Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тәуелсіз Қазақстан және Орта Азия елдері.

Читайте также:
  1. азақ мен Қытай арасындағы саяси-экономикалық және мәдени қарым-қатынас.
  2. Бөлім. Нарық және оны реттеу механизмі
  3. Жарықтар және камералар, сплайндық модельдеу
  4. Материалға, энергияға және айлабұйымдарға кететін шығындарды есептеу
  5. Ндірістік санитария және еңбек гигиенасы
  6. Рт және жарылыс қауіпсіздігі
  7. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаудың тақырыптық жоспарлары

 

1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты – тәуелсіздік алғанан бергі уақытта саясат пен ғылымда қалыптасқан жаңа сала. Өйткені ұзақ уақыт бойы Қазақстан Ресей империясы боданында, кейіннен Кеңес үкіметі құрамында болғандықтан тәуелсіз мемлекет ретінде өз саясатын толыққанды жүргізе алған жоқ.

Қазақстан Республикасы Елбасының жетекшілігімен бастапқыдан халықаралық қоғамдастыққа бейбітшілікті жақтаушы мемлекет ретінде танытты.

Еліміз барлық мемлекеттермен қарым-қатынас орнатуға және халықаралық ұйымдармен ықпалдастық жасауға жағдай жасады. Алайда, еліміздің сыртқы саясатының басымдықтары- республикада түп-тамырлы әлеуметтік-экономикалық, саяси реформаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ, территория тұтастығын сақтап қалуға, мемлекеттік шекараға қол сұғылмаушылыққа және де жалпыәлемдік мәселелерді шешуге қойылды.

Сыртқы саясат 1991 жылғы тәуелсіздік кезеңінен бүгінгі күнге дейінгі аралықтағы Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытының қалыптасу және даму үдерісін зерттейді.

Пәннің мақсаты- ҚР сыртқы саясатының қалыптасу және даму кезеңдерін және ҚР сыртқы саясатының ерекшеліктерін қарастыру болып табылады.

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.

1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.

Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.

1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.

Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2.8 млрд. адам тұрады, яғни жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды.

1991 жыл 8-желтоқсанда Ресей Кеңестік Федеративті Социалистік Республикасы (РКФСР), Беларусь Кеңестік Социалистік Республикасы (БКСР) мен Украина Кеңестік Социалистік Республикасы (УКСР) мемлекет басшыларының Брест қаласы маңында Беловеж пущасындағы (ескі орман) Вискули саятшылық орнында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім ресми түрде “ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісім ” — деп аталса, баламалы түрде “Беловеж келісімі”— деп те аталды.

Беловеж келісімі Преамбуладан және 14 баптан тұратын құжаттан тұрды. Бұл келісімнің негізгі маңыздылығың бірі Кеңес Одағының халықаралық саяси-құқықтық өмірден жойылғандығы болатын. Келісімен сол кезден-ақ Кеңес Одағы құрамындағы елдердің тәуелсіздіктерін алып, бөлек шығатындығы анық аңғарылған болатын. Алайда, талай уақыт бір одақтың туы астына бірігіп өмір сүрген халық пен мемлекеттердің бір-бірінен жырақ кетуі көп жағынан тиімсіз болғандықтан, Беловеж келісіміне қатысқан мемлекет басшылары ТМД ұйымын құруды жөн деп тапты.

ТМД ұйымын құру туралы келісім шыққаннан кейін екі күн өте салысымен, 1991 ж. 10-желтоқсанда, Белорусия мен Украинаның Жоғарғы Кеңестері аталған келісімді мақұлдады (ратификациялады). 12-желтоқсанда Ресейдің жоғарғы заң шығарушы органы — Жоғарғы Кеңес — ТМД ұйымын құру туралы келісімді еш қиындықсыз мақұлдады.

1991 жылы 13-желтоқсанда Түркіменстан астанасында — Ашхабад қаласы — КСРО құрамындағы ортаазиялық бес мемлекеттің (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан) басшылары кездесу өткізді. Кездесу нәтижесінде бес мемлекеттің басшылары да ТМД-ны құру туралы келісімді қолдайтындығын және белгілі шарттармен оған мүше болатындығын мәлімдеді. Орта азиялық мемлекеттердің қойған шарты — ТМД-ға мүше барлық мемлекеттердің құқықтары мен дәрежелері тең болуы және барлық мемлекеттерді ұйымның негізін қалаушылары ретінде тану.

1991 жыл 21-желтоқсан: Алматы (Алма-Ата) декларациясы. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға мүше болатын мемлекет басшыларын ұйымды құру мәселелерін ынтымақтаса отырып талқылау үшін Алматы қаласында жиын өткізуге шақырды. Артынша, 21-желтоқсанда Алматы қаласында бұрынғы КСРО құрамында болған 11 елдің басшылары келді. Ол елдердің қатарында Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан (Азербайжан), Украина, Белорусия, Молдавия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Армения болды.

