Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кіріспе. Қазақстанның экономикасы дамуы үшін және Қазақстан өркениетті

Читайте также:
  1. Дәріс 1 . Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар .
  2. Е)Кіріспелік, бастапқы (алғашқы), кезеңділік(қайталанбалы), нысаналы(мақсатты), жоспардан тыс.
  3. Кіріспе

 

Қазақстанның экономикасы дамуы үшін және Қазақстан өркениетті, дамыған ел болу үшін өңдеу өндірісін дамыту қажет. Оның ішінде машина жасау саласы маңызды орын алады.

Машина жасау саласының негізгі мақсаты жоғары сапалы, бүкіл дүниежүзілік стандарттарға сәйкес машиналар, автокөліктер, тракторлар, тоңазғыштар, ұшақтар, кемелер, тепловоздар, өндіріс жабдықтар және басқа түрлі техниканы шығару. Машина жасау саласының, басқа өндіріс саласымен салыстырса, ерекше орны бар, яғни осында халық шаруашылығына қажет өндіріс жабдықтары, халық пайдаланатын түрлі машиналар жасалып шығарылады.

Дамыған елдерде Америка Құрама Штаттарында, Франция, Германия, Италия, Жапония, Швеция және басқа мемлекеттерде машина жасау саласы биік жоғары деңгейде дамыған. Сондықтан машина жасау саласын дамыту өте қажет. Машина жасау саласын дамытуға жаңа түрлі машина жасау зауыттар салып іске қосу, жаңа жабдықтар өндіріске келтіру мен бірге еңбекті ұйымдастыру, техниканың қолдануын жақсартып, жабдықтардың құрылғысын жақсарту, прогрессивті технологиялар мен технологияны жабдықтайтын құралдар қажет.

Технология процесстерінің деңгейін көтеруге технологиялық құрал- саймандардың орны ерекше. Қазіргі машина жасау өндірісінде әр бір технологиялық процесстер технологиялық құрал-саймандарсыз өтпейді. Мысалы, ірі сериялы және жаппай өндірістерде бір технологиялық процеске орташа 10-15 технологиялық құрал-саймандар қажет, шағын сериялы және жеке өндірістерде әрбір технологиялық процесіне 5-10 технологиялық құрал-саймандар керек. Технологиялық құрал-саймандарды жобалау, оларды жасап шығару жұмыстары, өндірісті технологиялық дайындау кезіндегі 80% еңбек сыйымдылығын құрайды және 90 %-ға дейін уақыт алады. Қазіргі уақытта технологиялық құрал-саймандарды жобалау және оларды пайдалану жумыстарынан көп тәжірибе бар.

Технологиялық құрал-саймандарды жобалау және оларды есептеу ғылыми негіздерін қалаушылары Балакшин Б. С., Ансеров Т. А., Корсаков В. С, Колесов И. М. және басқа кеңес ғалымдары аумақты үлес қосты.

«Технологиялық құрал-саймандарды жобалау» пәннің машина жасау бакалаврын маман ретінде оқытып шығаруда өте маңызды орны бар. Осы пәнді оқығанда студенттер механикалық өңдеу жұмыстарына, құрастыру және сапаны бақылау жұмыстарына қажет технологиялық құрал-саймандарды жобалау және оларды есептеу әдістерін игеріп менгерулері тиісті. Тәлімгерлер тәжірибе түрінде жабдықтарды дәлдікке, қатаңдыққа, беріктікке, қысып бекіту күштерді есептеу, стандартты және нормаға келтірілген тораптар мен бөлшектерді, тетіктерді таңдау, обаланған жабдықты білдекпен сәйкестіріп келтіруін білулері абзал. Тәжірибені студенттер «Технологиялық құрал-саймандарды жобалау» пәнінен курстық жұмыста, «Машинажасау технология» пәнінен курстық жобада, дипломдық жобада және осы пәннен лекциялар мен қатар тәжірибе сабақтарында алалады.

Осы пәнді оқытудың түпкі мақсаты студенттерді машинажасау эауыттарда құрал-саймандардың инженер-құрылымдаушы міндетін атқаруға дайындау. Бұл пән «Машинажасау технологиясы», «Материалдар кедергісі», «Өзара ауыстырымдылық», «Метрология, стандарттау және сертификациялау», «Кесу теориясы», «Конструкциялық материалдар және термоөңдеу» және басқа пәндермен тығыз байланысты.

 

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 244 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Йылып жасалған бөлшектерді жобалау | Майлау жабдықтары | Тұрқы бөлшектері өңделетін станоктар және технологиялық процестері туралы жалпы мағлұматтар. | Юмен, қақтаумен және штамптаумен алынған дайындамалардан бұйымдар дайындау. | Кеңістік белгі түсіру. Құюмен, штамптаумен,бұрғылаумен алынған тесікті зенкерлеу және қашап кеңейту. | Ндеу уақыттары және олардың құрамдары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Накрутка подписчиков в группу| Тұрқы бөлшектерді жасау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)