сол кез ушін ең қажетті нәрсе - олардың мал шаруашылығымен айналысуға, дәстүрлі әлеуметтік құрылымдар мен мәдени салттарды сақтауға мүмкіндік беретін экономиканы қалпына келтіру еді.

Халық шаруашылығын қалпына келтіру басталғанымен, ол баяу жүрді. 1925 жылға дейін халықтың жаппай наразылығы жалғаса берді, өйткені рынок іс жүзінде каңырап калған еді. Дегенмен Қазақстанның мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы біртіндеп күш ала бастады. 1925 жылы егін егілген жер көлемі ұлғайып, 3,0 млн гектарды құрады. Орал, Ақмола, Семейгубернияларының астықты аудандарында бұл көрсеткіш соғысқа дейінгі деңгейге жетті. 1925 жылы 1914 жылғы өніммен бірдей 92 млн пұт астық жиналды. Мал басының саны екі еселеніп, көшпелі мал шаруашылығы біртіндеп қалпына келе бастады. Қазақстандағы өнеркәсіптің калпына келтірілуі шикізат пен отынның, маманданған жұмысшы қолының жетіспеушілігі, айналыстағы қаржының аса тапшылығы жағдайларында басталды. Алайда экономиканы қалпына келтіру үрдісі айқын байқалды. 1925 жылдың соңына таман өнім өндіру деңгейі 1920 жылмен салыстырғанда 6 есе дерлік өсіп, шамамен соғысқа дейінгі деңгейдің үштен екісіне жетті. Өнеркәсіп орындарының 60%-ынан астамы іске қосылды. Сауда кең құлаш жайды. 1926 жылы Қазақстан аумағында 200-ге жуық жәрмеңке жұмыс істеді. Экономикадағы жағдайдың жолға қойылып келе жатқанына темір жолдардың тоқтаусыз жұмыс істей бастағаны дәлел болды. Қазақстанда ескі магистральдармен қатар жаңадан салынғанПетропавл-Көкшетау, Славгород-Павлодар тармақтары мен Омбы темір жолының Семей бөлігі толыққанды пайдалануға берілді.Ертіс, Сырдария, Жайық өзендеріндегі өзен көлігінің жұмысы қалпына келтіріліп, жандана түсті. Осылайша республиканың халық шаруашылығында белгі берген серпіліс дағдарыстан шығудың, экономиканың оңды даму процесінің басталғанына дәлел болды.

34.Қазақсьандағы жайылымдық,шабындық жерлерді қайта бөлу және оның салдары.

Ф.Голощекин бастаған Қазақстан большевиктерінің қазақ қоғамына байланысты жүргізген бұл шаралары қазақ ауылында Кеңес өкіметінің жеңісін қамтамасыз ете алмады. Оның себебі, бұл реформа алғашқы кезден-ақ қате тұжырымдарға негізделген еді. Біріншіден, қазақтың дәстүрлі шаруашылық жүйесі сақталып отырған жағдайда шабындық және жайылымдық жерлерді жай бөліске салу еш нәтиже бермеді. Екіншіден, шабындық және жайылымдық жерді бөлудің өзі дәстүрлі егін шаруашылығы жүйесіндегі заңдылықтар жетегінде қалып қойды, яғни шабындық және жайылымдық жерлерді бөлу шаруа қожалығындағы отбасы мүшелерінің санына байланысты жүргізілді. Ал қазақтың дәстүрлі шаруашылығында керісінше жерді малдың санына қарай иемденді,яғни көшпелілер үшін жайылымға сұраныс мал басының санына және оның құрамына байланысты болды. Үшіншіден жартылай көшпелі аудандардағы жер бөлінісі нәтижесінде жерге ие болған шаруалар үшін бұл кезеңде ол жерлерден келер пайда жоқ еді. Себебі ауылдағы кедей шаруалардың қожалықтары ғана емес, тіпті орта шаруа қожалықтары да бұл кезеңде ауыл шаруашылық құрал-саймандарына, егетін тұқым және т.б заттарға өте зәру болды. Мысалы: 1928 жылы республикада 1927 жылғы есеп бойынша 800мың қазақ шаруа қожалықтары бар болғаны 124мың өте қарапайым еңбек құралдарына ие болды. Олар 54мың соқа, 0.5 мың тұқым себетін машина, 13,5 мың шөп шабатын шалғы, 9,4 мың тырма т.б бұл еңбек құралдары сан жағынан алғанда көлге амған тамшыдай ғана еді және оның сапасы да өте төмен болды. Тіпті әлеуметтік тұрғыдан келгенде Петропавл округінде еш құрал сайманы жоқ шаруа қожалығының мөлшері 95,5 пайыз және орта шаруа қожалықтары 83,2 пайыз болса Павлодар округінде 99.45 пайыз және 85,85 пайыз, Қызылорда округінде 72,95 пайыз және 69,15 пайыз болған. Шаруашылық құралдардың жетіспеуі әрине кедей қожалықтарынөз үлесінен бас тартып бөлінген жерлерді бұрынғы иесіне қайтаруға мәжбүр етті.

