Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тұтқыр, қаптағыш және сорғыш дәрілер.

Читайте также:
  1. MS Access деректер қорында форма құру және батырма орнату
  2. Ағзадағы ауыруды жалпыландыратын және басатын механиз
  3. А/ қайтымды әсер ететін дәрілер.
  4. Алдын-ала егуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер
  5. Ауыл және қала халқы
  6. БАӨЖ-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
  7. Білге қаған және Күлтегін құрметтеріне жазылған жәдігерлердің мәтіні

Сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіргіш факторлардан қорғайтын препараттарға -тұтқыр, қаптағыш және сорғыш дәрілер жатады.

Тұтқыр дәрілер

Тұтқыр дәрілер шырышты қабатпен жанасқан кезде коллоидты қосылыстар түзеп, нәтижесінде тамырлардың тарылуына, олардың экссудаттар үшін өткізгіштігіне төмендеуіне, ауыру сезімінің басылуына, қабыну үрдісінің азаюына әкеледі. Тұтқыр дәрілерге органикалық заттар (танин, емен қабығының қайнатпасы, шайқурай шөбінің тұнбасы, шатыраш жапырағы, зерде гүлін ж.т.б.), неорганикалық (висмут субнитраты, дерматол, ксероформ, қорғасын ацетаты, ашутас (квасцылар), мырыш тотығы, мыс сульфаты, күміс нитраты және т.б.) жатады.

Танин (Tanninum) танин қышқылы немесе галло тұтқырлық (тері илейтін) май және ерітінді түрінде шығарылады. Танин ауыр метал тұздарымен және алкалоидтармен (морфин, атропин, никотин, кокаин) қосылып нашар еритін қосылыс түзейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ауыз қуысын, жұтқыншақты 1-2% ерітінді түрінде шаю үшін, күйік, ойық жараларда сыртқа 3-10% ерітінді және май түрінде жауыр кезінде қолданылады. Іштің өтуі кезінде таниннің шырышты қабықтарда тұнбаға түспеуі үшін, танинді ақуызбен қосылған қосындысын (танальбин) қолданады. Ауыр металл тұздарымен және алкалоидтармен уланғанда асқазанды жуу үшін 0,5% ерітіндісі қолданылады. Танин тұрақсыз қосылыстар түзейді, сондықтан асқазаннан тез шығару (3-5 минут арасында) керек.

Жанама әсерлері. Асқазанның шырышты қабатында қалаусыз тұнбалардың түзуіне әкелуі мүмкін.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Tannini spirituosаe 4% - 25 ml

D.S. Күйіктің ІІ сатысында теріге жағу үшін.

#

Емен қабығының қайнатпасы (Decoctum corticis Quercus), сонымен қатар таниннен тұратын басқа да өсімдіктердің тұнбасы мен қайнатпалары (шайқурай шөбі, шатыраш жапырағы, зерде гүлі, тарлан тамыры, сиырсілекей, қаражидек, мойыл ж.т.б.) стоматит, гингивит және басқа да ауыз қуысының қабынуы кезінде қолданылады.

Рецепт үлгісі. Rp.: Decоcti corticis Quercus 20,0 – 200 ml

D.S. Ауызды шаю үшін.

#

Висмут субнитраты (Bismuthi subnitras) және оның тендестері дерматол (висмут субгаллат), ксероформ (висмут негізінің трибромфенолаты) сонымен қатар, қорғасын ацетаты (Plumbi acetas), ашутас ( Aluminum), күміс, мыс, мырыш препараттары және басқа да тұтқырлайтын, антисептикалық, үлкен шоғырымда күйдіретін әсері бар дәрілер. Терінің және шырышты қабаттың қабынулырында, энтерит, колит кезінде антисептикалық, май және сеппе ретінде теріні тазалау үшін, артық грануляцияны алып тастау үшін қолданылады.

Рецепт үлгісі. Rp.: Ung. Bismuthi subnitratis 10% - 25,0

D.S. Тері ауруларына жағу үшін.

Rp.: Sol. Plumbi acetatіs 0,25% - 50 ml

D.S. Для полосканий ран.

#

Rp.: Aluminis 4,0

Ac. borici 10,0

Aq. destill. 200 ml

M.D.S. Для обработки ран.

#


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 224 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дәрілердің фармакокинетикалық өлшемдері | Негізгі фармакокинетикалық өлшемдер. | Негізгі рецепторлар және олардың түр бөлімдері. | Фармакодинамика мен фармакокинетиканың арасындағы байланыс | Тарау Жалпы рецептура | Атты дәрілік түрлер | Сұйық дәрілік түрлер. | Егуге арналған дәрілік түрлер | Жергілікті жансыздандырушылар | Беткейлік жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ткізгіштік жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер| Сорғыш дәрілер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)