Алматыда өткен келелі басқосуда ТМД-ның алдағы мақсаттары мен ұстанымдарын (принциптерін) айқындайтын “Алматы декларациясы” тең құқықтық негізде қабылданды. Алматыда қабылданған маңызды құжат бұрынғы КСРО-ның тарап, орнына егеменді мемлекеттердің пайда болғандығына нүкте қойды. Әр ел өз алдына бөлек болып, тәуелсіз мемлекетке айналды.

1993 жылы 22-қаңтарда Белоруссия астанасы — Минск қаласында — ТМД-ны құру процесі аяқталды. Минскіде “Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Жарғысы” қабылданды. “Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Жарғысы” ұйымның негізгі құжаты әрі ынтымақтаса әрекет жасауға берілген “рұқсатнама” болды. Қазақстан Республикасы ТМД жарғысын 1994 жылы 20-сәуірде мақұлдады.

Грузия және ТМД. Алматы қаласында өткен жиынға Грузия тарапынан ешкім қатыспады. Бұл ел 1993 жылы 3-желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Хаттаманы ратификациялап, ТМД-ға мүше болады. 2008 жылы 12-тамызда Грузия президенті Михаил Саакашвили Грузияның ТМД құрамынан шығу ниетінде екендігін мәлімдеді. Президенттің мәлімдемесінен екі күн өткен елдің Парламенті президенттің айтқанын бірауыздан мақұлдап, Грузияның Ұйымнан шығатындығы туралы шешім шығарды. ТМД ұйымы Жарғысының I бөлімі 9-бабына сәйкес, ұйым мүшелігінен шығатын ел бір жыл алдын өтініш білдіруі керек. Бір жылдың көлемінде шығуға ниеттенген мемлекет толыққанды түрде ұйымның шарттары мен мүшелік міндеттемелерін атқарады.

2009 жылы 18-тамызда Грузия ресми түрде ТМД құрамынан шықты.

ТМД-ның мақсаттары:

ТМД ұйымы мүше мемлекеттерінің егемендіктері мен халықаралық құқықтарын тең дәрежеде сақтай отырып құрылды. Осындай негізде құрылған халықаралық ұйымның мақсаттарына мыналар жатады:

Ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы өзара әріптестік орнату арқылы жасалатын іс әрекеттер:

ТМД-ның құрылымдары. Ұйымның ең жоғарғы құрылымы (органы) ТМД мемлекет басшыларының кеңесі болып табылады. Барлық мүше мемлекеттердің басшылары кіретін кеңес ұйымның маңызды деген шешімдерін қабылдайды, ұйымның ұстанымдарын (принциптерін) бекітеді, айқындайды. ТМД мемлекет басшыларының кеңесі жылына екі рет ауқымды жиын өткізеді.

ТМД үкімет басшыларының кеңесі ұйымға мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы экономикалық, әлеуметтік және т.б. мәселелер бойынша мәселелерді талқылайды, шешеді. Бұл кеңес жылына төрт рет ауқымды жиын өткізеді.

ТМД мемлекет басшылары кеңесі мен ТМД үкімет басшылары кеңесі жиындарында талқыланған мәселелердің шешімдері консенсус негізінде қабылданады. Екі түрлі кеңестің басшылары ТМД-ға мүше елдердің алфавиттік тізімдегі реті бойынша кезегімен сайланады.

ТМД сыртқы істер министрлері кеңесі ТМД-ға қатысушы елдердің (мүше елдер) сыртқы істер министрлерінен тұратын құрылым болып саналады.

ТМД Атқарушы комитеті ұйымның тұрақты түрде қызмет ететін құрылымы, жұмыс органы болып саналады. Оның бас штабпәретін Минск қаласында орналасқан.

Жоғарыда аталғандардан бөлек ТМД-ның төмендегідей құрылымдары бар:

ТМД парламентаралық Ассамблеясы;

ТМД Қорғаныс Министрлері кеңесі;

ТМД сыртқы істер министрлерінің кеңесі;

ТМД экономикалық соты;

ТМД шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесі.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге басты бағыттар болып айқындалды. Олар:

1. ТМД, Азия, Еуропа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.

2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.

3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.

