Читайте также: |
|
Тауар және оның жіктелуі
Пайдалану мерзімі бойынша тауарлар кысқа мерзімде және үзақ мерзімде қолданылатын тауарлар дел бөлінеді. Қысқа мерзімдегі тауарларды бір немесе бірнеше рет пайдалануға болады. Оған материалдық бұйымдарды (сабын, нан, сыра, т.б.) жатқызуға болады. Ал ұзақ мерзімдік тауарлар бірнеше жылдар бойына (тоңазытқыш, автомобиль, кір жуғыш машиналар т.б.) қолданылады.
Түпкі түтынылуына байланысты тауарлар түтыну тауарлары және өңдіріске арналған тауарлар деп бөлінеді. Тұтыну тауарларына негізгі түтынушының қолдануы үшін сатьтп алатын тауарлар жатады. Олар - күнделікті сүранымдағы, алдын ала таңдальшатын, ерекше сұраныстағы және шссивті (бәсең) сүраныстағы тауарлар деп бөлінеді. Күндсгкті сүраныстағы тауарлар бүл түтынушылар ойлан'"с і-ак, әрі еш қиындықсыз, жиі сатып алатын кең түтынудағы тауарлар мен қызметтер. Оларға нан, сабын, тіс пастасы,-ияқты тауарларды жатқызуға болады. Әдетте бүл тауарлар арзан әрі оларды күнделікті сатып алуға болады. Алдын ала таңдалынатын тауарлар күнделікті сүранымдағы тауарларға қарағанда жиі сатып алынбайды, түтынушы тауарды таңдау және сатып алу процесінде олардың безендірілуіне басты назар аударып, қасиеттерінің өзара үйлесімділігін салыстыра карайды. Мұндай тауарларға жиһаздар, киімдер, электроника түрлері және т.б. жатады. Ерекше сүраныстағы тауарлар аса сирек сипатқа ие және түтынушылар бүл тауарларды сатып алу үшін айтарлықтай күш жүмсайды. Оларға кейбір автомобиль маркалары, электрондык, электрлі-түрмыстық техникалар жатады. Ал пассивті (бәсең) сүранымдағы тауарлар - түтынушы біл-мейтін, білсе де, әдетте оны сатып алу туралы әрқашан ойлана бермейтін кең түтынудағы тауарлар (жаңа енгізулер, сақтандыру xypjiepi, күзет жүйесі және т.б.)
Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар - кейін қайта өңдеуге немесе өндіріске пайдалану үшін алынатын тауарлар, ягни, шикізат, материалдар, жабдықтар, қосалқы бөлшектер және тағы баска заттар.
Тауарлық ассортимент дегеніміз функционалды және түтынушылык сипаттамасы, сондай-ақ бөлу арналары бойынша үқсас тауарлардың тобы. Мысалы, «ФудМастер» компаниясы әрқайсысы өзіндік маркетинг стратегиясын талап ететін сүт өнімдерінің ассоргпментін (эр алуан тауар жинағын) өндіреді.
Тауар ассортиментінің кеңдіпн және тереңдігін бөліп көрсетуге болады.
Тауар ассортиментінің кеңдігі фирманың мақсаттары мен міндеттеріне байланысты. Нарықтың көп бөлігін қамтуды мақсат ететін фирма ауқымды тауар ассортиментіне ие болуы қажет, ал егер фирма тек пайда табуды көздесе, онда ол пайдалы тауарлардың санаулы ассортиментімен ғана шектеледі. Уакыт озған сайын фирманың тауар ассортименті әдетте кеңейе түседі, ол өсу (наращивание) және толықтыру (насыщение) арқылы жүзеге асырылады. Тауар ассортиментінің өсуі төменге, жоғарыға немесе екі бағытқа да бірдей жылжуы мүмкін.
Тауар ассортиментінің жоғарыға қарай өсуі. Екінші дең-гейде, яғни нарыктың төменгі эшелонында әрекет жасаушы фирмалар оның жоғары сатысына қарай үмтылады. Нарық-тьщ жоғарғы эшелоны өткізудің жоғары қарқынын және пай-даның мол түсуін қажет етеді. Жоғарыға қарай өсу көптеген қүралдар мен тәуекелділікті талап етеді. Себебі жоғары дең-гейдегі бәсекелестер нарықтың мықты позициясын қамти отырып, мүмкіндігі төмен бәсекелестеріне эсер ететін шешім қабылдай алады. Әлуетті түтынушылар төменгі деңгейдегі фирмалар жоғары сапалы тауар шығаруға мүмкіндігі бар екендігіне сенбеуі мүмкін. Ең бастысы, нарыктың жоғары деңгейінде қызмет көрсетуге фирма қызметкерлері мен дел
далдарының кәсіби біліктілілігі мен қабілеттілігі жетпеуі мүмкін.
Тауар ассортиментінің төменге қарай өсуі. Көптеген фирмалар нарықтың алдыңғы қатарында, яғни оның жоғарғы эшелонында орналасқысы келеді. Алайда, фирма өзінің өндірісі мен тауарлық ассортиментін кеңейту үшін басқа да нарық эшелонын қамтуға тырысады. Фирмалар төменге қарай өсуді нарықтың жылдам дамушы сегментіне үмтылатын бәсекелестерді тежеу үшін қолдануы мүмкін. Біркатар американдық фирмалар («Форд», «Дженерал Моторс») 70-жылдардьщ басында ассортименттерін томенге қарай үлғайтпағаны, яғни нарықтың төменгі эшелондарын игермегендігі үлкен қателік болды. Мүны жапон фирмалары тиімді пайдаланып, АҚШ автомобиль нарығының айтарлықтай бөлігін қамтып алды.
