Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 3 страница

Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 1 страница | Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 2 страница | Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 3 страница | Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 4 страница | Жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихының пәні, міндеттері мен маңызы 5 страница | Бай қожалықтарын тәлкілеу,ауқатты шаруалар қожалықтарын жою шаралары олардың саяси-экономикалық нәтижелері. | Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға Қазақстандағы көтерілістер | Азақстандағы социалистік индустрияландыру саясатының мазмұны және оның нәтижелері. | Лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың майдандағы ерлігін ашып көрсетіңіз. | лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 1 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

57. ҚР Конституциясы және оған соңғы жылдары енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ашыңызКонституция –
мемлекеттігіміздің базисі. Конституция қо­ғам­дық және мемлекеттік құрылыстың негізін, адам мен азаматтың құқығын, мем­лекеттік органдар мен жоғары лауазымды адамдардың мәртебесін, олардың өзара ықпалдасуының механизмін бекітеді. Осы институттардың бәрі конституциялық құн­дылық болып табылады. Конституциялық құндылық жүйесінде олардың әрқайсысы өте маңызды, бірегей рөл атқарады. Елі­мізде адамның өмірі, құқықтары мен бос­тандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы ретінде сипатталғандықтан Конституциялық құндылықта адамның осы құқықтары негізгі орынды алады.

Қазақстан Республикасының Конс­титуциясы 2007 жылғы 21 мамырда қайта өзгертіліп, қабылданды. Сол жылы іске асы­рылған реформалардың нәтижесінде Президент, Парламент, атқарушы органдар, сот және құқық қорғау жүйелерінің ұйымдастырылуы мен қызмет негіздерін реттеуші заңнамаға өзгерістер енгізіл­ді. Сот төрелігін іске асыру кезінде соттардың тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған сот-құ­қықтық реформаның жаңа кезеңіне конс­титуциялық деңгейде қарқын берілді. 15-бапта айқындалғандай, өлім жазасын қолдану аясы қысқартылып, адамдардың өлімімен ұштасатын террористік қылмыстармен және соғыс уақытында жасаған аса ауыр қыл­мыстармен шектелді. Сөйтіп, елімізде өлім жазасы іс жүзінде жойылды. Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл – Омбудсмэн институты құрылып, жаңа саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар пайда болды. Ұлтаралық қа­тынастарды одан әрі нығайту бағытында Қазақстан халқының ассамблеясы Ата Заңда жаңа орнын тапты. Соттың қамауға алуға санкция беру құқығы енгізілді. Мәселен, Бас құжаттың 16-бабында «Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар» екені нақтыланды. Адамды соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауға ұстауға ғана болады. Күрделі де маңызды конституциялық өзгерістердің нәтижесінде Елбасы саяси және экономикалық институттардың қыз­мет­терін одан әрі үйлестіріп, қоғамдағы тұ­рақтылықты нығайтты. Жүргізілген реформа мемлекет пен қоғам институттарын одан әрі демократияландыруға зор мүмкіндік берді.

58.Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықта алатын орны мен қызметін талдыңы Ресей және ТМД-ның басқа да елдерімен өзара сенімді тең қатынас қалыптастыруға бағытталған шаралар. Қазақстан жаңа тарихи жағдайда біртұтас ортақ экономикалық кеңістікті сақтауды жақтаушы. Орталық Азия елдерімен өзара пайдалы жаңа сападағы қатынастардың қалыптаса бастауы. Ресеймен арадағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайта түсуге бағытталған құжаттарға қол қойылуы. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының елшілігі ашылған шет мемлекеттер. 1995 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Еуразия Одағы идеясы.

Қазақстан ядролық қарусыз аймаққа айналу жолында. АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, Ресейден және Қытайдан қауіпсіздік және территориялық тұтастық жөнінде кепілдік алу.

