Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дидактикалық химияның» негізгі модулдері

Читайте также:
  1. Алкоголизмнің 3-сатысына қандай негізгі клиникалық белгі тән?
  2. Бағалау теориясының негізгі түсініктері
  3. Бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің негізгі принциптері
  4. Бап. Осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар
  5. Бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  6. Дәріс 1 . Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар .
  7. Дәріс тақырыбы: Ақпараттық жүйелер және оның негізгі ұғымдары
М1. Дидактикалық химия ғылым мен оқу процесі сияқты пән
М2 Дидактикалық химияның дамуымен қалыптасуы
М3. Химиялық білім беру дидактикалық жүйе. Химиялық білім берудің мақсаты мен міндеті
М4. Орта мектептегі химиялық білім берудің құрылымы
М.5 Химиялық білім берудің әдісі
М.6 Химиялық эксперимент химиялық білім берудің арнайы әдісі
М.7 Химиялық білім берудің құралдары
М.8 Химиялық тіл химиялық білім берудің арнайы құралдары мен пәндері ретінде
М.9 Химиялық білім беруді ұйымдастыру және басқару
М.10 Химиялық білім берудің сапасы: анализ, бақылау және бағалау
М.11 Химиялық білім берудегі негізгі технологиялар
  М.12 Химиялық білім берудегі дидактикалық эксперименттер

Студенттерді дайындауда жалпы кәсіби анықталған білімнің көлемі және деңгейі көпдеңгейлі ё(ЖОО – на дейінгі, ЖОО – дық, ЖОО – кейінгі) үдеріс барысында бірте – бірте толықтырыла береді. Үздіксіз білім беру мен кәсібилендірудің барлық этапында қалыптасу керек кәсіби білім және дағдының толық деңгейі мен көлемі химия оқытушыларының кәсібибағдарламаларында анықталған (И.Л.Дрижун).

Кәсібибағдарлама мамандардың белгілеуі бойынша ғана құрастырылмайды, ол химия мұғалімі кәсіби саласында іске асыруға міндетті, ЖОО қабырғасында жүргенде шешіп үйрену керек және білім алушылардың тәрбиесі мен дамуына, сонымен қатар оқытуға байланысты тапсырмаларды да кірістіреді. И.Л.Дрижунаның айтуы бойынша химия мұғалімі өзінің кәсіби қызметінде келесі тапсырмаларды шешіп үйренуге міндетті: 1) химиялық білім беруді гуманизацияландыру, гуманитиризацияландыру және демокритизацияландыру; 2) табиғаттың ғылыми бейнесінің құрамдас бөлігі және жаратылыстың негізін ғылыми түсіну туралы білім алушыларда жалпы химиялық білімді қалыптастыру; 3) химиялық тілге оқыту; 4) негізгі химиялық түсініктер жүйесін қалыптастыру; 5) химиялық теориялардың негізін оқыту; 6) химиялық эксперимент әдістерін оқыту; 7) білім алушылардың танымдық қызығушылығын, творчествалық қабілетін және танымдық қызығушылық дамыту; 8) оқытудың полоитехникалық бағыттылық, химияның өмірмен байланысы туралы түсінікті қалыптастыру; 9) кәсібибағыт; 10) аксиологиялық (интерәлеуметтік) тәрбие; 11) ғылыми көзқарас қалыптастыру; 12) әдептілік, еңбек және эстетикалық тәрбие. ЖОО қабырғасында болашақ химия мұғалімдеріне берілген тапсырмаларды шешуге дағдылануды қалыптастыру – дидактикалық химияның бірден бір маңызды қызметі.

ЖОО дейінгі этаптың өзінде – ақ, химияны тереңдетіп оқытатын сыныптарда, орта кәсіптік мектептерде педагогикалық мамандықтар бойынша студенттерді профориентациялау кезінде, бейіндік химия және басқа да тиісті кәсіптер немесе химиялық үйірмелерде химяны терең зерттеу немесе дәстүрлі оқыту жүзеге асатынын ескерте кеткен жөн. Сондықтан, осы этапта тек қана химиялық білім беру тапсырмаларын ғана шешпейді, оның ішінде бірқатар кәсіптік бағдар беру мәселелерін де қарастырады. ЖОО этап – психо – педагогикалық аз немесе көп деңгейлік білім беруді (бакалавр, маман, магисираиура), дидактикалық дайындық және білім беру траекториясындағы даралауды қамтамасыз етеді. ЖОО – нан кейінгі этап педагогикалық институт түлектерін оқытады, кәсіби білім беру үдерісінде оларды қолдана білуді және мектепте білім беру тәжірибесін шоғырландырады, химия мұғалімдерінің біліктілігін ТПК немесе МАУ курстарында қосымша білім беру мен мамандандыру арқылы арттыруды қарастырады.