Азақстанның ТМД шеңберіндегі ынтымақтастығы. ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы өзара әрекет – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының ең маңызды бағыттарының бірі. ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың қазақстандық әдістемесінің негізінде тығыз интергациясы астасып жатқан елдердің шағын тобын қалыптастыру мүмкіндігінен туындайтын қарқыны әрқилы интеграция тұжырымдамасы жатыр. Қазақстан Достастық кеңістігіндегі субаймақтық бірлестіктер әрекетінің ашық түрде жүргізілуін, ал олардың мақсаттары мен практикалық әрекеттері ТМД дамуының ортақ арнасында ұштасуын қолдайды. Достастыққа көпжақты өзара әрекеттестіктің түрлі салаларына мемлекеттердің іріктеліп қатысуы тән, яғни, мүдделік білдіретін тараптар форматында жүзеге асады. ТМД органдарының шешімдерінің күші тек оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады. ТМД әрекетінің тиімділігін арттыру, құрылымын жетілдіру мақсатында қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны одан әрі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге асу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде мақұлданды.. Олардың негізінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық дамуы стратегиясы әзірленіп, қабылданды. Еркін сауда аймағын құру, сауда, ауылшаруашылық, электрэнергетика және т.б. нарықтарды қалыптастыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Саяси, гуманитарлық, көлік, қауіпсіздік және көші-қон салаларында өзара әрекеттестік жалғасуда. Аталған Жоспарда бірлестік әрекетін жетілдіру жөніндегі нақты шаралар тізбесі көрініс тапқан. Атап айтқанда, осы құжатқа сәйкес 2008 жылғы қазанда ТМД-да төрағалық ету туралы, Ұлттық үйлестірушілер туралы ережелер қабылданды. Достастықтың салалық органдарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, ТМД Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ТМД-ның Жоғарғы органдарындағы рәсімдеудің жаңа ережесін қабылдау жоспарлануда. «Бір жыл- бір тақырып» формуласы бойынша жұмыс принципін ескере отырып, 2007 жылы келісілген көші-қон саясаты жөніндегі ұсыныстарды дайындауға арналса (2007 жылғы 5 қазанда Душанбеде тиісті Декларация қабылданды), 2008 жыл келісілген көлік саясаты саласындағы ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар дайындау жылы, ал 2009 жыл – энергетика саласындағы ынтымақтастық жылы.

1992 жылы 2 наурызда Орталық азияның 5 республикасы да БҰҰ-на кірді. Олар сондай-ақ, халықаралық қаржы ұйымдарына да енді, МВФ, Дүниежүзілік банк, Ислам Даму банкі және т.б. Аймақтық ұйымдарға мүше болды, ТМД, ОЭС-Экономикаляқ Қауымдастық ұйымы, Ислам конференциясы ұйымы-ОИК, ОБСЕ, Ынтымақтастық бойынша солтүстікатлантикалық Кеңес (NАСС) және НАТО-мен Бейбітшілік үшін Серіктестік бағдарламасы бойынша серіктестікте (Тәжікістаннан басқасы). Өзбекістан мен Түрікменстан Қосылмайтын қозғалыс (Движения Неприсоединения) мүшелері. «Шанхай бестігі», Түрікменстан мен Өзбекістан алғашқыда бақылаушы статусында болды, Түрік саммитінде (Тәжікстан кірмейді).

КСРО құлағаннан кейін 1991 жылы желтоқсанның соңында ОА барлық 5 мемлекеті ТМД құрамына енді. Олар бұл альянстың қызметіне белсенді араласумен бастағанмен, кейіннен олар бұған әр түрлі қарам-қатынаста болды. Қазақстан белсенді түрде қолдады, ашық көрсетпесе де Қырғыстан қатынасы осындай болды. Өзбекстан ТМД-ге сенімсіздікпен қарағаны мәлім. Ал Түрікменстан ұжымдық істерден мүлде алшақтайды. 1992-1997 жж. азамат соғысы жүрген Тәжікстан өзінің ішкі жағдаймен айналысты. 1994 жылы наурызда Н. Назарбаев ТМД-ні одан гөрі тығыс блокқа- «Еуразиялық Одаққа» айналдыру идеясын ұсынды. Өзбекістан мен Түркменістан бұған қолдау көрсетпеді. Бірақ Н. Назарбаев идеядан бас тартқан жоқ, оның одан әрі дамуына жағдай жасады. 1995 жылдың басында Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Белоруссия мемлекеттері арасында Кедендік Одақ құру туралы шешімге қол қойылды. «Төртеудің Келісімі» 1996 жылы 29 наурызда өткен Мәскеу кездесуінде «Экономикалық және гуманитарлық интеграция туралы ережеге» қол қойды. 1998 жылдың аяғында бұған Тәжікстан қосылды. Мақсаты: ортақ экономикалық аймақ құру, жалпы транспорттық, энергетикалық және ақпараттық жүйе дамыту және сыртқы саясатты үйлестіру болды.

2000 жылы 10 қазанда Кеден Одағының мүше-мемлекеттері Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Белорусь, Тәжікстан бұл ұйымды Еуразиялық экономикалық Қауымдастық (ЕЭС) етіп қайта ату туралы келісімге қол қойды, ал 2001 жылы сәуірде ресми түрде пайда болды. 5 мемлекеттің премьер-министірлері қол қойға келісімде визасыз режим енгізілді. Бұған Өзбекістан қарсылық білдірді. ЕЭС «Ресей гегемониясында болады» деген пікілер айтылды (Миллий Тикланиш (Национальное Возрождение) партиясының лидері Өзбекстан).

