Читайте также:
|
|
Фирманың маркетингтік ортасы – кәсіпорынның қызметіне әсер ететін сыртқы, ішкі және жанама факторлардың жиынтығы.
Маркетингтік орта түрлері:
1) Макроорта;
2) Микроорта;
3) Медияорта
Макроорта және оның факторлары. Макроорта кәсіпорындардың әрекетіне жалпы бірынғай сыртқы жағдай жасайды. Ал жеке алынған белгілі бір фирманың жағдайына айрықша жағдай тудырмайды. Фирмалардың әрқайсысы макрортаның әсерін талдайды,бағалайды және әрекетіне тигізетін жағымды,немесе қолайсыз жақтарын сынайды,алайда оны басқара,немесе өзгерте алмайды. Макроорта қатысушыларына әлсіз ықпал етеді. Макроорта факторлары:демографиялық, экономикалық.табиғи,ғылыми техникалық,саяси құқық,мәдени.Рынок көлемін талдау барысында демогр.факторлар манызды орын алады.Мұнда маркетинг халықтын өсім құрылымын,туу мәселелерін қарастырады.сонын негізінде тауар өндіруші кімге,қанша ж/е қандай тауар өндіретінін біледі.Сонымен қатар демогр/қ факторларға білім алу деңгейі де ықпалын тигізеді.Халық білімі қаншалықты жоғары болса,соншалықты жоғары сапалы тауарларға,баспа басылымдарына сұраныс ұлғаяды.
Экономикалық фактор: адамдардың ж/е қоғамның экономикалық жағдайын қарастырады. Оларға халықтың табысы,инфляция деңгейі,жұмыссыздық,тауарды сатып алу қабілеттілігі же т.б.
Табиғи факторларды зерттеу жұмысы табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелерін ж/е қоршаған ортаны сақтау мүмкіндіктерін талдаумен байланысты. Шикізаттың энергоресурстардың шектелінуі кәсіпорындардың алдына көп мәселелерді қояды.
Ғылыми техникалық факторларды талдау барысында жана тауар өндіруге,тауарды ж/е технологияны жанартуға,дер кезінде ғылым мен техниканы дамытуға мүмкіндіктер ізделініп,онын іске қосу жолдары жасалуы қажет. Соған байланысты ғылыми техникалық жетістіктерді пайдалану нәтижесінде фирманың қызмет атқаратын ортасы да айтарлықтай өзгереді.
Саяси құқық факторлары мемлекет органдарынын талаптарын білу үшін ж/е оларғабейімдеу керек.Кәсіпорыннын жұмысын шектейтін заңдарды білу арқылы рынок әрекеттерін бағыттауға болады.
Мәдени фактор: адамдардын өмір сүру ортасын, олардың салт дәстүрін,құндылықтарын,тәртіп пен іс қылықтарын қарастырады. Осы арқылы фирма тауардың әр аймақтағы тұтынушыларына әсер ете алады. Макрорта факторларын зерттеу кезінде екі жағдайды ескеру қажет. Олар: 1)барлық макроорта факторлары бір бірімен аса тығыз байланыста қалыптасады; 2)әрбір макроорта факторының фирма жұмысына әсер ету деңгейі фирманың көлеміне,орналасқан жеріне,іс әрекет саласына т.б. көрсеткіштеріне көптен көп байланысты болады.
Микроорта және оның субъектілері. Микроорта фирмаға ж/е оның клиенттеріне,қызмет көрсету мүмкіндіктеріне тікелей қатысы бар күштермен белгіленеді. Сонымен қатар ол фирманын өзіне тікелей әсер етеді ж/е фирма оған да әсер етеді,яғни ықпалы өте күшті ықпал етеді. Субъектілері: жабдықтаушылар, маркетинг делдалдары, бәсекелестер, клиенттер.
Жабдықтаушылар фирманы ж/е онын бәсекелестерін тауарды өңдіру үрдісіне қажет материалдық ресурстарымен жабдықтайтын іскер компаниялары мен жеке тұлғалар.жабдықтаушылар түрлері: 1)эксклюзивті тек қана белгілі фирмамен жұмыс жасайды; 2)адал фирмаға және онын бәсекелестеріне бірдей адал қызмет көрсетеді; 3)сырттағы тек қана бәсекелестерге қызмет көрсетеді.