Тауар ассортиментінің жоғары және төмен өсуі. Нарықтың орта эшелонында әрекет ететін фирмалар өз тауар ассортименті бір мезгілде жоғарыға да, төменге де өсіру туралы шешім қабылдауы мүмкін. Ол үшін фирма айтарлы.лай жетілген тауарларды шығарып, оларды төменгі нарық эшелонындағы бағамен сатуы қажет. Фирма жогарыға қарай өсуі үшін жоғары сапалы тауарлар шығарып, оны нарықтың жоғарғы бөлігіндегі бағадан төменірек бағамен сатуы. тиіс. Осындай амал қолдану арқылы «Sony» корпорациясы дербес аудиоплеерлердің әлемдік нарығында алдыңғы қатарға шықты.
Тауар ассортиментін толықтыру. Тауар ассортиментін толықтырудың бірнеше себептері бар:
Тауар ассортиментін толықтыру үшін өндіріліп жаткан өнімдерден жаі-а тауар айтарлықтай ерекшеленуі керек.
Алайда, тауар ассортиментінің толығуы жалпы табыстың қысқаруына әкеп соғады. Себебі, тауарлар бір-бірімен өзара бәсекеге түседі, ал түтынушы оларды таңдауда қиналуы мүмкін.
Тауар ассортиментін толықтыру туралы шешім қабылдау тауар номенклатурасы үғымымен тығыз байланысты. Тауар номенклатурасы - нақты сатушылардың сатып алушыларға үсынатын тауарлар мен тауар бірліктерінің барлық ассортименттік топтарының жиынтығы.
Тауар номенклатурасы кеңдігімен, толықгығымен, тереңдігімен және үйлесімділігімен сипатталады.
Тауар номенклатурасының кеңдігі деп фирма шығарған ассортименттік топтардьщ жалпы санын айтады. Мысалы, «Ақсай-нан» ұн өнімдерінің 5 ассортименттік топтарын шығарады. Олар - нан, ойық тоқаш нан, пряник, сухари (кептірілген нан), кондитер өнімдері.
Тауар номенклатурасының толыққандығы деп - барлық ассортиментті қүрайтын жеке тауарлардың жалпы санын айтады. Мысалы, «Ақсай-нан» нан өнімдерінін 14 түрін шығарады.
Тауар номенклатурасьшың тереңдігі -бұл әр ассортиментті топ шегіндегі үсынылған тауар нүсқалары. Мысалы, «Ақсай-нан» жүмсақ нан, жай нан, макпен, жүзіммен тоқаш пісіреді. Бүл үсыныс тереңдігі 4-ке тең егенін түсіндіреді.
Тауар номенклатурасьң үйлесімділігіне әр түрлі ассортимент топтарындағы тауардың соңғы тұтынылуы, өндірісті үйымдастыруға қойылатын талаптары, тарату арналары немесе басқа да көрсеткіштері түрғысынан өзара үқсастығы жатады. «Ақсай-нанның» ассортименттік тауар гоптарының номенклатурасы үйлесімді, себебі - осының барлығы, тек әдеттегі тарату арналары арқылы өтетін күнделікті сүраныстағы тауарлар.
Тауар номенклатурасын сипаттайтын бүл 4 көрсеткіш фирманың тауар-номенклатурасьш анықтауға мүмкіндік береді. Ол тауар номенклатурасына тауарлардың жаңа ассор-тименттік топтарын коса отырып кеңейте алады. Фирма шығарылатын тауардың өлшемін өзгерте отырып және оған әр түрлі қоспалар қосу арқасында тауар номенклатурасын тереңдете алады.
Маркетингтік тұрғыда нақты, жинақталған және кеңейтілген өнім деген түсінік кездеседі.
Накты өнім нақты сипаттары бар тауардың негізгі физикалық мәнін көрсетеді. Мысалы, «Kodak» фотоаппараты, «Bocsh» кір машинасы, «Султан» макароны, «Нұр» шарабы, т.б. сияқты.
Кеңейтілген енім - тауардың нақты сипатын ғана емес, сонымен қатар оның қызмет көрсетуін білдіреді. Мысалы, «Pentium» компьютерін сатып алуды түтынушы оны пайдалгл у мен қызмет көрсету ережесін және бағдарламалар пакетін іілумен байланыстырады.
Жинақталған өнім - бұл маркетинг түжырымдамасына сай та 'ардың аукымды, айтарлықтай кең анықтамасы. «Берхаус» фирмасының киімдерін сатып алған тұтынушы езін жас, нұрлы, сән-салтанатты, қайратты немесе нәзік сезінуі мүмкін.
Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 359 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тұтынушылардың кандай түрлері және олардың мәні мен ерекшеліктерін сипаттаңыз | | | Тауардың өмірлік циклінің мәні мен мазмұнын және оның түрлері ашып көрсетіңіз |