Бұл одақтың басталған уақыты ретінде 1993 жыл есептеледі. 2001 жылы 4 қантарда Ташкентте ОА-ның 5 мемлекет басшысы кездесті. Мұнда өзрара экономикалық және қауіпсіздік мәселелері қарастырылды. Толық конфедерация туралы мәселесі көтерілген жоқ. Н. Назарбаев: «Әркім коммуналдық емес, өз жеке пәтерінде тұрғысы келеді. Сол сияқты тәуелсіз мемлекеттер де осындай жағдай». 1994 жылы ақпанда Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекістан арасында әскери қауымдастық жасау туралы келісім жасалды.1995 жылы Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекістан министрлерінің арасында Мемлекетаралық кеңес құру туралы шешімге қол қойылды.

1996 жылы тамызда Алматыда өткен Саммитте Орталықазиялық даму және ынтымақтастық банкін құру туралы құжатқа қол қойылды. Әскери ынтымақстастық мәселесі бойынша 3 президент Орталықазиялық бейбітшілік мақсатында БҰҰ эгидасымен жұмыс жасайтын қазбатальон - Центразбат құру туралы шешім қабылдады. 1996 жылдың соңында Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан Әскери Достастық туралы Келісімге қол қойды.Бұл уақытта Одаққа Ресей мен Тәжікстанды қосымша мүшелікке алу туралы шешім жасалды.

1998 жылы шілдеде Орталықазиялық Одақ Орталық азиялық экономикалық қауымдастыққа айналды. 2000 жылы сәуірде Ташкентте өткен Саммитте 4 мемлекет арасында терроризм, экстремизм, ұлтаралық ұйымдасқан қылмыс және басқа да қауіпсіздікке қауіпті жағдайлармен бірігіп күресі туралы 100 жылдық Келісімге қол қойылды.

Кеңес Одағы құлаған соң ОА мемлекеттері мемлекеттік басқару формасы ретінде «Иран моделі» немесе «Түрік моделі (зайырлы демократия)» қолданады деген пікірлер болды. Бұған қазақ, түркмен, өзбек, қырғыздардың түркі тілдес, ал тәжіктердің Иранға жақындығы ескерілді.Бірақ орталық Азия мемлекеттері этноидеологиялық альянс жасамайтындығын танытты. 1990-жылдың соңында осыған қарамастан иран және түрік ықпалы аймағы пайда болды. Бұлар, Экономикалық Қауымдастық Ұйымы және Түрік Саммиті.

1995 жылы иран, Пәкістан, Түркия, кейіннен Иракпен арада құрылған аймақтық альянстардың нәтижесінде туындаған. 1992 жылы ақпанда Тегеранда негізін салған 3 мемлекеттің. Иран, Пәкістан және Түркияның инициативасымен және 5 ОА мемлекеттердің қатысуымен саммит өтті. Бұл кейіннен Экономикалық Қауымдастық Ұйымына 5 ОА, сосын Әзербайжан мен Ауғаныстан мүшелікке енді. Кездесулер жыл сайын мүше мемлекеттердің астанасында өткізіледі. ЭКО-ның басты мақсаты- саяси емес, экономикалық болып табылады.

Түркия түрік мемлекеттерімен тығыз байланыс қалыптастыруға басынан әрекеттенді.1993 жылы сәуірде президент Озал (қайтыс болғанға дейін) орталықазиялық және Әзірбайжан мемлекеттерінде барды. 1994 жылы қазанда Стамбулда болған Түрік саммитінде мүше-мемлекеттер арасында байланысты дамытып, күшейту туралы «Стамбул өтініші» қабылданды. 2000 жылы 8 сәуірде Бакуде өткен Түрік саммитінде мұнай экспорты, қылмыс және терроризммен күресу туралы келісім жасалды. Дегенмен Саммитпен қабылданған нақтылы жобалар жүзеге асырылған жоқ. 2000 жылы ақпанда түрік Мемлекттік министрі Абдухалик Кай Ұлттардың түрік қауымдастығын қалыптастыру туралы ұсыныс жасаған.

ЭКО және Түрік Саммиті тарихи байланыстарға негізделді. Осындай принциптен толық ауытқу ГУУАМ қалыптасуында кездесті. Мұнда Грузия, Украина, Өзбекістан, Әзірбайжан және Молдова енді. 1996 жылы құрылған бұл одақтың мақсаты Ресейді айналып өтіп, транспорттық және энергетикалық байланыс орнату болатын. ГУУАМ НАТО-мен тығыз байланыс жасады. Алғашқыда онда Грузия, Украина, Молдова, Әзербайжан кейіннен Өзбекстан қосылған. Ол 1999 жылы Вашингтондағы Өзбекістан елшілігінде ресми түрде жарияланды. Бірақ ГУУАМ жұмысы алға баспады. 2001 жылы наурыз айына жоспарланған саммит кейінге қалдырылды. Одақтың болашағы белгісіз. Бұған қаржы тапшылығы және көп жақты ұйымдар тәжірибесінің аздығы, сол сияқты мақсаттардың анық болмауы ықпал етті.

