Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Майлау жабдықтары

 

Барлық машиналар пайланған кезде майлауды керек етеді. Ал оларды жеке немесе бір орталықтан майлауға болады.

Тиіскен беттер жұбы майлануды аз керек ететін жағдайда оларды оқтын –оқтын майлап отыру қажет. Ал басқа жағдайларда үздіксіз майлануы керек. Үйкеліскен бөлшектер жұбына үлкен күш түссе немесе ол жоғары жылдамдықпен жұмыс істейтін болса, май насос арқылы қысыммен беріледі. Үйкеліскен бөлшектер жұбына үлкен күш түспейтін болса, онда майлау жұмысы қысымсыз жүргізіледі.

Ал сұйық маймен белгілі бір уақыттан кейін майлау бұралатын қақпашы бір немесе шарикті май құтылары арқылы жүзеге асырылады. Құтылардағы майды шаңнан қорғау үшін оларға бұрандалы қақпаша мен серіппелі шариктер орнатады.Мұндай құтылар жұмысы жеңіл, жылдамдығы шамалы және оқтын – оқтын жұмыс істеу режиміндегі механизмдерде қолданылады.

Жеке үздіксіз майлау құралдарына жататындар: фитильді және майды үйлесетін бөлшекке жіберуді реттеп отыратын инелі тамшы құты мөлдір пластмассадан жасалады. Ол майдың үздіксіз берілуін және майдың фитиль арқылы тазалануын қамтамасыз етіп отырады. Құтыдағы майды онда орналасқан әйнек арқылы бақылауға болады.

Жеке үздіксіз қысым арқылы майлау жауапты тораптарда және жоғары жылдамдықпен жұмыс істейтін бөлшектер жұбында қолданылады.

Бір орталықтан майлау көп нүктелі құтылармен сораптармен және көп нүктелі таратқыштармен қажетті мөлшерде және көп плунжерлі лубрикаторлар арқылы жүзеге асырылады.

Көп нүктелі құтылар мөлшерін аз жұмсау үшін қолданылады. Оларды инелі немесе фитильді етіп, майдың берілуін немесе берілмеуін реттеп отыруға қолайлы етіп жасайды.

Жоғарыда айтылған құтылар резервуар түрінде жасалып, майланатын жерге резервуардан май ағатын трубкалар арқылы жеткізіледі.

Көп нүктелі таратқыштар мен сораптар арқылы май қысымсыз және қысыммен беріледі. Қарапайым реттеуді керек етпейтін таратқыштар ыдыс түрінде жасалады да, май сораптан трубкалар арқылы майланатын жерлерге тартылады.

Реттеулі май таратқыштарда майдың жасалуын реттеп отыру үшін реттегіш инелер қолданылады.

Майдың бір қалыпты таралуы көп нүктелі лубрикаторлар арқылы қамтамасыз етіледі Кәдімгі лубрикаторларға әрбір плунжер майланатын бөлшектерге май жеткізіп тұрады. Лубрикаторлар майды белгілі бір арқылы тарата алады. Бір роторлы сораптарға қарағанда өндіргіштігі анағұрлым төмен.

Май құйылған ваннадағы майдың деңгейін көрсеткіштер арқылы бақылап отырады.

Май көрсеткіштерінің мынадай түрлері бар: дөңгелек және құбыр тәріздес болып келеді. Дөңгелек тәріздес және ұзартылған көрсеткіштерге экран орнатылады.Экран май деңгейін бақылауға қолайлы және шашырандыларынан қорғап отырады.

Қарапайым май көрсеткіштер қатарына ұзынша келген темірше жатады. Майға батырылған теміршені суырғанда ондағы майдың ізі арқылы май деңгейін айыруға болады. Майдың ағысын, температурасын және қысымын бақылау үшін де көрсеткіштер қолданылады.


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 457 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Тұрқы бөлшектерді жасау | Юмен, қақтаумен және штамптаумен алынған дайындамалардан бұйымдар дайындау. | Кеңістік белгі түсіру. Құюмен, штамптаумен,бұрғылаумен алынған тесікті зенкерлеу және қашап кеңейту. | Ндеу уақыттары және олардың құрамдары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Йылып жасалған бөлшектерді жобалау| Тұрқы бөлшектері өңделетін станоктар және технологиялық процестері туралы жалпы мағлұматтар.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)