ЖОО этапта кәсіптік білім және шеберліктің бір көлемін құрастыруда үздіксіз білім бермеу маңызды болып табылады. ЖОО этапта болашақ мұғалімдердің мамандануының мақсаты келесідей химия – методикалық пәндерді қарастырады: химияны оқытудыі заманауи технологиялары, мектеп курсындағы химияның теориялық негізі, химиялық тапсырмаларды шешудің методикалық білімі, сабақтан тыс жұмыстар, химияны оқытудың методикасы.

Дидактикалық химияның химия мұғалімдерін мамандандыру кезіндегі көрсетілген методикалық пән жүйесіндегі негізгі орны анықталған, химияны оқыту методикасында қаншама теориялық және методикалық білім беруде қаншама жалпы сұрақтар жауапсыз қалғандықтан жеке көптеген сұрақтардың тиімді жауабын табу мүмкін емес.

Дидактикалық химия білім беру практика үдерісінде студенттердің орындауына дайындалған келесідей он екі салыстырмалы өзіндік қызметтерінің құрастырылуын қамтамасыз етуге міндетті: жобалау, информациялық, дизайн және технлогия, ұйымдастырушылық, басқарушылық, қарым – қатынастық, бағдар – тәрбиелеу, дамытушылық, гностикалық, нәтижелі – бағалық, зерттеу – дамушылық, жұмылдыра – өзін – өзі оқыту. Көптеген мәдени, психологиялық, педагогикалық және химиялық пәндерді алдында химия дидактикасы оқытуына байланысты тапсырмаларды шешу жеңілдейді.

Химия дидактикасын оқыту үдерісінде негізгі маңызды мәселе оның маңыздылығы кәсіби практикалық бағыттылығында және студенттерді алдағы мектептегі педагогикалық практикаға дайындауында.Химия мұғалімінің қабілеттілігі негізгі кәсібі – педагогикалық барлық білімді жиану керек: 1)химиялық, психо – педагогикалық, спорттық, тарихи – философиялық ғылымның негізін; 2) химия мұғалімінің қызметін (бағдарламалық қамтамасыз ету және жобалау, ақпарат және мазмұнды, сындарлы жәге интератиті, ұйымдастыру, қарым – қатынас, басқарушылық, тәрбиелік, дамытушылық, реттеу және гнестикалық, зерттеушілік, нәтижелі бағалау); 3) білім беруде заманауи талап (мерзімдік, факультативтік, үй тапсырмасында, қосымшы тапсырмаларды); 4) білім беру мақсаты (оқыту, тәрбиелеу, дамыту); 5) сабақ құрылымының таңдау ұстанымдары, сыныптын тыс және факультатифті сабақтарда; 6) химиялық тіл, химиялық таңбалар, наменклатуралар, терминалогиялар; 7) сабақтың әртүрлі түрі мен құрылымы; 8) білім берудің әртүрлі әдісі мен құралдары; 9) дәстүрлі және жаңа білім беру технологиялары; 10) мектептегі химялық эксперименттің әдісі мен технологиясы, әсіресе студентр үшін, химия кәбинетіндегі еңбек қорғау талаптары, химиялық тәжірибені орындаудағы қауіпсіздік ережелері, химиялық реакция онімдерін жою немесе одан әрі қолдану ережесі, химиялық реактивтерді сақтау ережелері.

Мықтыбек Таңірберген (16-18 беттер)

