Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Студенттердің бiлiмдерiн бағалау шкаласы

Читайте также:
  1. Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
  2. ОҚКЕ бағалау критерийлеі

«Өте жақсы» бағасы (А; 4,0;95-100%; А-; 3,67;90-94%) егер студент бағдарлама материалын толық меңгергенін көрсетсе және қандай да қателіктер, дәлсіздік жібермеген болса, жұмыстың бақылау тапсырмаларын, коллоквиумдарды, үй жұмыстарын өз уақытында және дұрыс орындаса, егер ерекше ойлау қабілетін көрсетсе, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысса, пәнді оқу барысында өз бетімен қосымша ғылыми әдебиеттерді қолданса, өз бетімен бағдарлама материалдарын жүйелей алатын болса қойылады.

«Жақсы» бағасы (В+;3,33; 85-89%; В; 3,0; 80-84%; В-; 2,67; 75-79%) егер студент бағдарлама материалының 75% -нан төмен емес бөлігін меңгерген, есептеулерде (жауаптарда) өрескел қате жібермеген, бақылау жұмыстарын, тапсырмаларды, коллоквиумдарды, үй тапсырмаларын өз уақытында орындаған және оларды принципиалды ескертулерсіз тапсырған, оқытушылардың нұсқаулары бойынша қосымша әдебиеттерді қолданған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан, жіберілген принципиалды емес дәлсіздікті немесе принципиалды қателіктерді студенттің өзімен түзетілген, оқытушының көмегімен бағдарлама материалын жүйелей алатын болса қойылады.

«Қанағаттанарлық» бағасы (С+; 2,33; 70-74%; С –;2,0; 65-69%; С-; 1,67; 60-64%; D+; 1,33; 55-59%; D; 1,0;50-54%) егер студент бағдарлама материалының 50% -нан төмен емес бөлігін меңгерген болса, бақылау және лабораториялық жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау барысында оқытушының көмегін қажет етсе, коллоквиум тапсыру барысында дәлсіздік және принципиалды емес қателіктер жіберсе, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсетпесе, тек оқытушы көрсеткен оқу әдебиеттерімен ғана шектелсе, материалды жүйелеуде ауыр қиыншылық көрген жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлық емес» бағасы (F; 0; 0-49%) егер студент бағдарламада қарастырылған негізгі материал білімінде кемшіліктерді байқаса, бағдарламамен қарастырылған материалдың жартысынан көбін меңгермеген, пән бағдарламасының жартысынан көбін меңгермеген, жауаптарда принципиалды қателіктер жіберген болса, ағымдық, аралық және қорытынды бақылау түрлерімен қарастырылған жеке тапсырмаларды орындамаған, бағдарламамен қарастырылған барлық негізгі әдебиетпен жұмыс істемеген болса қойылады.

Апелляцияға беру тәртібі. Қорытынды бақылау нәтижесімен келіспеген студент емтихан өткізілген соң келесі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға береді. Емтихан сессиясы кезінде (аралық аттестаттау) ректордың бұйрығымен біліктілігі апеллирленетін пәннің профиліне сәйкес келетін оқытушылардан тұратын апелляциялық комиссия құрылады.

Берілген күннен бастап екі күн ішінде арызды студент пен оқытушының қатысында апелляциялық комиссия қарайды.

Апелляция нәтижелері хаттамамен оформляется және оның шешімі негізінде студентке жеке емтихандық ведомості жасалады. Ол негізгі емтихандық ведомостіге қоса тіркеледі.

Апелляция нәтижелері хаттамамен рәсімделеді және оның шешімі негізінде студентке жеке емтихан ведомостісі жасалады да, ол негізгі емтихан ведомостісіне қоса тіркеледі.

Студент апелляция нәтижелерімен таныстырылуы (ауызша немесе жазбаша) қажет.

Апелляция пәні болып табылмайтын емтихандар бойынша бағаны өзгертуге рұқсат етілмейді.

 


Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 221 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Пәнді оқыту міндеттері | СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаудың тақырыптық жоспарлары | Азақстан мен Ресей қарым-қатынасы. | АЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ ЖӘНЕ КАВКАЗ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС | Азақстанның Италия мен Франция арасындағы қарым-қатынас. | Азақстан мен АҚШ арасындағы саяси-экономикалық қарым-қатынас | азақ мен Қытай арасындағы саяси-экономикалық және мәдени қарым-қатынас. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Білімді бағалаудың жалпы шкаласы| Тәуелсіз Қазақстан және Орта Азия елдері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)