Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

М.В.Ломоносов – химия дидактикасының негізін қалаушыларының бірі

Читайте также:
  1. Алхимия
  2. АЛХИМИЯ В ДЕВЯТНАДЦАТОМ СТОЛЕТИИ
  3. Алхимия Элохимов
  4. Аминокислотный состав белков. Строение, стереохимия, физико-химические свойства и классификация протеиногенных аминокислот.
  5. Бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  6. Белки сыворотки крови (Биохимия крови).
  7. БИОХИМИЯ ГОРМОНОВ

Химия дидактикасының химиялық білім берудегі педагогикалық ғылым ретінде қалыптасуы әлемдегі әйгілі химиктердің есімімен байланысты. Бұл ғалымдар тек «пәндік», «ғылыми жағдайларды» ғана шешумен айналысып қана коймай, сонымен қатар білім беру мекемелеріндегі студенттер мен білім алушылардың химиядан білім беруімен де шұғылданды. Олар: М.В.Ломоносов (1711-1765), А.Л.Лавуазье (1743-1794), Д.Дальтон (1766-1844), Й.Я.Берцелиус (1779-1848), С.Канниццаро (1826-1910), А.М.Бутлеров (1828-1886), Д.И.Менделеев (1834-1907), С.И.Созонов (1866-1931), В.Н.Верховский (1873-1947) және басқалары.

XVIII ғасырдың жартысында Ресейде химия дидактикасы әдіснама ғылымы, теория және химиядан білім берудің әдістері ретінде туындады. Оның негізін қалаушылардың бірі әйгілі орыс ғалымы Михайл Васильевич Ломоносов (17111765) – химия ғылымын қалаушы және бірінші ағартушысы болды.

1748 жылы М.В.Ломоносов алғаш әлемде ғылыми және химиялық оқу зертханасын ойлап тапты (ал, Батыста 1825 жылы ғана Ю.Либих осыған ұқсас зертхананы ойлап тапқан). Осы зертханада 1752 жылы М.В.Ломоносов студенттерге физикалық химиядан дәрістер оқыды және оларға арнап «Физикалық химияға кіріспе» атты еңбегін жазды. М.В.Ломоносовтың осы және басқа да еңбектерінде оның химия дидактикасына қатысты сұрақтарға ойлары мен көзқарастары жазылған.

Ломоносовтың дидактикалық ойлары ең алдымен пәнді түсінуге және химия әдістеріне негізделген. Егер Ломоносовқа дейін химия заттарды анализ және синтез арқылы алу өнері деп қараса, енді әйгілі ғалым химия заттардың өзгеруі, құрамы, қасиеті туралы ғылым екенін анықтады.

М.В.Ломоносов табысты оқыту үшін сөзді дұрыс таңдауға байланысты деп айтты. «Риторикада» ол анық және нақты дауыспен, жоғары не болмаса бәсең, бір сарынмен емес, бірде дауыс ырғағын көтеріп және төмендетіп, бас,дене қимылдарымен дұрыс жалғастыра отырып сөйлеуді ұсынады. Ол негізгі ғылыми деректерді қысқа және нақты тұжырымдауды және оларды жаздыру керектігін дұрыс деп есептеді.

М.В.Ломоносов химияны оқытуда зертхананың мәні зор деп есептеді. Оның пікірінше, ғылыми негіізбен айтылған тұжырымдарды химиялық тәжірибемен қоса беру керек, өйткені шығатын кезеңнің көрсеткіші сезімталдық қабылдау болып табылады. Заттарды толық сапамен және сандық саппен оқыту үшін, ең алдымен, басқа ғылымдардың әдістерін қолдана отырып, яғни математика және физика пәндерін қолданып оқыту керек.

Ол заттардың қасиеттерінің өзгеруін құрамының өзгеруімен салыстыру керектігін көрсетті, ал заттардың айналуын заттардан тұратын корпускулалардың қозғалысы табиғи нәтиже деп түсіндірді. М.В.Ломоносов корпускулярдың қалыптасуын интеграция негізінде ойша қорыту тәжірибесіне, теориялық дәйектермен қорытуға көп мән берді.

Ломоносов химиялық құбылыс туралы танымды сезімталдық қабылдаумен шектеуге болмайды деді. Тәжірибелік мәліметтерді корпускуланың қозғалысына ішкі құрылымын енгізуді жалпылау керек. Теориялық білім шынайы болу үшін, оларды тәжірибе жүзінде және бақылау әдісімен тексеру керек.

Ғалым химияны тәжірибемен, өнеркәсіппен байланыстыру керек екендігін айтты. Осы маңызды ойлары «Химияның пайдасы туралы сөздерінде» енгізілген. Ол біліммен қалыптасқан таным бір-біріне ұқсамайтын, бірақ негізгі тапсырмалары бар ғылым мен көркемөнерге (қолөнер,өнеркәсіп) бөлінеді деп санады.