Қазақстан – әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі. Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылдануы (1992 ж.). Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін мойындауы. Әлем елдерімен дипломатиялық қатынастың қалыптаса бастауы. 1994 жылы 5 желтоқсанда Будапештте өткен Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық кеңесінде Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігі туралы меморандумға қол қойылуы. Қазақстан Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымының және Ислам конференциясы ұымының төрағасы. Қазақстанның Еуропалық Одақпен байланысы. Қазақстан, Ресей, Белорусия арасындағы Кедендік Одақтың құрылуы және қызметі.

Қазақстанның халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар жұмысына араласа бастауы. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы.

59. Ұзақ мерзімге арналған басымдықтар мен стратегиялық мақсаттардың айқындалуы. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030», «Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбектерінің алатын орнын ашып көрсетіңіз

1997 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Президентінің "Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" атты халыққа Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы (бұдан әрі — "Қазақстан-2030" стратегиясы) белгіленді. Бұл Стратегия егеменді республиканы әлемнің ең қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан елдерінің біріне айналдыруға бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын айқындап берді.
"Қазақстан-2030" стратегиясында жеті ұзақ мерзімді басымдық айқындалған: ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның топтасуы; шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; энергетика ресурстары; инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс; кәсіби мемлекет. Осы басымдықтар елді одан әрі дамыту жөніндегі нақты іс-қимылдар әзірлеудің негізіне айналды.
Қазақстан Республикасының Президенті 2001 жылғы желтоқсанда бекіткен Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі — Стратегиялық жоспар-2010) "Қазақстан-2030" стратегиясын іске асырудың алғашқы онжылдық кезеңі болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі — Стратегиялық жоспар-2020) 2010 жылдан бастап 2019 жылды қоса алғандағы аралықты қамтитын "Қазақстан-2030" стратегиясын іске асырудың келесі кезеңі болмақ.
Стратегиялық жоспар-2010-ды іске асырылудың аяқталу мерзіміне қарай және Стратегиялық жоспар-2020-ны әзірлеу кезеңінде дамудың сыртқы жағдайлары елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазақстан соңғы жетпіс жыл ішіндегі ең ауыр жаһандық дағдарысқа қарсы тұруға беттеді.
Экономикалық айналымның әсер етуі, бірінші кезекте, ағымдағы әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалы ұлттық экономиканың әлемдік немесе өңірлік дағдарыстардың келеңсіз салдарларына төтеп беруін арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру қажеттілігін анықтайды.
Елдің дағдарыстан кейінгі дамуы үшін жағдайлар жасайтын бірінші кезектегі шаралар іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, елдің қаржы жүйесін нығайтуға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға шоғырландырылады.
Экономиканың сапалы өсуі елдің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуына ықпал ететін физикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, адами ресурстарды дамытуға және институционалдық базаны нығайтуғнегізделеді.

«Қазақстан – 2030» стра­теги­ясы

1997 жылғы қазан – Пре­зидент Н. Ә. На­зар­ба­ев­тың «Қазақстан – 2030» жол­да­уы жа­ри­ялан­ды. Қаралған мәсе­лелер:

Эко­номи­калық дағда­рыс­тан шығу жол­да­ры.

Ре­фор­ма­лар­ды аяқтау.

Ал­дыңғы қатар­лы мем­ле­кет­тер қата­рына қосы­лу.

«Қазақстан ба­рысын» қалып­тасты­ру

Жол­да­уда бо­лашаққа бол­жам, қазіргі жағдайға тал­дау жа­салып, ішкі және сыртқы са­ясат­тың негізгі бағыт­та­ры, рес­публи­каның да­му­ының ерек­шеліктері ай­тыл­ды.

Бұл бағдар­ла­мада еліміздің са­яси, әле­уметтік-эко­номи­калық да­му­ының жақын ара­дағы және стра­теги­ялық ұзақ мерзімдегі да­му жол­да­ры көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 ба­сым­дық:

Ұлттық қауіпсіздікті сақтау

Ұлттық қауіпсіздік ба­сым­дықта­рының деңгейіне мықты де­мог­ра­фи­ялық және көш-қон са­яса­ты шығары­луға тиіс.