ГУУАМ сияқты «ШБ» де жаңа аймақтық блок болып табылады. Құрамында: Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Қытай. Бұл ұйым нақтылы практикалық мәселелер бойынша пайда болды, соның негізгісі- шекара мәселесі.

Қытай басқа 4 мемлекетпен шекаралас. 2004 жылы сәуірде Қытай прмьер-министрі Ли Пен барлық ОА мемлекеттеріне барды. Бұл сауда және халықаралық қатынастарды орнату мақсатында жасалынған бірінші қадам болды. 1996 жылы 26 сәуірде 5 мемлекет Шанхайда «Сенімді бекіту бойынша әскери шаралар» деген қауіпсіздік пен сенімге бағытталған негізгі құжатты қабылдады. Шекара бойында демилитаризацияланған 100 км аймақ бекітілді.

1999 жылы 25 тамызда «Шанхай бестігінің» 4-саммиті Бішкеккте өтті. Трансшекаралық қылмыс формалары, халықаралық терроризм, наркотик және қару сатумен, заңсыз иммиграциямен күресу туралы Аймақтық қауіпсіздік бойынша жалпы декларация қабылданды.

2. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр.

Орталық Азия мемлекеттері ұзақ уақыттан кейін әлеуметтік-экономикалық байланыстар орнату, сонымен қатар территориялық, агаралық-индустриялық базаны нығайту мақсатында жұмыстар жүргізді.

1993 жылы Ташкентте өткен аймақ мемлекет басшыларының кездесуінде геосаяси идентификация жасау жайында мәселе көтеріп, ендігі уақытта Орта Азия мен Қазақстанды бір терминмен- Орталық Азия деп атау туралы шешім қабылдайды. Кездесуде болашақ аймақтық бірігудің контуры сызылып жасалғаны маңызды болды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе, ол экономикалық мәселелер қарастырылды. Әскери-саяси және аймақтық қауіпсіздік мәселесі де ең негізгілердің бірі болып қарастырылды. Тәжікстан және оңтүстік шекарадағы жағдай барлық Орталық Азия мемлекеттерін мазаландырды. Экологиялық мәселесі, онда әсіресе Арал проблемасы болды.

1993 жылы Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері 1994-2000 жж. экономикалық интеграцияны тереңдету туралы шаралар келісім шартын жасасты. 1994 жылы қаңтарда бұл екі мемлекет арасында Бір экономикалық кеңестік құру туралы келісімге қол қойылды.

1994 жылы сәуірде Шолпан-Атада (Қырғызстан) өткен Қазақстан, Өзбекістан, Қырғызстан мемлекет басшыларының кездесуінде біртұтас экономикалық кеңістік құру және координациялық органдар қалыптастыру туралы келісімге келді. Көрсетілген жылдың шілде айында бұл интеграциялық үштік Алматыда болған кезекті кездесуінде ұлттық (наднациональные) органдар құруға қадам жасалып, Мемлекетаралық Кеңес туралы келісімге қол қойылды. 1994 жылы тамызда Мемлекетаралық кеңестің Атқарушы комитеті туралы Ереже қабылданды. 1995 жылы сәуірде интеграциялық процеске қатысушы-мемлекеттердің Премьер-Министрлер Кеңесінің мәжілісінде 1995-2000 жж. экономикалық интеграция Бағдарламасы қабылданды. 1995 жылы маусымда орталықазиялық «үштік» басшыларының Ыстықкөлдегі саммиттінде аймақтық ынтымақтастық жасау туралы Декларация қабылданды. Сондай-ақ, Премьер-Министрлер кеңесі, Сыртқы істер минисрлерінің кеңесі мен Қорғаныс министрлерінің Кеңесі құрылды. 1995-2001 жылдар аралығында мемлекетаралық ынтымақтастық төңірегінде 150-дей әртүрлі құжаттарға қол қойылды. Мұндай процестердің тездетілуіне аймақтағы, жалпы ТМД кеңістігіндегі қолайсыз әлеуметтік-экономикалық және геосаяси жағдайлар себеп болды.

Қырғызстан Республикасы Солтүстігінде-Қазақстанмен, шығысында-Қытаймен, оңтүстігінде Қытай мен Тәжікістанмен, батысында-Өзбекістанмен шекараласады.

Территориясы- 198 500 шаршы км жерді алып жатыр.Астанасы-Бішкек (629 мың), Ош (218 мың). 6 аймаққа бөлінген. Мемлекеттік құрылымы: Республика, президент, премьер-министр, Заң шығару жоғарғы органы- бір палаталы парламент.

Қырғызстанда 5, 1 млн адам бар. Қырғыздар-60,8 %, орыстар- 15,3 %, өзбектер-13 %, украиндар-2,5 %, немістер-2,4 %, татар мен тәжіктер.

Мемлекетте көмір, мұнай, газ саласы және машина жасау, түрлі түсті металлургия мен жеңіл өнеркәсіп өнімдері: тері мен жүнді бастапқы өңдеу, мата, кілем, тоқыма өнімдерін шығару саласы дамыған болатын.

