Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ық қорғау мекемелері қызметкерлерінің коммуникативтік құзіреттіліктерінің ерекшелігі

Читайте также:
  1. I.Жасушалық мембрана биофизикасы.
  2. III. Медициналық құралдар мен аппараттардың классификациясы.
  3. XV-XVIII ғғ. қазақтардың материалдық рухани мәдениетінің ерекшеліктері.
  4. Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
  5. Ақпара гтық дидактикалық болім
  6. Ақша қаражатының айналымдылық коәффициенті.
  7. А) Генераторлық датчиктер.

Орындаған: А.С. Салауатова

Жетекші: аға оқытушы Қ.Б. Байтемирова

Зерттеу мақсаты: құқық қорғау мекемелері қызметкерлерінің коммуникативтік құзіреттіліктерінің ерекшелігін анықтау.

Зерттеу объектісі: құқық қорғау мекемелері қызметкерлері.

Зерттеу пәні: коммуникативтік құзіреттіліктерінің ерекшеліктері.

Зерттеу болжамы: құқық қорғау мекемелері қызметкерлерінің коммуникативтік құзіреттіліктерінің ерекшелігі еңбек өтілімен байланысты болады.

Зерттеу міндеттері:

1) коммуникативтік құзіреттілікке теориялық талдам жасау;

2) құқық қорғау мекемелері қызметкерлерінің ерекшеліктерін қарастыру;

3) құқық қорғау мекемелері қызметкерлерінің коммуникативтік құзіреттіліктерінің ерекшелігін эксперименталды зерттеу әдістерін тағайындау;

4) құқық қорғау мекемелері қызметкерлерінің коммуникативтік құзіреттіліктерінің ерекшелігін эксперименталды зерттеу, нәтижелерін талдау.

Зерттеу әдістері:

1) Л.Михельсонның «Коммуникативті біліктілікті анықтау» әдістемесі;

2) «Коммуникативті әлеуметтік құзіретілікті диагностикалау» әдістемесі;

3) В.Ф.Ряховскийдің «Қарым – қатынас деңгейін анықтауға арналған» әдістемесі.

Математикалық статистикалық әдістер:

1) орта тенденция табу;

2) пайыздық үлесті табу;

3) квадраттық ауытқуды табу;

4) Стьюдент t критерийі.

Зерттеу базасы: Шығыс-Қазақстан облысының ішкі істер Департаментінің жол полиция Басқармасы

Негізгі нәтижелері мен қорытынды

Зерттеу жұмысымыздың болжамы дәлелденіп, нақтыланды. Яғни, құқық қорғау мекемелері қызметкерлерінің коммуникативті құзіреттіліктерінің ерекшеліктері еңбек өтілдеріне байланысты болады. Коммуникативті біліктілікті анықтау барысында тәуелділік, агрессивтілік, құзіреттілік деңгейлері арасында айырмашылықтар анықталды. Еңбек өтілі жоғары құқық қорғау қызметкерлерінің коммуникативті біліктіліктері еңбек өтілі төмен қызметкерлерге қарағанда дамыған болып шықты. Ал комуникативті әлеуметтік құзіреттілікті диагностикалау барысында еңбек өтілімі жоғары қызметкерлерде жоғары көрсеткішті көрсетті, еңбек өтілімі төмен қызметкерлерде төмен болды. Соңғы әдістеме бойынша жоғары деңгейлі көрсеткіш басым болды. Аталған айырмашылықтар статистикалық мәнділік деңгейіне тексерілді.

Коммуникативтіліктің өсу шамасына қарай коммуникативті құзіреттілік дамиды және өзгереді. Коммуникативті құзіреттіліктің кеңеюі дағды мен біліктілікті, әлеуметтік жаңа құрылымды, мәдени нормалар мен шектелген қарым–қатынасты, қарым–қатынас этикасын, тәрбиеліліктің жетілуін талап етеді. Коммуникативті құзіреттілік адамдарға қажетті қарым-қатынасты ұстану мен құру қабілетін береді. Сондықтан коммуникативтілік процесінің тиімді жүруін қамтамасыз етуде білім мен іскерліктің бірігуі маңызды орын алады. Құзіреттілік, коммуникативті құзіреттілік, кәсіби құзіреттілік бір-бірімен тығыз байланысты бірін-бірі толықтырып отырады. Демек осы қасиеттердің бірігуі маманның біліктілігін арттыра түседі және жетілдіреді. Сонымен қорытындылай келе, алынған нәтижелер болашақта зерттеулерді жүргізудің жаңа бағыт-бағдарын көрсетті.

Қарастырған қорытындыны талдай отырып, біздің ойымызша зерттеудің алдына қойылған болжамы дәлелденді - құқық қорғау мекемелері қызметкерлерінің коммуникативтік құзіреттіліктерінің ерекшелігі еңбек өтілімен байланысты болады.

Практикалық маңыздылығы

Осы бітіру жұмысының материалдарын, болашақта зерттеулер үшін негізгі материал ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар осы аймақтағы қызмет атқаратын психологтар үшін, әсіресе әлеуметтік жұмыс пен кеңес беру аймағындағы жұмыспен айналысатындар үшін көмек көрсетеді. Және де осы орайда жұмысымыз өз жалғасын табады деп ойлаймыз.


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 303 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Көріну ерекшелігі | Кіші мектеп оқушысының стрессті сезіну динамикасы мен феноменологиясы | Особенности внутренней картины болезни туберкулезных больных | Ызмет жасайтындардың әскери қызметке бейімделу құралы ретінде | Зін-өзі бағалауды зерттеуге арналған Н.М Пейсахов әдістемесін қазақ тілді зерттелінушілерге бейімдеу | Смысложизненные и ценностные ориентации лиц, занимающихся экстремальным туризмом | Программа профилактики девиантного поведения подростков в условиях внешкольной деятельности | Онкологиялық науқастардың туыстарын психологиялық сүйемелдеу | Ценностно-смысловая сфера верующего человека | СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ В ЮРИДИЧЕСКОЙ ПРАКТИКЕ. ПЕНИТЕНЦИАРНАЯ ПСИХОЛОГИЯ, ВИКТИМОЛОГИЯ И ПСИХОЛОГИЯ ОТКЛОНЯЮЩЕГОСЯ ПОВЕДЕНИЯ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Психологические особенности копинг-стратегий у женщин находящихся в условиях вынужденной изоляции| Особенности эмпатии подростков девиантов в процессе межличностного взаимодействия

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)