35.Ф.И.Голощекиннің Қазақстандағы партия ұйымының басшылығына тағайындалуы және оның Кіші Қазан идеясы.

1925-33 жж. Ф.И.Голощекин Қазақстандағы партия ұйымының басшысы. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы, оның мазмұны. С.Сәдуақасов «Кіші Қазан» саясатына қарсы шыққан Қазақстанның қоғам қайраткері. Жер мәселесіне байланысты Қазақ өлкелік партия комитетінің конференциясының шешімі (1925 желтоқсан), оның отарлық мазмұны. Қазақ зиялыларының Кеңестік билікті ұлттық мүддеге жұмылдыру әрекеті, оның іске аспай қалуы. Ұлт мәселесіндегі таптық-партиялық принцип, оның ұлыдержавалық астары. Отарлықтың биліктегі түрлі топтар арасында «тепе-теңдік» сақтау саясаты. Ұлттық нигилистерді қолдау саясаты. Т.Рұсқұлов өткізген Бүкілресейлік Атқару Комитеті мүшелерінің кеңесі. Қазақ Өлкелік Партия Комитетінің ІІІ-Пленумі (1926, 25-30 қараша). Ф.Голощекиннің Алаштық интеллигенцияға шабуылы. 1927 жылдың соңында басталған сот процестері. Алаш қозғалысы басшыларын репрессиялау саясаты (1927-1932).

36.Ф.И.Голощекиннің Алаштық интелегенцияға шабуылы және оларға қарсы басталған сот процестері.

1926 жылы 15-26 наурыз аралы­ғында «Астанадағы сотта» айдарымен Қызыл­ор­дада өтіп жат­қан сот процесінен оқырман­дарға үз­діксіз хабар беріп тұрды. С.Сәдуа­қасов сот процесінің негізінде саяси мүд­делер қайшылығы жатқандығын, әр­и­не, жақсы білді. Сотқа тартылған адам­дардың бәрінің бірдей кінәлі еместігін де түсінді. «Торғай ісі» оны ұйымдастыру­шы­лар ойлағандай аяқталмағандығы мә­лім. Негізгі айыпкерлердің бірі жазу­шы Жү­сіпбек Аймауытовқа тағылған қыл­мыс орынсыз деп табылып, ақ­та­лып шық­ты. Артынша ол Оқу-ағарту ко­мис­сариа­тының ұйғарымымен Шым­­кент­тегі қазақ педагогикалық технику­мы­на директор­лық қызметке жіберілді.