Қазақстан мен Қырғызстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 15 қазанда орнатылған. ҚР елшілігі Бішкекте 1993 жылдан қызмет жасайды.

1993 жылы Қырғызстан елшілігі Қазақстанда ашылды.

Қазақстан мен қырғызстан арасында 140-қа жуық шарт-құқықтық құжаттар құрайды.

1999 жылы 22 маусымда Қазақстан мен Қырғызстан арасында Мәңгілік Достық туралы Шарт жасалынды.

2005 жылы 22 сәуірде Қырғыцзстанда төңкерңс болып, билікке Асқар Ақаев орнына Құрманбек Бәкиев келгені мәлім. Одан кейін тағы да елде төңкеріс өтіп, қазіргі күні Қырғызстан Мемлекет Басшысы Роза Отунбаева.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Дипломатиялық қарым-қатынастары 1992 жылдың 23 қарашасынан бастап бекітілді. ҚР-ның елшілігі ӨР-да 1993 жылдың қарашасынан, ал ӨР-дің Елшілігі ҚР-да 1993 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істейді.

Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынаста негізге алынатын принциптер Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы шартта белгіленген. Құжатқа 1992 жылдың 24 маусымында қол қйылды. Шартта екі жақты экономикалық ынтымақтастықты дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. Осы мақсаттарда Тараптар сауда-саттықта бір-біріне анағұрлым қолайлы режим беруге, сондай-ақ барлық деңгейлерде өзара тиімді экономикалық және сауда қатынастарын дамытуды көтермелеуге, тікелей инвестицияларға арналған жағдайды жақсартуға, бірлескен кәспорындар құруға міндеттеді.

Президент Н.А. Назарбаевтың 1994 жылғы 10-12 қаңтар аралығындағы Ташкентке сапар барысында қол қойылған, Біртұтас экономикалық кеңістікті құру туралы шарт Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жан-жақты, әсіресе экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге жәрдемдесті.

Орталық Азия мемлекеттерін аймақтық интеграциялау идеясы Біртұтас Экономикалық Кеңістік (БЭК) құру туралы шартқа 1994 жылы 30 сәуірде Өзбекстан мен Қазақстан, кейіннен Қырғызстанның қол қоюмен нақты жүзеге асты. Шартты дамыту барысында 1994 жылғы шілдеде Президенттердің шешімімен Мемлекетаралық Кеңес және оның негізгі институттары құрылды. Осымен қатар Орталық Азиялық Ынтымақтастық және даму банкі (ОАЫДБ) құру туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан Президенттері Терроризмге, саяси және діни экстремизмге, трансұлтық ұйымдасқан қылмысқа, сондай-ақ тараптардың тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің өзге де қауіп-қатеріне қарсы күреске қатысты бірлескен іс-қимыл туралы 2000 жылғы 21 сәуірде қол қойылған шарттың шеңберіндеөздеріне алған барлық міндеттемелерін бұлжытпай сақтау қажеттігін атап көрсетті.

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тұрақтылықты нығайту үшін достық маңыздың зор екенін атап өтпеуге болмайды. Ал экономикалық қатынаста, екі жақтың күш-жігерілілігі негіз болып келеді. Қазақстанның Өзбекстанмен осындай екі жақты қатынастары жемісті түрде дамып келеді, өйткені олардың негізіне тәуелсіздік, шекараларының бұзылмауы, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, тең құқылық және өзара тиімділік сияқты әмбебап принциптер алынған.

Өзбекстанмен ынтымақтастық – Қазақстанның Орталық Азиядағы саясатында басымдық берілетін бағыта. Бұл Өзбекстанның экономикалық әлуеті мен саяси салмағына байланысты. Ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуге жетерлік қол жеткізген, ірі мемлекет болып табылатын Өзбекстан көз жетерлік болашақта Қазақстан дипломатиясында маңызды орын алатын болады. Біздің елімізбен тату көршілік пен ынтымақтастықты нығайту қажеттігін Ташкенттің де осыны қабылдайтыны маңызды. Істің шын мәнінде Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынасы Орталық Азия аумағында тұрақтылықтың маңызды факторы.