XXI ғасыр қар­саңын­да Қазақстан Ре­сейдің ар­ты­нан адам са­ны сыртқы көші-қон про­цес­терінен ғана емес, та­биғи жол­мен ке­ми бе­ретін «де­мог­ра­фи­ялық апатқа» ұшы­рай­ды.

Ішкі са­яси тұрақты­лық пен қоғам­ның топ­та­су­ын нығай­ту

Ішкі са­яси тұрақты­лық пен қоғам­ның топ­та­су­ын жүзе­ге асы­рудың міндет­тері:

Теңдікке негіздел­ген бірыңғай аза­мат­тықты да­мыту.

Эт­ни­калық түсініспе­ушілік се­беп­терінің жойылуы және эт­ни­калық топ­тар құқықта­рының тең бо­лу­ын қам­та­масыз ету.

Дәулеттілер мен жар­лы­лар ара­сын­дағы айыр­ма­шылықты азай­ту. Ауыл проб­ле­масы­на үнемі ерек­ше көңіл бөлу.

Әле­уметтік проб­ле­малар­ды ұдайы шешіп оты­ру.

Са­яси тұрақты­лықты және қоғам­ның топ­та­су­ын қам­та­масыз ететін бай Қазақстан­ды қалып­тасты­ру.

Адам­дар ара­сын­дағы қарым-қаты­нас пен ком­му­ника­ци­ялық бай­ла­ныс­тардың бар­лық ны­сан­да­рын да­мыту.

Әртүрлі кон­фесси­ялар ара­сын­дағы өза­ра құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қаты­нас­ты нығай­ту.

Қазіргі ке­зеңде қазақ дәстүрлері мен тілінің қай­та өрлеуі та­биғи құбы­лыс деп қабыл­да­натын бол­ды.

Мем­ле­кет ең ал­ды­мен ор­та тап­тың мүддесін білдіру­ге тиіс. Қала мен се­ло ара­сын­дағы жікте­лудің те­рең про­цесі жүріп жа­тыр.

Қазақстан – өзінің белгілі та­рихы мен өзіндік бо­лашағы бар еура­зи­ялық ел. Сон­дықтан оның мо­делі басқа ешкімнің мо­деліне ұқса­май­тын бо­лады, ол өз бойына әртүрлі өрке­ни­ет­тердің жетістіктерін сіңіреді.

На­рықтық қаты­нас­тар негізінде эко­номи­калық өсу.

Қазақстан­ның са­ла­уат­ты эко­номи­калық өрлеу стра­теги­ясы на­рықты эко­номи­каға, мем­ле­кеттің бел­сенді рөліне және ше­тел ин­вести­ци­яла­рын тар­туға негіздел­ген.

Мем­ле­кет бел­сенді рөл атқара оты­рып, эко­номи­каға ара­ласуы шек­те­улі бо­лады. Бұл проб­ле­маны ше­шудің стра­теги­ясы:

Үкіметтің са­уда мен өндіріске әкімгершілік ара­ласу­ын жою.

Же­кеше­лендіру про­цесін аяқтау.

Ор­та­лық Үкіметті және жергілікті өкімет орын­да­рын па­расат­ты орын­дасты­ру.

Сот билігі мен құқық қорғау ор­ганда­рын ре­фор­ма­ла­уды жан­данды­ру.

Заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орын­дай­тын аза­мат­тарды қыл­мыстан қорғау.

Билік пен заңның бар күшін заңсыз жол­мен, шалқып өмір сүретіндер­ге қар­сы қол­да­ну.

Тұрақты өрле­уді қам­та­масыз ету үшін өндірісті ди­вер­си­фика­ци­ялау қажет. Ал­дағы міндет:

Қазақстан­ды дүни­ежүзілік қауым­дастық ал­дында ин­вести­ци­ялар үшін тар­тымды жер ретінде көрсе­ту.

Ин­вести­ци­ялар­ды тар­ту.

2010 жылға дейінгі бас­тапқы ке­зеңде мы­на са­лаларға көңіл бөлу қажеттігі ба­са көрсетілді:

Ауыл ша­ру­ашы­лығы;

Ор­ман және ағаш өңдеу өнеркәсібі;

Жеңіл және та­мақ өнеркәсібі;

Ту­ризм;

Тұрғын үй құры­лысы;

Инф­рақұры­лым жа­сау.

