Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ткізгіштік жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер

Читайте также:
  1. А/ қайтымды әсер ететін дәрілер.
  2. Аллергияға қарсы дәрілер
  3. Антихолинэстеразды дәрілер
  4. Беткейлік жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер
  5. Гистаминге қарсы дәрілер
  6. Глаукоманы емдеу үшін қолданылатын заттар
  7. Дәрілер

(прокаин, лидокаин, тримекаин, бупивакаин, артикаин)

Артикаин (Articaine), ультракаин. Артикаин лидокаинге қарағанда тез және орташа ұзақты әсері бар (1-3 сағат). Артикаин басқа анестетиктерге қарағанда гематоэнцефалды тосқауыл арқылы айрықша аз мөлшерде өтеді, сондықтан акушерлік тәжірибеде таңдамалы препарат болып табылады.

Қолдану көрсеткіштері және мөлшерленуі. Жансыздандырудың беткейлік түрінен басқасының барлық түрлерінде қолданылады. Стоматология тәжірибесінде ауыз қуысының қабыну ауруларында қолданады. Инфильтрациялық жансыздандыруда1%, 1,7; 1,8; ерітінді 5 - 20 мл эпинефринмен (1:200000) бірге және эпинефринсіз; өткізгіштік және эпидуралды жансыздандыруда 1%-2% ерітінді және жұлынды жансыздандыруда 10% глюкоза негізіндегі 5% ерітіндіде.

Қолдануға қарсы көрсеткіш. Бронх демікпесі, аритмияларда, жабықбұрышты глаукома кезінде қолдануға болмайды.

Жанама әсері. Бас ауыруы, көздің бұлынғырлауы, бұлшықеттердің тартылуы, сананың бұзылуы, сирек аллергиялық реакциялар – егу аймағында терінің қызаруы, ісінуі және ангионевротикалық ісінулер және т.б.

Шығарылу түрі. 1 және 2% ерітіндісі – 1,7; 1,8; 2; 5; 20 мл және 4% - 1,7 мл ампуласы.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Articainі 2% - 1,8 ml

D.t.d. N. 10 in amp.

S. Өткізгіштік жансыздандыру үшін.

#

Мидың өрмек қабықшасының астындағы кеңістікті жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер

(лидокаин, тримекаин, артикаин, бупивакаин жоғарыда 3.1.1.; 3.1.2. және 3.1.3 қара)

Эпидуральды және каудальды жансыздандыру үшін қолданылатын

Дәрілер (лидокаин, бупивакаин, ропивакаин).

Ропивакаин (Ropivacainum) наропин. Ропивакаин жергілікті жансыздандырушы, әсері ұзақ, амид тобының соңғы ұрпағына жатады, лидокаинге қарағанда 4 есе белсенді, бірақ улылығы 3 есе күшті және қысқа латенттік кезеңге ие. Қан мен ми арасындағы, плацентарлық тосқауылдан және шамалы төс сүтіне де өтеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Эпидуральды жансыздандыру (өткір ауыруды шеттету үшін) 0,2% ерітіндіні енгізеді, бір рет 10-20 мл; инфильтрациялық және өткізгіштік жансыздандыруда 0,75% ерітінді 15-20 мл. Ұзақ инфузияда бел деңгейінде (босану кезінде ауырсынуды және операциядан кейінгі ауырсынуды басу) 0,2% ерітінді 10-20 мл және аяқ пен кіші жамбас мүшелерінің ауыруларын басу және тежеу үшін қолданады.

Кері көрсеткіштер. Препаратқа жоғары сезімталдық, көк тамырларға, аймақтық жансыздандыру, артериалды гипотензия, гиповолемия, орталық жүйке жүйесінің аурулары, 12 жасқа дейінгі балаларға.

Жанама әсерлері. Бастың ауыруы, бастың айналуы, парестезия, нейропатия, жұлын ми қызметінің бұзылыстары, жүректің айнуы, құсу, гипертермия, несептің ұсталуы, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі. 0,2; 0,75 және 1% ерітіндісі – 10; 20 мл флаконда және 0,2% - 100; 200 мл ерітінді N.5 пакетте.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Ropivacainі 0,75% - 20 ml

D.t.d. N. 10

S. Өткізгіштік жансыздандыру үшін.

#


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 130 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дәрілердің өзгеруі | Дәрілердің фармакокинетикалық өлшемдері | Негізгі фармакокинетикалық өлшемдер. | Негізгі рецепторлар және олардың түр бөлімдері. | Фармакодинамика мен фармакокинетиканың арасындағы байланыс | Тарау Жалпы рецептура | Атты дәрілік түрлер | Сұйық дәрілік түрлер. | Егуге арналған дәрілік түрлер | Жергілікті жансыздандырушылар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Беткейлік жансыздандыру үшін қолданылатын дәрілер| Тұтқыр, қаптағыш және сорғыш дәрілер.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)