Тәжікістан - Орта Азияның оңтүстік-шығысындағы мемлекет. Солтүстігінде Өзбекістан,Қырғызстанмен, ал шығысында - Қытаймен, оңтүстігінде- Ауғаныстанмен, батыста - Өзбекістанмен шекараласады. Тәжкістан 143 100 кв. км жерді алып жатыр. Тәжкістан таулы мемлекет. Территорияның 93 пайызын тау алады. Территориясының жартысы 3 000 м. биіктікте орналасқан. Мемлекеттің шығыс жағында Памир таулары және памир платосының көп бөлігі орналасқан. Солтүстік-шығысында Тәжкістанның жоғары нүктесі-Коммунизм шыңы (7 498 м) бар. Тәжікстанда мұнай, газ, көмір, уран шығарылады. Мемлекеттің негізгі өзендері: Ферғана даласымен өтетін Сырдария өзені, оның бір бөлігі Тәжкістанның солтүстігінде жатыр. Солтүстік-шығыстан өтетін Зеравшаг, сондай-ақ, Әмударияның 3 құйылымы-Вахш, Пяндж және Кофарнихон. Астанасы- Душанбе. Ірі қалалары: Душанбе (608 мың адам), Ходжент (163 мың адам). Тәжікістан құрамында -Горно-Бадахшан автономдық облысы, 3 облыс, 45 аудан (соның ішінде 8 ауданы республикаға тікелей бағынады). Мемлекеттік құрылымы: Тәжікістан -республика. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығару органы - межлис. ТР Конституциясы 1994 жылы 6 қарашада жалыхалықтық референдумде қабылданған. 1999 жылғы 26 қыркүйектегі жалпыхалықтық референдуммен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Атқару билігі бойынша: Үкімет Министрлер Кеңесі Премьер-министр, оынң бірінші орынбасары және орынбасарлардан, министрлер мен мемлекеттік комитеттердің төрағаларынан тұрады, президентпен сайланып, Жоғарғы Жиналыстың қолдауымен өтеді. Сайлау. Президент халықпен 7 жыл мерзіміне сайланады.Соңғы сайлау 1999 жылы 6 қараша болған, ендігісі 2006 жылы өткізіледі. Заң шығару органы. Екі палаталы Жоғарғы Жиналыс немесе Оли Мәжилис, ол екі мәжілістен (палатадан) тұрады- Мили Мәжілиси (Ұлттық жиналыс) және Намояндагон Мәжілиси (өкілдер Жиналысы). Намояндагон Мәжілиси 63 депутаттан тұрады, оның 65 пайызы бір мандатты округі бойынша сайланады. 35 пайызы, 22 адам саяси партиялардан сайланады.

Мили Мәжілиси 25 мүшеден тұрады, оларды жергілікті өкілетті органдар сайлайды, 8 мүшені президент тағайындайды. Оли Мәжілиси өкілеттілік мерзімі- 5 жыл. Соттық билік. Мұны Конституциялық Жоғарғы сот билігі, Жоғары экономикалық сот, Әскери сот жүзеге асырады.Соттардың өкілеттілігі мерзімі -5 жыл. Жас цензі- 30-дан жас болмауы, 60-тан үлкен болмауы тиіс. Тәжік Коммунистік партиясы, Халық партиясы, Халық бірлігі партиясы, Тәжікістанның саяси және экономикалық жаңдану партиясы т.б. партиялар Тәжікстанда қызмет жасайды. Мемлекет тұрғындар санын 6 102 854 (1999. шілде) адам құрайды. Олардың ішінде: тәжіктер -64, 9 %, өзбектер-25 %, орыстар -3, 5 %, басқалары -6, 6 %.

Өнеркәсіптің басты салалары. Жеңіл, азық-түлік өнімі, электроэнергиясы, түрлі-түсті металлургия. Ауыл шаруашылығы. Мақта, астық, жеміс, шарап, көкеністер, мал өнімдерін шығарады. 1991 жылы 9 қыркүйекте Тәжікістан тәуелсіздігі жарияланды.

Түркіменстан 5 әкімшілік-экономикалық аумаққа бөлінген. Олар уелаят (уәлаят) деп аталады. Ахал, Балқан, Дашоғұз, Лебап, Мары уалаяттарын және Ашғабат қаласын президент тағайындаған хакимдер басқарады. Уеллаяттардың құрамына 46 этрап (атырап) және 528 генгеши (кеңес) енеді.Халқының саны 6 млн адамға жуық. Түркімен халқының жалпы саны қазір 20,0 млн артық деген дерек бар. Түркімендер Ауғанстан, Иран, Түркия, Ирақ, Сүрия секілді елдерге де жайылған. Елдегі түркіменнен кейінгі көп халық өзбектер, одан кейін орыстар. Қазақтардың саны бұрын 120,0 мыңнан асады екен. Қазір соның жартысына жуығы атажұртқа көшіпті. Қазір 60,0 мыңға жетер-жетпес қазақ бар көрінеді. Бұлардан басқа әрмендер, әзірбайжандар, түріктер, иран халықтары, т.б халықтардың өкілдері де тұрады.

Солардың ішінде ирандықтар мен түріктердің ғана ұлттық орталықтары бар. Түркіменстанда ТМД халықтарының ұлттық-мәдени орталықтары жоқ.

Түркіменстан 1991 ж. қазанның 12 өз тәуелсіздігін жариялап және осы сәттен бастап ерекше мәртебелі ел болуды мақсат тұтып, әрекеттер жасаған.

1995 ж. желтоқсанның 12 әлемнің 185 елінің қолдауымен ол БҰҰ-ның бейтарап ел деп таныған шешіміне қол жеткізді.