Қазақстан аза­мат­та­рының ден­са­улығын, білімі мен әл-ауқатын көте­ру.

Қазақстан аза­мат­та­рының ден­са­улығы, білімі мен әл-ауқатын көте­рудегі стра­тегия:

Ауру­ды бол­дырмау және са­ла­уат­ты өмір сал­ты­на ын­та­лан­ды­ру.

Әйел мен ба­ла ден­са­улығын жақсар­ту және қорғау.

Та­мақта­нуды, қор­шаған ор­та мен эко­логи­яның та­залығын жақсар­ту.

Көрке­юші және са­яси тұрақтанған Қазақстанға қажет үш белгі – ұлттық бірлік, әле­уметтік шын­дық, аза­мат­тардың әл-ауқаты­ның ар­туы.

Ұлттық қауіпсіздіктің бір тірегі – миг­ра­ци­ялық са­ясат. Ол – ха­лықтың бір ел­ден басқа бір ел­ге қоныс ауда­руы.

Энер­ге­тика ре­сурс­та­р1ын же­те пай­да­лану.

Қазақстан­дағы та­биғи ре­сурс­тар­ды, әсіре­се энер­ге­тика­лық ре­сурс­тар­ды пай­да­лану стра­теги­ясы:

Ха­лықара­лық шарт­тар жа­саған­да Қазақстан­ның мүддесін, эко­логи­ясын, өз адам­да­рымыз­дың жұмыс­пен қам­ты­луы мен да­яр­ла­ну­ын, әле­уметтік міндет­терді ше­шу қажеттігін көздеу.

Мұнай мен газ экс­пор­ты үшін құбыр ар­на­лары­ның жүйесін құру.

Әлемдік қауым­дастықтың ірі ел­дерінің мүддесін Қазақстан­ның әлемдік отын өндіруші ретіндегі рөліне бағыт­тау.

Ішкі энер­ге­тика инф­рақұры­лымын құру мен да­мыту, ішкі қажеттілік пен тәуелсіз бәсе­келестік проб­ле­мала­рын ше­шу үшін ше­тел ин­вести­ци­яла­рын тар­ту.

Ре­сурс­тар­дан түсетін кірістерді үнемшілдікпен пай­да­лану.

Инф­рақұры­лым, көлік, бай­ла­ныс­ты да­мыту.

Инф­рақұры­лым, көлік пен бай­ла­ныс са­ласын­дағы Қазақстан­ның міндеті – отан­дық көлік-ком­му­ника­ция ке­шенінің бәсе­келестік қабілетін және Қазақстан аумағы арқылы өтетін са­уда легінің ұлғай­ты­лу­ын қам­та­масыз ету.

Теміржол

Қазақстан­дағы жүк та­сыма­лының негізі – теміржол. Осы са­ланың ал­дында тұрған стра­теги­ялық міндет­тер:

Ха­лықара­лық көлік және са­уда бай­ла­ныс­та­рын, Транс­порт ма­гист­ралі бойын­ша тран­зиттік жүк та­суды қам­та­масыз ететін негізгі темір жол бағыт­та­рын жаңар­ту.

Дос­тық стан­ци­ясын да­мыту, Дос­тық-Ақтоғай участ­кесін нығай­ту­ды аяқтау.

Бар­лық көліктік-ком­му­ника­ци­ялық мо­нопо­ли­ялар­ды ба­тыл қай­та құры­лым­да­уды жүзе­ге асы­ру.

Ав­то­мобиль жол­да­ры

Же­ке меншік ма­гис­та­раль­дар са­лу, қазіргі бар­ла­рын же­кеше­лендіру мен кон­цессияға бе­ру жөніндегі жұмыс­тарды бас­тау.

Әуе көлігі

Ави­ацияда тәртіп ор­на­ту және ұшақтар паркін ли­зинг пен жоғары деңгейді ұшақтар­дың белгілі бір көлемін са­тып алу есебінен то­лықты­ру.