Бекжан Хасанов

Кесте 6

Химия білім беру мақсатының жіктелуі

Мақсат топтары Жалпы Тапсырмалар
Оқытудың мақсаты Студенттердің білімін химия ғылымының негізін, таным әдістерін, ғылыми негіздегі технологиялар, химиялық экология негіздері және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дағдыларды қалыптастыруда табиғатта, өндірісте, лабораторияда, тірі организмдерде, үйде болып жатқан химиялық құбылыстарды түсіндіру. Химиялық ғылымға, химиялық білімге, химиялық өндірістерге, рухани және материалды мәдениеттің, табиғаттың, адамның, денсаулықтың және т.б қалыптастыру және дамытудың негізгі көзқарасы болып табылады. Студенттердің химияға нақты түсініктер, химиялық реакциялардың өту жылдамдықтарын, қышқылдарды, негіздерді және де басқа да заттарды түсіндіруде химиялық дағдыларды, лабораториялық құрылғыларды, қыздыру құралдарымен, Кипп аппаратымен, газометрмен, өлшеу құралдарымен, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып оңай химиялық тәжірибелерді жүргізу, химиялық типтік есептерді шешу және оларды құру, әр түрлі моделдерді, құрал-жабдықтарды, макеттерді құрастыруды қалыптастыру және т.б.
Тәрбие мақсаты Студенттердің тәрбиесін ғылыми дүние танымын, әлемнің химиялық суретін,табиғатқа жауапкершілікпен және жанашырлықпен қарауды, энергетикалық ресурстарға экономикалық қарым-қатынастармен, моральдық-этикалық нормалар мен мінез-құлық ережелері, адамзаттыққа, еңбекқорлыққа, сезімталдыққа үйрету. Химиялық элементтердің әртүрлілігін (нақты химиялық элементтер, заттар, химиялық реакциялар) және басқа ғылымдармен (биологиямен, физикамен және т.б.)тығыз байланыстылығын, табиғат тұтастығын және бірыңғай ғылыми әлем идеясын ашу және т.б. түсініктеме беру.
Дамыту мақсаты Даму көзқарастың, түсінудің, ойлаудың, жалпылама интеллектуалды және практикалық дағдыны, мотивацияны(даму), оқуға деген талаптылықты және қызығушылықты, еркіндікті, эмоция мен, шығармашылық қабілеттері, оқу танымдық іс-әрекеттің барлық түріне белсенділік (репродуктивті және продуктивті) таныту. Дағдыны дамытуда салыстыра, ортақ мүмкіндіктерін анықтау үшін, химиялық реакциялар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар түсіну үшін, салыстыру қабілетін дамыту.

 

Химия білім беру (химияны оқытуда) мақсатында негізгі дәреже ретінде келесі нұсқаларды көрсетуге болады:

- Орта мектептерде химия білім берудің мақсаты;

- Негізгі мектептерде химия білім берудің мақсаты;

- Химия білім берудің 11 (10, 9, 8) сыныптағы мақсаты;

- Химияның қандай да бір тарауды оқытудағы мақсаты (мысалы 10 сыныптағы);

- Маңызды тақырыптарды оқытудағы мақсаты (мысалы 9 сынып);

- Сабақтың нақты тақырыптарын оқытудағы мақсат;

- Химиядан сабақтан тыс (немесе факультативті) тапсырмалардың мақсаты.

Химия мұғалімі оқыту мақсатындағы жалпы оқыту үдерістерін тұжырымдай білу қажет. Сондықтанда болашақ химия мұғаліміне сабақ жоспарын тұжырымдау және дидактикалық дайындық үдерісін білу қажет. Мұғалімдер үшін химия сабағының мақсатын ұсынамыз (кесте 7).

Кесте 7

Химия сабағының мақсаты

Мақсат тобы Қалыптастыру мысалдары
Оқыту (танымдық) Сабаққа кірісер алдында (үйрету, бекіту, қайталау) келесі химиялық негізгі түсініктерді --- заңдарды, теорияларды, химия ғылымының әдістерін, химиялық тілді, сондай-ақ химиялық факттарды меңгеру қажет. Келесі жалпы дағдыларды құрастыру(құрастыруды жалғастыру, бекітуді қабылдау) ---- жауап беруді ұйымдастыру, кітаппен жұмыс, оқу мен жазуды жеделдету, мәтінді оқуда және тыңдауда жаңа ақпараттарға қызығушылық таныту. Келесісі химия сабағының арнайы дағдыларын қалыптастыру...
Тәрбиелілік Сабаққа кірісер алдында келесі әлемдік көзқарасқа деген ойларын қалыптастыру: 1) қоршаған ортаға шынайылықпен және объективті қарау; 2) құбылыстар арасындағы себеп-салдар мен басқа да байланыстарын; 3) қоғамдағы және табиғаттағы даму мен тоқтаусыз өзгерістерді; өндірістегі, өмірдегі, үйдегі химия ғылымының негізгі шарттары; 5) табиғи заңдылықтардағы жіне ғылыми ортадағы шынайылық. Әлем суретін жергілікті ғылыми (химиялық) түрде қалыптастыру. Моральдық-этикалық тәрбиемен қамтамасыз ету. Студенттерге еңбектенуге(эстетикалық, экономикалық, физикалық, валеологиялық) тәрбиемен жәрдемдесу.
дамытушылық Студенттерді дамытудағы ең басты мәселе оқып жатқан материалды салыстыра алу, қорытындылай алу, жүйелей білу, өз ойларын білдіруде түсінікті және жинақы түрде жеткізе білу. Студенттердің өз бетімен жұмыс жасауда проблемалық жағдайларды есептегенде шығармашылық тапсырмаларды, қоршаған ортамен байланыстырып мысалдар келтіру, сондай-ақ көмек көрсету. Студенттердің дамуын және эмоциясын жүзеге асыруда сабақта эмоциялық және мотивациялық жағдайлармен(таң қалу, қуану, азаматқа көмектесу, ойын-сауық, эмпатия), студенттердің ойына әсер ететіндей жағдайлар ұйымдастыру. Олардың қабілеттерін, танымдық қызығушылықтарын, мотивациялық және қажеттіліктерін дамыту үшін ойын, оқу дискуссия, химиялық жағдайларды әлемдік жағдайлармен байланыстыра отырып, химия ғылымының жаңалығы мен технологияларын ескере отырып дамыту.

 

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 415 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дидактикалық химияның» негізгі модулдері| Пролог.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)