Маркетинг делдалдары фирманын тауарларын клиенттерге қарай жылжытуға,оларға өткізуге және таратуға көмектесетін,әдетте арнайы компаниялар мамандары. Оларға мыналар жатады: сауда делдалдары фирма клиенттерін іздеп табуға және оларға тауарды сатуға көмектесетін іскер компаниялар; Тауар жылжытуды ұйымдастыратын маманданған фирмалар,компаниялары тааур қорларын жинауға және жылжытуға көмектеседі; Маркетинг қызметін атқаратын арнайы агентстволар ақылы тапсырыспен маркетинг зеттеулерін жүргізеді және жарнамалық агенство компаниялары тауарды ынғайлы рынокқа бағыттауға және оны ұтымды жылжытуға көмектеседі; қаржы неси мекемелері келісім қаракеттеді қаржыландыруға және ысырапты тәуекелділіктен сақтануға көмектеседі.
Микроорта келесі манызды құрылымы бәсекелестер. Бәсекелестер бір типті тауарларды рынокта ұсынатын өзара бәсекеге түскен компаниялары болып табылады. Рынокта алған үлесіне байланысты бәсекелестер Теодор Левит белгілеген төрт түріне бөлінеді: озаттар, озаттыққа үміткерлер, ізбасарлар, рыноктың қуысында жайғасқандар. Микроорта соңғы элементі клиенттер немесе тауарды тұтынушылар. Фирма рыноктың бес түрінде тауарларын ұсына алады. Олар: тұтыну рыногында онда жеке тұтыну үшін тауарды сатып алушы тұлғалар,үй шаруашылықтары. Тұтынушы ұйымдар рынагында тауарлар мен қызметтерді қндіріс процессінде қолдану үшін сатып алатын ұйымдар. Аралық сатушылар рыногында басқаларға сату арқылы пайда түсіру мақсатымен тауарларды сатып алатын ұйымдар.
Мемлекет мекемелері рыногында коммуналдық қызметін атқару үшін немесе мемлекет қызметін орындаушылар тұтыну үшін сатып алушы мемлекеттік ұйымдар. Халықаралық рыногында шетел рыногында тауарды сатып алушылар.
Медиаорта мәні және медиаорта элементтері. Медиаорта фирманын нақтылы немесе әлеуетті көңіл бөлетін және белгіленген мақсатына жетуіне әсер ететін кез келген топ. Медиаорта фирма қаракетіне көмектесетін немесе кедергі жасайтын топтарға бөлінеді. Соған сәйкес медиаортаны мынадай топтарға бөлуге болады: мейірбанды бұл топтын фирмаға тілектестік ниеті болғаны; ізденуші фирмаға қажет топ; керегі жоқ бұл топтын ниетін фирма өзіне аударғасы келмейді,бірақ олармен санасады (мысалы,бойкот жариялайтын тұтынушылар тобы,салық инспекциясы...). Жалпы алғанда медиаортанын келесі түрлері кездеседі:
1) қаржы қоғамдары- (банктер,қор биржалары) фирманы қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді.
2 )Ақпарат тарату құралдары- (радио, теледидар,газеттер,журналдар) кәсіпкерлік жүйесі туралы әртүрлі ақпарат таратады.
3) Қоғамдар- (тұтынушылар тобы,жергілікті тұрғындар) фирманын жұмысын бақылайды.
4) Фирма қызметкерлері -олардын фирма жәйлі қалыптасқан пікірлері жұмысшылардын өз міндеттерін орындау сапасы ықпалын тигізеді. Мұндағы маркетинг зерттеулерінін мақсаты: медиаортанын жалпы жағдайы туралы ақпарат жинау,фирмаға қатысты әрекеттерді болжау және қоғаммен бірлесу жолдарын іздеу.
Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 917 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Маркетингтік зерттеулердің мәні мен қағидалары және маркетингтік зерттеу кезеңдерін атап көрсетіңіз | | | Тұтынушылардың кандай түрлері және олардың мәні мен ерекшеліктерін сипаттаңыз |