Әуежай­лар­ды қай­та жаңар­ту, қыз­мет көрсе­ту мен сер­висті қам­та­масыз ету деңгейін ха­лықара­лық стан­дартқа жеткізу.

Су көлігі

«Ақтау» ай­лағын қай­та жаңар­ту және флот­ты ке­мелер­мен то­лықты­ру үшін ше­тел ин­вести­ци­яла­рын тар­ту.

Бай­ла­ныс және те­леком­му­ника­ци­ялар желілері

- Шалғай­дағы әлсіз да­мыған аудан­дарға кем де­ген­де, бай­ла­ныс қыз­метінің ең төмен деңгейін бе­ру (ба­лаларға ар­налған ай­мақтық оқыту бағдар­ла­мала­рын та­рату).

- Бо­лашақта әлемнің да­мыған ел­дерінің инф­рақұры­лым­да­рымен бәсе­келе­суге қабілетті дер­бес және тиімді те­леком­му­ника­ци­ялық қыз­мет көрсе­ту жүйесін құру.

Де­мок­ра­ти­ялық кәсіби мем­ле­кет құру.

Қазақстан қоғамын басқару­дағы негізгі міндет­тер:

Мем­ле­кеттік қыз­мет пен басқару құры­лымы­ның осы за­манғы тиімді жүйесін жа­сау.

Ба­сым мақсат­тарды іске асы­руға қабілетті үкімет құру.

Ұлттық мүдде­лердің сақшы­сы бо­ла ала­тын мем­ле­кет қалып­тасты­ру.

Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалып­тасты­руға мүмкіндік бе­ретін 7 негізгі стра­тегия ұста­ным­да­ры:

Ықшам әрі кәсіпқой Үкімет.

Стра­теги­ялар негізіндегі іс-қимыл бағдар­ла­мала­ры бойын­ша атқары­латын жұмыс.

Ве­домс­тво­ара­лық үй­лестіру.

Ми­нист­рлердің өкілеттіктері мен жа­уап­кершіліктерін, есептілігін және олар­дың қыз­метіне стра­теги­ялық бақыла­уды арт­ты­ру.

Ор­та­лыққа тәуелділікті жою.

Сы­бай­лас жемқор­лыққа қар­сы күрес.

Кадр­лар­ды жал­дау, да­яр­лау және жоғары­лату жүйелерін жақсар­ту.

Қазақстан елінің 8 ар­тықшы­лығы ба­са көрсетілді.

Тәуелсіз, еге­мен мем­ле­кеттің негізі қалан­ды.

Ескі са­яси және эко­номи­калық жүйеден түбе­гейлі бөлек­тенді.

Қоғам­дағы өзгерістер ықпа­лымен адам­дар да түгел өзгерді.

Ора­сан зор бай­лық – та­биғи ре­сурс­тар.

Же­текші фак­тор – адам­дардың өзі, олар­дың ерік-жігері, күш қуаты, та­бан­ды­лығы, білім-білігі.

Ауыл ша­ру­ашы­лық жер­лері.

Қоғам­ның са­яси тұрақты­лығы мен бірлігі.

Қазақстан­дықтар­дың бай­сал­ды­лығы мен төзімділігі, кеңпейілділігі мен ақжарқын­дығы.

Қазақстан­ның сыртқы си­пат­тағы бірқатар мүмкіндіктері:

Еура­зия ай­мағын­дағы жол­дардың түйіскен то­рабын­да ор­на­ласқан ге­ог­ра­фи­ялық жағдайы.

Ше­телдік мем­ле­кет­тер мен до­нор­лық ұйым­дар та­рапы­нан қол­дау көрсетілуі.

Ауқым­да­ну және ғылы­ми-тех­ни­калық прог­ресс прцесі.

Қазақстан қоғамы да­му­ын­дағы ке­леңсіз си­пат­тар:

Ком­му­нистік ұста­ным­дар ру­хын­да тәрби­елен­ген адам­дардың бірне­ше ұрпақта­ры қалып­тастырған – діл. Сон­дықтан бұқара­лық са­наны төзімділікпен жаңғыр­ту қажет.