Түркіменстанда ең үлкен лауазым иесі, әрі атқарушы биліктің басшысы — елдің президенті. Ал Халық маслахаты елдегі халық билігінің ең жоғарғы өкілді органы болып табылады. Оның құрамы 2 мың адамнан артық. Осы органның да төрағасы президент.

Елдегі заң шығарушы орган Меджилис деп аталады. Оның құрамында 5 жыл мерзімге сайланатын 50 депутат бар.

Түркіменстанда азаматтық қоғамның да атрибуттары бар. Кәсіподақ, ақсақалдар кеңесі, Мақтымқұлы атындағы жастар одағы, Горбансолтан әже атындағы әйелдер одағы, дін жөніндегі кеңес және т.б. мемлекеттік бюджеттің есебінен жұмыс істейді.

Елде бір-ақ саяси партия тіркелген. Демократиялық партия деп аталатын оның құрамында 100 мыңнан артық мүше бар.

Экономиканың барлық саласында мемлекет үстемдік етіп отыр.

Мемлекеттік бюджет кірісінің қомақты бөлігін мұнай мен газды сыртқа шығарудан басқа мақта иіру кәсіпорындарының тізбесінен түсетін салық та құрайды.

Мұнда Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі де бар. Жерінің 80 % мұнай мен газ бар. Осы уақытқа дейін олардан 144 кен орны табылған. Бірақ соның әзірге 40-қа жуығы ғана игерілуде. Газдың болжамды қоры 21-23 трлн m³ метр, ал мұнайдікі 12 млрд тоннаға жуық делінеді.

Жоғары технологияға негізделген ондай кәсіпорындар саны қазір 63-ке жеткен. Жыл сайын бұл елде 158 млн m² мақта-мата бұйымдары мен 82 мың тонна жіп иіріледі. Осы өнімдерін Түркіменстан әлемнің жоғары дамыған 30-дан артық еліне шығарып тұрады.

Жалпы, бұл ел әлемнің 80-нен артық елімен белсенді сауда-экономикалық байланыстар жасайды.

Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы құрлықтағы шекараның ұзындығы 426 км. Ол 2001 ж. шілденің 5-інде ратификацияланған екіжақты келісім-шартпен толығымен шегенделген.

2006 ж. екі елдің арасындағы тауар айналымы $153,3 млн көлеміне жетті. Бұл 2005 ж. салыстырғанда 2,2 есе артық. Соның ішінде экспорт $20,7 млн, ал импорт $132,6 млн құрады.

Түркіменстан жағы Қазақстаннан негізінен өсімдік өнімдерін, темекі, ұн және химия өнеркәсібі өнімдерін импорттайды, ал Қазақстан минералды және химиялық өнімдер алады.

Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалык, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймактың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты. Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан баска аймактың Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменістан сияқты мемлекеттері де кipyi мүмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің Астанаға іс-сапарлары барысында және Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында мемлекетаралық саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр.

 

Әдебиеттер:

 

Назарбаев Н. Концепция внешней политики//Каз. Правда 2001 3 сент.

Шеретов С. История Казахстана (1985-2000гг)Алматы2002.

Политика и интересы мировых держав в Казахстане. Алматы 2002. (Сборник статей)

Актуальные проблемы внешней политики Казахстана М. 1998.

Токаев К. Внешняя политика в условиях глобализации. Алматы 2000.

Токаев К. Дипломатия РК Астана 2001

Шанхайская организация сотрудничества (сборник документов) Алматы, 2001

Абыкаев Н. Казахстан – Европейский союз: партнерство и сотрудничество // Каз. Правда 2000, 24 июня

Центральная Азия и Казахстан в фокусе современных международных отношений. Алматы 2001

Казахстан и мировое сообщество Алматы 2000

Музапарова Л. Крупные корпорации в Казахстане // Центральная Азия и Кавказ, 2000, №1

Токаев К. К. “Под стягом независимости: Очерке о внешней политике Казахстана” – Алматы 1997ж. 736 бет

Тоқаев Қ. К. “Қазақстан Республикасының Дипломатиясы” – Астана 2001 ж. 552 бет

Тоқаев Қ. К. “Беласу” Алматы 2003 ж. 656 бет

Абдулпаттаев С. “Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты” – Алматы 2005 ж. 204 бет

Хан Г. Б., Суворов А. С., Рахманов Г. Б. “Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты” – Алматы 2003 ж. 512 б.


Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 3552 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Пәнді оқыту міндеттері | СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаудың тақырыптық жоспарлары | Білімді бағалаудың жалпы шкаласы | АЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ ЖӘНЕ КАВКАЗ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС | Азақстанның Италия мен Франция арасындағы қарым-қатынас. | Азақстан мен АҚШ арасындағы саяси-экономикалық қарым-қатынас | азақ мен Қытай арасындағы саяси-экономикалық және мәдени қарым-қатынас. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Студенттердің бiлiмдерiн бағалау шкаласы| Азақстан мен Ресей қарым-қатынасы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.038 сек.)