Дидактикалық химияны оқытуда студенттердің арнайы дайындығын қалыптастыруға ерекше көңіл аударылады; білім беру тәжірибесинде жинақталған білім қолданылады; теориялық білімді біріктіреді; жоғары мектептегі химияны зерттеу практикасына қазіргі заманғы білім беру ұйымдары алынған (гимназия, лицей, колледж); химия сабағының мақсаты мен міндеттерін анықтайды; іске асырылған мазмұнды таңдау; сабақ қорытындысын әзірлеу; химияны оқытуда әртүрлі әдіс тәсілдерді пайдалана отырып турлі сабақтар жүргізу; білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізу; мамандандырылған демонстрациялық химиялық тәжірибелер жүргізу және студенттік тәжірибелер ұйымдастырылады, олардың әртүрлі функциялары жүзеге асырылады (ақпарат, бақылау, бекіту, зерттеу, даму) әртүрлі өзіндік жұмыстар ұйымдастыру (көшірме, эвристикалық, зерттеушілік, таңдаулы, топтық, жеке т.б) өзін-өзі дамыта оқытуда дайын көрнекі оқыту құралдары мен дидиктикалық материалдар қолданылады; дифференциялық әдістер; проблемалық, алгоритмдік, модульдік оқыту; түзету, бақылау, пәндік білім мен білікті ескеру мен бағалау; өзіндік сабақтар мен әріптестік сабақтарға талдау жасау; сыныптан тыс және факультативтік сабақтар жүргізу; оқытушымен студенттердің топтық шығармашылық жұмыстар жүргізу; зерттеу жұмыстарын жүргізу, өзіндік білім алумен айналысу.

Заманауи химия оқытушысы үнемі жаңашыл білім беруге ұмтылады. Студенттің дидактикалық дайындығы үшін зерттеу жұмысы орындалады, мысалы, курстық жұмыс. Студенттерге курстық жұмыстың тақырыбы рефераттық және зерттеушілік сипаты ұсынылады.

Курстық жұмыс дидактикалық химияда ғылыми зерттеу жұмыстарының бір түрі болып табылады, сондай-ақ жас зерттеушілерге дағдыны ғылыми ойлауды қалыптастырушы.

Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау мәселесі студенттің өзіндік қызығушылығынан туындайды, сондай-ақ оның орындалу мүмкіндіктері (әдебиеттерге талдау жасай алу және оқу тәжірибесінің болуы).

Курстық жұмыстың негізгі тапсырмасы, дидактикалық химияның өзекті мәселелерінің бірі өзіндік зерттеу аспектісі болуы керек.

Курстық жұмысты орнындауды студент жеке жүзеге асырады. Студент өз бетінше әдебиеттер тізіміне талдау жасауға, зерттеу жұмысын орындауға, дидактикалық эксперимент нәтижесін бақылауға, химиядан өзіндік оқу тәжірибесін, сондай-ақ химия оқытушысының практикалық жұмыс тәжірибесін пайдалануға міндетті.

Курстық жұмысты орындау барысында туындаған түсінбешіліктерді студент, оған кафедра бөлген жетекшісімен байланысуға мүмкіндігі бар.

Курстық жұмыс соңында жетекші пікір жазады. Курстық жұмыс оң аяқталған жағдайда қорғауға жіберіледі. Курстық жұмыс теріс аяқталған жағдайда қайта өңдеу жасалып, жетекшісіне жазалау және ескертуден соң ғана қорғауға жіберіледі.

Курстық жұмыстың орындалу тәртібі мынадай.

Курстық жұмыста ең алдымен жұмыстың мақсаты мен міндеттерін көрсету керек. Одан әрі мәселенің мазмұны ашып көрсетіледі, нәтижесі, қорытынды және жалпы қорытынды. Курстық жұмыс әдеби тілде болуы керек. Әрбір бетінде жетекшінің белгісі үшін орын болуы қажет. Таза нұсқасы компьютерде басулы болу керек. Курстық жұмыстағы суреттер (таблица, схемалар, диаграммалар т.б) нөмірленген болуы керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі баспадағы жазылу ережесі бойынша өрнектеледі.

Курстық жұмыста әрбір бетті көрсететін мазмұны болуы керек, мұнда әрбір параграф қайдан басталатыны көрсетіледі.

Курстық жұмыстың белгіленген көлемі тақырыптың сипатына байланысты, шартты түрдегі орындалуы 20-30 бет болуы мүмкін.

Жұмыста титульдік беті болуы керек, жоғарғы жағында университет пен кафедраның атаулары жазылады, ортасынан кішкене биіктеу жерде курстық жұмыстың аты, төменгі оң жағында орындаушының аты-жөні белгіленген топ нөмірі, курсы және факультеті, сондай-ақ жетекшісінің аты-жөні белгіленген ғылыми дәрежесі және атағы, ең төменгі жағының орталығында – курстық жұмыстың орындалған орны мен жылы жазылады.

 

Бердибекова Аида 23-25 бет


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 372 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Химиялық дидактика ғылым ретінде| М.В.Ломоносов – химия дидактикасының негізін қалаушыларының бірі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)