Өндіріс көлем­дері төмен­деуі әсерінен әле­уметтік аху­ал­дың төмен­деуі.

Аза­мат­тардың көпшілігінің та­бысы мен өмір сүру деңгейінің на­шар­ла­уы.

Ұлттық жи­нақтар­дың ұлғаюы мен ка­питал қор­ла­ну­ының ба­яула­уы.

Ке­дейлік пен жұмыс­сыздық проб­ле­мала­ры.

Де­мог­ра­фи­ялық өнімсіздіктің ұлғаюы.

Же­те да­яр­ланбаған және на­шар ұйым­дасты­рылған мем­ле­кеттік басқару.

Заңдар­дың жар­ты­кештігі және тұрла­усыз­дығы.

2030 жы­лы Қазақстан же­дел өркен­деп ке­ле жатқан үш ай­мақтың – Қытай­дың. Ре­сейдің және Мұсыл­ман әлемінің ара­сын­дағы эко­номи­ка мен мәде­ни­етті бай­ла­ныс­ты­рушы бу­ын рөлін атқара­тын бо­лады.

2030 жыл – Қазақстан күрделі жол­дан ой­дағыдай өткен және да­мудың ке­лесі ке­зеңіне нық қадам­мен аяқ басқан ел бо­лады.
Әлеуметтік қорғалу, ішкі тұрақтылық және үйлестірілген сыртқы саясат мәселелері таяудағы онжылдықта елдің даму басымдықтарының қатарында сақталатын болады.
Әртараптандырылған экономиканың негізінде ел азаматтарының әл-ауқатын арттыру Стратегиялық жоспар-2020-ны іске асырудың басты жетістігі болады.

60. Қазақстан республикасының мәдениеті, білім беру және мәдениет саласындағы жетістіктерін талдап,. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты интерактивті лекциясында қойылған міндеттерді айқындаңыз

Қазақстан еге­мендік алу­ымен бай­ла­ныс­ты қазақ халқының ру­хани өмірінде мәде­ни жаңа про­цес­тер кеңінен өріс ал­ды. Ха­лыққа білім бе­ру, ғылым мен мәде­ни­ет өз да­му­ының кең жо­лына шықты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы ке­зеңіндегі пар­ти­ялық иде­оло­гия мен са­яси қағида­лар­дың қыс­пағынан құтыл­ды.

Білім жүйесі. Қазақстан­да білім жүйесінде көпте­ген оң өзгерістер орын ал­ды. Ең бас­ты­сы, оқу мазмұны өзгерді. Білім стан­дарт­та­ры жа­сал­ды, оқыту­дың жаңа әдісте­месі енгізілді. Қазақстан Рес­публи­касын­дағы білім бе­рудің жай-күйі алғаш рет 1995 жы­лы көктем­де оқу са­ласы қыз­меткер­лерінің рес­публи­калық кеңесінде талқылан­ды. Гим­на­зи­ялар, ли­цей­лер, же­ке және ав­торлық мек­тептер ашыл­ды. Та­рих, ана тілі 1–5 сы­нып­тар үшін оқу пәндері бойын­ша оқулықтар шығарыл­ды. Егер соңғы кез­ге дейін Қазақстан мек­тептерінде тек бұрынғы КСРО та­рихы оқытыл­са, енді қазақ халқының өз та­рихын те­рең тал­дап оқытуға көңіл бөлінді.

Қазақстан­ның Білім және ғылым ми­нистрлігінің де­рек­тері бойын­ша 2000/2001 оқу жы­лын­да ел­де жал­пы білім бе­ретін мек­тептердің са­ны 8 109 бол­ды. Олар­дың 3545-і (44,2%) қазақ, 2356-сы (29,4%) орыс, 13-і ұйғыр, 81-і өзбек, 3 тәжік, 1 ук­ра­ин, ал 2008 мек­теп ара­лас, қазақ-орыс тілдерінде са­бақ жүргізген

2001 жы­лы ел­де ор­та білім бе­ру жүйесін ақпа­рат­танды­рудың бірінші ке­зеңі негізінен аяқтал­ды, нәти­жесінде 58 оқушыға бір компьютер­ден келді. «Ин­тернет – мек­тепте» бағдар­ла­масы аясын­да 1 414 оқу ор­ны, оның ішінде 868 ауыл мек­тебі ақпа­рат желісіне қосыл­ды.