Революциялық өзгерістерге дейін Ә.Бөкейханов бас­таған алғашқы буын зиялылар қойған мәселелер кеңестік билік орнағаннан кейін де сынаптай бұзылып, қардай еріп кеткен жоқ-тын. Олай болса Т.Рысқұлов, Ж.Мыңбаев, С.Қожанов, С.Сәдуақасов сияқты қайраткерлердің өмірге келіп, ұлттық мүддені жалау етіп, саяси күреске араласуы қоғам­дық талаптан туған табиғи құбылыс болатын. Голощекин мен оның серіктері бұл құбылыстың да түп тамырына тереңдей бара қойған жоқ, олай ету көп күшті, төзімділікті, уақытты талап ететіндігі белгілі. Сондықтан да олар «ең төте және жеңіл» жолды таңдап алды, ал ұлттық еркіндік пен теңдік мә­селесін тағы да қойған ұлттық ин­теллигенцияның келесі, жаңа буынын «алашордашылар» деп жариялады.

1926 жылғы қараша пленумында жа­саған баяндамасында Голощекин «алаш­­ордалықтардың екі буынын» анықтап, оларға мынадай баға берді: «Алаш­ор­далықтар туралы айтқанда біз шатысып жүрміз. Алашордалықтардың екі түрі бар - ескі басшылары және алашорда­лықтардың жаңа буыны. Бұлардың өз­ара үлкен айырмашылығы бар. Егер біз ескі тәртіптегі алашордалықтарды ал­сақ, маған олардың өткенде бірдемесі болғандай көрінеді. Олар өткен уақытта, қазақ жағдайында, қазақ болмысында революционер, буржуазиялық революционерлер болды. Ал жастарда ол жоқ, оларда ашу-ыза басым, олар кеңестік билікпен күресте есейді».

Әңгіменің кім туралы болып отыр­ғанын түсінген С.Сәдуақасов осы пле­нумда сөйлеген сөзінде: «Мен осы мінбеден алашорда идеологиясымен ортақ ештеңем де жоқ екендігін мә­лімдеймін, өйткені мен коммуниспін. Біздің соры­мызға қарай алаш ұста­ны­мына жақын жағдайлар ісімізден, кейде сөзімізден сезіліп жатса, онда олар­ды тудырған қиындықтарды жеңуі үшін өсіп жетілуіміз керек қой», - деп көрсетіп, одан әрі Оқу-ағарту халық комиссариаты партияда жоқ интеллигенттер көп шоғыр­ланған мекеме, сондықтан да қызмет бабына қарай ол интеллигенцияны жұ­мысқа тартуға байланысты бой көр­сеткен тар коммунистік тәкаппарлықпен күресуді алаш­ордалық әрекет есебінде бағалау қа­телік екендігін айтты.

1927 жылы ақпанда С.Сәдуақасов өлкелік комитет бюросына өзін ауыл мектебіне оқулықтар мен кітапшалар даярлау үшін бірнеше айға республика мекемелеріндегі жұмыстан босатуды өтінген арыз береді. Өлкелік коми­тет­тің бюросы 1927 жылғы 9 наурыздағы отырысында С.Сәдуақасовтың арызын қарап қанағаттандырып, үгіт және насихат бөліміне Оқу-ағарту комиссариа­ты­мен бірге жазылмақшы оқулықтар мен кітапшалардың жоспарын даярлап сек­ре­тариатқа өткізуді тапсырады. Ал бю­роның сол жылғы 4 сәуіріндегі мәжі­лісінде басқа да халық комисса­риаты­мен бірге Оқу-ағарту комиссариатының коллегия құрамы бекітілді. Оның құра­мында С.Сәдуақасов жоқ еді. Бұл іс жөнінде оның қызметтен біржола алас­татылғандығының көрінісі болатын. «Мен «Кіші Октябрге» қарсымын», деген Алаш арысының қоғамдық қыз­ме­тінің екі кезеңі осылай аяқталып еді.

 


Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 506 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 4 страница| Бай қожалықтарын тәлкілеу,ауқатты шаруалар қожалықтарын жою шаралары олардың саяси-экономикалық нәтижелері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)