Читайте также:
|
|
Маркетингтік зерттеу – маркетингтік әрекеттерінің ең негізгі буынын ажыратады. Маркетингтік зерттеу дегеніміз-маркетингтік дұрыс шешімдерін қабылдау үшін және фирма әрекетіндегі мәліметсіздік жағдайды төмендету үшін мәліметтерді жинау, оларды өңдеу, талдау үрдісі болып табылады. Маркетингтік зерттеулердің мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін. Ең бастысы ол зерттеулер әлеуетті тұтынушыларды анықтауы тиіс, олардың қажеттерін зерттеу, нысаналы рынокты таңдап алу үшін тауарға деген бүгінгі және болашақ сұранысты белгілеу болып табылады. Адамның әрекетінің өзі көп жағдайда зерттеуге негізделген. Адамдар немесе тұтынушылар өз әрекетінде интуицияға жоспар болжамдар үнемі жетілдіріп жақсартып отыруға сүйенеді. Маркетинг өз әрекетінде тұтынушының осы қасиетін пайдалана отырып фирманы нарықтағы жетістікке жеткізуге тырысады. Зерттеудің негізі ақпарат болып табылады.
Маркетингтік зерттеулер тиімді болуы үшін келесі талаптарға сүйенеді:
1) зерттеулер кешенді түрде жүйелі жүргізіліп отырылуы тиіс.
2) зерттеуде ғылыми әдістерді көп қолдануымыз керек.
3) зерттеу заңға сәйкес нормативті деңгейде жүргізілуі керек.
4) зерттеу шаралары басынан аяғына дейін толықтай жоспарланып тиянақталып отыруы керек.
Маркетинг зерттеулердің міндеттеріне мыналар жатады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау, оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжытудың мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, нарықтың әлеуетті мүмкіндіктерін зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарын, макроортаны талдау.
Маркетингтік зерттеу кезеңдері. Маркетингтік зерттеулерді келесі бес кезеңмен өткізуге болады:
1. Зерттеудің мәселесі мен мақсаттарын айқындау.
2. Зерттеу жоспарын құру.
3. Ақпарат жинау.
4. Жиналған ақпаратты талдау.
5. Зерттеу қорытындылары туралы есеп.
Маркетингтік зерттеулердің бірінші кезеңінде оны әзірлеу талаптарын қалыптастыру және зерттеу мәселесін анықтау қажет. Мәселені анық баяндау - табысты маркетинггің негізі. Егер мәселе дұрыс тұжырымдалса, ол аздап шешілді деуге болады. Мақсаттар мен мәселелер неғұрлым анық және түсінікті белгіленсе, маркетингтік зерттеулер соғұрлым тиімді болады.
Маркетингтік зерттеулердің екінші кезеңі- маркетингтік зерттеулер жоспарын әзірлеу. Бұл зерттеу сметасын анықтау, мәліметтер көздерін анықтау, оларды жинау және талдау әдістерін таңдау үрдістерінен тұрады.
Үшінші кезеңде зерттеудің ақпарат алу көздері анықталады. Маркетингтік зерттеу екінші ретті ақпаратты зерттеуден басталады. Одан кейін ғана бастапқы ақпаратты жинауға көшу керек. Екінші ретті ақпараттарды алудың маңызды көзіне маманданған зерттеу ұйымдарының есеп берулері, фирмалар жүргізетін "күнделік жазбалары" (сатып алушылардың ай сайынғы тауар түрлерін сатып алу туралы жазбалары) жатады. Көптеген жағдайда маркетингтік зерттеуді өткізу үшін соңғы ақпараттар қажет болады. Оларды жинақтаудың 3 әдісі бар: 1. Бақылау. 2. Эксперимент.3. Пікір сұрау (опрос)
Маркетингтік зерттеулердің келесі кезеңінде маңызды мәліметтер мен нәтижелерді көбірек алу мақсатымен жиналған мәліметтер бағаланады және талданады. Маркетингтік зерттеулердің соңғы кезеңінде негізгі қорытындылар мен есеп беру дайындалады.
Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 554 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Маркетинг тұжырымдамалары, олардың ерекшеліктері және ролін анықтаңыз | | | Маркетингтік орта және оның түрлері сипаттап беріңіз |