Үкіметтің 2002–2004 жыл­дарға ар­налған Іс-қимыл бағдар­ла­масын­да бар­лық деңгей­дегі білім бе­ру, оқыту­дың мем­ле­кеттік жүйесін жетілдірді, оқу-әдісте­мелік ке­шенді қалып­тасты­ру, мек­тепке дейінгі ба­лалар ме­кеме­лерінің са­нын арт­ты­ру көзделді.

2003/2004 оқу жы­лын­да Қазақстан­да жұмыс істейтін мек­тептердің са­ны – 8260-қа жетіп, он­да 3 026,2 мың оқушы білім ал­ды. Мек­тептердің 3 687 (44,6%) қазақ тілінде оқыта­тын, 2 069 (26,1%) қазақ және орыс тілдерінде оқыта­тын жал­пы білім бе­ретін мек­тептер жұмыс істеді. Мек­тептер­де 270 мыңнан ас­там пе­дагог жұмыс істеді, оның ішінде 195,8 мыңының жоғары білімі, 60 мыңнан ас­та­мының кәсіптік ор­та білімі бол­ды.

2007 жылғы та­мыз айын­да Қазақстан­да «Білім ту­ралы» жаңа Заң қабыл­данды.

Қазақстан Рес­публи­касы Пре­зидентінің 2004 жылғы 11 қазан­дағы жар­лығымен бекітілген «Қазақстан Рес­публи­касын­да білім бе­руді да­мыту­дың 2005–2010 жыл­дарға ар­налған Мем­ле­кеттік бағдар­ла­масын­да» 12 жыл­дық ор­та білім бе­ру жүйесіне көшу белгіленді. Оның негізгі мақса­ты – жаңа ке­зеңнің та­лап­та­рына сай жас­тарды өмірге ба­улу үшін оларға бұрынғыдан да жоғары деңгей­де білім бе­ру.

Қазақстан мек­тептерінде са­палы білім алу­ды қам­та­масыз ету мақса­тын­да 2004 жы­лы ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) енгізілді.

Ғылым. Еге­мендік алған жыл­да­ры еліміздің ғылы­мын да­мыту са­лала­рын­да үрдіс өзгерістер байқал­ды. Қазақстан Рес­публи­касы Ғылым Ака­деми­ясы­ның құры­лымы мен ғылы­ми ізденістерінің тақырып­та­ры жаңа та­лап­тарға сай қай­та­дан қарас­ты­рыл­ды. Ә. Х. Марғұлан атын­дағы Ар­хе­оло­ги­ялық инс­ти­тут, Ғарыш­тық зерт­теу, Ме­хани­ка және ма­шина, Ин­форма­тика және басқару, Фи­зика-тех­ни­калық проб­ле­малар­ды зерт­теу т. б. инс­ти­тут­та­ры ұйым­дасты­рыл­ды. Са­лалық ғылым ака­деми­яла­рының жүйесі кеңейтілді. Қазақстан Рес­публи­касы Ин­же­нерлік ака­деми­ясы құры­лып, жұмыс істейді, ал Ауыл ша­ру­ашы­лық ака­деми­ясы Қазақстан Ұлттық ака­деми­ясы­ның құра­мына енгізілді. Ғылы­ми дәре­желер тағайын­дау және ғылы­ми атақтар бе­ру, дис­серта­ци­ялық жұмыс­тардың са­пасын бақылап бекіту үшін рес­публи­ка Жоғары ат­теста­ци­ялық ко­митеті құрыл­ды.


Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 142 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 2 страница| лы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігін ашып көрсетіңіз. 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.024 сек.)